Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Айнымалы ток


Сабақтың тақырыбы «Айнымалы ток тізбегіндегі актив және реактив кедергілер»



бет4/12
Дата06.02.2022
өлшемі466,2 Kb.
#81428
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Сабақтың тақырыбы «Айнымалы ток тізбегіндегі актив және реактив кедергілер»
Мақсаты:

  • Айнымалы ток тізбегіндегі ток күші мен кернеу арасындағы фазалық арақатынасты білу;

  • сыйымдылық және индуктивтік кедергілердің ток жиілігі, конденсатордың сыйымдылығы және катушканың индуктивтілігіне тәуелділігін анықтау

Гипотеза.
Сыйымдылық кедергі конденсатордың сыйымдылығы мен айнымалы токтың жиілігіне тәуелді.
Индуктивтік кедергі катушканың индуктивтілігі мен айнымалы ток жиілігіне тәуелді.
Өткізгіштің кедергісі тегіне, ұзындығына және қимасының ауданына тәуелді.


Эксперимент.
І топ. Сыйымдылық кедергі конденсатордың сыйымдылығы мен айнымалы ток жиілігіне қалай тәуелді екендігін зерттеу.
ІІ топ. Индуктивтік кедергінің катушканың индуктивтігіне және айнымалы ток жиілігіне қалай тәуелді екендігін зерттеу.
ІІІ топ. Актив кедергінің өткізгіштің тегіне, ұзындығына және қимасының ауданына қалай тәуелді екендігін зерттеу.
І топ.
Құрал жабдықтар: Кернеуі 6-12 В ток көзі, сыйымдылығы әртүрлі екі конденсатор, жалғағыш сымдар, кілт, шамдар.
Жұмыс барысы:

  1. Айнымалы ток көзіне тізбектей жалғанған конденсатордан, шамнан және кілттен тұратын электр тізбегін жинаңыз.

  2. Бастапқы мәндерді бере отырып,U=12V, f=50Hr, C=47mkF тізбекті тұйықтап, шамның жарықтығын бақылаңыз.

  3. айнымалы ток жиілігінің мәнін өзгертпей, конденсатордың мәнін 2 есе арттырыңыз. Шамның жарықтығы қалай өзгерді?

  4. Қорытынды жасаңыз: кедергі қалай өзгерді?

  5. Сыйымдылықты бастапқыдан 2 есе азайтып, тәжірибені қайталаңыз.

  6. Сыйымдылықтың мәнін өзгертпей осындай жолмен кедергінің жиілікке тәуелділігін зерттеңіз.

  7. Алынған нәтижелерді түсіндіріңіз.

  8. Сыйымдылық кедергіні есептейтін формуланы қорытып шығарыңыз. (Xc=1/C)

ІІ топ.
Құрал жабдықтар: Кернеуі 6-12 В ток көзі, индуктивтілігі әртүрлі екі катушка, жалғағыш сымдар, кілт, шамдар.


Жұмыс барысы:

  1. Айнымалы ток көзіне тізбектей жалғанған катушкадан, шамнан және кілттен тұратын электр тізбегін жинаңыз.

  2. Бастапқы мәндерді бере отырып,U=12V, f=50Hr, L=50mGn тізбекті тұйықтап, шамның жарықтығын бақылаңыз.

  3. айнымалы ток жиілігінің мәнін өзгертпей, индуктивтіктің мәнін 2 есе арттырыңыз. Шамның жарықтығы қалай өзгерді?

  4. Қорытынды жасаңыз: кедергі қалай өзгерді?

  5. Индуктивтікті бастапқыдан 2 есе азайтып, тәжірибені қайталаңыз.

  6. Индуктивтіктің мәнін өзгертпей осындай жолмен кедергінің жиілікке тәуелділігін зерттеңіз.

  7. Алынған нәтижелерді түсіндіріңіз.

  8. Индуктивтік кедергіні есептейтін формуланы қорытып шығарыңыз. ( )

ІІІ топ.
Құрал жабдықтар: Кернеуі 6-12 В ток көзі, меншікті кедергісі әр түрлі екі өткізгіш сым, жалғағыш сымдар, кілт, шамдар.


Жұмыс барысы:

  1. Айнымалы ток көзіне тізбектей жалғанған шамнан, кедергісі жоғары өткізгі сымнан және кілттен тұратын электр тізбегін жинаңыз.

  2. Бастапқы мәндерді бере отырып,U=12V, f=50Hr, l=20 cм тізбекті тұйықтап, шамның жарықтығын бақылаңыз.

  3. Өткізгіштің ұзындығын 2 есе арттырыңыз. Шамның жарықтығы қалай өзгерді?

  4. Қорытынды жасаңыз: кедергі қалай өзгерді?

  5. Өткізгішті 2 есе қалыңдатып, тәжірибені қайталаңыз.

  6. Өткізгіштерді алмастырып, кедергінің сымның тегіне тәуелділігін зерттеңіз.

  7. Алынған нәтижелерді түсіндіріңіз.

  8. Актив кедергіні есептейтін формуланы жорамалдап қорытып шығарыңыз. R= ρ

Топтар эксперимент нәтижесімен таныстырып, қорытынды жасайды
Теория.
Теориялық түрде кедергілердің формулаларын қорытып шығарайық. Топтарға тапсырма. «Мозайка» әдісімен постер құру.
Критерийлер:
1. Тізбектегі өтіп жатқан процестерді сипаттау
2. Кернеу мен ток күшінің теңдеуін қорытып шығару
3. Теңдеулерді графигі бойынша салыстыру
4. Айнымалы ток тізбегіндегі ток күші мен кернеу арасындағы фазалық арақатынасты анықтау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет