Сабақ жоспары тақырыбы: Жұлдызды аспан. Аспан сферасы. Бейнеу 2016 ж Сабақ жоспары



бет2/2
Дата01.04.2017
өлшемі292,96 Kb.
#12895
түріСабақ
1   2

Аспан сферасында тек бұрыштық өлшеулер ғана қарастырылады. Бұрыштық қашықтық деп сферадағы екі нүктенің арасындағы доғамен өлшенетін қашықтықты немесе оған сәйкес орталық бұрыш шамасын айтады. Яғни бұл бақылаушы көзімен қарағандағы (аспан сферасының орталық нүктесінен) осы екі нүктеге тарайтын сәулелердің арасындағы бұрыш.

Аспан сферасының негізгі элементтері кітапта 124 – суретте көрсетілген.



Зенит (Z) нүктесі бақылаушының дәл төбесінде, ал Надир (Z1) – сфераның қарама – қарсы нүктесінде орналасқан. Осы екі нүктені қосатын түзу вертикаль сызық немесе тік сызық, оған перпендикуляр әрі аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық – математикалық немесе нақты көкжиек жазықтығы деп аталады. Ол аспан сферасын қиып үлкен дөңгелек (центрі аспан сферасының центрімен сәйкес келетін шеңбер мағынасында) – нақты көкжиек (немесе жай ғана көкжиек) түзейді. Көкжиек аспан сферасын көрінетін және көрінбейтін екі бөлікке бөледі. Зениттен М шырақ арқылы надирге дейін өтетін үлкен дөңгелек шырақ вертикалы деп аталады. Аспан сферасы және шырақтардың тәуліктік айналысы дүние осінің төңірегінде өтеді. Жер өлшемі жұлдыздарға дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте кіші болғандықтан, іс жүзінде дүние осі жер бетіндегі кез келген орын үшін Жер осіне параллель болады. Дүние осінің аспан сферасымен қиылысатын нүктелері аспан сферасының айналысына қатыспайды. Сондықтан да олар дние полюстері деп аталады. Төңірегінде аспан сферасының айналысы (сфераның орталық нүктесінде орналасқан бақылаушы үшін) сағат тілінің айналу бағытына кері болатын полюс дүниенің солтүстік полюсі,оған қарсы полюс – дүниенің оңтүстік полюсі деп аталады. Дүниенің солтүстік полюсі маңында (10-қа жуық қашықтықта) Темірқазық жұлдызы орналасқан.

Зенит және дүние осі арқылы өтетін жазықтық аспан меридианының жазықтығы, ал оның аспан сферасымен қиылысқан кезінде пайда болатын үлкен дөңгелек – аспан меридианы болып табылады. Аспан меридианы аспанның тәуліктік айналысына қатыспайды да көкжиекпен екі нүктеде қиылысады, олар көкжиектің оңтүстік (S) және солтүстік (N) нүктелері. Математикалық көкжиек және аспан меридианы жазықтықтарының қиылысуында пайда болатын түзу – талтүстік сызық деп аталады. Оның себебі тал түсте тігінен қойылған бағанның көлеңкесі осы түзу бойымен бағытталады. Жер бетінің кез келген нүктесінде нақты оңтүтік – солтүстік бағытты осы талтүстік сызық бағыты береді. Сондықтан да ол Жер бетінде дұрыс бағдарлану үшін өте қажет бағыт болып табылады. Аспанда оның қызметін аспан меридианы атқарады.

Аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін және дүние осімен тік бұрыш жасайтын жазықтық – аспан экваторының жазықтығы деп аталады. Жер экваторына параллель бағытталған бұл жазықтық аспан сферасымен қиылысқанда пайда болатын үлкен дөңгелек аспан экваторы деп аталады. Аспан экваторы аспан сферасын оңтүстік және солтүстік екі жарты шарға бөледі және көкжиекпен екі нүктеде – шығыс (Е) және батыс (W) нүктелерінде қиылысады.

Дүние полюстері және шырақ арқылы өтетін үлкен дөңгелек шырақтың еңістік дөңгелегі деп аталады. Кез келген шырақ аспан сферасының тәуліктік айналысына қатыса отырып тәуліктік паараллель деп аталатын кіші дөңгелектер бойымен қозғалады. Бұл жайт жылжымайтындай етіп бекітілген фотоаппаратпен түсірілген түнгі аспанның суретінен айқын көрінеді.



Эклиптика – Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын ұлкен дөңгелек. Күннің эклиптика бойымен қозғалуы Жердің Күнді айналуынан туындайды. Эклиптика жазықтығы аспан экваторының жазықтығына ε=23026΄ бұрыш жасай орналасқан. Күн шарығының орталық нүктесі аспан экваторын жылына екі рет – 21 наурыз бен 23 қыркүйек маңында қиып өтеді. Бұл нүктелер көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелу нүктелері деп аталады. Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі ( – Тоқты (Қозы) шоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді) арқылы Күн аспан сферасының оңтүстік жарты шарынан солтүстік жарты шарына, ал күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі ( – Таразы (Өлкі) шоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді) арқылы кері бағытта өтеді.

Күн мен түннің теңелу нүктелеріне 900құрайтын Күннің тоқырау нүктелері орналасады. Жазғы күннің тоқырау нүктесі Торпақ пен Егіздер (Ерентүз) шоқжұлдыздарының шекарасында, Шаянның (Қушық) зодиак таңбасымен белгіленеді. Қысқы күннің тоқырау нүктесі Мерген шоқжұлдызында, Ешкімүйіздің (Ұғылық) таңбасымен белгіленеді. (кітапта 125 – сурет)



Сабақты бекіту кезеңі: осы тақырып бойынша видеоматериал тамашалау.

А) Сұраққа жауап

1. Шоқжұлдыз дегеніміз не?

2. Аспанда қанша шоқжұлдыз бар?

3. Жұлдыздар шоқжұлдыз құрамында қалай белгілінеді?

4. Көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалар нені білдіреді?

Б) Сканворд толтыру

1. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі (шоқжұлдыз)

2. δ = +89˚02´;m = 2,02 ;М = – 4,6 – ға тең қазақ халық астрономиясынан жақсы таныс жұлдыз? (Жетіқарақшы)

3. Координаталардың экваторлық жүйесінің негізгі жазықтығы (Экватор)

4. Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі (Тоқты)

5. Аспан сферасын көрінетін және көрінбейтін екі бөлікке бөлетін жазықтық (Көкжиек)

6. Өте күшти қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денесі. (Жұлдыз)

7. Ең жарық жұлдыз (Сүмбіле)

8. Жер осіне параллель ось (Дүние)

9. Аспан экваторы аспан сферасын оңтүстік және солтүстік екі жарты шарға бөледі және көкжиекпен екі нүктеде қиады. Нүктенің бірін ата.(шығыс (Е))

10. Күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі (Таразы)


































1.













2.

Ж

Е

Т

І

Қ

А

Р

А

Қ

Ш

Ы






















3.

Э

К

В

А

Т

О

Р




























4.

Т

О

Қ

Т

Ы

























5.

К

Ө

К

Ж

И

Е

К




























6.

Ж

Ұ

Л

Д

Ы

З













7.

С

Ү

М

Б

І

Л

Е





































8.

Д

Ү

Н

И

Е

























9.

Ш

Ы

Ғ

Ы

С



















10.

Т

А

Р

А

З

Ы











Рефлексия.

  • Сабақ ұнады ма?

  • Қай жері?

Үй тапсырмасы: Жаңа тақырыпты оқу
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет