Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Айнымалы ток



бет1/12
Дата06.02.2022
өлшемі466,2 Kb.
#81428
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Айнымалы ток

Мектеп: химия-биология бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебі Алматы филиалы

Күні: 2.11.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Исаев А.А.

Сынып: 12

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты

Физика сабағында ДЖИГСО әдісін пайдаланып, оқушылардың құрылымдық тапсырмаларды орындау дағдысын дамыту

Сабақ тақырыбы

Айнымалы ток тізбегіндегі актив және реактивті кедергілер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- орташа квадраттық және максималды мәндерді ажырата білу және есептерді I=Imax/√2 және V=Vmax/√2 теңдеулер арқылы шығару
- активтік жүктемедегі бөлінетін орташа қуат синусоидалық айнымалы тоқтың максималды қуатының жартысына тең екендігі туралы қорытынды жасау;
-конденсаторы бар айнымалы тоқ тізбектерін есептей білу;
-индуктивтілік катушкасы бар айнымалы тоқ тізбектерін есептей білу.

Сабақ мақсаттары

  • Актив кедергілі айнымалы ток тізбегіндегі ток күші мен кернеу арасындағы фазалық арақатынасты білу;

  • активтік жүктемедегі бөлінетін орташа қуатты қорытып шығарып, қорытынды жасау;

  • ток күшінің орташа квадраттық және максималды мәндерді ажырата білу;

  • сыйымдылық және индуктивтік кедергілердің ток жиілігі, конденсатордың сыйымдылығы және катушканың индуктивтілігіне тәуелділігін анықтау

Жетістік критерийлері

  • актив кедергісі бар айнымалы ток тізбегіндегі ток күші мен кернеу тербелістерінің фазалық арақатынасын біледі және векторлық диаграммада көрсете алады;

  • актив жүктемедегі орташа қуаттың формуласын қорытып шығарып, қорытынды жасай алады;

  • ток күшінің әсерлік мәнінің физикалық мағынасын түсінеді және формуласын есептер шығаруда қолдана алады;

  • актив кедергі, сыйымдылық және индуктивтік кедергілері бар айнымалы ток тізбегінің схемасын сыза алады;

  • сыйымдылық және индуктивтік кедергілерінің айнымалы ток жиілігі мен сыйымдылық және индуктивтікке тәуелділігін біледі және оларды есептер шығаруда қолдана алады;

  • сыйымдылық және индуктивтік кедергілері бар тізбектегі ток күші мен кернеу тербелістерінің фазаларының айырмасын векторлық диаграмманы қолданып бағалай алады.




Тілдік мақсаттар



Актив кедергі

Активное сопротивление




Сыйымдылық кедергі

Емкостное сопротивление




Индуктивтік кедергі

Индуктивное сопротивление




Векторлық диаграмма

Векторная диаграмма




Ток күшінің әсерлік мәні

Действующее значение силы тока




Кернеудің әсерлік мәні

Действующее значение напряжения




Орташа қуат

Средняя мощность




Фазалар айырымы

Разность фаз






Құндылықтарды дарыту



Топттық, жұптық жұмыста адамгершілік құндылықтар қалыптасады.Топтық және жұптық жұмыстарда оқушылар өзгенің пікіріне сыйластықпен қарап,өзара ынтымақтастықа, ұжымшылдыққа үйренеді. Жақын аймақтары айқындалып, бірін-бірі оқытады.

Пәнаралық байланыстар

Алгебра, геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану (деректер іздеу, бейнекөрсетілім, слайдтар т.б.)

Бастапқы білім


Электромагниттік тербелістер, айнымалы токтың тербеліс теңдеулері, векторлық диаграммалар тәсілі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

3 мин

3-5

5-9

9-11
11-17

17-18

19-40


40-55

40-43



58-78

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру.
Сыныпты үш топқа бөлу:І топ, ІІ топ, ІІІ топ
Топ ережесі.

  1. Өз араларында идеялармен, ақпараттармен белсенді бөлісу

  2. Бірігіп шешім қабылдау

  3. Әркім топ жұмысына жауапты





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет