Сабақ жоспары Тақырыбы: «Тт» дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/3
Дата13.08.2017
өлшемі499,05 Kb.
#23357
түріСабақ
1   2   3

Мағынаны тану.

- Дұрыс. Олай болса, бүгін тағы бір әріппен танысамыз. Жол алыс. Сондықтан жол-жөнекей ертегі айтып, ертегі кейіпкерлерімен бірге сөйлесіп, пікірлесіп, бір-бірімізге көмектесіп барамыз. Ертегі тыңдағанды жақсы көресіздер ме?



Ерте, ерте , ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті . 50-ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Ол күні-түні зарлап көмек сұрайды. Оның дауысын естіп, Ақ көгершін ұшып келеді. Көгершінге бар мұңын айтады. Көгершін көмектесетін жанды іздеп ұша жөнеледі. Жолда сауысқанды көреді. «Әркімнің өз жұмысы бар ғой»- дейді сауысқан. Көгершін одан әрі ұшады. Жолда ақққуды көреді. Аққу: «Мен саған ақыл айтайын, ол үшін сен ең әуелі менің тапсырмаларымды орында»- дейді. Балалар, көгершінге көмектесесіздер ме? Ендеше аққудың тапсырмаларын орындап көрелік.

Аққудың 1-тапсырмасы. Суреттерді мұқият қара. Олардың атын ата.

- Балалар, бұл сөздер қандай дыбыстан басталады? - Тт дыбысынан



- Өте жақсы, балалар. Баспа түрі-, жазбаша түрі- Енді ойланып көріңіздерші Тт дыбысын бояғанда қандай түспен бояймыз? - Көк түспен бояймыз.

- Неліктен Тт дыбысын көк түспен бояу қажет деп шештіңіздер?

- Өйткені, ол дауыссыз дыбыс.

- Неліктен дауыссыз дыбыс? - Себебі, дыбысты созып, әндетіп айта алмаймыз.



- Дұрыс айтасыздар, «Тт» дыбысын айтқанда тілмен тіс кедергі жасайды. Қане, айнаға қарап айтып көріңіздерші.

2- тапсырма. Дәптермен жұмыс. Әріпті көк түспен боя. Т әрпін бастырып жаз.

- Ұзақ жолда шаршап қалған шығарсыңдар, біраз сергіп алайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет