1. Ұйымдастыру кезеңі
«Білу»
2.Үй тапсырмасы
« Түсіну»
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
«Қолдану»
4.Жеке тапсырма
5.Сергіту сәті
«Жинақтау»
6. Сабақты бекіту
5. Үй тапсырмасын беру
6. Сабақты қорытындылау
Рефлекция
7«Бағалау»
|
А)-Оқушылармен сәлемдесу;
-Оқушыларды түгелдеу;
-Сыныпты ұйымдастыру:
-Сыныпты қалыпқа келтіру;
Б)Геометриялық фигуралар арқылы екі топқа бөлу.
І топ –үшбұрыш
ІІ топ – квадрат
Психологиялық дайындық; (таңдалған фигуралары бойынша анықтама беру)
Квадрат. Еңбекқорлық, бір бастаған ісін соңына дейін жеткізу. Оның негізгі қасиеттері: шыдамдылық, байыптылық, ол әрбір нәрсе өз орнында болғанын, қатаң тәртіпті қалайды. Өмірде кездесетін өзгерістерді сүймейді, ол үшін барлығы жоспарланған күйде жүзеге асуы тиіс.
Үшбұрыш. Бұл лидерліктің белгісі. Ол алдына нақты мақсат қойып, соған барлық қабілетін шоғырландырады. Ол өзінің және қарамағындағылардың жұмысын басшылыққа көрсете біледі. Үшбұрыштың ең басты қасиеті өзіне сенімділік. Ол әрдайым жоғары жетістікке жетуді көздейді.
С)Қызығушылықтарын ояту. «Тілекті тізбек» ойынында информатиканың терминдерін пайдалана отырып оқушыларға бір-біріне тілек айтқызу.
Оқушылардан өткен сабақты «Ғажайып қоржын» ойыны арқылы қайталау. Қоржын ішінде үйге берілген сұрақтарды оқушыларға тарату.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.Жаңа сабақтың мазмұнын интерактивті тақтадан көрсетеді. Тақырыпты оқушылар электрондық оқулықты қолдана отырып, өздері меңгеруіне мүмкіншілік береді. Тірек конспектілерін таратады.
Оқушыларға тақырыпқа сай жеке тапсырма береді.
Интерактивті тақтада берілген суреттегі жаттығуларды орындай отырып, оқушылармен бірге жасау.
Ispring Quizmaker программа орталығында тесттік жұмыс орындау.
Фигураларды салу.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «ББҮ» кестесін оқушыларға тарату.
Сабақта жақсы атсалысқан оқушыларды бағалау, ынтасыздық танытқан оқушыларға ескерту.
|
А)Оқушылар сәлемдеседі.
Топ басшысы бүгінгі сабақта кім жоқ екенін хабарлайды.
Б) Мұғалім ұсынған геометриялық фигураларды таңдап екі топқа бөлінеді.
С) Оқушылар «Тілекті тізбек» ойынында информатиканың терминдерін пайдалану арқылы бір-біріне тілек тілейді.
-Интернеттей ауқымды,Пейілің кең болсын!-Процессордай ақылдыдостарың көп болсын!
-Әрбір күнді күлкімен,
Қуанышпен бастаңыз,
Көңілсіз күндер боп жатса,
Корзинаға тастаңыз
- Бұл өмірде ешқашан,
Шыңғырған вирус шықпасын!
Мазалап жатса егер кеп,
DoctorWeb пен Kasper қорғасын!
-Power point слайдтындай
Құлпырыңыз демекпін!
Оқушылар мұғалім берген «Ғажайып қоржындағы»сұрақтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазып алады.
Жаңа сабақты мұқият назар сала отырып берілген тірек конспектілерді оқып түсініп,дәптерлеріне жазып алады. Топта талдап, Джигсо әдісі арқылы постер қорғайды.
Оқушылар жеке компьютерлерге отырып, өздеріне берілген тапсырмаларды тез әрі тиянықты орындайды.
Оқушылар берілген суреттегі жаттығуларды мұғаліммен бірге жасайды.
А) Оқушылар жеке компьютерлерге отырып, Ispring Quizmaker программа орталығында тесттік тапсырма орындайды.
Оқушылар үй тапсырмасын дәптерге жазып алады.
Оқушылар берілген «ББҮ» кестесінде бүгінгі сабақта не білгендерін,нені білетінін және нені білгісі келетінін толтырады.
Бағаларын мұқият тыңдау.
|