-
Пән: Қазақстан тарихы
Тараудың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тайпа одақтары мен ертедегi мемлекеттер
Сабақтың тақырыбы: Сақтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақтардың тарихы, мекендеген орыны ша-руашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері елі үшін тәуелсіздік жолында күрес-тері жайында алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректерді пайдаланып, сақтар тақырыбы бойынша қорытындылау.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушы-ларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақ-тар қою, сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толық-тыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: Ақпараттық-коммуникативтік технологиясы
Пәнаралық байланыстар: Тарих,Әдебиет
Сабақтың жабдықталуы: Презентация, жұмыс дәптер, сабақтың тақырыбы
Қолданылатың әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Очерк. 184-194-бб.
2.Қазақстан тарихы. 5-томдық. 3-том., 1-бөлім. 1,2,3,6,7,8-тараулар.
3.Акишев К.А.Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963.
4. Акишев К.А. Искусство и мифология саков. А., 1989.
5. Черников С. Загадка золотого кургана. М., 1965.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Студенттермен амандасу, тексеру. Сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақ барысымен таныстыру.
Сабақтың барысы
-
Үй тапсырмасын сұрау
-
Кестені дұрыс толтыру жарысы
-
Семантикалық карта
-
Кесте тапсырмасы
-
Рафт стратегиясы бойынша ой-толғаныс
-
Басқатырғыш
-
Дискуссиялық карта
-
Тест
-
Бекіту
1. Үй тапсырмасын сұрау. 1.«Сәйкестендіру тестімен жұмыс»
Беғазы Дәндібай. Солтүстік Қазақстан
Арқайым Орталық Қазақстан
Андрон Сырдарияның төмегі ағысы
Түгіскен Жетісу
Таңбалы тас Сібір
2.Дискуссиялық карта арқылы
Сұрақтары
|
Ия
|
Жоқ
|
Андрондықтар аң аулаумен айналысты
|
|
|
Сүт тағамдарын әзірледі
|
|
|
Тек қана қой мен ешкі өсірді
|
|
|
Еділ мен Жайық бойын қоныстады
|
|
|
Дәнүккіш пен келіні ойлап тапты
|
|
|
Көшпелі мал бағу қалыптасты
|
|
|
Тұрғын үйлерді үш түрге бөлуге болады
|
|
|
Жылқы күш көлік ретінде пайдаланылды
|
|
|
ыс рудасына қалайыны қосу арқылы өндірілген металл
3.Тест арқылы
1. Мыс рудасына қалайыны қосу арқылы өндірілген металл
А) Темір Ә)Мыс
Б) Қола В) Қорғасын
2. Қола дәуірінің хронологиясын көрсет:
А) б.з.б 5-3 мың.жыл Ә) б.з.б 2-1 м.ж
Б) б.з.б 12 -5мың.жыл В) б.з.б 40-12 м.жыл
3. Андрондықтар қандай нәсілге жатады?
А) Еуропеоид Ә) негроид
Б) Монғолоид В) Австралопитек
4. Археологиялық экспедиция құрған көнекті ғалым:
А) Қ.Сәтбаев Ә) В.Алексеев
Б) Ш.Уәлиханов В) Ә.Марғұлан
5. Қ. Сәтбаевтың айтуы бойынша көне заманда Жезқазған өңірінен қанша кен өндірілді?
А) 1млн тонна Ә) 500 кг
Б) 3 млн. тонна В) 2,5 млн. тонна
 





Достарыңызбен бөлісу: |