Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Шымырова Н. Т. Пән/Сынып: қазақ тілі, 8-сынып



Дата13.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#125545
түріСабақ
Байланысты:
4-сабақ Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»толғауы-шоқтығы биік,құнды шығарма.


ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Шымырова Н.Т.

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 8-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІ тоқсан, ІІ апта, № 4 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Сабақтың тақырыбы:

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауы-шоқтығы биік, құнды шығарма.

Оқу мақсаттары:

8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.


Сабақ мақсаты:

Оқушы шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.


Бағалау критериі:

  • Үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, атауымен, дәлелдермен сәйкестендіреді.

  • Шығармадан алынған үзінділердегі көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасайды.

  • Автор стилін анықтап, 5 сөйлеммен баға береді.




Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?

8-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»толғауы-шоқтығы биік, құнды шығарма.

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

•Мұрат Мөңкеұлы – эпик ақын. «Үш қиян» толғауы.

Сенің меңгеретінің:


  • Шығармадан алынған үзінділердегі көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасайсыз.

  • Автор стилін анықтап, баға бересіз.







Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

3-5 минут

Жаңа сабақ

Перифраз — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі.

Психологиялық параллелизм - екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.

Гротеск - шынайы өмір мен қиял-ғажайыптың  шарпысуынан құрылатын көркемдік бейнелеу тәсілі.

Сарказм - күлкі етудің бір түрі, зілді кекесінмен әжуалау. Құрылымы жағынан иронияның ұлғайған түрі. Иронияда зілсіз, көбіне іштарта әжуалау басым болса, Сарказмда ол шарықтау шегіне жетіп, батыл, ашық әшкерелеуге көшеді.

Теңеу – екі затты немесе құбылысты салыстыра отырып, әдеби көркемдеп айту. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Метафора – бір зат пен екінші затты ұқсастығына байланысты ауыстырып айту.







1-3 минут


Тапсырмалар

1-тапсырма. Үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, атауымен, дәлелдермен сәйкестендіріңіз.

Жеті жұрт көшіп кеткен соң,

Атамыз қазақ баласы

Конып, мекен еткен жер.

Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,

Жүзден-жүзден нар байлап,

Дәулеті қалың біткен жер...

...Ақ борықтай иілген,

Кейінгі туған баланың

Ұстай ма деп білегін,

Шая ма деп жүрегін,

Шашын, мұртын қойдырып,

Ащы суға тойдырып,

Бұза ма деп реңін.

Адыра қалғыр заманның

Мен жаратпаймын сүреңін!..




Дескрипторы:

  • үзіндіні түсініп оқиды;

  • үзіндіден көркемдегіш құралдарды табады;

  • көркемдегіш құралдарды атауымен, дәлелдермен сәйкестендіреді.

Өзіңді тексер!









1-3 минут


Тәжірибе

2-тапсырма. Шығармадан алынған үзінділердегі көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.



Дескрипторы:

  • шығармадан алынған үзіндіні оқиды;

  • көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасайды.

Өзіңді тексер!





3-тапсырма. Алдыңғы орындалған тапсырмаларды негізге ала отырып, автор стилін анықтап, 5 сөйлеммен баға беріңіз.

Дескрипторы:

  • алдыңғы орындалған тапсырмаларды негізге алады;

  • автор стилін анықтайды;

  • автордың стиліне 5 сөйлеммен баға береді.


Өзіңді тексер!

Автор толғауда өз заманының тарихи шындығын,   ішкі сырын, қасиетін ашып жазуда көркемдегіш құралдарды шебер пайдаланған. Ол қолданған перифраз, психологиялық параллелизм, гротеск, сарказм т.б. тәсілдер автордың тілі мен стиліне біршама бояу қосады. Бұл тәсілдерді қолдана білудің түрлі қыры мен сыры бар. Мұрат Мөңкеұлының толғауда бұл амал-тәсілдерді жүйелі қолдануы оның өзіндік авторлық ерекшелігі мен стилін аңғартады. Оқырман автор суреттеп отырған шындықты көзбен көргендей әсер алады.








2 минут

Бекіту

Сабақты бекіту:

  1. Үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, атауымен, дәлелдермен сәйкестендірдіңіз.

  2. Шығармадан алынған үзінділердегі көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасадыңыз.

  3. Автор стилін анықтап, 5 сөйлеммен баға бердіңіз.










1 мин




Қосымша тапсырма:

Шығармадағы көтерілген мәселені басқа да зар заман ақындарының шығармаларынан іздестіріп, үзінділерді жинап, салыстырыңыз.













Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет