Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)


Бірлік, ынтымақ туралы мақалдар жазыңдар



бет4/5
Дата31.12.2019
өлшемі338,81 Kb.
#54094
түріСабақ
1   2   3   4   5

Бірлік, ынтымақ туралы мақалдар жазыңдар:

____________________________________________________________________________

6. Сабақты қорытындылау.

Тірек сызбасы арқылы сабақты қорытындылау.

7.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жұртыма» өлеңдерін жаттау, «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегін оқып келу.

8.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

9. Рефлексия:

Оқытушы ___________________

(қолы)


21 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ», «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы
Сабақтың мақсаты: М. Дулатовтың «Оян, қазақ» жинағы туралы; өлеңдерінің тақырыптары мен мазмұнын әңгімелеу; идеялық ерекшеліктерін таныту; ақын лирикасын талдай, түсіне білуге үйрету; оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Сабақтың түрі: аралас

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері: СТО стратегиялары: «ЖИГСО - 1»; «Ой қозғау»; «Топтастыру» «Тез жаттату» әдісі
Ресурстар:(көрнекіліктер) 1. М. Дулатов. Өлеңдер жинағы
2. М. Дулатов өлеңдері жазылған парақшалар.
3. Стол визиткалары.

Пәнаралық байланыс: тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.З.Қабдоллов С.Қирабаев, Х.Әдібаев «Қазақ әдебиеті» 11-сынып оқулығы,Алматы «Мектеп» 2007

2.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

3.М.Дулатов.Шығармалар жинағы, Алматы: «Мектеп», 2001.


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 5 топқа бөліп отырғызу.

2.Білімнің өзектілігі

1.Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары

«Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жұртыма» өлеңдерін жатқа сұрау, «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегінің мазмұны.


3.Жаңа сабақ. Ой қозғау стратегиясы бойынша сұрақтар қою.
1. М. Дулатов өлеңдерінен не білеміз?
2. Төменгі сыныптарда қандай өлеңдерімен таныстық?(«Жастарға», « Жас қазақтарға»)
3. «Оян, қазақ!» деген тіркес сендерге қандай ой салады?
Әңгімелеу:
«Оян, қазақ» жинағы – 1909 жылы Уфада – 1 - рет;
1911 жылы Орынборда 2 - рет басылған. Сол үшін 1911 ж маусым айында ұсталу, 19 ай түрмеде отыру.
Кейінгі жинақтары «Терме» 1913 ж; «Азамат» 1915 ж шыққан.
«Оян, қазақ» қалай сотталды?»; «Оян, қазақ» губернаторлардың ұйқысын бұзған» мақалалары туралы айтып, «Тұтқындалған «Оян, қазақ» Алматыда» көрнекілігімен таныстыру.
Оқулықта берілген өлеңдерді талдау үшін ЖИГСО - 1 стратегиясы бойынша оқушыларды 5 топқа бөліп, өлең мәтіндерін тарату.
А столына – «Қазақ жерлері»
Б столына – «Шағым»
В столына – «Таршылық хәліміз хақында»
Г столына – «Қайда едің?»
Д столына – «Насихат - ғумумия»
Топтарға ортақ тапсырма және дайындалуға уақыт беріледі:
1. Өлеңді оқып, танысу.
2. Тақырыбын ашу.
3. Идеялық мазмұнын айту.
4. Сөздікпен жұмыс.
5. Қорыту.
Әр топ өз тапсырмалары бойынша сөйлеп, тақырыпты түсіндіреді.
Топтастыру стратегиясы бойынша балалар М. Дулатов өлеңдерінің мектеп оқулығында берілген тақырыптарын топтастырады. Сонда төмендегідей тақырыптар ашылуы керек:
Халықтың әлеуметтік жағдайы;
Отарлау саясатын әшкерелеу;
Ел басқарар азаматтарды аңсау;
Оқу - білім іздеуге үндеу;
Ел үшін күреске шақыру.
Мұғалім әңгімесі:
И. Жақановтың «Кез болған соң кер заман біздің баққа» мақаласын пайдалана отырып, «Алашқа», «Алаш маршы» өлеңдері туралы әңгімелеп, М. Дулатовтың сазгер екенін таныту, ән нотасын көрсету. «Айырылғанда», «Сүйген жарға», «Қанат талды» сияқты да әндері барын, Ж.Аймауытовтың «Алаш ұраны» өлеңіне саз шығарған шығармашылық байланыстары туралы хабардар ету. Бұл – Міржақыптың 2 - маршы.

«Бақытсыз Жамал» - қазақтың ұлттық әдебиетінде роман деген атпен басылған алғашқы кітап. 1910 жылы Қазан қаласында басылған.Шығарма, негізінде, проза үлгісінде
жазылған.Кейде өлең жолдары араласып келіп отырады.Роман қалыңмалға сатылып, зорлықпен өзіне тең емес байдың кемтар баласына ұзатылған Жамал деген қыздың сүйген жігітінен айрылып зар шеккенін, ақыры зорлықшылдардың қолынан қайғылы қазаға ұшырағанын баяндайтын сюжетке құрылған.Оқиға негізінен Жамал тағдырына байланысты өрбиді.Оның кейіпкерлері-қазақ ауылының қарапайым адамдары.
Сабақты бекіту
1.«Тез жаттату» әдісі арқылы «Оян, қазақ»шумағын жаттату:


Көзіңді аш,......,... басты,
... қараңғыда бекер....
Жер..., дін..., хал......,
..., енді жату...-....

2. Жамал бейнесі арқылы жазушы нені көрсетуді көздейді?
ІУ. Үйге тапсырмасын ақпараттандыру
Міржақып ақындығы. «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдерін жаттау, «Бақытсыз Жамал» романындағы басты кейіпкерлерге сипаттама беру.
Бағалау. Топтық жұмыс кезіндегі белсенділігі бойынша және қорытынды бөлім бойынша бағалау.

Рефлексия
Оқытушы _________________

(қолы)
22 Сабақ жоспары


Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы : ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы

Сабақтың мақсаты: 1.Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылы-

нан мағлұмат беру .

2. «Ақбілек» романын өмірмен байланыстыра отырып,мазмұнын ашу.

3.Оқушылардың ой өрісін кеңейту,тіл байлығын жетілдіру,ойлау қабілетін арттыру.



Сабақтың әдісі:,топтық жұмыс

Сабақтың типі:

Сабақтың түрі: аралас

Оқыту технологиясы: Бис технологиясы

Оқыту әдістері:

Ресурстар:(көрнекіліктер) тірек сөздер, топтастыру әдісі,т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, тіл

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.З.Қабдоллов С.Қирабаев, Х.Әдібаев «Қазақ әдебиеті» 11-сынып оқулығы,Алматы «Мектеп» 2007

2.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

3.С.Қирабаев. Жүсіпбек Аймауытов. Алматы, 2003.


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушы санын түгендеу

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Білімнің өзектілігі

Міржақып ақындығы. «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдерін жатқа сұрау, «Бақытсыз Жамал» романындағы басты кейіпкерлерге сипаттама.

3.Жаңа сабақ

1.Ж.Аймауытов кім? (топтастыру әдісін оқушылар сызады)

2.Ж.Аймауытов қай жылы қай жерде дүниеге келді?

3.Ж.Аймауытовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Ақбілек» романы шоқтығы биік шығармасы.Ол сол кездегі қазақ прозасының романының асқан биігі іспеттес.Бұл роман Алтай аймағына,дәлірек айтқанда Күршім мен Марқакөл аудандарын жалғастырған Қалғұты бойына сапарға шыққанда жазылған.

«Шернияз» -Ж.Аймауытовтың ең соңғы және үздік туындыларының бірі.Оны жазушы С.Торайғыровқа арнаған және пьесада «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» армандаған ақынның орындалмай кеткен арманын, оның «шерлі өмірін», «шерлі қалған елі» жайлы толғаныстарын суреттеген.Шернияз бейнесінде Жүсіпбек өз дәуірінің оқыған, көзі ашық, саналы азаматының заманның ауыртпалығын бастан кешкен қиналысын бейнелейді.

Тірек сөздер бойынша жаңа сабақты түсіндіру

1.Ақбілектің анасының оққа ұшуы

2.Мұқаш

3.Мамырбайдың баласы

4.Қасықтай қанымды қи!

5.Алды қараңғы түн.

6.Аман қалды

7.Өмір тасқыны



Сұрақ қою жүйесі бойынша талдау.Топтық жұмыс жүргізу

1.Осы шығарманың басты кейіпкері Ақбілек өз бақытына жете алды ма?

2.Ақбілек өміріндегі Бекболат пен Балташтың рөлі қандай?

3.Романның бас кейіпкері Ақбілек қандай мінез,іс – әрекеттерімен көрінеді? Оған ұқсас қандай кейіпкерлерді білесің бе?

4. Шығармадан жағымды , жағымсыз кейіпкерлерді табу

Қарама – қарсы элементтерді пайдалану

5.Шернияздың басына түскен ауыр күй, сезімді психологиялық монологтер арқылы ашу.

6.Шерниязбен Базарбайдың мінез құлқын салыстыру.



Пікірталас ұйымдастыру

1.Ақбілекке қарап бұрынғы қазақ қыздары қандай болды деп ойлайсыңдар?

2.Қазіргі қазақ қыздары қандай?

3.Романда ақын қандай мәселені көтереді?

4.Қалаға қайта оралған Шернияздың қайғысы жеңілдейме?

5. Жаңа тақырыпты бекіту

Жүсіпбек Аймауытов- қазақ қоғамының ең бір мазасыз шағында, әлеуметтік талас-тартыстар дәуірінде өмір сүрді.Өзінің замандастары сияқты оның да қалам қызметіне қамқорлық болмады. Соның өзінде ол бой тасалап қалмай, заманнан оңашаланбай, елі, халқы жайлы ойларын, заман сөзін айта біліп, қазақтың жаңа мазмұндағы реалистік әдебиетінде үлкен із қалдырды.



6. Сабақты қорытындылау:

7.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: «Ақбілек» романын оқу. «Шернияз» пьесасынан Базарбай екеуінің айтысынан үзінді жаттау.

8.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

9. Рефлексия

Оқытушы ___________________

23 Сабақ жоспары


Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы : ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы. «Туған жер», «Күміс нұрлы ай», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Сырдағы Алашқа» өлеңдері, «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт» поэмалары.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, шығармалары туралы түсініктер беру арқылы жаңа тақырып бойынша білімділіктерін қалыптастыру.
ә) дамытушылығы: ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктерін шыңдау.
б) тәрбиелілігі: елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, екі жақты күнделік, топтастыру

Ресурстар:(көрнекіліктер) Ақын кітаптары, ақын суреті,Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс:

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.З.Қабдоллов С.Қирабаев, Х.Әдібаев «Қазақ әдебиеті» 11-сынып оқулығы,Алматы «Мектеп» 2007

2.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

3.М.Жұмабаев «Сүй, жан сәулем», Алматы «Атамұра» 2002.


1. Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа материалға тірек болатын білім мен іскерлікті жаңғырту.

2.Білімнің өзектілігі

Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы

Жүсіпбек Аймауытовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

Ақбілек романының мазмұны.


3. Жаңа сабақ Хронологиялық кесте бойынша ақын өмірі, шығармашылығы туралы айту
3. Мағжан өлеңдерімен танысу
а) Мәнерлеп оқу
ә) Өлеңді құрылысына қарай талдау, көркемдегіш құралдарды табу
б) Екі жақты күнделік
Сабақтың барысы:
- Ал, енді балалар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-
- Бұл өлең жолдарының авторы кім, қане, есімізге түсірелік.
- Мағжан Жұмабаев.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы. Дәптерімізді ашып, күннің жады мен тақырыпты жазайық.
- Есімізге түсірелік, Мағжан кім?
Мағжан:
Прозашы
Аудармашы
Ақын
Абайдың ізбасары
Лирик
Поэмашы
Бес арыстың бірі

- Өте жақсы, Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
-«Түркістан», «Туған жер», «Күміс нұрлы ай», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Сырдағы Алашқа» , «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От», т. б.
- Ендеше, оқушылар, мен сендерге Мағжан Жұмабаев өмір жолы мен шығармашылығымен толығырақ таныстырып өтейін.
Өмірдерек кестесі
Тарихи күн болған оқиғалар
1893ж. 25. 06. Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл басында туған.
1909 ж. Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, содан сусындайды.
1910 - 1913жж. Уфада Ғалия медресесінде оқиды.
1913 - 1917жж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды.
1917 - 1923жж. "Бостандық туы", "Ақжол","Шолпан" газет - журналдарында жұмыс жасай жүріп, халық ағарту ісіне белсене араласады.
1923 - 1926жж. Мәскеуде көркем - әдебиет институтында оқиды.
1927 - 1929жж. Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.
1912ж. Қазан қаласында алғашқы "Шолпан" атты өлеңдер жинағы басылды.
1922ж. Келесі өлеңдер жинағы Қазанда, Ташкенде басылады. Атақты "Батыр Баян" дастаны дүниеге келеді.
1922 - 1923жж. "Педагогика"
1925 ж. "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы" еңбектері жарияланады.
1927 ж. Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.
1929 ж. Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда 10 жыл айдауда болады.
1935 ж. М. Горькийге хат жазып, ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.
1937ж. 18. 03 С. Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ
1937ж. 30. 12. қайтадан тұтқынға түседі. Сөйтіп аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады.

Мағжанның әкесі Бекен мен анасы Гүлсімнен тараған 7 ұл мен 2 қыз да қуғын – сүргінге ұшырайды. Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның іні - қарындастары болғандары үшін.
Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған ұрпақтары бар. Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген кісінің қызымен ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ 1 - 2 жылдан соң Зейнеп қайтыс болады. Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады. Сол жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.
- Мағжан Шығыс поэзиясы, Батыс, орыс әдебиеті және фольклор (халық ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.
- Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр енгізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын – Мағжан.
Ол 8 - 9 буынды жаңа өлшеу енгізді.
Мағжан өлеңдері, поэмалары, прозасы туралы толық түсініктер беріледі. («Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт» поэмалары).

- Жаңа сабақ бойынша оқушылар сұрақтарына жауап беру.
Оқулықпен жұмыс.
- Ақын өлеңдерімен таныстыру. Мәнерлеп оқу.
- Өлеңдерін құрылысына қарай талдау. ( Тақтаға шығып орындату)
- Көркемдегіш құралдарды табу.( теңеу, эпитет, метафора)
Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Алдын - ала жазылған кестені толтыру.
Өзің таңдаған жолды оқу. Бұл үзіндіні неге таңдадың, себебі.
- Оқулықтан тыс өлеңдер жинағын оқушыларға жатқа оқыту, талдау.
«Мағжан ілімі кімге бұйырады?» ойыны.
- Сіздерге ең бірінші сұрақ беріледі. Ол сұрақтың 3 түрлі жауабы бар. Оның біреуі ғана дұрыс. Сіз ойынның қатысушысыз. Сізге
3 жеңілдік бар. Бірі – менен сұрау. Екіншісі – қатысып отырған
ұстаздардан сұрау. Үшіншісі – достарыңыздан сұрау.

1. Мағжан поэмасын атаңыз.
а) Манас батыр
ә) «Қойлыбайдың қобызы»
б) Ержүрек Темірұл

2. Мағжанның махаббат тақырыбындағы жыры.
а) Қайың
ә ) Қоңыр жыр
б) Айырылғанда

3. Мағжанға баға берген кім?
а) Абай
ә) М. Әуезов.
б) Ш. Құдайбердиев.

4. Мағжан қандай әдебиеттен сусындады?
а) Солтүстік, оңтүстік
ә) Батыс, шығыс
б) Америка, Англия

5. Бес арыстың бірін ата.
а) Ш. Уәлиханов.
ә) Ы. Алтынсарин.
б) М. Дулатов.

6. Мағжанның алғашқы ұстазы кім?
а) Ахметдин Ақанов
ә) Ғалымжан Ибрагимов
б) Мұхаметжан Бегішов

7. Мағжанның Абай өлеңдерімен сусындауы...
а) 1900 жыл
ә) 1902 жыл
б ) 1909 жыл
Сабақты қорытындылау.
- Оқушылар, Мағжан ақын ұстазы ұлы Абай екеуі де бір мәуелі бәйтеректей. Қане, бәріміз қосылып Абайдың бір әнімен сабағымыз -
ды аяқтайық.
6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: М. Жұмабаевтың өлеңдерін жаттап келу.
- Ақын туралы мәнжазба дайындау.

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия:

-

Оқытушы ___________________

(қолы)


24 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы : ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: С. Сейфулиннің «Көкшетеу» поэмасы, «Сыр сандық» өлеңі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды ақынның өмірімен таныстыру.
Өлеңдерін жатқа айтқызу.
Көкшетау поэмасының мазмұнымен таныстыра отырып, кейіпкерлеріне талдау жасау.
2. Шығарманың мазмұнына сүйене отырып, оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдысын дамыту.
3. Халық қамын ойлайтын, ұлтжанды, елін, отанын сүйетін азамат болып өсуіне тәрбиелеу.
Сабақтың типі:

Сабақтың түрі: іздену сабағы

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері: Сұрақ - жауап, баяндау

Ресурстар:(көрнекіліктер) Көрнекілігі: слайд, венн диаграммасы, суреттер

Пәнаралық байланыс:

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.З.Қабдоллов С.Қирабаев, Х.Әдібаев «Қазақ әдебиеті» 11-сынып оқулығы,Алматы «Мектеп» 2007

2.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.

3. Т.Кәкішев, Сәкен және Гүлбахрам. Алматы «Рауан» баспасы

4. М.Әбсеметов Сакен Сейфуллин.( Председатель совета народных комиссаров Казахстана г.Оренбург) Астана, «Рух-пресс», 2006.


Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Аудитория тазалығына назар аудару
2. Білімнің өзектілігі
4. Жұлдыздар әлемі (сұрақ - жауап бойынша)
5. Салыстыру стратегиясы
6. Қорытынды
7. Үйге тапсырма
8. Оқушыны бағалау
Сәкен кім?

Ұстаз
ақын
сазгер
Редактор
Қоғам қайраткері
Зерттеуші

Жаттап келген өлеңдерін сұрау
1. Ақын жалған және адал достықтың айырмасын қалай суреттеген?
2. Ішкі сырын ақтаратын жан іздейді.
3. Өз жанының ішкі нәзік сезімін неге балайды?
4. Ақын сырын ұғу үшін сезім қоймасынан нені қалай іздеу керек дейді?
3.Жаңа сабақ

Сәкеннің ақындық поэзиясындағы тағы бір шоқтығы биік өлең − "Сыр сандық". Осы өлеңді оқып бола салысымен өз жүрегіңе терең бойлап, сен де көңіліңнен сыр сандық іздейсің. Сол сыр сандықты тауып алып оны ақтарар адам іздеп сарсаңға түсер жайың бар. Өлең басында ақын айтқандай ол сыр сандық кез-келгенге ашылуға тиіс емес. Адам көңілінің нәзік қылын шерте білген өлең десек те болады. Әсіресе соңғы тұсы: Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара, сырласым. Сым пернені басып қара, Басып қара жырласын! Сұлу сымда перне әуені, Перне әуені жыр айтар. Көніл ашар тербеу әні, Тербеу әні сыр айтар. Шыққанбыз дос, шыңға талай, Талай сырды ойланып, Ақтарарлық алтын сарай, Алтын сарай қойманы. Кез-келген адамның кеудесінде шың, сол шыңның құзар басында Сәкен айтқандай сыр сандығы болады. Оның ішінде алтын да, күміс те бәрі бар. Сұлу сандық. Талай сол шыңға шығып, сым пернелерді басып қарап біраз ақтарыстырасың. Бірақ ол сандық та адамның жеке ақтаруын қалайды. Жаныңда жаныңды түсінер адам болса... Және жоғарыда айтқанымыздай ол сандықты екінің біріне ақтаруға жол берген адам бақытсыз деген болатын.



Келесі тақырыбымыз «Көкшетау» поэмасы
Табиғат - Поэзияның қайнар көзі дегеніміз. Ендеше Көкшетау отан, туған жер туралы поэма. Онда тарихи оқиғалар айтылған.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан - жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп - кетіп есен – сауын.
Сәкен Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы әңгімелерді бөліп алды.
Жеке батыр.
Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.
Бурабай
Мөп - мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайыңмнен қалың жыныс
Оқжетпес
Басына атсаң – дағы оғы жетпес,
Иіліп ешбір тауға тәжім етпес.
Сол шыңға жан шықпаған ұя салып,
Шыңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.
Жұмбақтас
Батырлар айнала тұр тас қасында,
Алғандай бір - бір сұлу бас - басына.
Бәйгеге бірі қалмай түспек дағы
Абылай бәсекенің бас қасында.
«Көкшетау» поэмасы бойынша жұлдыздар әлемі:
1.«Көкшетау» поэмасы қай жылы жазылды? 1928ж
2. Ол қандай поэма? Көкшетау - туған жер, оның ғажап сұлулығы мен тарихы жайлы поэма.
3. Поэманың «Оқжетпес» тарауында таудың зәулім екенін танытатын сөздер мен сөз тіркестерін кім тауып оқиды?
Сүп - сүйір бейне найза шың құз биік
Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп
Қарасаң етегінен шың басына
Тақияң жерге түсер тұрған киіп
4. Портрет дегеніміз не? Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кейпін, жүріс - тұрысын суреттеуді портрет дейміз.
5. Ақын суреттеуіндегі қалмақ қызы қандай? Сұлу, ақылды, мінезді, адамгершілігі мол, сүйіспеншілігі тұрақты, байсалды, тапқыр.
6. Адақты поэмада қалай суреттейді?
Қарасұр ұзын бойлы емес талпақ,
Денесі көк құрыштай өрдей шалқақ.
Қыр мұрын, қарагер көз, қара мұртты,
Қақпақтай қобы жауырын топшы жалпақ.
Сабақты қорытындылау.
Мұнда ерлік, сүйіспеншілік, батырлық, шексіз махаббат, жастық жалын, адамгершілік қасиет барлығы айтылған. Олай болса сабақты төмендегі кесте бойынша қорытамыз.
Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.
Ақынның өлеңін, поэмаларын, әңгімелерін білемін Көше қаласын барып көргім келеді. Бурабай көліне түскім келеді. Адамгершілік асыл қасиетті үйрендім. Сүйіспеншілік тапқырлықты үйрендім.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: «Көкшетау» туралы шығарма жазу. «Сыр сандық» өлеңі.

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия:
Оқытушы ___________________

(қолы)


25 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы : ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: Б. Майлин «Шұғаның белгісі», «Қара шелек» әңгімелері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:шығарманы меңгерте отырып, Б. Майлин туралы білімдерін тереңдету, жазушы шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
2.Дамытушылық:шығармадағы кейіпкерлерді талдай білуге төселдіре отырып, түйінді ой айтуға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелей, жазушының жанр шеберлігіне жеткен биіктігін таныту.
3.Тәрбиелік: хиқаяттың тәрбиелік жақтарын таба отырып, шығармашылық ізденіске, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.

.
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу, қорытындылау.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, іздендіру

Ресурстар:(көрнекіліктер) үлестірмелер,ақынның портреті, кестелер

Пәнаралық байланыс: тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;



Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, сыныптың тазалығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Білімнің өзектілігі:

«Көкшетау» туралы жазған шығармаларын оқиды. «Сыр сандық» өлеңін жатқа айтады.
- Проза дегеніміз не?
- хикаят дегеніміз не?
- хикаят кімнің атынан баяндалады? Берілген сұрақтар бойынша оқушы жауабы тыңдалады.
3. Түсіну. Сатылай кешенді талдау жасай отырып, оқушы өз дүниетанымын байытады.
3.Жаңа сабақ. Б. Майлин «Шұғаның белгісі»
1. Авторы – Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған.
2. Тақырыбы -
3. Эпикалық жанр түрі -
4. Идеясы -
5. Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер -
Жағымсыз кейіпкерлер -

4. Зерделеу. Бейімбет - ұлы суреткер (3 - слайд)
Шығарманың композициялық құрылымына әр оқушы талдау жасайды.
Оқиғаның басталуы: Әсем пейзаж. Обашық. «Тарғыл өгіз сойған»- «Шұғаның белгісі»қалай атанады?
Дамуы: «Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім». Әбдірахманды Шұғаның тұңғыш көруі.
Өрбуі: Адамдар тағдырына негізделген. «Махаббаттың маздаған отына су шашу»
Шиеленісуі: Екеуінің махаббаты
Шарықтау шегі: Ауру Шұға
Шешімі: Шұға десе Шұға еді - ау!. Үзілген үміт.

5. Мағынаны тану. Жазушының тіл шеберлігі.
Төменде кестеде берілген сөздердің мағынасын ашу. Семантикалық картаны толтыру (4 - слайд)
Берілген сөздер ----- тұрақты тіркестер ------ салт - дәстүр ------ көнерген сөздер ------ Туыстық атау
ақсүйек 
белес
жесір 
инедей қиянаты жоқ
қызойнақ
шаңымды аспанға шығарды
Обашық 
болыс
Жүрегім тас төбеме шықты
бәйбіше
көпке топырақ шашу
алтыбақан
олжамнан қақты

6. Ой толғау. «Кім кінәлі?» (5 - слайд) Оқушыларға сұрақтар арқылы өз ойларымен бөлісу
1. Шұғаның өліміне кім кінәлі?
2. Жазушының пікірімен келісесің бе?
3. «Бұл күнде ондай қыз қайда? Ажарлы тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой... иә...». Шығармадан алған пікірге қосыласыз ба?
7. Кітаппен жұмыс. Әбдірахман монологы
Бекіту сұрақтары:
-«Шұғаның белгісі» хикаятында жазушы шынайы түрде нені бейнеледі?
- Бүгінгі жастарымыз үшін қоғамда әлеуметтік әділетсіздіктер орын алған ба?
- Шұға Әбдірахман және тағы басқа жастар арман еткен азаттық, теңдікке не арқылы жеттік?
Қорытынды:
Тәуелсіздік

Теңдік
азаттық
еркіндік
бостандық

«Қара шелек» әңгімесіне Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. "Қара шелек" деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның "Коллектив боламыз" деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, "майкөт" (байкөт) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды... Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. 
5Сабақты қорытындылау: Олай болса тәуелсіздік таңы бізге бостандық, еркіндік, азаттық, теңдік сыйлады.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы. «Шұғаның белгісі» повесін оқып, талдау.

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия:
Оқытушы ___________________

(қолы)


26 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы : ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров. «Ағынды менің ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңдері, «Құлагер» поэмалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1) І.Жансүгіров өмірі жайлы мәлімет беру. 2) «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңдерін оқыта отырып, мазмұнына талдап, мағынаны ажырата отырып, өлеңнің идеясын ашқызу. 3) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасата отырып, ақынның шұрайлы тілі мен шебер кестеленген тіл оралымдарына көз жеткізу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың мәтіндегі қажетті сөздер арқылы негізгі ойды теріп алу дағдыларын дамыту.

Шығармашылық жұмыстар арқылы ой-өрістерін, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелік мақсаты:

Топ бойынша жұмыс жүргізу арқылы ұйымшылдыққа

Ізденіп, ерінбей еңбек етуге

Өзінің, өзгенің білімін әділ бағалай білуге

Ақын өлеңі арқылы отанын, туған жерін сүюге, қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Формасы: жаңа технология элементтері қолданылған топтық жұмыс

Оқыту технологиясы:сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

Оқыту әдістері: Постер

Ресурстар:(көрнекіліктер) Қазақстан картасы, интерактивті тақта, І.Жансүгіров портреті, Ақсу өзенінің сыртқы келбеті (слайд-шоу)

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Өлең шумақтары арқылы топты екіге бөлу 

1-топ: «Ағынды менің Ақсуым»

Ағыңды менің Ақсуым,

Ақырып әлі ағасың,

Ақиланған ашумен,

 Ақтарды асқар сабасын. 

2-топ: Жетісу суреттері»

Жер таппан жерде жете Жетісуым

Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,

Асқардың аспан сүйген сілекейін,

Жан бар ма татпайтұғын,айтпайтұғын. 

Балалар,үйден сендерге І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын және де өлеңдерін өз беттеріңмен оқып дайындалып келуге тапсырылған.

1-тапсырма: 2-топ: «Жетісу суреттері»тобы І.Жансүгіровтің өмірі 

1-топ:«Ағынды менің Ақсуым»тобы І.Жансүгіровтің шығармашылығына постер құрау.

2-тапсырма:1-топ: «Ағынды менің Ақсуым»өлеңін мәнерлеп оқу,талдау.1.Ақсу өзені қай жерде орналасқан? 2.Ақсу өзені жайлы не білесіңдер?Түсініксіз сөздермен жұмыс:

1) Ақиланған ашумен - едірею, долдану2) Торғын түн - қымбат бағалы жібе матаның бір түрі3) Таймаңдаған тайпақ ай -тайсалмас, именбес, өр кеуде4) Шүйке шарбы бұлтты - иіруге түтіліп дайындалған жүнге қатысты5) Қалақай - емдік қасиеті бар шақпашөп (крапива)1.Өлеңде қандай мезгілдер суреттелген?2.Су екпіні, молдығын көрсететін сөз тіркестері3.Тыныштық белгісін сипаттайтын сөздер4.Жансызға жан бітіретін бейнелі сөздер5.Мәтінде кездесетін өсімдік атаулары6.Жан-жануарлар атаулары бар ма?

3-тапсырма «Ағынды менің Ақсуым» өлеңіне поэтикалық сатылай кешенді талдау.

Авторы


Тақырыбы

Жанр түрі табиғат лирикасы

Идеясы

Шумақ 5


Тармақ 34

Бунақ 2


Буын саны 8

Ұйқас а б в г ерікті ұйқас

Троптың түрлері

Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.


Троптың түрлерін табу:кейіптеу, метафора, пейзаж
2-тапсырма 2-топ: «Жетісу суреттері»өлеңін мәнерлеп оқу,талдау.

Өлеңді топта талқылау,өлең не туралы айтылғанын түсіндіру.1.Жетісу өзені қай жерде орналасқан? 2.Жетісу өзені жайлы не білесіңдер? І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» өлеңі пейзаждық лирика жанрына жатады. Өлең 1925 жылы жазылған. «Жетісу суреттері» 5 тараудан тұрады.1.Жалпы сын2. Тау суреті 3. Жетісуда су суреті 4.Жетісу жәндігі 5. Жер түгі Өлеңде туған жері мен елінің тау-тасын,өзен –көлін беріле сүйген ақынның өзін қоршаған ортадан нәр алған шабытты шалқар сезімі беріледі. Ақын табиғат көрінісін айшықты бояулармен кестелейді.Жетісу-жер жаннаты. Қазақстанның ең сұлу өңірі төрт түлікке құт болған,тарихы мол,қазыналы өңір. Жер түгі бөліміне тоқталу

3-тапсырма: «Жетісу суреттері» өлеңіне поэтикалық сатылай кешенді талдау.Жалпы сын бөлімі бойынша талдау.

Авторы


Тақырыбы

Жанр түрі табиғат лирикасы

Идеясы

Шумақ 9


Тармақ 45

Бунақ 3


Буын саны 11

Ұйқас а а б в аралас ұйқас

Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.Троптың түрлерін табу:Эпитет,Метафра,теңеу өлеңнен табу.
Жаңа сабақты қорытындылау.Бүгінгі сабақта түйгеніміз не? 

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын оқу.

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия: Кері байланыс.Екі жұлдыз,бір тілек

Оқытушы ___________________

(қолы


27 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова Ардақ Қанатханқызы

Тобы: : ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: Шығарма. 20-50 жылдардағы әдебиет өкілдері
Сабақтың мақсаты:

Білімділік Студенттердің алған білімдерін практи-

калық жолмен бекіту, білімдерін тексеру.



3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын тек-

серу, ойлау, есте сақтау,көру қабілеттерін дамыту;

ойын түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеу-

ге жұмылдыру, ой-өрістерін кеңейту.



2. Тәрбиелігі: Ақыл-ой еңбегіне баулу,есте ұқыптылыққа,

таза, қатесіз жазуға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: практикалық, жеке - ізденіс, мәселелік зерттеу.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Дәрісхананың

гигиеналық талапқа сай болуын қадағалау.Оқушы-

ларды сабаққа дайындау.
2.Бақылау жұмысы: Бүгінгі күннің ретін, жазба жұмысының тақырыбын

жаздыру.


Жоспардың үлгісін тақтаға жазып түсіндіру.
Эпигрофқа қандай тақырып алу керектігін түсіндіру.
Жазба жұмысын жазып болғаннан кейін жинап аламын.

Оқытушы ___________________

(қолы)

28 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Дюсембекова А.Қ.

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Еңлік-Кебек», «Қаракөз» драмалары

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығынан

мағлұмат

беру, «Еңлік-Кебек» «Қаракөз» драмаларының

ерекшеліктеріне тоқталу. Пьеса туралы түсінігін

молайту, тақырыбы мен идеясын ашу, ой жинақтау;

Сын тұрғысынан ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

ә) дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгерту,

жүйелі ойлауға ойын әсерлі жеткізуге, шығармашылық

ізденістерін арттыруға ықпал жасау.

б) тәрбиелілік: Шығармаларындағы кейіпкерлердің бейнесі

арқылы үлгі-өнеге алуға шақыру,адами қасиеттерге

баули отырып,тәрбиелеу.



Сабақтың типі:

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың өтілу әдісі: сұрақ-жауап,

Оқыту технологиясы: СТО технологиясы бойынша

Ресурстар:(көрнекіліктер) қима қағаздар, тірек сөздер,ақынның портреті слайд

Пәнаралық байланыс: тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.З.Қабдоллов С.Қирабаев, Х.Әдібаев «Қазақ әдебиеті» 11-сынып оқулығы,Алматы «Мектеп» 2007

2.С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2003.
Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Дәрісхана тазалығына көңіл бөлу

б) Оқушыларды түгенде



2. Білімнің өзектілігі

Өткен тақырыптардан қайталау сұрақтарын

қою

3. Жаңа тақырып

Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы қыркүйектің 28-інде Семей облысы, Абай ауданында туған. Оның атасы Әуез де, әкесі Омархан да оқыған, сауатты, білімді кісілер екен. Мұхтарды жасынан ауыл мектебіне беріп оқытады. Атасы Әуез Абаймен құрбы, дос екен. Ата тәрбиесінде өскен Мұхтар ата нұсқауымен бала күнінен бастап Абай өлеңдерін, Абай аудармаларын оқитын болған. 1908 жылы Семейдегі орыс мектебіне түсіп, одан кейін бес жыл қалалық училищеде, төрт жыл мұғалімдік семинарияда оқуы Мұхтардың орыс және Батыс Еуропа әдебиетімен кең танысып, жазушылық ынта – ықыласының, үміт – сенімінің арта түсуіне себеп болады.



«Еңлік-Кебек» пен «Қаракөздің» оқиғасы болған дəуір бір дəуір, барлығы орта жүз арғын, найманның ортасында болған оқиға. «Еңлік-Кебек» Қаракөз оқиғаларын бір жылда болды десек те өтірікші бола қоймаймыз. «Еңлік» – сол дəуірдегі əйелден шыққан бір рудың аруы. «Кебек» – екінші рудың ардагері, азулы батыры, қазаққа нағыз батыр керек кезінде туған теңдесі жоқ батыр.Бұл екеуінің сол кездегі елге істеген жалғыз-ақ айыбы бірін-бірі сүйіп қашты. Сүйісіп қашуында екеуі де өздерінің руларынан рұқсатсыз қашты. Екеуін екі рулы ел айыпты санап, сол күндегі елге екеуі қаншама қымбатты болса да, оққа байлап ит жемеде өлтіреді. Еркін жасай алмай шіркін ерлер жауыздықтың тырнағында өлді дедік. Бұлардың өлімдері – аянышты болған оқиға. Ол замандағы қазақ салты осы. Тап сол заманда арғын ортасында болған Қаракөзге келсек, бір рудың еркесі, өзінің ағасы Сырымға ғашық болады. Сырым – сол рудың салы да, тентегі де, екеуі кəдімгідей қосылады. Қашпақшы да болады. Бірақ Қаракөздің əкесінің беріп отырған жері жуан рудың тұқымы.Қаракөздің күйеуі Нарша өзіндей біреудің ай мен күні, жалғыз баласы. Қаракөзбен ол да теңмін дейтін жігіт. Қаракөздің осы күйеуі келіп жатқанда Сырым жолығысып отырған жерінде Қаракөздің ауылы, келіп жатқан қайны олардың үстінен шығады. Сырым қүтылып кетіп, Қаракөзді ұстап қалады.

Мұхтардың Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде және Санк – Петербург университетінде оқуы, жазушылық-ғалымдық өресінің өсуіне әсері көп болды. Жазушы сол кездерде “Қараш-Қараш оқиғасын “Қаралы сұлуды”, “Көксерек”, әңгімесін және “Қилы заман” хикаятын жазды.

Абай жолы” роман – эпопеясы арқылы Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетін әлемге әйгілі етті.

Қазақ сахарасы қашан да өзіндік өшпес орны бар таланттарға кенде емес. Соның бірі – бойында қаламгерлік таланттың, шалқыған шабыттың жалыны бар тұлға – Мұхтар Әуезов.

Мұхтар Әуезов туындыларына уақыт өзі өлмейтін нұр дарытқан, себебі әрбір шығарма халқына деген ерекше махаббатынан туған. Суреткер шығармаларындағы қорғансыздар тақырыбы – ең негізгі тақырып. Байырғы қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, озбырлық, отаршылдық, жалпы айтқанда қорғансыздар күні жазушы шығармаларының өзекті мәселесі.

Негізінен Мұхтар Әуезов әңгімелері трагедияға құрылған. Шығарма тақырыбы, оқиға барысы, сюжеттік желісі, кейіпкерлер арасындағы тартыста қарама-қайшылықтар кездесіп отырады. Аталмыш әңгімелерінде зұлымдық, жауыздық, озбырлық үстемдікке шығады. Бас қаһармандар қайғылы халге ұшырап, оқиға трагедиямен аяқталады.



IV. Сұрақ - жауап.

1. Шығармаларда үстем етушілер қандай қиянат озбырлық жасады?

2. Неліктен жоғарыдағы кейіпкерлерді (аттары аталады) қорғансыздар тобына жатқыздық?

3. «Қаракөз» драмасында Қаракөз кімге ғашық болады?.



V. Жазушының тіл шеберлігіне бойлау.Пейзаж, кейіпкер сипатындағы теңеулер, кейіпкердің көңіл - күйін табиғат құбылысымен астастыра суреттеген тұстарды тауып, мәнерлеп оқыту. («Қаракөз», «Еңлік-Кебек» пьесалары бойынша).

VI. Слайдтан Мұхаммед Пайғамбардың 389, 545, 600, 627, 685 - хадистері көрсетіледі. Осы хадистердің қай шығармадағы қай кейіпкерге қатысты екенін айту.



5. Сабақты бекіту.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1

1.М.әуезов қай жерде және қашан дүниеге келген?

2.1904 жылы Абай дүниеден өткенде Мұхтар қанша жаста еді?

3

Қазақ мәдениетінде театр өнері, драматургия жанры қашан пайда болды?

«Еңлік-Кебек» пьесасының негізгі идеясы не?

2

Мұхтардың білім алған оқу орындарын атаңыз.

Тұңғыш туындысы қалай аталады және қай жылы жарық көрді?



4.Сабақты қорытындылау.
1. «Еңлік-Кебек» пьесасы қашан жарық көрді?
2.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында қандай мәселелер көтерілген?
3. Автор шешімімен келісесіз бе?
Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтар едің?

5.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: Ой толғау

1. Мен сенімен біргемін, Ғазиза! (ұл балаларға).
2. Жығылғанға болдың неге жұдырық?! (қыз балаларға).

6.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

7. Рефлексия:


Оқытушы _________________ А. Дюсембекова

(қолы)


29 Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Ардақ Дюсембекова

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:


Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романын эпопеясынан үзінді, «Құнанбай», «Абай» образдары.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: М. Әуезовтың шығармалары мен өмірі туралы мәлімет беру. Романдағы кейіпкерлер тағдыры туралы түсінік беру, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырып, пікір айтуға дағдыландыру.



ә) дамытушылық: Оқушылардың ой еркіндігін, пікірін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру, өз бетімен ізденуге жетелеу.

б) тәрбиелілік: Жазушының шығармаларын оқытып, жалпы тіршілік атауының тұтастығын түсіндіріп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты жетілген адам атына лайықты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.



Сабақтың типі:

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың өтілу әдісі: Сұрақ-жауап,

Оқыту технологиясы: СТО технологиясы бойынша

Ресурстар:(көрнекіліктер) қима қағаздар, тірек сөздер,ақынның портреті слайд

Пәнаралық байланыс: тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

З.Қабдоллов , С.Қирабаев, Х.Әдібаева Қазақ әдебиеті. 11-сынып, Алматы «Мектеп» баспасы 2007.

М.Қаратаев «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» А., 1980ж.

Қазақ әдебиеті журналы, №12. 2000ж.

«Біздің Мұхтар» (М.Әуезов туралы естеліктер)
Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Дәрісхана тазалығына көңіл бөлу

б) Оқушыларды түгендеу



2. Білімнің өзектілігі

1. «Еңлік-Кебек» пьесасы қашан жарық көрді?
2.М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында қандай мәселелер көтерілген?
3. Автор шешімімен келісесіз бе?
Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтар едің?

4.Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесін қай жылы жазды. (1921 жылы)

5. Ғазиза басындағы ауыр уайым не?

6. Ақан болысқа мінездеме беріңдер

3.Жаңа тақырып.

«Абай жолы» роман эпопеясымен таныстыру.

Әр елде,әр кезде халық-анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық-анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді. Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі - М. Әуезов. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу –маржандай жалтылдаған, сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің “Илиадасымен” тең түсетін “Абаймен”әлем халқын шарлауда. Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен толғаған "Абай жолы” роман-эпопеясының авторы. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының жарты ғасырлық әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық, ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелеген.



1.Абайдың образы

Эпопеяның бас кейіпкері – Абай. Алғашқы кітап оқудан келе жатқан он үш жасар шәкірттің көтеріңкі көңілін, оның үй іші, өскен ортасымен қуанышты қауышу сәттерін суреттеуден бастала келе, бірсыпыра өмір сабағын түйген жас жігіт, Абайдың топ алдында әкемен байыпты пікір таластырған эпизодпен аяқталады. Екі оқиға аралығындағы жылдар – Абай үшін өмір мектебі ретінде аса маңызды кезең.

Әкімдікке бейімделген әке шешіміне сәйкес Абай ел басқару ісіне араласуға мәжбүр болады. Ел ішіндегі түрлі дау-дамайларға қатысу, сүйгенінен айырылу, жатақтар өмірімен танысу, тағы басқа жайлар Абайдың әке мен оның төңірегіндегілердің кім екенін, араларындағы таусылмас кикілжіңлігінің сырын аңғаруға, сөйтіп, оның өмір танымының молайып, ерте есеюіне себепші болады.

Құнанбай Абайға «жайдақ су сияқтысың», «орысшылсың», «дос пен қасты сараптамайсың» деп мін тағады. Бірақ әке байқаған бұл сипаттар Абайдың міні емес, қайта оның бойында келер күндерде көктеп-көгерер ізгілік, ақыл-парасат, азаматтық секілді халықтық қасиеттердің белгілері еді.

Екінші кітапта Абайдың азаматтық тұлғасы оның халықпен байланысының күшеюі, ой-толғаныстары, әділсіздікке қарсы ашық, батыл әрекеттері арқылы айқындала, биіктей түседі. Білім іздеген, ақындық жолға ден қойған Абай ел ішіндегі ірі-ірі әлеуметтік істерге араласып, әділет жоқшысы, халық қамқоры ретінде көрінеді.

Абай халық сөзін сөйлеймін деп әкеден де, озбыр, қатігез туыстардан да іргесін аулақтап, ұлықтармен айтысып, түрлі қиындық-шырғалаңдар ортасында көріне, оның осындай әділет үшін айтқан сөзі мен жасаған әрбір ісі халық жүрегінен қызу қолдау тауып отырады. Абай қиын шақта халық қысылған жерден табылса, халық та Абайдың адамгершілік ісін жоғары бағалап, оған қорған бола алатынын көрсетеді.

Абай, жазушы суреттеуінде өз заманының қандай даулы іс, оқиғалары, қиындықтары болмасын, халық алдында үлкен сыннан өтіп, адамгершілік биігінен көрініп отырады. Жазушы мақсаты да әділдік үшін күресуші осындай азамат, ақын, дана Абайдың көрсету болатын.

Эпопея соңында ұлы ақын, ойшыл азамат Абай қайтыс болады. Бірақ ізгілік, әділет жолы-Абай жолы халықпен бірге жасай бермек.



2.Құнанбайдың образы

Құнанбай – өзінің мінезі, оқшау әрекеттерімен айрықша көзге түседі. Ол – аға сұлтан, «айттым – бітті, кестім - үзілді» деп өзіндейлерге де, қарапайым халыққа да өктемдігін жүргізген шексіз билік иесі, ескі салт-сананың айбарлы қорғаушысы. Жазушы оны: «Онда өктемдік бар, әрі қолы ұзын, малды, сөзге жүйрік мінез бен іске де алғыр, бетті, қырыс... адам» деп мінездейді. Құнанбай өз мақсаты немесе ру мүддесі үшін күрескенде жадағай мінез, жалаң әрекетімен емес, жантүршігерлік ірі, кесек қимылымен, найза бойламайтын қулығыменен, ақылды, табандығылығыменен, көпті ұйымтар шешендігіменен жан-жақты дараланып көрінеді. Құнанбай дәуірінің шындығына арналғандықтан, оның аршынды әрекеттері мен мінез-болмысын суреттеуге жазушы көп көңіл бөлген. Алайда, сол кездегі саясаттың салдарынан романда Құнанбай бейнесі қайырымсыз, қатыгез болып көрінеді. Роман дүниеге келген Кеңес дәуірінде тарихта болған байлар мен билер, ел басқарған хандар көркем әдебиетте жағымсыз кейіпкер ретінде берілгені белгілі. Дегенмен М.Әуезов Құнанбайды елге қаһарын төккен қатыгез етіп суреттегеніменен, романның кейбір жерлерінде оны ақтап алып отырады. Әкесінің қаталдығын бетіне басқан Абайға Құнанбайдың «Мықты болсаң, Абайдай ұл тудырып көр» деген жауабы жазушының Құнанбайды ақтауы.



Даңқы өлмес, даусы сөнбес

(Шетел жазушыларының ортақ лебізі)

Мен оның (М.Әуезовтің ) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман -”Абай”, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиялы мен өрен ой өлкесіне кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады.

Л. Арагон (француз жазушысы )
Сіз әлі “Абайды” оқыған жоқпысыз ? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл - таңғажайып, бұл – керемет! Қандай тұйық поэзия! Проза формасымен басылған осынау қалың-қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсашы.
Альфред Курелла (неміс жазушысы)

Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын...



Камерундық Бенжамен Матип

4. Сабақты бекіту.

АБАЙ ЖОЛЫ ӨМІР ЖОЛЫ. ӨМІР ДЕГЕН ТУЛАП АҚҚАН ТЕҢІЗДЕН ӨЗ ОРНЫМЫЗДЫ ТАБУ. Абайша айтсақ, «Атаның ұлы болмай, адамның ұлы болу» біздің мақсатымыз. Біз қандай мамандық таңдасақ та, қандай өмір жолында жүрсек те, біз Абай атамыздың әділдігін, оқу-білімге ұмтылуын ту етіп биік ұстауымыз парыз!



5.Сабақты қорытындылау.

Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймын.



СұрақҚазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын оның талантты әдебиетін дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде?

Жауап: оның сыры-жазушының халық өмірін, оның рухани жан-дүниесін, оның бақытқа, болашаққа ұмтылған, адал махаббатқа талпынған қасиетті сапаларын ұлттық бояумен, ғажайып сырлы сөзбен жеткізе білуінде. Әуезов эпопеясынан ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ғана үнін емес, бостандықты, азаттықты, теңдікті аңсаушы бүкіл әлем халқының асқақ даусын естиміз. Сол себептен де ол әлемнің түпкір-түпкіріне тоқтаусыз сапар шекті ақ па, қара ма, сары ма, мұсылман ба, христиан ба- барлық адамзат баласының жүрегіне жол тапты.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: «Абай жолы» романынын үзінді оқу, «Құнанбай», «Абай» образдары.

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия:
Оқытушы _________________А. Дюсембекова

(қолы)
30 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Ардақ Дюсембекова

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романынан үзінді

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: С.Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыжз» романы туралы түсінік беру, кейіпкерлер бейнесін ашу,оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырып, пікір айтуға дағдыландыру.



ә) дамытушылық: Оқушылардың ой еркіндігін, пікірін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру, өз бетімен ізденуге жетелеу.

б) тәрбиелілік: Жазушының шығармаларын оқытып, жалпы тіршілік атауының тұтастығын түсіндіріп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты жетілген адам атына лайықты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.



Сабақтың типі:

Сабақтың түрі: аралас

Оқыту технологиясы: СТО технологиясы бойынша

Сабақтың өтілу әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу

Ресурстар:(көрнекіліктер) қима қағаздар, тірек сөздер,ақынның портреті слайд

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

Пайдаланған әдебиеттер:

З.Қабдоллов , С.Қирабаев, Х.Әдібаева Қазақ әдебиеті. 11-сынып, Алматы «Мектеп» баспасы 2007.

Қ.Ергөбеков Сәбит Мұқанов. Алматы

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Дәрісхана тазалығына көңіл бөлу

б) Оқушыларды түгендеу



2. Білімнің өзектілігі

Эпопея дегеніміз не?

«Абай жолы» роман эпопеясы туралы не білеміз?

Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман 3 кітаптан құралмашқы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейе түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» романын жазды. 1- кітабы: 1942 жылы, 2- кітабы: 1947 жылы, 3- кітабы: 1952 жылы, 4- томы 1956 жылы жарыққа шықты. «Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып табылды.

1.Абайдың досы Ерболға мінездеме беріңдер?

2. Ерболмен Абай ең алғаш қай жерде танысты?

3. Әзімбайға деген Абайдың көзқарасы қандай?

4. Бір әкенің екі баласы Абай мен Тәкежанның қарым-қатынасы қандай, екеуінің екі қиырға тартуының себебі неде?

Құнанбай мен Абай образдары.

3.Жаңа тақырып

Сәбит Мұқанов – Қазан төңкерісінен кейінгі жаңа дәуір әдебиетінің идеялық-көркемдік бағытын айқындаған талантты да кесек туындылар берген майталман жазушы. Ол да өзінің әмбебап дарынды қаламдастары тәрізді, поэзия, проза, драматургия және әдеби сын-зерттеу салаларында өнімді еңбектеніп, артына аса мол құнды мұра қалдырды. Үстіміздегі ғасырдың 20-70-жылдар арасын тұтастырып жатқан тарихи кезеңде қоғамдық белсенділігі күшті қайраткер жазушы Қазақстанның әдеби, мәдени өміріндегі үлкен істерге ұйытқы, көшбасшы тұлға болды.

Әйгілі “Cұлушаш’’ (1928) дастаны мен одақтық сынның назарына іліккен белгілі

Аққан жұлдыз” романы

Ұзақ жылдар бойы қазақтың ХІХ ғасырдағы ойшыл-демократы, ағартушы ғалымы

Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын терең зерттеу нәтижесінде "Аққан жұлдыз" романының екі кітабын шығарады. Жазушының жоспарынша 4 том болуға тиіс бұл роман аяқталмай қалады. Атақты ғалым Ш.Уалиханов туралы көптеген зерттеу, маңызды еңбектерге, фактілерге негізделіп, Шоқан болған жерлерге саяхаттар жасау нәтижесінде өмірге келген шығарма.



Аққан жұлдыз" романында кейіпкерлерді даралау, адам мінезін сомдау шеберлігі шынайы бейнеленген. Романды жазу барысында Сәбит Мұқановтың үлкен ізденіс үстінде болғаны бірден байқалады. Шоқанның өмірін түгелдей зерттеп, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдыру асқан ерлік. Ол өз шығармасында ойын оңдай, сөздерін талдай біліп, "қазақ" деген дана халықтың жарық жұлдызы ағып түскенін аңғартқандай.

Cұлушаш’’ поэмасының бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегінде құрылған. Яғни, осы екі жастың сүйіспеншілігі, бір - біріне махаббаты жырланады. Трагедия Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Екеуінің албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын - сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып, азапта өледі.


Шығарма халықтық «Сұлушаш» эпосының негізінде жазылған. Себебі Сәбит Мұқанов кішкентайынан халық эпостарын жаттап өскен. Бұлай деп айтатын болсақ, негізгі кейіпкер Сұлушаштың прототипі Мариям екенін дәлелдеу қиынға соғады. Бірақ С. Мұқанов эпос желісіне сүйене отырып, кейіпкерлерді өзі араласып жүрген ортадан алып суреттеп, бейнелейді.
Идеясы Әлеуметтік теңсіздіктің жастардың бас бостандығына бөгет болуы.
Тақырыбы Тарих шындығы мен махаббат шындығы

Сабақты бекіту

Мәтінмен жұмыс: 1. Алтай мен Сұлушаштың кездескен тұсын оқыту
2. Алтай ән салғандағы табиғат көрінісі
3. Күйеудің ұрын келер сәтінде ауа - райы қалай құбылды?

4.Сабақты қорытындылау

Сәбит Мұқанов - әдебиетіміздің ірі өкілі, барлық жанрда бірдей ең көп жазған жазушы, ол - қоғам қайраткері, ғалым, академик.Қазақ даласына еңбекші таптың мүддесін қорғап келген жаңа заманның аса көрнекті жазушысы.Әдебиеттің барлық жанрында жұмыс істеп, олардың есеюіне, қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты.



5.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романынан үзінді

Шығармадағы әдет – ғұрыптарды жазып келу

6.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

7. Рефлексия:

Оқытушы _________________А. Дюсембекова

(қолы)
31 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Ардақ Дюсембекова

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов повестері «Қазақ солдаты» романынан үзінді, «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: ХХ ғасырдағы қазақ жазба әдебиетінің алыбы, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын еске түсіріп, қайталай отыра, оқушылардың білімдерін т Ғ.Мүсірепов повестері «Қазақ солдаты» романы, «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясы туралы түсінік беру, кейіпкерлер бейнесін ашу,оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырып, пікір айтуға дағдыландыру.



ә) дамытушылық: Оқушылардың ой еркіндігін, пікірін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру, өз бетімен ізденуге жетелеу.

б) тәрбиелілік: Жазушының шығармаларын оқытып, жалпы тіршілік атауының тұтастығын түсіндіріп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты жетілген адам атына лайықты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.



Сабақтың типі:

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың өтілу әдісі: Сұрақ-жауап,

Оқыту технологиясы: СТО технологиясы бойынша

Ресурстар:(көрнекіліктер) қима қағаздар, тірек сөздер,ақынның портреті слайд

Пәнаралық байланыс: тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

З.Қабдоллов , С.Қирабаев, Х.Әдібаева Қазақ әдебиеті. 11-сынып, Алматы «Мектеп» баспасы 2007.

Х.Әдібаев, Ж.Ысмағұлов Ғабит Мүсірепов. Қазақ әдебиетінің тарихы. 8-том. Алматы, 2004.
Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Дәрісхана тазалығына көңіл бөлу

б) Оқушыларды түгендеу



2. Білімнің өзектілігі

1.С. Мұқанов қандай жанрларға қалам тартты ?

2. «Аққан жұлдыз» романы кімнің образы бейнеленген?

3.Қазақ әдебиетінің табысы саналған қандай романы?



3.Жаңа сабақ

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.

Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.

Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.

Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осы кезде өзінің тырнақалды туындысы «Тулаған толқында» повесін жазады. Содан былай қарай баспа орындарында, партия, кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп, шығармашылық жұмысын толассыз дамыта береді. Соның нәтижесіндей болып, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Талпақ танау» әңгімелері мен « Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреді.
Қазақ солдаты” – ұлттық әдебиеттің көп тараған шығармаларының бірі.Қазақ әдебиеті әлемге екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әйгілі бола бастаса,бұл кітап шет елге тұңғыш ұшқан қарлығаштарымыздың қатарына жатады .Қайрош туралы роман Болгария,Польша,Румыния,Франция,Бельгия,т.б елдерден оқырман тапты.Шет елдің сыншы,жазушылары романды әдебиет жетістігі деп жоғары бағалады.Мысалы,Париждегі “Эроп” журналы мен Бельгияда шығатын газет (роан Франция мен Бельгияда 1958 жылы жарияланған) қазақ даласында осындай тамаша шығарманың жазылу себебі еліндегі мәдени-қоғамдық өзгерістің жемісі деп көрсетті.

Романның кейіпкерлері солдаттар мен офицерлер:Қайрош Сарталиев,Сәмед Абдоллаев,Василий Гришин,лейтенант Мирошкин,Семен Зонин,Володя Толстов – влуан-алуан халықтың өкілі,олар өз ұлтының ерекшелігін бойына жинақтаған,сонымен бірге өз мінез ерекшелігі бар жарқын жандар.Бірақ олардың бәрін Отанға деген шексіз сүйіспешпілік топтастырған.


"Ақан сері – Ақтоқты" – Ғабит Мүсіреповтың 1941 жазған тарихи шығармасы. Пьеса қазақ әдебиетінің дараматургия саласындағы шоқтығы биік туындылардың біріне айналды. Шығармада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының өмірін суреттейтін және замана шындығын танытатын тарихи шындық сипатталады. Бұл пьеса 4 перделі, 5 суретті драма. Драматург осы шығармасының 2 түрлі нұсқасын жазған. Пьеса романтизм үлгісінде жазылған. Пьесада Ақанның кішкентайынан бастап өнер жолына шығуы,тыныс-тіршілігі түгелімен көрініс табады. Ақан жас кезінде көбінесе махаббатты, сұлулықты жырласа, есейе келе сүйіспеншілік тақырыбына ел мәселесі де қосылады. Ол бай-болыстардың қараңғы халыққа көрсеткен озбырлығын, қастандығын ашық түрде айтады. 

Дулат Исабеков: «Драматургияда тақырып және тақырыпты игеру деген бар. Игерудің де бірнеше тармақтары болады. Қазақ тілінің құдіретін сезінгіңіз келсе, қара сөзбен жазылған поэма – «Ақан сері–Ақтоқтыны» оқыңыздар дер едім.

Сәрсенбі Дәуітұлы: «Қазақтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпы мен ауыз әдебиетін білген адам пьесаның да майын тамызып жазады. Ғабеңнің драматургиялық еңбектері сол себепті биіктен жарқырай көрінді.»
4.Сабақты бекіту

Тапсырмалар орындату арқылы сабақты бекітемін



5.Сабақты қорытындылау

Мүсірепов әр сөзді орын-орнына қолдана білетін, жеке сөйлемдерге, синтаксистік сөз тіркестеріне аса зор жауапкершілікпен қарайтын суреткер, нәзік сезімді сөз зергері, нағыз стилист жазушы. Жазушыны өзгеден ажыратар, өзіндік қолтаңбасын, өзіндік бет-бедерін айқындайтын осындай қасиеті оның өзіндік стилі болып саналады.



6.Үй тапсырмасымен ақпараттандыру.

Ғ.Мүсірепов повестері «Қазақ солдаты» романы



7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия

Оқытушы _________________А. Дюсембекова

(қолы


32 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Ардақ Дюсембекова

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов Қ Аманжолов «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Елге хат» өлеңдері, «Ақын өлімі туралы аңыз»

Сабақтың мақсаты:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет