Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысының білім басқармасы
«Болашақ» жоғары колледжі
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Абай Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы.
«Тіл пәндері» кафедрасының
отырысында қаралған № __ «__» ________2018 ж.
____________Сапарбаева Д.Т.
Шымкент
Пәні: Қазақ әдебиеті
Күні. 30.10.2018 ж.
Оқытушы: Есказина Айдана Бисенгалиевна
Тобы: БББ-9г-18
Сабақтың түрі: тәжірибелік
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай Құнанбаевтың өмір жолына қысқаша тоқталу. Өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашу, білім алушыларды өлең құрылысына енгізген жаңалықтарымен, өлеңдердегі рухани-адамгершілік қағидаларымен таныстыру, шығармашылығындағы негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Білім алушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Абай өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Оқыту әдісі: репродуктивтік әдіс
Оқытудың әдіс-тәсілдері: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, сұрақ-жауап, «Қалам үстел ортасында», «Түртіп алу» әдістерін пайдалану.
Әдістемелік қамтамасыз етілуі: слайдтар, басылым материалдары, кеспелер, плакаттар
Көрнекіліктер:
ОТҚ: интерактивті тақта, ғылыми еңбектер
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Қазақ әдебиеті(ХІХғ.) Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Сәметова . – Алматы: Мектеп, 2014. -216 б.
2. Әдістемелік құрал. 10- сыньп. –Астана: «Арман- ПВ» 2014;
3.Тұрсынғалиева С.Ч., Такишева А.Ж. Қазақ әдебиеті: әдістемелік құрал. 10- сын;
4.Тұрсынғалиева С.Ч., Берекенова Ә.С. Қазақ әдебиеті: Хрестоматия 10 - сын. (Қ-Г) -
Астана: «Арман-ПВ», 2014;
Сабақтың құрылымы мен мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі (3-5 минут):
1. Білім алушыларды түгелдеу, аудитория тазалығын тексеру, сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару. Білім алушыларды 3 топқа бөліп, «Қалам үстел ортасында» әдісі бойынша, бірнеше қаламның ішінен бір қаламды таңдау арқылы топ басшысын сайлау.
2. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту.
3-слайд. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10-15 минут):
(Өткенді қайталау сұрақтары, тапсырма сұрақтары және т.б.). Үй тапсырмасы сөзжұмбақ сұрақтары арқылы тексеріледі, нәтижесінде жаңа сабақтың тақырыбы шығады:
Ы.Алтынсарин қай өңірде дүниеге келген?
Бала Ыбырай білім алған от ауызды, орақ тілді би-шешеннің атын атаңыз.
«Қазақ хрестоматияы» оқулығы қай қалада басылып шықты?
Әкесінен ерте айрылған Ыбырай кімнің қолында тәрбиеленеді?
1876 ж. ағарту жұмысымен жақсы танысу үшін қай қалаларға сапар шекті?
Ыбырай жанына серік етіп, сапарларына бірге ертіп жүретін ақын жолдасы?
Ы.Алтынсарин ең алғаш мектепті қай қалада ашты?
Ыбырайдың табиғат көрінісін суреттеген туындысы?
Ыбырайдың жақын араласып, үлгі тұтқан орыс достарының бірі
ІІІ. Жаңа сабақ (Түсіндіру) (15-20 мин.) 4-слайд:
Жаңа тақырыпты, мақсатын хабарлау және оның жоспарымен таныстыру
Мағынаны тану кезеңі
5-слайд.
Абай Құнанбаевтың өмірінен қысқаша мәлімет.
Абай шығармашылығы – адамзаттың асыл қазынасы
Абайдың қазақ поэзиясына қосқан үлесі.
Абай Құнанбайұлы – қазақ әдебиеті тарихында жаңа дәуір ашқан ұлы ақын. Ол қазақтың реалистік жаңа – жазба әдебиетінің негізін салды. Оның шығармаларында өз тұсындағы қазақтың қоғамдық өмірінің, халық тіршілігінің шындығы шынайы да өте көркем бейнеленген.
6-слайд. «Топтау» әдісі бойынша Абай кім деген сұраққа жауап аламын.
7-слайд. Қазақтың ұлы ақыны Абай (ИбраҺим) Құнанбайұлы 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыстау баурайындағы Қасқабұлақ деген жерінде туылған.
8-слайд. Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1802 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған. Өз әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай – бәрі де Тобықты руларының билеушілері, ірі феодалдар болған. Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан
9-слайд. Абайдың әжесі - Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана. Анасы Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.
10-слайд. Абай жастайынан әжесі Зеренің ертегі, аңыз-әңгімелерін тыңдап өсіп, қиялы ұшқырлана бастайды. Зере әже: “Е-е.. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен, Бұрынғыда кім өткен?”– деп, Абайдың әңгіме сұраған тілегін осылайша бастап отырған.
11-слайд. Осы тұста Абай Құнанбаевтың «Үш қайнар бұлағына» тоқтала кету қажет.
12-слайд. Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерін де үйренеді.
13-слайд. Осы тілдерді жақсы меңгергендіктен Шығыс ақындары Науаи, Фирдоуси, Науаи, Әл-Фараби еңбектерін оқып, білімін тереңдете түседі. Кейбір шығармаларында Шығыс ақындарына сиынудан бастауы Абайдың оларға деген сол кездегі ынтасын байқатады. Медреседегі діни уағыздармен шектеліп қалмай, араб, парсы, түркі тілдерін игеру арқылы шығыс классиктерін оқып үйренуге жетуі – Абайдың едәуір табысы.
14-слайд. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл – Абайдың кейін өз бетімен даярланып, орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.Приходская школада оқып жүріп, орыс әдебиетінің ақын-жазушылары Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу әдісін үйретіп, өз үлгісіне баули бастайды. Ел басқару ісінде өз орнымды басар ұлым осы болар деген оймен Абайға жол-жоба көрсетіп, өзінше тәрбиелейді. Алғашқы кезде әкесінің басқаларға ауызша сәлемін жеткізіп, олардан жауап әкелуден бастап, Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады.
Бір жағынан шығыс, орыс мәдениетінен хабары бар Абай ел тарихымен таныса келе, ақыл-ойы толысып, көзге түсе бастайды. Балалықпен ерте қоштасып, ел ісіне араласқан ол сол елдің тұрмыс-тіршілігін, атқамінер әкімдердің қиянаттарын, шаруасы шайқалып жүдеген кедей шаруаларды, барымта-бақталастықты, содан туған лаң-пәлелерді көреді. Өздері надан, ел тағдырын ойламайтын басшыларды сынай қарайтын болады. Мұның бәрі Абайға әке жолынан бөлек жол іздеу қажеттігін аңғартады. Ендігі жолды ол кітаптан, орыс мәдениетінен іздейді.
15-слайд. Абайдың шығармашылығы – адамзаттың асыл қазынасы
16-слайд. Абайдың ғылым мен білім тақырыбына қалам тартқан еңбектері: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай, мақтанба», «Интернатта оқып жүр, «Әсемпаз болма әрнеге».
17-слайд. Табиғат лирикасы 1886-1890 жж.аралығында жазылған. Оған – «Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай». Азаматтық-саяси лирикаларына – «Қалың елім, қазағым», «Болыс болдым, мінеки», «Сегіз аяқ», «Өлсем орным – қара жер сыз болмай ма?». Достық – махаббат лирикалары – «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат», «Кейде есер көңіл құрғырың», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық».
18-слайд. Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Бұл туындыларда да әлеуметтік адамгершілік идеяларын көтереді.
19-слайд. Өмірінің соңында жазылаған шығармалары. Мазмұны жағынан даналық сөздерге, мақала, ғылымдық, философиялық шолуларға толы. Жалпы саны – 45.
20-слайд. Абай – сазгер. «Көңіл құсы құйқылжыр», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас».
21-слайд. Абайдың өлең үлгісіне енгізген жаңалықтары.
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар. Шалыс ұйқас
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Әйелің, балаң, досың бар.
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып, Егіз ұйқас
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған,
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл.
22, 23-слайдтар. Абайдың буын өлшеміне қосқан үлесі
С е г і з б у ы н д ы ө л е ң:
Жарым жасы//4 киім киіп,/4/
Келді жанға//4 жылы тиіп.//4
Диуана болды//4 бұл көңілім,//4
Басылмай бір//4 құшып-сүйіп...//4
А л т ы б у ы н д ы ө л е ң:
Қара көз,//3 имек қас,//3
Қараса //3 жан тоймас.//3
Аузың бал,/3/қызыл гүл,//3
Ақ тісің//3 кір шалмас//3...
А р а л а с б у ы н д ы ө л е ң н і ң ж а ң а т ү р і:
Алыстан сермеп,//5
Жүректі тербеп//, 5
Шымырлап бойға//5 жайылған//.3
Қиядан шауып,//5
Қисынын тауып//5
Тағыны жетіп//5 қайырған//3
Толғауы тоқсан//5қызыл тіл,//
Сөйлеймін десең,//5өзің біл//3
ІV. Жаңа сабақты бекіту (30-35 мин.).
1-тапсырма. «Суреттер сөйлейді». Білім алушыларға «Қыс», «Күз», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңдерін бере отырып, мектеп қабырғасында өткен өлеңдерді еске түсіріп, жатқа айтқызу, топ болып салған суреттерін қорғату (10-15 мин.).
Достарыңызбен бөлісу: |