МКҚК «Балалар шығармашылық үйі»
Үйірме атауы: Баланы дамыту мектебі. Сауат ашу
Сабақ жоспары
Тақырыбы: «Тт» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, Тт дыбысымен таныстыру. Тт дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге, Тт әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтары мен ынта-талаптарын арттыру, ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға, мейірімділікке адалдыққа, еңбексүйгіштікке табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға баулу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ.
Сабақта қолданатын технология: СТО технологиясының элементтері
Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптері кеспе буындар, қызыл, көк текшелер, үлестірмелі материалдар
Сабақтың мазмұны және барысы
Психологиялық дайындық
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Қызығушылықты ояту
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? (қызыл, көк)
-Ал әріп дегеніміз не? -Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.
Дыбыстан не құралады? (буын)
Буыннан не құралады? (сөз). Сөзден не құралады? (сөйлем)
-Өте жақсы. Ал енді, балалар, біз бүгін әдеттен тыс экологиялық-ертегі сабағын өтеміз. Біз сендермен «Қызықты әріптер әлеміне» саяхат жолында қайсы әріппен танысып үлгердік?
- Аа, Лл дыбыстары мен әріптері.
- Өте жақсы. Ал енді, «Жасырын сөз» ойынын ойнап жіберейік. Ойынның шарты суреттегі заттардың бірінші дыбыстарын қосып оқығанда бір сөз шығады. Ол қандай сөз екен?
(ертегі)
Достарыңызбен бөлісу: |