Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)



бет5/5
Дата31.12.2019
өлшемі338,81 Kb.
#54094
түріСабақ
1   2   3   4   5

А) білімділік: 

Қасым-батыр, азамат, Қасым-өлең,

Бірге өлмеген өлеңі өзіменен.

Тани білу, бағалау өр мінезін,

Өлеңіне ерлік жайлы бойлап терең.

Ә) дамытушылық: Мазмұнға көркем тілмен талдау жасау,

Ойымызды ортаға сап, байқап қарау.

Поэмадан эпитет, теңеу іздеп,

Тақырып  пен идеяны ашып қарау.



Б) тәрбиелік: Батырдың мінезінен  абаттану,

Үлгі алып, ойыменен өзін тану.

Өрліктен, қайсарлықтан үлгі алып,

Қасымныцң қасиетінен қанаттану.



Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану (түртіп оқу, аялдап оқу, білемін, білгім келеді, семантикалық карта, РАФТ стратегиясы) мультимедиа қолдану, шығармашылық жұмыс, әдеби теориялық ұғымдарға  талдау.

Ресурстар:(көрнекіліктер)

Пәнаралық байланыс: тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы,Арман-ПВ баспасы-2014

2.С.Ч.Тұрсынғалиева, А.Ж. Такишева «Қазақ әдебиеті» хрестоматия, 10-сынып, Арман-ПВ баспасы-2014.

3. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;



Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Дәрісхана тазалығына көңіл бөлу

б) Оқушыларды түгендеу



2. Білімнің өзектілігі

Ғ.Мүсірепов повестері «Қазақ солдаты» романы

Қайроштың басынан өткен қиындықтары.

Қалаға келуі

Шеген, Бораштармен кездесуі

Балалар үйінде тәрбиеленуі

Әскер қатарына алынуы

3.Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту. (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қою.)

1.Қасым Аманжолов қашан, қай жерде туылды?

2.Осыған дейін ақынның қай өлеңімен таныс болдыңыздар? «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Елге хат» өлеңдері – жатқа білетін өлеңдерін айтады.

«Өзі туралы» өлеңіндегі басты тұлға кім?(Қасым)

Қасым тек ақын болып қалды ма? (топтастыру)

ІІ. Шығармашылық жұмыс: «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» шағын  эсселерін толтыру.

Кестені толтыру.

Негізгі мәселелер

 Шумақтар

 Тармақтар

  Өзі жайлы

 

 

Өмірі мен өлім туралы

 

 

Болашаққа өсиет

 

 

 «Ақын өлімі туралы аңыз»

Сабақтың айдары:

Ей, тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені,

Мен қазақтың баласы,- деп, кезінде ағынан жарыла толғаған ақиық ақын Қасым Аманжолов... Тірісінде-ақ аңызға айналған Қасым-ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның  жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады.


Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?

Қасым солай  болмаса, несі Қасым?—деп ақындықтың асқар тауындай  ағасына Мұқағали Мақатаев жыр арнаса, Бауыржан Момышұлы «Қасым Аманжолов жаратылысы бөлек ақын» деп баға берген екен.



Қасымның ордабұзар шағы соғыспен  тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да,  батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол  жан серігі  қаламын қолынан тастамай,  жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді. Қасымды  халқымыздың сүйікті ақыны дәрежесіне көтерген де сол кездегі жырлары.«Ақын өлімі туралы аңызды» ақын ауырып емханады жатқанда жазған.Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылықты, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай жас  түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес. Шығарма  Ұлы Отан соғысының майданында  жаудың қоршауында, қалып  қойып, ерлікпен қаза  тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын Абдолла Жұмағалиев туралы. (Слайдта Абдолланың суретін көрсету)

Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы қонысында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан талантымен ерте танылған ақын. Оралдың педагогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен танысып, өте достасып кетеді. Қасым әрдайым оны «Біздің Байрон» деп еркелетеді екен. Айнымас досы, әрі туған інісіндей болып кеткен Абдолланың қайсарлықпен  қаза тапқанын  Қиыр шығыста  сырқаттанып, әскери емханада жатқанда  естиді. Кейін ақын: «Ол сұмдық  хабардың бүкіл болмысымды аударып төңкеріп кеткені сонша  бірнеші түнді жан есірік күйде дөңбекшіп өткіздім. Көзімнен  жасым тиылмады. Мен сол жасты көздің арасынан қиялымда оның  жаумен жалғыз өзі өрт құшағында тұрып айқасқанын көрдім, қайта-қайта көрдім. Содан соң барып қалам алдым. Менің ол күйімді  ұқпаған  дәрігерлер дәптерімді  екі-үш рет алып қойды. Соңғы рет аяқтауға жақындағанымда да алмақшы болды. Мен айбат шегіп алдырпадым. Түрімненшошыған болар, қайтіп тимеді,»--деп жазыты естелінде.Шығарма жанр бойынша  поэма болып саналады. Поэма деп белгілі бір оқиғаны өлеңмен  баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы айтамыз. Бұл поэма небәрі 220 жол. Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік.

Оқулықпен жұмыс. Аялдап оқу әдісімен поэманы талдап, композициялық жоспарын құру.

Шығарманың басталуы: сұрапыл соғыстың суреттелуі.

Шығармашың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы, қаһарлы кекке, жан ашуына айналуы.

Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы.

Шығарма шешімі: Абдолла өлімі.

Топтастыру.

Поэма тақырыбы-ерлік, батырлық туралы.

Идеясы-азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі.

Дәптермен жұмыс.


Жылдар

Негізгі оқиғалар

1936

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

1938

Қаз ҰПУ-ды бітірді

1938-1939

Қызылорда сауда техникумында оқытушы

1939-1941

Қазақ мемлекеттік көркем

1942

2-дүниежүзілік соғыста қаза тапты.
 

   


4.Сабақты бекіту. Венн диаграмасы

5.Сабақты қорытындылау: бүгінгі сабағымызды Тахауи Ахтановтың мына бір сөзімен  қорытындылап өтсек «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деп айтқандай Қасым өлеңдерімен бірге біздің арамызда. Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып,  сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды  майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады.(өмірмен байланыстыру)

6.Оқушыларды бағалау.

7.Үй тапсырмасымен ақпараттандыру: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» оқу талдау, үзінді жаттау.

8.Рефлексия

Оқытушы _________________

(қолы)

33 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Ардақ Дюсембекова

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақың тақырыбы : Ә.Тәжібаев «Портреттер» толғау-эссесі, «Монологтер» поэмасы
Сабақтың мақсаты : Әбілда Тәжібаев өміріне қатысты тың деректермен таныстыра отырып, «Портреттер» поэмасын мен «Монологтер» драмасы туралы түсінік беру.

Дамытушылық : Тақырыпқа байланысты әр түрлі сұрақтар қоя отырып оқушылардың оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік : Туған жерді,елді сүюге,ынтымақтастықты  дәріптеу. Ұлттық мәдени мұрамызды құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі : аралас

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері:  сұрақ- жауап , баяндау, түсіндіру

Ресурстар:(көрнекіліктер) тірек сызба,дидактикалық материалдар,интерактивті тақта

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

1.З.Қабдоллов , С.Қирабаев, Х.Әдібаева Қазақ әдебиеті. 11-сынып, Алматы «Мектеп» баспасы 2007.

2.Ш. Елеукенов. Қазақ әдебиетінің тарихы.8-том. Алматы, 2004

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру

Оқушыларды түгелдеп, олардың бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығына көңіл аудару.



2.Білімнің өзектілігі

1.Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын талдау, үзінді айту.



3.Жаңа сабақ

Қасиетті Сыр өңірі – ерте замандардан халқымыздың күнкөріс, тіршілігінің таусылмас көзі,белгілі мекен жайы. Бұл жер еліміздің басына қиын-қыстау күн туғанда халықтар әр жақтан келіп қоныс теуіп паналайтын аймақ болған. Шалқып жатқан Сырдарияның өн бойын жергілікті халық туған анасындай аялап, қастерлеп келеді.

Сырдария өзені ықылым замандардан бері Тұран ойпатындағы бірден-бір өркениет білгісі болып келеді. Мұнда ғұмыр кешіп, дүниеден өткен талай – талай қауымдар мен ұлыстардың кіндігін Сырдария кескен. Түрік тектес халықтарының ел болып ғұмыр кешуіне де шапағатын тигізген осы Сыр- ана.

Ә.Тәжібаев ауылы– Шиелі ауданындағы Телікөл ауылдық округінің орталығы,аудан орталығының Шиелі кентінен солтүстік батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1,5 мың адам (2005). Ауыл 2000 жылға дейін Қызыл дихан деп аталған. 1975 – 96 ж. қаракөл қойын өсіретін «Телікөл» кеңшарының орталығы болған. Қазіргі таңда бұл ауыл Әбділдә Тәжібаев атамыздың атымен аталады.

Атақ дәрежелері:

Ә. Тәжібаев қоғамдық еңбектерге белсене араласуының арқасында Жоғарғы кеңес депутаты болды. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 



Кім жылдам?

Жазса Тарас

Еділді

Жазса Пушкин

жырламасқа

Неге маған

менің анам

Сырда туған

Днепрді

Ел анасы

сұлу өзені

Сырдың

елімді

Қуан ана!

Жырлар кезегі

Келді

Ақыныңның

«Әбділда тудырған шығармалардың жиынын үш айқын салаға бөлуге болады. Оның біріншісі – ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер. Екіншісі – поэмалар. Үшінші саласы – пьесалар болады»  М.Әуезов.

Ә. Тәжібаев ХХ ғасырдағы қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына, қарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне ірі үлес қосқандардың бірі, сыр елінің саңылақ ұлы.Ақынның еңбектерін үлкен 3 салаға бөліп қарастыруға болады.




Өлеңдері

Драмалық,комедиялық туындылары:

Поэмалары:

 


«Сырдария», «Теңізбен бетпе-бет», «Келеміз», «Қара теңізге», «Теңізге тілек», «Сыр жырлары» «Сорлайды екенбіз», «Тынықсын,тимеңдер адамға»

«Майра», «Жалғыз ағаш орман емес»,»Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтер», «Той боларда», «Дубай Шубаевич», «Сағынамын күн сайын»

«Ақ қайың» М.Әуезовпен бірге жазған тұңғыш пьесасы «Құлғарадан», «Темірші», «Комсомол сөйлейді», «Портреттер», «Ашықтар», «Ой», «Күй атасы», «Еске алу», «Катерина», «Күзетші», «Толғау», «Күйеулер», «Абыл», «Ақын», «Ол», «Ағалар туралы», «Комунист сөзі», «Құрдастар», «Майра».

 

Поэма-шығармада жеке дара көрнекті образдар бар,сюжетті,оқиғалы,ұзақ,көлемді өлең.Кейде поэманы әңгімелі жыр,кейде өысқаша жыр деп те атайды. Ақынның  ең шоқтығы биік күрделі философиялық үлгіде жазылған поэмасы- «Портреттер».Бұнда заманның көкейкесті сырлары,адамның қат-қабат тағдыры,уақыт алдындағы жауапкершілігі суреттеледі.Ақын ұрпақтар тұтастығын,буындар аманатын толғайды.Поэмадағы әкенің балаға беретін сағаты-символдық мәнге ие,жинақтаушылық күші бар көркем деталь.Поэманың бас кейіпкері-лирикалық кейіпкер.Адам тағдыры,характері осы лирикалық кейіпкердің түсінігі,сезімі,ойы,толғанысы арқылы беріледі.Лирикалық кейіпкер көз алдынан өткен,өзі көрген күрескер ұрпақтарының өмірінен сыр шертеді.Өмірді паравозымен өрге сүйреген әке тағдыры,әке орнына аренаға шыққан аға тағдыры,бұлардың орнын басқан талантты қарындасының тағдыры суреттеледі.Поэманың шешімі-осы әкелердің,ағалардың,қарындастардың –жалпы күрескер ұрпақтардың төгілген қанымен келген өмірді сақтауға,қадірлеуге үйретеді.



Композициялық құрлысына талдау.

Оқиғаның басталуы:лирикалық кейіпкердің отбасының ауыр  тұрмыстық жағдайы.

Оқиғаның байланысы,өрбуі:бақытты балалық шағы,отбасының бақытты сәттері.

Оқиғаның шиеленісуі:әкесінің жан түршігерлік күйі,сағатын беріп жатыпғайтұан ақырғы сөзі.

Оқиғаның шарықтау шегі:есейіп ер жеткен ағасының еткен еңбегі мен оның да мезгілсіз өлімі, одан кейінгі өзінің қызықты отбасылық өмірі, көп ұзамай қарындасының соғысқа кетіп,одан да көз жазып қалуы.

Оқиғаның шешімі:әкеден мұра болып,өмірдің тоқтаусыз өтіп жатқанын көрсетіп тұрған шойын сағатты  кейіпкердің  өзі өлгеннен кейін,келешек ұрпаққа қалатыны. Жалпы күрескер ұрпақтардың төгілген қанымен келген өмірді сақтауға,қадірлеуге үйретуі.

«Портреттер» поэмасының тіл ерекшелігі.

 

Теңеулер

Эпитеттер

Метафоралар

Алақандай,баспанаңдай,көк шөптей,мысықша,жапырақтай,

қаңбақтай,теңіздей,жұлдыздай,

жұмбақтай


Ақ шаңдақ көк аспан,үрей боран қап-қара түн,шойын сағат,қара бұйрат бұлт,

Жүздері суық,көңілі кірсіз,көзі мұңсыз,

Кірме сөздер:лампа,паравоз,музыка,вагон,бомба,семья,Джульетта мен Ромео,грим,сахна,почта.

Монолог-шығармада бір адамның пікір түйе сөйлеген сөзі.Монолог негізгі кейіпкердің сезімін,көңіл күйін,ойын білдіріп,сахнаға шығуын да дайындайды.«Монологтер» сахналық поэма болып табылады.

Қатысушылар:ақын,уақыт,революционер ақын С.Сейфуллин.

Ақын мен уақыт арасындағы тартысты айтыс түрінде.Соңында Сәкен монологы.

«Ол – әдебиеттің тынысын тарылтқан небір қиын кезеңдерде «шындық» деп жаны шырқыраған, ұлт перзентінің намысты сөзін айта білген, ақиқат туын қолдан түсірмеген, жаратылыстан қайсар мінезді, адал ер азамат еді.

Әбділда Тәжібаев – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі»

  Рахманқұл Бердібаев

4.Сабақты бекіту.

Р.Бердібаевтың пікірін ескере отырып, «Ә.Тәжібаев поэзиясы туралы ойларым» тақырыбында эссе жазу.



5.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: «Портреттер» толғау-эссесі, «Монологтер» поэмасы

6.Бағалау. Оқушылардың жауаптарына қарай бағалаймын.

7.Рефлексия


Оқытушы _________________

(қолы)
34 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Ардақ Дюсембекова

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:

Сабақтың тақырыбы: Мұқан Иманжанов «Алғашқы айлар» повесі

Мақсаты: Мұқан Иманжановтың  өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағұлмат беру, білімдерін тереңдету.Мамандыққа бағыт бере отырып, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: ақпаратық технология қол.арқылы ,жаңа сабақ

Сабақтың түрі:аралас

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері: түсіндіру,ой-қозғау, сұрақ-жауап

Ресурстар:(көрнекіліктер) оқулық,слайдтар

Пәнаралық байланыс: тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

З.Қабдоллов , С.Қирабаев, Х.Әдібаева Қазақ әдебиеті. 11-сынып, Алматы «Мектеп» баспасы 2007.


Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, сыныптың тазалығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Білімнің өзектілігі:

«Портреттер» толғау-эссесі, «Монологтер» поэмасын сұрау

3. Жаңа сабақ.

Ой қозғау сәті М.Иманжанов кім? Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

Мұғалім сөзі: Мұқан Иманжанов қазіргі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1916 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген. Жазушы есімін танытқан туындыларының бірі - «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы жарыққа шықты. Мұқан Иманжановтың әдеби-шығармашылық қызметі 1938 жылдан басталғанымен, оның республика жұртшылығына анық таныла бастағаны Ұлы Отан соғысы жылдары. Қаламгердің романтикалық сарында жазылған көркем әңгімелері мен очерктері баспасөз бетіне жиі басылады. Алғашқы әңгімелер жинағы «Жастық» деген атпен – авторы "Тау ұлы" деп 1948 жылы басылып, оқырман қолына тиеді. Мұқаңның қазақ оқырман қауымы арасында кеңінен танылып, жазушы есімін әйгілі еткен «Алғашқы айлар» хикаяты мектептегі оқу-тәрбие тақырыбына арналған. Оның басты кейіпкері білімді де жігерлі жас мұғалім Жақыпбек бүкіл оқу-тәрбие мәселесін өмірмен, өндіріспен байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді және сол мақсат-мұратын жүзеге асыру жолында бар күш-жігерін салып, аянбай күреседі. Хикаят авторынан қалың оқырман арасында абырой-беделін арттыруға 1950 жылы «Алғашқы айларға» Жамбыл атындағы республикалық бәйге берілуі де кәдімгідей әсер етеді. «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы шыққан. Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан салалы жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-әрекеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынастар шынайы әрі терең суреттелген. Мектеп өмірі, оқу мен еңбекті ұштастыру мәселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. Балалардың арман-мақсаты, отансүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл адалдығы әрі нанымды, әрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі.

«Алғашқы айлар» повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың әрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тәрбиелеуде бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдейді. Рас, бала жүрегіне жол табу оңай емес, Жақыпбек осы жолда табандылықпен күресіп, мақсатына жетеді.

Презентация  слайд

1.Жазушы шығармашылығы.  

 2.Жазушы өмірі туралы естеліктер.

 3.Жазушы өмірін қысқартқан кесел.

 4.Шәкіртсіз ұстаз тұл.

Мұқаң  ана тілін құрметтеген, құрмет тұтқан жан. Оны еңбектерінен байқауға болады.



4. Жаңа тақырыпты бекіту:

5. Сабақты қорытындылау: Сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесін оқу.

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия:

Оқытушы _____ __

(қолы)

35 Сабақ жоспары



Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Ардақ Дюсембекова

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы

Жалпы мақсаты:  Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық   ақынның «Мен қазақпын» поэмасына талдау жасау. Ж.Молдағалиевтың қалам  өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына  сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.  

 Оқушыларды елін, жерін сүюге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу,  халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.



Сабақтың типі:

Сабақтың түрі:

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері:

Ресурстар:(көрнекіліктер) Әдебиет оқулығы, слайд, флипчарт, маркерлер, портрет, т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

З.Қабдоллов , С.Қирабаев, Х.Әдібаева Қазақ әдебиеті. 11-сынып, Алматы «Мектеп» баспасы 2007ж

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

    Шаттық шеңбер құрып, күн сөзі арқылы бір-біріне тілектер айтады.

«Бас, қол, арқа» ойыны арқылы жағымды атмосфера қалыптастырады және топқа бірігеді.

   2.Білімнің өзектілігі

   1. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап»

   1) М.Иманжановтың  досы кім? (Б.Бұлқышев)


   2) М.Иманжановтың  тұңғыш шыққан  әңгімелер жинағы қалай аталды? («Жастық»)
   3) Халықтың көңілінен шыққан шығармасы қалай аталады? («Алғашқы айлар»)
   4) «Алғашқы айлар» повесіндегі  басты кейіпкер кім? (Жақыпбек)
   5)  Жақыпбектің ауылға  келгенде сол ауылдың тұрмыс –тіршілігіне көңілі толды ма?
   6) «Алғашқы айлар» повесіндегі мектеп директорының  аты-жөні  кім? (Күдері Қадіров)
   7)  Жақыпбек Әділбеков  келген  ортасына әсер ете алды  ма?
   8)  М.Иманжанов неше жыл өмір сүрді? (42жаста)
   9)  М.Иманжанов қандай аурумен ауырды? (өкпе ауруының  ашық түрі)
   10)  Повестегі оқушылардың өмірі қазіргі оқушылардың өміріне ұқсайды ма?

    2. Ұстаз туралы эсселерін оқиды.

   Күтілетін нәтиже:

  1) поэманың тақырыбы мен идеясын ашады, мазмұнын толық меңгереді..

  2) оқушыларды поэманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдайды.
   Ой шақыру.

   Картадан оқушылар Қазақстан жерін табады.

   Халық ауыз әдебиеті «Жер бөлу»

   Осы жерде қазақ жері қандай жер? (Қазақстан жерін картадан көрсетеді)

   Қазақ деген қандай халық? (Әр топтан жауап береді)

   Мұғалімнің кіріспе сөзі. Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964).    

Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ  жері мен суынан, желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты, пәрменді поэзияны танимыз.

  М.Базарбаев.

   3. Жаңа сабақ

   «Тереңнен маржан терейік»

   Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығы. 

   І топ: Сандар сыры (Ж.Молдағалиев өмірі)

   ІІ топ: Кластер әдісімен топтастыру (Ж.Молдағалиев шығармашылығы)

   Поэманы мәнерлеп оқу.

     Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.«Мен қазақпын» поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды? 

   1 топ 15-17 ғасыр 

   2 топ  18-19 ғасыр

   VІ. «Үш түрлі тіл - уақыт талабы» (Поэманың шумағынан бір-екі сөзді алып орыс тілі мен ағылшын тіліне аудару).

   І топ.

      Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген,


      Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
      Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
      Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

      Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,


      Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
      Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
      Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

   ІІ топ.

     Мен - қазақпын, белдімін, байтақ елмін,
     Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
     Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
     Мен Ленин есімін айта келдім.

     Айта келдім ақ - адал жүрегіммен,


     Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен.
     Ақын тілі, махаббат, бұлбұл тілі –
     Жыр ғып қазақ тілімен жүремін мен.


    VІІ. Сергіту сәті:
    «Мен-қазақпын» әнін тыңдау.

    VІІІ. «Талдау- табыс кілті»

    1 топ. Өлең құрылымына талдау. 

   Авторы:


   Тақырыбы:
   Әдеби жанры:
   Идеясы
   Теориялық ұғым:
2 топ. Өлең құрылысына талдау

      Мен –қазақпын, ажалсыз анамын  мен,


      Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
      Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
      Дәірлермен құрдаспын, данамын мен.

 

Шумақ


Тармақ,

Бунақ


Буын
Ұйқас

    Сонымен бүгінгі сабақта қазақ  жері, қазақ  халқы,  «Мен — қазақпын» поэмасы оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Осы поэма туралы бір оқырман: 

Мен - ҚАЗАҚПЫН! Неткен керемет, неткен тамаша жазылған поэма. Бұл поэмада қазақтың барлық басынан кешкен азаптары, қайғы-мұңы жазылған. Осы поэмада нағыз қазақтың бейнесі көрсетілген. Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын!!! Және әлемге паш етуге әзірмін!!!

3.Жаңа сабақты бекіту.Қазіргі уақытта қазақ тілінің даму деңгейіне көңіліңіз тола ма?

Ой толғаныс.



4. Сабақты қорытындылау. «Ақынға сыр» хат жазу.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы және «Мен қазақпын» өлеңін  жаттап келу.

   1 топ 1-4 бөлім 

   2 топ 5-7 бөлім 

7.Бағалау: Бағалау парақшаларымен жұмыс (әр топтан топ басшылары бір-бірін бағалайды).

 Формативті бағалау.

Сумативті бағалау.

8. Рефлексия

   Көбелекті гүлге қондыру. (сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады)



Оқытушы _________________

(қолы)

36 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Ардақ Дюсембекова

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру «Ақиқат пен аңыз» романының мазмұнын, ерекше жазу стилін, кейіпкерлер әлемін білгізу;
Тәрбиелік мақсаты: Бауыржан Момышұлының қаһармандық және азаматтық бейнесі арқылы оқушыларды батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу; 
Дамытушылық мақсаты:шығарманың композициясына, сюжетіне талдай білуге үйрету, басты кейіпкердің ұлағатты өмірін аша білуге және ерлік тұлғасын мүсіндей білуге бағыттау; 
Сабақтың түрі : ақпараттық, жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдісі: ой қозғау,сұрақ-жауап,талдау, «Топтастыру» стратегиясы.

Ресурстар:(көрнекіліктер Интерактивті тақта, Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог, кеспе қағаздар 
Пәнаралық байланыс:қазақстан тарихы 

Пайдаланған әдебиеттер:

З.Қабдоллов , С.Қирабаев, Х.Әдібаева Қазақ әдебиеті. 11-сынып, Алматы «Мектеп» баспасы 2007.


Кино: «Мәскеу үшін шайқас» 
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.ә) Сабақтың тақырыбы ,оның мақсат –міндеттерін таныстыру.
II. Қызығушылығын ояту: ББҮ кестесі
Білемін Білгім келеді Үйрендім 
Бүгін біздер Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романын өтеміз. Бұл роман сіздерге үйге оқып келуге тапсырылған болатын. Романдағы басты кейіпкер Бауыржан Момышұлы. Б. Момышұлы туралы әдебиеттен, тарих пәнінен біледі деп ойлаймын. Бауыржан туралы білетіндеріңді, не білгілерің келетін жазыңдар, үйрендім деген кестені сабақ аяғында толтырамыз.
Жаңа сабақ
Нұршайықов Әзілхан (15.12.1922 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы . Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Нұршайықов “Махаббат қызық мол жылдар” романы мен “Ескі дәптер”, “Әсем”, “Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген. Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған

Жұбайы - Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған. Қыздары - Нұршайықова Жанар Әзілханқызы (1949 жылы туған ), филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұршайықова Жаннат Әзілханқызы (1951 жылы туған ), экономист; ұлдары -Арнұр Әзілханұлы (1952 жылы туған ), инженер-энергетик, Жаннұр Әзілханұлы (1954 жылы туған ), инженер-электрик.2011 жылдың ақпанында қайтыс болған. 


Халыққа өлмес туындылар сыйлаған жазушының мол мұрасы халық жадында мәңгілік қалары сөзсіз.Жазушының «Ақиқат пен аңыз» деп аталатын кітабы Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған. Автор Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері совет армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезеңіне Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында баяндаған. Романның жазылу формасы ерекше. Шығарма бастан аяқ автор мен кейіпкердің диалогіне құрылған. 
Мазмұны (оқушылар)
1. Жоспар 
2.Кейіпкерге топтастыру кестесі. 
Өжет, батыл, білімді ,ақылды, өр мінезді ,қатал ел азаматы,батыр, қайсар, алғыр, шыншыл 
3. Сұрақтар
 Бұл романның аты «Ақиқат пен аңыз» деп аталу себебі неде?
 Ә. Нұршайықовтың соғыс тақырыбындағы шығармасының шынайылығы?
 Б. Момышұлының өмірде қатаң, сұсты болғаны белгілі. Сөйте тұра Ә. Нұршайықовтың сол кісіден барып сұхбат алуы қандай адам екенін көрсетеді?
4. Эссе 
 Батырлығы аңызға айналған – Бауыржан
 Мәңгілік жасай бер, Бауыржан ата!
 Мен Елімді Бауыржандай сүйе алсам...
Не үйрендім?

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру: Бауыржанның қанатты сөздерін тауып келу. 

7.Бағалау: студенттерді сабаққа қатысуына қарай бағалау.

8. Рефлексия

Оқытушы _________________

(қолы)

37 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Ардақ Дюсембекова

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Зейнолла Қабдоллов «Менің Әуезовім»

Мақсаты: студенттерге ұлы жазушымыз, өлкеміздің мақтанышы Зейнолла Қабдоловтың өмірі мен  шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Өз еліне деген патриоттық сезімдерін жігерлендіре түсіп, қазақ төл ақын-жазушыларының шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыра түсу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі:аралас

Оқыту технологиясы:

Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап,венн диаграммасы

Ресурстар:(көрнекіліктер) Зейнолла Қабдоловтың шығармашылығына байланысты кітап көрмесі; жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты деректер, слайд материалдары.

Пәнаралық байланыс: тарих

Пайдаланылатын әдебиеттер мен интернет ресурстар:

З.Қабдоллов , С.Қирабаев, Х.Әдібаева Қазақ әдебиеті. 11-сынып, Алматы «Мектеп» баспасы 2007.

З.Қабдоллов «Менің Әуезовім» роман-эссе, 1-2 бөлім.

 1. Ұйымдастыру кезеңі.



2.Білімнің өзектілігі

Бұл романның аты «Ақиқат пен аңыз» деп аталу себебі неде?


Ә. Нұршайықовтың соғыс тақырыбындағы шығармасының шынайылығы?
Б. Момышұлының өмірде қатаң, сұсты болғаны белгілі. Сөйте тұра Ә. Нұршайықовтың сол кісіден барып сұхбат алуы қандай адам екенін көрсетеді?

Б.Момышұлының қанатты сөздерін оқыту

3. Жаңа сабақ

«Зейнолла Қабдолов – көп қырлы талант». Бұл топ сағатымыз ұлы жазушы, академик, профессор, өлкеміздің мақтанышы – Зейнолла Қабдоловтың туғанына 85 жыл толу мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.


Қабдолов Зейнолла (1927-2006) - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақ сөз зергерлерінің бірі – әрі ойшыл, әрі шешен академик Зейнолла Қабдолов біздің өлкеміздің ұлы мақатанышы.
З.Қабдоловтың осындай қоғамдық жауапты қызметтер атқара жүріп, қазақ әдебиетін өркендетуге, жас таланттарды тәрбиелеуге қосқан үлесі ұшан-теңіз. Жазушының қаламынан туған “Ұшқын”, “Жалын”, “Менің Әуезовім” романдары әдебиетіміздің алтын қорынан орын алған туындылар болды.

Жазушының “Менің Әуезовім” романы 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 


Тұңғыш көлемді шығармасы «Өмір ұшқыны» 1956 жылы қазақ, 1958 жылы «Искра жизни» повесі орыс тілінде жарық көрген. 
Мұнайшылар өмірінен жазылған 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның «Арна» зерттеу-сын-эссесі, «Жанр сыры», «Сөз өнері» монографиялары, «Жебе» әдеби толғаныстар мен талдаулары, «Көзқарас» талдаулар мен толғаныстары, «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды. Ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаздың “Әдебиет теориясының негіздері” атты монографиялық зерттеуі отыз жылдан астам уақыттан бері сөз өнерінің сыры туралы қолдан түспес оқулыққа айналды.
Ұзақ жылдар бойы З.Қабдолов өзі дәріс алып, аялы алақанның, ыстық лебізінің шапағатын көрген ұстазы - ұлы Мұхтар Әуезовтың ғылым ордасындағы киелі орнын жоғалтпай, Әуезов кафедрасының ісін жалғастырып, отын өшірмей келген.
ЮНЕСКО көлемінде әлемдік деңгейде аталып өткен М.Әуезовтың 100-жылдық мерейтойына арнайы жазылған «Менің Әуезовым» атты роман-эссесінде ұлы қаламгердің ұстаздық феноменін таныту арқылы оның әдеби бейнесін жасау тәжірибесін жаңа сапаға көтерген. Эссе әдебиетіміздің алтын қорына құнды қазына болып құйылды.
Аударма жұмыстарымен де айналысып,  бұл салада да аса жемісті еңбек етіп, А.Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін, Н.Гогольдің мақалалары мен хаттарын, В.Добровольскийдің «Сұр шинельді үш жігіт», В.Закруткиннің «Судағы станица» романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горкийдің «Күн перзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» пьесаларын қазақ тіліне аударған.
З.Қабдоловтың Отан алдындағы елеулі еңбегі жоғары бағаланып, «Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Ш. Уәли-ханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты атағын иеленген. 
Алматы қаласындағы мекен-тұрағы болған Желтоқсан көшесіндегі 132 үйдің қабырғасына ме-мориалды тақта орнатылып, қаладағы көшелердің біріне жазушының есімі берілге
Жазушы туралы жылы лебіздер.
«Теңдесі жоқ кемел суреткердің қаламынан аз да болса саз болып, қапысыз сомдалған, қыздың баласындай сүйкімді, Қызырдың алақаны сипағандай, жан-жүрегіңді елжіретіп қоя берер абзал да әсем прозалық шығармалары мына дүниеде талайды тамсантып, мәңгі қалмақ…»  
Ә. Кекілбайұлы 
«Атырау жұрты Зейне ағаңдай заңғар жазушыға жерлестігін мақтан тұтатын еді… 
Сол әзиз жан,  жанашыр аға, даңқты жазушының артындағы мол мұрасын біздер мәңгі медет тұтамыз.» 
Аслан Мусин 

«Ешкімге бөтені жоқ бөлек ерім»


Жан аға, асыл ұстаз, ардақты есім,
Арманың кетті өмірдің  шарлап төсін.
Қолымнан жетеледің  жеткізем деп,
Айтайын мен оларды зарлап несін.
Шарладың дүниені құс-қанатпен,
Тұрмадық сол биікте ұстап, әттең.
Жүрдің сен  кемеңгерлер қатарында,
Көрмедім сені олардан  кем санап мен.
Өсірді  баптап сені өрелі елің,
Ешкімге  бөтені жоқ бөлек ерім.
Өзіңнен дәріс алған өмір бойы
Біздерге  өте-мөте  керек едің...
Тұманбай Молдағалиев
«Адам баласының ананың ақ сүтінен кейінгі қарыздар бейіл кешері – Ұстаз!
Жұмыр басты пенденің жанын нұрландырар ұғымның ұлысы – Ұстаз!
Өмірде ұқсағымыз келіп тұрар ұстаз еді, Зекең!
Өнерде ұқсағымыз келіп тұрар ұстаз еді, Зекең!»
Құлбек ЕРГӨБЕК, профессор. Түркістан

4.Сабақты қорытындылау .
Дуалы ауыз сөз зергері, ел ағасы З.Қабдолов айтқан өнегелі уағыздар ұлтты елдік пен бірлікке үндейді. Қазақ қауымының рухани өмірінде азаматтық пен кісіліктің, кішілік пен зиялылықтың орасан үлгісі бола білген осынау аяулы тұлғаның ардақты бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

5.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру
 «Менің Әуезовім» повесін оқу

6.Бағалау Сабаққа жақсы белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.

7.Рефлексия
Оқытушы _________________

(қолы)

38 Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Оқытушы: Ардақ Дюсембекова

Тобы: ____________, _________ , __________, __________ ,_________

Сабақтың өтілу күні:



Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаттары:

А) білімдік:тест жазу арқылы білімдерін көтеру .Тарау бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау,тексеру,бағалау, оны мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету.

Ә) дамытушылық :алған білімдерін саралау,кем тұстарын анықтап толықтыру Сауатты жазу дағдыларын ,ойлау қабілеттерін ,жазу мәдениетін,шығармашы-

-лық қабілеттерін дамыту.

Б) тәрбиелік :оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа,білімнің қа

қажеттілігін терең ұғына білуге баулу.

Сабақтың типі: Нәтиже сабақ

Сабақтың түрі: тексеру ,бағалау сабақ

Әдіс-тәсілдері: айтылым, жазылым, тыңдалым

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.1.Оқушылармен сәлемдесу. 1.2.Оқушыларды түгелдеу. 1.3.Оқушылармен сөйлесу

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе:

Мақсаты:  эссе жұмысының мақсаты - қазақ әдебиет сабағындағы өшпес із қалдырған белгілі ақын-жазушылар шығармаларын қайталау. Оқушылар осы эссе жұмысы арқылы қазақ әдебиет сабағындағы өткен тақырыптарды еске алады.

 

2.Эссе жұмысы: Бүгінгі күннің ретін, жазба жұмысының тақырыбын

жаздыру.


Жоспардың үлгісін тақтаға жазып түсіндіру.
Эпигрофқа қандай тақырып алу керектігін түсіндіру.
Жазба жұмысын жазып болғаннан кейін жинап аламын.
Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру:

Өткен тақырыпты қайталау.



Бағалау: Берген жауаптарына қарай оқушыларды бағалаймын.

Оқытушы _________________А. Дюсембекова

(қолы)



Ү 27 СМЖ АМПК КСТ 11 1 Басылым



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет