Қолданылатын әдістер: Әңгімелесу әдісі, Салыстыру әдісі, Кестемен жұмыс істеу, Модельдеу әдісі
Сабақтың барысы
I.Тірек білімдерін өзектілендіру және сабақты өтуге дайындық:
Металдардағы электр тогы
Сұйықтардағы электр тогы
Газдардағы электр тогы
Вакуумдегі электр тогы
Теориялық білімді қайталау және талдап қорыту:
Деңгейлік тапсырмалар
I-деңгей
1. Ток күші деп қандай шаманы айтамыз?
А. Өткізгіш арқылы 1 секундта өтетін заряд шамасын
В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 секундта өтетін заряд шамасын
С. Өткізгіштің көлденең қимасы бірлігіне 1 секундта өтетін заряд шамасын
2. Ток күшінің өлшем бірлігі не?
А. 1А В. 1В С. 1 Ом Д. 1 Ом*м
3. Мыналардың қайсысы кернеудің өлшем бірлігі?
А) 1В В) 1 Ом С) 1 А Д) 1 Ом*м
4. Металдарда электр тогын нелер тасиды?
5. Элетролиттерде электр тогын нелер тасиды?
6. Шала өткізгіштерде электр тогын нелер тасиды?
7. Вакуумде электр тогын нелер тасиды?
8. Газдарда электр тогын нелер тасиды?
II-деңгей
Металдардан электрондардың эмиссиясын қандай тәсілдермен жүзеге асыруға болады?
а) Металдарды өте жоғары температураға дейін қыздыру керек. Бұл кезде электрондардың кинетикалық энергиясы артады. Еk – ның мәні Ашығу - дың мәнінен артық. Бұл эмиссия термоэлектрондық деп аталады.
б) Металдың бетінен электрондарды жұлып алатын күшті электр өрісінің әсерінен. Электрондардың мұндай эмиссиясы төменгі температурада да мүмкін, сондықтан салқын эмиссия деп аталады.
в) Металдың бетін жарық, рентген және басқаша сәулелендіру. Бұл кезде электрондар сәулелену энергиясын жұтып металдан ыршып шығатын жылдамдыққа ие болады. Бұл эмиссияны фотоэлектрондық эмиссия деп атайды.
г) Металдың бетін электрондар, иондар және басқа бөлшектермен атқылау. Бұл кезде металдың электрондары шығу жұмысынан көп кинетикалық энергияға ие болады да металдан ыршып шығады. Бұл эмиссияны екінші электрондық эмисия деп атайды.
2. Газдардың өткізгіштігі неге тәуелді?
а) Газдардың өткізгіштігі еркін электрондар мен иондарға тәуәлді. Қалыпты жағдайда газдардың молекулалары электр бейтарап. Егер газдарда электр зарядталған бөлшектердің болуы сыртқы ионизаторға тәуелді болса, онда ол - тәуелді разряд. Егер газдарда зарядталған бөлшектер электр өрісінің әсерінен пайда болса, онда ол – тәуелді разряд болады.
III- деңгей
Иондалған атомның қозған атомнан айырмашылығы неде?
Атом иондалғанда электрон ыршып шығады.
Атом қозғанда электрон бір орбитадан екінші орбитаға көтеріледі немесе түседі.
Сұйықтардың иондалуынан газдардың иондалуының айырмашылығы неде? ( Ерітінділер иондалғанда молекула ионға жіктеледі; ал газдар иондалғанда – иондарға және электрондарға) – №1199 (Степанова)
Тұрақты ионизатордың әсерінен иондар саны белгілі бір шекті мәнге дейін жеткенше өседі сонан соң тұрақты болып қалады? ( Динамикалық тепе – теңдік орнайды , қанша ион пайда болса сонша ион рекомбинацияланып молекулаға немесе ионға айналады.)
Үйге:
Достарыңызбен бөлісу: |