«Тышқандар» ойынын ұйымдастыру.
-балалардың ішінен мысықты сайлап алу.Қалған балалар тышқандар болады. Әрбір жерге құрсауларды тышқандардың үйі ретінде қою.
Балаларды қолдау және мадақтайды.
Ойын барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.
-Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).
-Шеңбер бойымен сапқа тұру
-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларын сәйкестен діру).
-Бүгінгі жаттығу түрлерін біледі.
-Негізгі әрекеттерді орындау (балалар белгі бойынша саптізбекте қос аяқпен секіріп жүреді)
-Аяқтарын алшақ,иық мөлшерінде қойып секіру жаттығуларын орындайды.
-балалар саптізбекте шеңбер бойымен жүреді, нұсқаушының белгісімен тоқтап екі-екіден жұптасып тұрады да қарам-қарсы отырады, аяқтарын алшақ қояды. Допты бір-біріне домалатады.
-Тышқандар үйлеріннен шығып серуендейді,ал мысық болған бала тышқандарды ұстап өз үйіне апарады.
Достарыңызбен бөлісу: |