Минап Г.
Павлодар қаласы,
Инновациялық үлгідегі гимназиялық
сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Павлодар – 2012
САБАҚ ЖОСПАРЫ
ТИТУЛ БЕТІ
|
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР КАТАЛОГЫ
|
ТАҚЫРЫП:
|
1
|
Базалық құзыреттілік:
|
Мақал - мәтелдер
|
Оқи білу
|
Пән:
|
1.4
|
Құрамды құзыреттілік:
|
Қазақ тілі
|
Мақал - мәтелдерді есте сақтай білу
|
Сынып:
|
7
|
1.4.4
|
Әдіс, амал, операция, құрал/цикл
|
Оқытушы:
|
«Жазба кітапшасы» арқылы мақал – мәтелдерді есте сақтай білу
|
Минап Гүлбарша
|
Дидактикалық дәреже/категория:
|
1
|
Мақсатты әлеуметтендіру
|
Оқу орны:
|
Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
|
Базалық оқулық:
|
|
«Табиғат»
|
Исаев С., Қосымова Г.
7 сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы
|
Тұрақты тілдің дамуын қамтамасыз ету
|
Сабақтың мазмұны:
|
2
|
«Қоғам»
|
Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдер, олардың өзара айырмасы, қамтитын тақырыптары, оларды орынды қолдану, ғибраттық мәні.
|
Жеке интеллектуалдық әлеуетті көрсету
|
3
|
«Мен»
|
«Жазба кітапшасы» арқылы мақал – мәтелдерді есте сақтай білу
|
КЛАССИФИКАТОР
|
ҰЙЫМДАСТЫРУ
|
№
|
Оқу тапсырмасы
|
БЛЮМУ бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы (деңгей)
|
Уақыт минуттарда
|
Ұйымдастыру түрі/ бағалау түрі
|
Сабақтың жалпы уақыты:
|
45
|
1
|
Мақал – мәтелдер қандай әдебиетке жататынын еске түсір.
|
1.1
|
2
|
Жеке жұмыс /өзін-өздері бағалау
|
2
|
Мақал мен мәтелдің анықтамасын еске түсір.
|
1.2
|
3
|
Жұпта жұмыс жасау /өзін-өздері бағалау
|
3
|
Мына мәтіннен мақал – мәтелдерді іздеп тап.
|
1.3
|
2
|
Жұпта жұмыс жасау /өзін-өздері бағалау
|
4
|
Мына мақал – мәтелдердің қайсысы мақал, қайсысы мәтел екенін анықта.
|
2.1
|
3
|
Жеке жұмыс/ өзін-өздері бағалау
|
5
|
Мақал – мәтелдердің жалғасын толтыр.
|
2.2
|
3
|
Жеке жұмыс/ өзін-өздері бағалау
|
6
|
Берілген мақал – мәтелдердің тақырыбын, керісінше беліген тақырыптарға мақал – мәтелдермен толтыр.
|
2.3
|
3
|
Жұпта жұмыс жасау /өзін-өздері бағалау
|
7
|
Берілген мақал – мәтелдер мен тақырыптардың арасында байланыс орнат.
|
3.1
|
3
|
Жеке жұмыс/ өзін-өздері бағалау
|
8
|
Мына мақал – мәтелдердің құрамындағы сөздерді лексикалық мағынасына қарай топтастыр.
|
3.2
|
3
|
Жеке жұмыс/ өзін-өздері бағалау
|
9
|
Мына мақал – мәтелдерде қарамен жазылған сөздер ауыстырылып берілген, мағынасына көңіл аудар, Сөздерді неліктен ауыстыруға болмайтынын дәлелде.
|
4.1
|
4
|
Жұпта жұмыс жасау /өзін-өздері бағалау+ мұғалім бағасы
|
10
|
Абайдың 29 қара сөзінен алынған үзіндідегі мақыл – мәтелдерді беретін мағынасына талда.
|
4.2
|
4
|
Жеке жұмыс/ мұғалім бағасы
|
11
|
Берілген мәтіндерді тоқсан ауыз сөздің түйінін беретін мақал – мәтелдермен жаз.
|
5.1
|
4
|
Жеке жұмыс/ мұғалім бағасы
|
12
|
Өз отбасыңда немесе туыстарыңның отбасында той болғанда құттықтау сөзіңді әсерлі, кестелі сөзбен жеткізу үшін мақал – мәтелдерді қолданып пайымда.
|
6.1
|
7
|
Жеке жұмыс/ мұғалім бағасы
|
Блюм бойынша сабақтың тапсырмалары
Бірінші деңгей – БІЛІМДЕР
Оқу тапсырмаларының таксономиясы – бірінші деңгей
|
Етістік
|
Немен әрекеттеседі
|
1.00 Білім
|
1.10 Нақты мәліметтерді білу
|
1.11 Терминологияны білу
|
Анықтау, меңгеру, айыра алу, еске түсіру, танып білу
|
Сөздік, түсініктер, терминология, мән, анықтамалар, байланыстар, элементтер
|
Мақал – мәтелдер қандай әдебиетке жататынын еске түсір.
|
1.20 Мәліметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін құралдарды білу
|
1.21 Практикалық білімдер
|
Еске түсіру, идентификациялау, түстеу, іздеп табу
|
Форма, ушарттар, пайдалану, ереже, модальдылықтар, құралдар, символдар, ұғымдар, стиль(дер), формат (тар).
|
Мақал мен мәтелдің анықтамасын еске түсір.
Төмендегі анықтамалардың ішінен мақалға және мәтелге тән ерекшеліктерді бөліп жаз.
сөйлем не сөз тіркесі түрінде келетін фразеологиялық бірлік.
ой тиянақты болады, алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді.
көбіне екі бөлімнен тұрады.
ойды ақырына дейін жеткізбей, топшылап, болжам ретінде түсіндіреді.
|
1.22 Тенденциялар мен жекеліктерді білу
|
Еске түсіру, тану, идентификациялау, табу
|
Әрекет (тер), үрдіс, қозғалыс (тар), жағдайлар, ұсыныс, даму, тенденциялар, бөлшектер, себептер, қатынастар, орны, топтастыру, категориялау
|
Мына мәтіннен мақал – мәтелдерді тап.
Тіл мәдениеті
Тіл мәдениеті дегеніміз дұрыс, орынды сөйлеу. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Халқымызда «Ойнап айтсаң да, ойлап айт», «Тіл тас жарада, тас жармаса бас жарады» деген осыны аңғартса керек. Әрбір айтқан сөз қысқа әрі тұжырымды болу керек. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» деген мақал осы ойды растайды. Адам –мәдениетінің алғы шарты дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер.
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай «Айтылған сөз, атылған оқ» екенін әрдайым естен шығармаған жөн.
Кез келген тілден сол халықтың өмірі, өткен тарихы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі көрінеді. Сондықтан да оны көздің қарашығындай қастерлеу – азаматтық борышымыз.
|
Екінші деңгей – ТҮСІНУ
Таксономия – екінші деңгей
|
Етістік
|
Немен әрекеттеседі
|
2.00 Түсіну
|
Экстраполирование
|
болжау, дифференциациялау, анықтау, жалғастыру, интерполизациялау, толтыру, орнату
|
Салдарлар, араласу, қорытынды, факторлар, даму, маңызды элементтер, келісушілік, эффекттер, ықтималдылық
|
2.1 Мына мақал – мәтелдердің қайсысы мақал, қайсысы мәтел екенін анықта.
Опасызда Отан жоқ.
Ел құлағы – елу.
Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.
Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім.
Күш атасын танымас.
Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
2.2 Мақал – мәтелдердің жалғасын толтыр.
Өмірдің өзі — … .
Алтын алма, … .
Кітап пен ғылым — … .
Туған жер - ... .
Тіл тас жарады, … .
2.3 Берілген мақал – мәтелдерді тақырыппен, керісінше беліген тақырыптарды мақал – мәтелдермен толтыр.
№
|
Мақал - мәтелдер
|
Тақырыптары
|
1
|
Денсаулық - зор байлық
|
...
|
2
|
...
|
Білім
|
3
|
Досы көпті – жау алмайды, ақылы көпті – дау алмайды
|
...
|
4
|
...
|
Еңбек
|
5
|
Өнер алды – қызыл тіл.
|
...
|
6
|
Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
|
...
|
|
|
Үшінші деңгей – ҚОЛДАНУ
Оқу тапсырмаларының таксономиясы – үшінші деңгей
|
Етістік
|
Немен әрекеттеседі
|
3. Қолдану
|
қолдану, жалпылау, байланыс орнату, таңдау, дамыту, ұйымдастыру, пайдалану, жетекшілікке алу , қайта өзгерту, топтастыру
|
Қағидалар, заңдар, қорытындылар, эффекттер, әдістер, теориялар, абстракциялар, жағдайлар, жалпылау, үрдістер, феномендер, тәсілдер
|
|
3.1. Берілген мақал – мәтелдер мен тақырыптардың арасында байланыс орнат.
Мақал - мәтелдер
|
Тақырыптар
|
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар.
|
оқу, білім
|
Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
|
ерлік
|
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
|
туған жер
|
Еріншектің ертеңі бітпес.
|
досытық
|
Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
|
байлық
|
Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.
|
жалқаулық
|
|
|
3.2. Мына мақал – мәтелдердің құрамындағы жіберілген сөздерді жазып, лексикалық мағынасына қарай топтастыр.
... сөз – алтын, ... сөз – көмір.
Ашу - ..., ақыл - ... .
Әйелдің шашы ..., ақылы ... .
Білім ..., білу ... .
|
Төртінші деңгей - ТАЛДАУ
Оқу тапсырмаларының таксономиясы – төртінші деңгей
|
Етістік
|
Немен әрекеттеседі
|
Талдау
|
4.10 Элементтерді белгілеу
|
Дәлелдеу, идентификациялау, топтастыру, айыра алу, шығару, категориялау
|
Элементтер, гипотезалар, қорытындылар, фактілерді белгілеу, дәлелдер, қасиеттер
|
Мына мақал – мәтелдерде қарамен жазылған сөздер ауыстырылып берілген, мағынасына көңіл аудар, Сөздерді неліктен ауыстыруға болмайтынын дәлелде.
Туған жерсіз адам, ормансыз бұлбұл.
Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе жұрттың көркі.
Әдемі сұлу емес, сүйген әдемі.
|
4.20 Байланыстарды орнату
|
Талдау, белгілеу, салыстыру, шығару
|
Қатынастар, қателер, дәлелдер, себептер, эффект, бөліктер, дұрыс емес болжамдар
|
Абайдың 29 қара сөзінен алынған үзіндідегі мақыл – мәтелдерді беретін мағынасына талда.
.... «Қалауын тапса қар жанады» дегені барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеғызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
|
Бесінші деңгей – СИНТЕЗ
Оқу тапсырмаларының таксономиясы – бесінші деңгей
|
Етістік
|
Немен әрекеттеседі
|
Синтездеу
|
5.10 Өз шығармасын жасау
|
Жазу, айту, жасау, беру, модификациялау, құжаттау
|
Құрылым, модель, жетілдіру, жоба, жұмыс, жалпылау, күш, ерекше фактілер, шығарма
|
Берілген мәтіндерді тоқсан ауыз сөздің түйінін беретін мақал – мәтелдермен жаз.
Денсаулық сағаты өте бастаған алғышқы күндерден-ақ біз оның қаншалықты пайдалы екеніне көз жеткіздік. Мысалы, бір-екі сабақтан соң шаршай бастайсың ғой. Сол кезде денсаулық сағаты өтсе, миың тынығып, көңіл күйің көтеріліп, сабақ соңына дейін сергек жүресің.
Мұхтар Әуезов «Мақалалар, зерттеулер»
Бірнеше тілдің мәдениетін білу, бойға сіңіру адамды кең тынысты етеді. Молырақ жағын кеңірек көрсетіп, қанатты көреген етеді... Бірнеше тілді меңгеру жан-жақты нәр, қасиет, қуат береді.
Мұхтар Әуезов «Мақалалар, зерттеулер»
Сөздің асыл болуы – адамға ұнауымен. Сөз мағына жағының күштілігімен, көркемділігімен ұнайды. Сөйлеудің екі түрі болады: бірі – жалаң, екіншісі – көрнекі.
Ахмет Байтұрсынұлы
|
Алтыншы деңгей – БАҒАЛАУ
Оқу тапсырмаларының таксономиясы – алтыншы деңгей
|
Етістік
|
Немен әрекеттеседі
|
Бағалау
|
6.10 Ішкі сынау
|
Пайымдау, дәлелдеу, бағалау, шешу
|
Анықтылық, қателіктер, дұрыстық, есептеулер, сщфизмдер, анықтылық дәрежесі
|
Өз отбасыңда немесе туыстарыңның отбасында той болғанда құттықтау сөзіңді әсерлі, кестелі сөзбен жеткізу үшін мақал – мәтелдерді қолданып пайымда.
|
Достарыңызбен бөлісу: |