Жеңіл атлетикалық секірістердің екінші тобы: а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру (К) - құрылымы бойынша аралас түрге жатады, спортшыдан жылдамдық пен батылдықты талап етеді. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
б) жүгіріп келіп үштікке секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.
Жеңіл атлетиканы снарядты лақтыру және итерудеп бөлуге болады:
1.Аэродинамикалық қасиеті бар және аэродинамикалық қасиеті жоқ түрімен снарядты айналдырып лақтыру.
2. Шеңберден снарядты лақтыру.
3. Снарядты шеңбер ішінен итеру.
Сонымен қатар снарядты лақтырғанда жүгіріп келудің әр түрлі тәсілдері рұқсат етіледі. Бірақ финалдық күш тек ережеге ғана бағынады. Мысалы: гранатаны, допты бастан сәл төмен иықтың үстімен лақтыру қажет; дискті тек бір жақ шеттен лақтыруға болады; ядроны итергенде бұрылып және секіріп итеру қажет, тек, міндетті түрде итеру керек.