Сабақ жоспарлары сынып: 10 А, 10 д сыныптары Мұғалім: Сапарова Алтын Сериковна Сағат саны: 68 сағат



бет8/10
Дата08.09.2017
өлшемі1,64 Mb.
#30045
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақ: №33-34

Сыныптар: 10 А, 10 Д

Күні: 16.01.10 / 29.12.09

Тақырыбы: Халықтың тығыздығы, орналасу ерекшеліктері. Қоныстану түрлері. Урбандалу

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Жер шары халқының орналасудың жалпы сипатын анықтау, тығыздығы туралы ұғымды қалыптастырып, халықтың көші-қоны, қоныстану түрлері, урбандалу туралы білімдерін меңгертіп, одан әрі тереңдету, урбандалудың аумақтық айырмашылықтарына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (30 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Мұғалім балалардың білімдерін тексеру үшін ең алдымен дәптерлері мен кескін карталарын тексереді. Сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды.

1. Нәсілдік белгілердің пайда болуына табиғи орта қалай әсер етеді?

2. Аралық және аралас нәсіл дегеніміз не?

3. Тілдердің пайда болуы мен таралуына қандай факторлар әсер етеді?

4. Үнді-еуропалық тіл әулетіне енетін тілдердің таралуына не себеп болды?

Одан кейін балалардың орындаған тапсырмаларды тексереді.



Балалар ең алдымен дәптерлері мен кескін карталарын мұғалімге көрсетеді. Сосын келесі сұрақтарға жауап береді:

1. Нәсілдік белгілердің пайда болуына табиғи орта тікелей әсер етеді. Табиғи ортаның климатына онда тұрып жатқан халық бейімделеді, нәтижесінде оның физиологиялық ерекшеліктері өзгереді.

2. Аралық нәсіл топтары ертеректе үлкен нәсілдердің түйісу аймақтарында қалыптасқан, ал аралас нәсілдер әр түрлі нәсілдердің кейінгі уақытта (16-18ғ) араласуы нәтижесінде қалыптасқан.

3. Тілдердің пайда болуы мен таралуына жаулап алу соғыстары, жаппай көшіп-қону, оқшаулану және т.б. факторлар әсер етеді.

4. Үнді-еуропалық тіл әулетіне енетін тілдердің таралуына Ұлы географиялық ашулар себеп болды.


ІІІ

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын ең алдымен халық тығыздығы деген не және оны қалай анықтауға болады деген сұрақтарды қояды.

Д.ж. халық әркелкі таралған, 25 сызбанұсқа бойынша халықтың аймақтар бойынша таралуын түсіндіреді.

Жалпы, д.ж.орташа есеппен 1 км2 жерге 45 адамнан келеді. Еуропада 71 адам, Азияда 83, Аустралия мен мұхит аралдарда 3-4 адам. Сосын 26 сызбанұсқа бойынша Латын Америка мен Африка, Солтүстік Америка, Қазақстанның тығыздығын есептеуге тапсырма береді.

Сосын халықтың тығыздығы картасына қарап, халық тығыз орналасқан (1 км2 100 адамнан артық) аудандарды анықтаңдар деп айтады.

Сосын мұғалім халықтың орналасуына табиғат жағдайлармен қатар, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен ауданның көлік қатынасына қолайлылығы әсер етеді.

Одан кейін халықтың көші-қонына, эмиграция мен эмиграцияға сипаттама береді және оның түрлерін 27 сызбанұсқа бойынша түсіндіреді.

ХХ ғ соңында сыртқы көші-қонның қарқыны арта түсті (150 млн адам), бұдан сыртқы көші-қонның тұрақты бағыттарын 28 сызбанұсқа көмегімен түсіндіреді. Сосын Қазақстанның сыртқы және ішкі коші-қон көрсеткіштерін салыстырады.

Одан кейін келесі тақырыпты түсіндіргенде, қоныстану түсінігіне тоқталады.

Қазіргі кезде қоныстандың негізгі екі түрі бар: ауыл мен қала. Оларды адамдар саны мен ондағы шаруашылықтарына байланысты ажыратылады. Жалпы, қалаға анықтама береді. Жер шары халқының басым бөлігі (53%) ауылдарда тұрады.

Одан кейін балалардан урбандалу дегеніміз не деген сұрақты қояды. Қазақстанда урбандалу деңгейі 57% немесе 8 млн 595 мың адам. Сосын 29 сызбанұсқа көмегімен жеке аумақтарда урбандалу деңгейі мен ауқымын көрсетеді. Сосын балаларға урбандалудың даму кезеңдері мен қалалар және қоршаған орта тақырыпшаларын өз беттерінше оқып шығыңдар деп айтады.



Ең алдымен оқушылар халық тығыздығы дегеніміз 1 км2 жерге қанша адамнан келетінін көрсететін көрсеткіш деп аталатынын, ал оны анықтау үшін жалпы халық санын жер ауданына бөлгенде табамыз деп айтады.

Сосын балалар 26 сызбанұсқа бойынша халықтың тығыздығын анықтайды:

1. Латын Америка

2. Африка

3. Солтүстік Америка

4. Қазақстанның тығыздығын есептеуге тапсырма береді.

16 млн 402 мың адамды 2 млн 724 мың жерге бөледі = 6 адамнан келетінін анықтайды.

Сосын халықтың тығыздығы картасына қарап, халық тығыз орналасқан (1 км2 100 адамнан артық) аудандарды анықтайды: халық тығыз орналасқан (1 км2 100 адамнан артық) аудандар – Еуропа (солтүстігі мен таулы аудандарды қоспағанда), Үнді-Ганг ойпаты, Оңтүстік Үндістан, Шығыс Қытай, Жапон аралдары, Ява аралы, Ніл аңғары және Нигер өзеннің төменгі ағысы, АҚШ-ң солтүстік-шығысы, Бразилия мен Аргентинаның Атлант мұхит жағалауы.

Оқушылар халықтың көші-қонына анықтама жазады: адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы. Иммиграция – елге басқа мемлекет азаматарының көшіп келуі, эмиграция – елден адамдардың көшіп кетуі.

Сосын Қазақстанның сыртқы және ішкі коші-қон көрсеткіштерін салыстырады.


Балалар қоныстану түсінігіне анықтама береді: қоныстану – халықтың белгілі бір аумақта таралып, орналасуы және елді мекендер жүйесінің қалыптасуы.

Қалалар қатарына ауыл шаруашылығынан басқа салалар басым болатын, көбінесе, әкімшілік орталығы қызметін атқаратын салыстырмалы түрде ірі елді мекендер жататынын анықтайды. Қала дәрежесі берілмеген елді-мекендердің барлығы ауылдар болып саналатынын айтады.

Балалар урбандалу түсінігіне анықтама береді.
Қалалардың өсуі мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуын экономикалық қуаттың қалаларда шоғырлануын урбандалудың басты белгілер қатарына жатқызуға болатынына көздері жетеді.


ІV

Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында мынадай сұрақтар мен тапсырма береді:

1. Халықтың сан көрсеткіші төмендегі көрсетілген мөлшерге сәйкес келетін 3 елді атаңдар:

а) 200 млн асатын адам -

б) 100 және 200 млн адам –

в) 50 және 100 млн адам -

2. Төменде аталған елдерде қай тілі мемлекеттік тіл болып саналады?

а) Канадада -

ә) Бельгияда –

б) Швейцарияда –

в) финляндияда –

3. Атластағы халықтар тығыздығы картасын талдап, төмендегі аймақтарды анықтаңдар.

а) тығыздығы жоғары 1 км2 жерге 200-600 адамнан келетін

ә) тығыздығы төмен 1 км2 жерге 1-10 адамнан келетін

б) қоныстанбаған аймақтар.



Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.

1. а) 200 млн асатын адам –

б) 100 және 200 млн адам –

в) 50 және 100 млн адам -

2. а) Канадада - ағылшын, француз.

ә) Бельгияда – француз, нидерландық.

б) Швейцарияда – неміс, француз, итальян.

в) финляндияда – фин, швед.

3. а) тығыздығы жоғары 1 км2 жерге 200-600 адамнан келетін аймақ - Еуропа (солтүстігі мен таулы аудандарды қоспағанда), Үнді-Ганг ойпаты, Оңтүстік Үндістан, Шығыс Қытай, Жапон аралдары, Ява аралы, Ніл аңғары және Нигер өзеннің төменгі ағысы, АҚШ-ң солтүстік-шығысы, Бразилия мен Аргентинаның Атлант мұхит жағалауы.

ә) тығыздығы төмен 1 км2 жерге 1-10 адамнан келетін аймақ – Сахара, Орталық Азия, Арабия, Аустралия шөлдері, Канада мен Ресейдің, Еуропаның солтүстігі, қалың орманды, батпақты Амазония.

б) қоныстанбаған аймақтар – Антарктида, Гредландия аралы, биік таулы аудандар.


V

Үй жұмысы:

1. §28-29 оқып, мазмұнын айту.



2. Тапсырмаларды аяқтау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.


Сабақ: №35

Сыныптар: 10 А, 10 Д

Күні: 23.01.10 / 12.01.10

Тақырыбы: №4 сарамаңдық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа даяр отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптері мен атласы, кескін картасы болады.

ІІ

1 тапсырма. «Еңбек ресурстары», «Экономикалық белсенді халық», «Халықтың жастық-жыныстық құрамы», «Миграция», «Урбандалу» ұғымдарының мағынасын жазу.

2 тапсырма. Төмендегі жоспар бойынша дүние жүзінің кез келген бір елінің халқына сипаттама беріңдер.

а) халқының саны, орташа тығыздығы, өте тығыз орналасқан аудандары

ә) халық санының табиғи және механикалық өсуі

б) халқының жас және жыныстық құрылымы

в) халқының еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, қала халқы мен ауыл халқының үлесі

г) демографиялық саясаты.



Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда ең алдымен бұл түсініктерді есіңе түсіріп, анықтама жазып береді.

Екінші тапсырманы орындау үшін ең алдымен берілген жоспар бойынша дүние жүзінің кез келген бір елінің халқына сипаттама береді.

Ол үшін оқулықтағы мәтінін, атластар мен қосымша мәліметтер, кестелерді пайдаланып, бұл елдің халқын анықтайды. Сосын ауданы мен халқы саны арқылы орташа тығыздықты анықтайды.

Одан кейін белгілі прапорция арқылы туу мен өлу коэффициенттерін анықтайды. Сосын халқының жас және жыныстық құрылымын анықтап, халқының еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне баға береді, қала халқы мен ауыл халқының үлесі анықтап, салыстырады. Ең соңында демографиялық саясатына тоқталып, іс-шаралардың кейбір түрлерін сипаттайды.



ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.



Сабақ: №36

Сыныптар: 10 А, 10 Д

Күні: 23.01.10 / 12.01.10

Тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы және оның құрылымы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Дүние жүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдері, қазіргі заманғы дүние жүзілік шаруашылық және оның құрылымы, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі туралы білімдерін қалыптастырып, бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың дәптерлерін, ондағы орындаған тапсырмаларды тексереді және балаларға келесі фронтальді сұрақтар қояды:

1. Халық тығыздығы дегеніміз не?

2. Халық тығыз орналасқан аймақтарды атаңдар.

3. Қоныстану деген не? Оның қандай түрлері бар?

4. Көші-қон деген не? Оның қандай түрлері бар?

5. Иммиграция мен эмиграцияға түсінік беріңдер.



Балалар мұғалімге дәптерлерін және ондағы орындаған тапсырмаларды көрсетіп, сұрақтарға жауап береді.

1. 1 км2 жерге қанша адамнан келетінін көрсететін көрсеткіш.

2. Халық тығыз орналасқан аймақ - Еуропа (солтүстігі мен таулы аудандарды қоспағанда), Үнді-Ганг ойпаты, Оңтүстік Үндістан, Шығыс Қытай, Жапон аралдары, Ява аралы, Ніл аңғары және Нигер өзеннің төменгі ағысы, АҚШ-ң солтүстік-шығысы, Бразилия мен Аргентинаның Атлант мұхит жағалауы.

3. Халықтың белгілі бір аумақта таралып, орналасуы және елді мекендер жүйесінің қалыптасуы. Оның екі түрі бар: ауыл және қала.

4. Адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы.

5. Иммиграция – елге басқа мемлекет азаматарының көшіп келуі, эмиграция – елден адамдардың көшіп кетуі.



ІІІ

Жаңа сабақты түсіндірген кезде әрбір елдің ұзақ уақыт аралығында қалыптасқан, өзіндік сипаты бар ұлттық шаруашылығы болатынын айтады. Сосын балаларға ұлтьтық шаруашылықтың анықтамасын жазып алыңдар деп айтады.

Одан кейін дүние жүзілік шаруашылықтың даму кезеңдеріне тоқталады, бұны мұғалім 15-кесте көмегімен түсіндіреді. Балаларға кестені сызғызады.

Сосын мұғалім қазіргі заманғы д.ж.шаруашылық және оның құрылымы атты тақырыпшасын өз беттерінше оқып, талдаңдар деп тапсырманы береді. Қазіргі заманғы д.ж.шаруашылықтың ерекшеліктері мен даму бағыттарын 31 сызбанұсқа арқылы түсіндіреді.

Д.ж. шаруашылықпен бірге х.а. географиялық еңбек бөлінісі де қалыптасып келетінін айтады. Оның анықтамасын жазып алыңдар деп айтады. Жалпы д.ж.шаруашылық ұғымына х.а.айырбас, х.а.еңбек бөлінісі, х.а.мамандану, х.а.экономикалық интеграция құрамдас бөліктері кіреді.



Ең алдымен мұғалімді тыңдап, ұлттық шаруашылығына анықтама жазады: дүние жүзіндегі елдердің бір-бірімен күрделі экономикалық қарым-қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтарының жүйесі.

Балалар дүние жүзілік шаруашылықтың даму кезеңдері деген кестені сызып алады.

Сосын оқушылар қазіргі заманғы д.ж.шаруашылық және оның құрылымы атты тақырыпшасын өз беттерінше оқып, талдайды және қазіргі заманғы д.ж.шаруашылықтың ерекшеліктері мен даму бағыттарын 31 сызбанұсқа арқылы түсініп, сызбанұсқаны дәптерге көшіріп алады.

Сосын халықаралық еңбек бөлінісіне сипаттама береді. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі – жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануын айтамыз.



ІV

Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не және оның қалыптасуында қандай алғышарттар болды?

2. Дүниежүзілік шаруашылық дамуының басты кезеңдерін және оларға тән белгілерді атаңдар.

3. Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы елдерге қандай пайда әкеледі?

Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырманы береді:

Сөйлемді жалғастырыңдар:

1. Дүниежүзілік экономикалық қарым-қатынастармен өзара байланысқан бүкіл дүние жүзі елдерінің ұлттық шаруашылықтарының тарихи қалыптасқан жиынтығы ----- деп атаймыз.

2. Адам қоғамы дамуының, тауарлы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижежесі ----- деп аталады.

3. Жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануын ----- деп атаймыз.


Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды орындайды.

1. Дүние жүзіндегі елдердің бір-бірімен күрделі экономикалық қарым-қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтарының жүйесі.

2. Индустриялануға дейінгі, индустриялану және қазіргі кезеңі.

3. Жекелеген елдердің ұлттық шаруашылықтарын өзара байланыстырады, т.б

Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырманы орындайды:

1. Халықаралық экономикалық интеграция.

2. Халықаралық мамандану саласы.

3. Географиялық еңбек бөлінісі.



V

Үй тапсырмасы:

1. §30 оқып, мазмұнын айту.



2. Географиялық диктантқа дайындалу.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет