Қазақ тілі сабағының күнделікті сабақ жоспары
Тақырыбы: «Тамақтану тәртібі»
5-сынып (түзете-дамыта оқыту)
Бельгибаева Мадина Кенжебековна
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
«№4 орта мектебі»КММ
Көкшетау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану тәртібі
Сабақтың түзете-дамыту мақсаты:
Ойын элементтері арқылы оқушылардың қазақ тілі сабағына деген танымдары мен белсенділігін арттыру.
Оқу барысындағы білік-дағды:Оқуға, сөйлесімге, айтылымға еркін жетелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Ойын түрлері, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талқылау
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі,жаратылыстану
Көрнекіліктер: Сызбалар, үлестірмелі кеспелер, септіктер кеспелері
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
Кезекшімен әңгімелесу
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңберің құру: Оқушылармен бірге шаттық шеңберінде шаттық әнің шырқаймыз!
Әрқашан күн сөнбесің!
Аспаннан бұлт төңбесің
Қасымда болсың,мама!
Болайын, мен де, аман
Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталау: Барыс септігін еске түсіру.
(Септіктер сызбалары тақтада ілулі)
Тапсырмалармен жұмыс:
1-тапсырма: Төменде берілген сөздердң барыс септігіне қойып жазыңдар.
Асхана, тамақ, денсаулық, өмір, ас, адам
«Саусақ ойыны»: Бір үйде біз нешеміз,
Кел, санайық екеуіміз.
Бас бармақ-әкем,
Балаң үйрек-шешем.
Ортаң терек-ағам,
Шылдыр шүмек- мен.
Кішкентай бөбек- сен.
Бір үйде біз нешеуміз,
Бір үйде біз бесеуміз.
Мұғалім қолымен саусақтарды көрсетіп тұру арқылы оқушыларды қайталатып, сөйлесім және айтылым әркетін дамытады.
«Сөздік» ойыны: Оқушылардың сөздік қорын молайтуға өте қолайлы ойынның түрі. Допты оқушыға лақтырып орысша не қазақша сөз айтылады, қайтып доп лақтырылғанда, сол сөздің аудармасы орысша не қазақша жауап ретінде айтылады.
сытый - крепкий- дос- плохой человек-
сверстник, сверстница-
характер-
мықты-
плохой человек-
Грамматикалық тақырып:
Ауыспалы осы шақ: Күнделікті болып жатқан іс-әрекет. (Суреттер арқылы ауыспалы осы шақ туралы түсініктерін кеңейтемін).
Тапсырмамен жұмыс:
4-тапсырма: Мәтінді оқып, мұндай қателікті болдырмауымыз керек екенін есте сақтайық. Етістіктерді теріп жазыңдар, қандай шақта тұрғаның анықтаңдар.
«Сөздік» ойыны: Оқушылардың сөздік қорын молайтуға өте қолайлы ойынның түрі. Допты оқушыға лақтырып орысша не қазақша сөз айтылады, қайтып доп лақтырылғанда, сол сөздің аудармасы орысша не қазақша жауап ретінде айтылады.
Қателік-
Майлы-
Таңдап-талғау-
Жасанды-
Өз уақытында-
Құрам-
Көңіл бөлу-
Сергіту сәті: Бір,екі,үш
Қарлығаш боп ұш
Төрт, бес, алты
Қарлығаш боп қалқы
Жеті, сегіз, тоғыз, он
Қарлығаш боп қон.
Тапсырмамен жұмыс:
5-тапсырма: Сөйлемнен етістіктерді табу.
«Менің көңіл-күйім» ойыны: Оқушыларға ақ парақты тарату. Сабақ соңындағы өз көңіл-күйлерін жазу немесе сурет салу.
Сабақты қорытындылау:Оқушыларға сұрақтар қойып, қорытындылау.
Кері байланыс:
Мынадай мақсаттарға жетуіміз керек:
-Тамақтану тәртібін, денсаулыққа пайдалы тағамдарды білу.
- Тақырып бойынша сөздермен жұмыс жасап, жаңа сөздерді білу.
Оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасы: 6-тапсырма. 58 бет. Тамақтану ережесін жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |