Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2а рационал сандарға амалдар қолдану



Дата25.09.2023
өлшемі29,98 Kb.
#182449
түріСабақ
Байланысты:
1 сабақ Рационал сандарды көбейту


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, №8 мектеп-лицей






Қай аптаның нешінші сабағы:
1-апта 1- сабағы

Мұғалімнің аты-жөні:






Күні:
Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды көбейту




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.15
рационалсандарды көбейтуді орындау;




Сабақ мақсаттары



- рационал сандарды көбейтуді орындайды;
- рационал сандарды көбейтуді ауызша орындауға машықтанады;
- рационал сандарды көбейтуде таңбалар ережесін меңгереді.




Бағалау критерийі




Тілдік мақсаттар

Пәнгеқатысты лексика мен терминология:

  • Оң сан

  • Теріс сан

  • Бүтін сан

  • Рационал сан

  • Санның модулі

  • Таңбалары бірдей сандар

  • Таңбалары әр түрлі сандар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • таңбалары әртүрлі сандарды көбейту үшін;

  • таңбалары бірдей сандарды көбейту үшін;

  • таңбалары әртүрлі екі санды көбейту үшін;

  • таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін;

  • екі көбейткіштің біреуі ... болса, ... .




Құндылықтарға баулу

Бір-бірінің пікірлерін құрметтеу, оқушылардың өз бетімен білім алуға дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Рационал сандарды практикада қолдану

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың
басы
3 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі





1. Сыныпты ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады, оқушылармен бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.




Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:
1. Таңбалары бірдей сандарды қалай қосып, азайтамыз?
2. Таңбалары әр түрлі сандарды қалай қосып, азайтамыз?
Ауызша тапсырма:






Сабақтың ортасы


5 минут


3 мин


2 мин
3 мин


2 минут


Сабақтың соңы
2 минут

Ой қозғау:
Рационал сандарға амалдар қолдану ережесі натурал сандарға амалдар қолданылатын ережелері мен қасиеттері сақталатындығын білеміз. слайдтағы мысал арқылы көрсетеді.
екенін бәріміз білеміз.
Демек, болады.
Рационал сандарды көбейтуді түсіндіру үшін рационал сандарды қосуды пайдалану арқылы оқушылардың түсінулеріне жол ашады.
Бұдан шығатын қорытынды:
Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту үшін, осы сандардың модульдерін көбейтіп, көбейтіндінің мәнінің алдына «-» таңбасын қою керек.
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісінің мәні теріс сан.


Екі теріс санды көбейту үшін, осы сандардың модульдерін көбейту керек.
Екі теріс санның көбейтіндісінің мәні - оң сан.

Формуламен берілуі:

Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады. Мысалы:

Көбейткіштердің саны екіден көп болған жағдайды теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтінді теріс сан болады. Мысалы:





1-тапсырма
Сандарды ауызша көбейтіңдер:




Дескриптор:

  1. - таңбалары бірдей рационал сандарды көбейтеді.

  2. - таңбалары әр түрлі рационал сандарды көбейтеді.

  3. - таңбалары бірдей рационал сандарды көбейтеді.

  4. - таңбалары әр түрлі рационал сандарды көбейтеді.

2-тапсырма
Көбейтуді өз беттеріңше орындаңдар:




Дескриптор:

  1. - таңбалары бірдей рационал сандарды көбейтеді.

  2. - таңбалары әр түрлі рационал сандарды көбейтеді.



3-тапсырма
Теңдік тура болатындай етіп, жұлдызшаның орнына тиісті сандарды қойып жазыңдар.




Дескрипторлар:

  1. - таңбалары әр түрлі рационал сандарды көбейтудің ережесін қолданып, *-ның орнындағы санды табады.

  2. - таңбалары әр түрлі рационал сандарды көбейтудің ережесін қолданып, *-ның орнындағы санды табады.

  3. - таңбалары бірдей рационал сандарды көбейтудің ережесін қолданып, *-ның орнындағы санды табады.

  4. - таңбалары бірдей рационал сандарды көбейтудің ережесін қолданып, *-ның орнындағы санды табады.



Рефлексия
Кері байланыс «3-2-1»
• Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
• Қиындық тудырған 2 аспект
•Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ,...
Қосымша тапсырма:
рационал сандарды көбейтуге 4 мысал құрастыру.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет