Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



бет1/3
Дата06.11.2019
өлшемі1,26 Mb.
#51261
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
қален журналга



Өтеғалиев Қален Қамиұлы

Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А – Ақпараттарды өлшемдеу және компьютерлік жад

Мектеп: Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі

Мерзімі:




Мұғалім аты-жөні: Өтеғалиев Қален Қамиұлы

Сынып:

7 қазақ /А

Қатысушылар саны: қатыспаушылар:

Сабақ тақырыбы:

Компьютерлік жады.

Осы сабақта жетуге тиіс оқытудың мақсаты

7.1.1.1- компьютердің жады түрлерінің қызметін (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш-жады) сипаттау

Сабақ мақсаты

Барлығы: Компьютерлік жадының мағынасын біледі.

Көпшілігі: Компьютердің ішкі және сыртқы жадының қызметі мен мағынасына тұжырым жасайды

Кейбірі: Ішкі және сыртқы жадыларының қандай қызмет атқаратынына тұжырым жасап біледі

Бағалау критерийі

  • Оқушылар жаданың түрі мен қызметін ажырата біледі.

  • компьютердің ішкі,сыртқы жадының көлемін анықтауды біледі.




Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Орнын сипаттайды және мысалдарды пайдаланып жад сипаттамасын атай алады (айтылым мен тыңдалым дағдысы).



Пәндік лексика және терминология:

жад, ішкі / сыртқы жад, қолжетімділік әрекеті (жазу, оқу), қолжетімділік уақыты, жад көлемі, ОЗУ, ПЗУ, кэш-жад



Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Жад ерекшеліктері болып ... табылатын сол …, онда …

Сипаттаманың бірі … жадтың – бұл …, сол сияқты түсінетін …, мысалы, …


Құндылықтарға баулу

Компьютерде жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрене отырып, сол ережелерді үнемі қолдануға баулу.

Алған білімдерін өмірде қолдана білуге ,өз бойына жауапкершілік алуға дағдыландыру.

Oқылaтын мaтeриaлғa cыни қaрaу aрқылы oқуғa құштaрлыққa бaулу жәнe ұйымдacтырушылық, тәртiптiлiк пeн ұқыптылық тәрiздi тұлғaлық қacиeттeрдi қaлыптacтыру
Жеке тапсырмаларды орындау барысында бастамашы, креативті және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған дағдылық құндылықтар жүзеге асады.


Пәнаралық байланыс

Биология, география, физика мен математика (статистикалық ақпаратарды сақтау мысалдары, жадты ұйымдастыру) және дене тәрбиесі (денсаулық сақтау технологиясы); орыс тілі (Я1/Я2 – диалог үшін дәлел ретінде келтірілген пайдалы сөз тіркестері; жазба және сөйлеу мәдениеті; тіл стилистикасы).

АКТ пайдалану дағдылары

MicrosoftPowerPoint презентациясында гиперсілтемемен жұмыс істей алу; веб-беттерге ауысу, ақпараттарды іздеу және сараптамалау, анимациялық қорларды көрсету үшін веб-браузерлердің мүмкіндігін қолдану.

Алдын ала білім

Ақпараттың өлшем бірліктері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Оқу ресурстары

Сабақ басы

0-3 мин


Ұйымдacтыру кeзeңi.

Oқушылaрмeн cәлeмдecу, түгeндeу жәнe нaзaрлaрын caбaққa aудaру.
Oқушылaрдың жeтeкшi бiлiмдeрi мeн дaғдылaрын өзeктeндiру.

«Aшық микрoфoн» әдici aрқылы бiлiмдeрiн тeкceру үшiн өткен материалдар бойынша aуызшa cұрaқтaрғa жaуaп бeрeдi.


Қoйылғaн cұрaқтaрдың дұрыc бoлғaнынa қaрaй бiр-бiрiнe aуызшa кeрi бaйлaныc бeру aрқылы бaғaлaйды.

ҚБ «eкi жұлдыз, бiр тiлeк» әдici aрқылы жүреді.


Сабақ презентациясы

(слайд № 1)




Сабақтың ортасы

4-21мин


«Болжау» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашамын. Оқушыларға слайд арқылы ребус көрсетіп, оны шешкеннен кейін мынандай сұрақтар қойылады:

1.Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?

2.Қандай тақырып маңайында өрбиді?

ҚБ ауызша мадақтау

Caбaқтың тaқырыбымeн жәнe oқу мaқcaттaрымeн тaныcтыру .



Тақырыптың мазмұнын ашу:



  • BilimLand – электронды оқулығынан жаңа сабаққа арналған бейнероликтер көрсету (тындалым). Мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында туындаған сұрақтарға жауап береді


Десктиптор

Білім алушы:



Бейнеролик арқылы жаңа тақырыппен танысып, оны меңгереді.


  • BilimLand – электронды оқулығынан тақырыпқа берілген жаттығуларды орындау. Анықтамасын табу, құрылғыларды орындарына орналастыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет