Деңгейлік тапсырмалар
I-деңгей
1. Магнит тіліне тогы бар өткізгішті жақындатса, ол тыныштық күйін сақтап қала ма?
2. Тогы бар өткізгіш екіге иілсе, магнит тілі ауытқи ма?
II-деңгей
1. Аккумулятор зажимдарында (+) (-) таңбалары жазылмаған. Компас арқылы таңбаларын анықтауға бола ма?
2. Магнит өрісінің күш сызықтары суретте стрелкамен көрсетілген. Өткізгіштегі токтың бағытын анықта.
III- деңгей
1. Жер өзінің магнит өрісін жоғалтып алды деп ойла. Жердің магнит өрісі - біздің ғаламшардағы өмір үшін оң әсерлі құбылыс па , әлде теріс құбылыс па?
Үйге:
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Жарық жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы.
Мақсаты: білімділік: жарық көздерімен таныстыру; білімнің құрылымдық
элементтерімен қаруландыру;
дамытушылық: ойлау іс - әрекетін дамыту;
тәрбиелік: сезімділік құндылықтарын тәрбиелеу; қызығушылығын тудыру;
Сабақтың барысы
I Проблемалық жағдай: Жарық дегеніміз не? Оның табиғаты қандай? ( Жарық дегеніміз –жарық көзінен шығатын бөлшектер ағыны.(Демокрит)) және жарық дегеніміз - кеңістікте жарық көзінен таралатын қайсыбір әрекет (Аристотель). Жарық кеңістікте толқын түрінде таралады. ( Гюйгенс) Жарық жұтылғанда және шығарылғанда бөлшек түрінде болады. ( Ньютон)
II. Ізденуді ұйымдастыру: Кестеге табиғи және жасанды жарық көздерін бөліп жазыңдар: күн, шырақ, газ жандырғысы, теледидар экраны, жұлдыздар, күндізгі жарық шамдары, полярлық жарқырау, жарнама түтікшелері, электр пісіру оттары, найзағай, қыздыру элетр шамдары, жанған от , жол белгілері, жарқырауық қоңыздар, су түбіндегі балықтар, қатты қызған металл құймасының жарқырауы, люминоформ жағылған сағат тілдерінің жарқырауы,теңіздегі планктонның жарқырауы.
№743,744,745,746,747 (Кем)
Қорытынды: Жарық көздерінің түрлері: 1.табиғи 2. жасанды 3. нүктелік 4. созылыңқы (протяженные)
Достарыңызбен бөлісу: |