Сабақтың алгоритмі:
Бақылау: проблемалық жағдаят туғызу
Гипотеза: болжам жасау
Эксперимент: зертханалық жұмыс электр тізбегі
І топ Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі
ІІ топ Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі
ІІІ топ Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік кедергі Теория: заңдылықтарды тағайындау, формулаларды қорытып шығару
Қорытынды: тұжырымдар мен орындалатын заңдылықтар бойынша интерпретациялау және қорытынды жасау
Қолдану: формулалар мен заңдылықтарды қолданып есептер шығару
Сабақ барысы.
Екі оқушыны тақтаға шақырып, оларға кезекпен сұрақтар қою. Дайындық сұрақтары: Конденсатор дегеніміз не, ол не үшін қолданылады?
Катушка деп нені айтады, оның бойымен ток жүргенде қандай құбылыс байқалады? Оны сипаттайтын шама.Оның өлшем бірлігі қандай?
Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдаңыз. Мұндағы кедергі нені білдіреді және ол қандай шамаларға тәуелді? Оның өлшем бірлігі қандай?
Тұрақты токта өткізгіштегі қуат неге тең?
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, формулаларды тақтаға жазады. І тапсырма: әр топттан бір оқушы шақырып, тақтаға 1.Резистор жалғанған айнымалы ток тізбегінің схемасын 2. конденсатор жалғанған айнымалы ток тізбегінің схемасын 3.катушка жалғанған айнымалы ток тізбегінің схемасын сызуды өтіну. ІІ тапсырма: схемаға байланысты кернеу тербелісінің теңдеуін жазуын сұрау.. Тапсырма орындалған соң, оқушыларды мадақтау арқылы бағалау.