Сабақ: №37-38
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні: 30.01.10 / 19.01.10
Тақырыбы: Ғылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы. Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық айырмашылықтары
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Ғылыми-техникалық революция ұғымына, оның негізгі белгілері мен құрылымына тоқталып, ҒТР-ң шаруашылық құрылымына ықпалын анықтау, шаруашылықтың салалық құрылымы және орналасу ерекшеліктері туралы білім беріп, шаруашылық ұйымдасуының типтері туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (30 мин)
V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
|
ІІ
|
Мұғалім балалардың білімдерін тексеру балалардан географиялық диктан алады.
1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не?
2. Дүниежүзілік шаруашылық дамуының басты кезеңдерін атаңдар.
3. Халықаралық еңбек бөлінісі дене не?
|
Балалар өткен сабақтың білімдерін көрсету үшін географиялық диктан жазады.
1. Дүние жүзіндегі елдердің бір-бірімен күрделі экономикалық қарым-қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтарының жүйесі.
2. Индустриялануға дейінгі, индустриялану және қазіргі кезеңі.
3. Жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануы.
|
ІІІ
|
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын ең алдымен ҒТР деген не және ҒТР заманында өндірістің орналасуына қандай факторлар себепші болады деген сұрақтарды қояды.
Д.ж.аймақтары мен елдерінде ҒТР дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде 20 ғ-ң 80-90ж бастап ҒТР-ң дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі ҒТР- өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларғағ технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз ету болса, жаңа үлгінің басты мақсаты – дәстүрлі ҒТР-ң адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Одан кейін ҒТР-ң негізгі белгілері тақырыпшасын оқып, негізгі белгілерді дәптерге жазып алыңдар деп тапсырма береді.
Ендігі кезекте мұғалім ҒТР д.ж.шаруашылықтың өсу қарқынын жеделдете түсумен қатар, оның құрылымына елеулі ықпал еткенін айтады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. ҒТР жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға мүмкіндік берді. ҒТР арқасында д.ж.шаруашылық құрылымында өнеркәсіптің ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалады.
Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барыншы әсер етті. Қазір ресурстық фактор өзінің маңызын жоюда, өндірісті автоманттандыру еңбек ресурстары жетіспейтін шалғай аудандарда ірі кәсіпорындарды орналастыруға, ал көлік саласында болған «техникалық революция» аумақтық алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Одан кейін д.ж.шаруашылықтың салалық құрылымы мен орналасу ерекшеліктеріне тоқталады.
|
Ең алдымен оқушылар ҒТР дегеніміз белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі деп аталатынын, ал оның орналасуына ғылымилық факторы себепші болады деп айтады.
Сосын балалар ҒТР-ң негізгі белгілері тақырыпшасын оқып, негізгі белгілерді дәптерге жазып алады.
1. Ғылымды көп қажет ететін жаңа салалардың дамуы нәтижесінде, ғылымның аса қарқынды дамуы нәтижесінде тікелей өндіргіш күшке айналуы ҒТР-ң басты белгісі болып табылады.
2. Екінші белгісі - өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі.
Балалар 32 сызбанұсқаға қарап, шаруашылықтың салалық құрылымын дәптерге сызып алады және оған талдау жасайды. Одан кейін тақырыпшаны өз бетінше оқып, шаруашылықтың түрлі даму кезеңдерде шаруашылық салаларының үлеснің өзгеруіне талдау жасайды. Сосын мұғалімге 33 сызбанұсқа көмегімен д.ж.жиынтық ұлттық өнімнің құрлымын сипаттайды.
Сосын оқушылар шаруашылық ұйымдасуының типтерін оқып, анықтамаларын дәптерге жазып алады.
Табиғи шаруашылық – оның негізінде тұрғын халық өзін-өзі азық-түлікпен және бірінші кезектегі тұтыну заттарымен қамтамасыз етеді.
Одан кейін д.ж.шаруашылықтың орналасу ерекшеліктеріне тоқталады.
|
ІV
|
Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында мынадай сұрақтар мен тапсырма береді:
1. ҒТР дәуірінде өндіріс дамуының революциялық жолы басты жол болып табылатыны неліктен?
2. ҒТР дәуірінде өндірістік және өндірістік емес салалардың арақатынасы неліктен өзгерді?
3. ҒТР дәуірінде электр энергетикасының, машина жасау мен химия өнеркәсібінің «авангардтық үштіктің» салалары болуы неліктен?
4. Қазіргі заманғы шаруашылық қандай салалардан тұрады?
5. Аймақтар мен жеке елдердегі шаруашылықтың салалаық құрылымы неге әртүрлі болады?
|
Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.
1. ҒТР дәуірінде өндіріс дамуының революциялық жолы басты жол болып табылатынын анықтайды.
2. ҒТР дәуірінде өндірістік және өндірістік емес салалардың арақатынасын анықтайды.
3. ҒТР дәуірінде электр энергетикасының, машина жасау мен химия өнеркәсібінің «авангардтық үштіктің» салалары болуын анықтайды.
4. Қазіргі заманғы шаруашылық қандай салалардан тұратынын анықтайды.
5. Аймақтар мен жеке елдердегі шаруашылықтың салалаық құрылымы неге әртүрлі болатынын анықтайды.
|
V
|
Үй жұмысы:
1. §31-32 оқып, мазмұнын айту.
2. Географиялық диктантқа дайындалу.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
VІ
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
|
VІІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.
|
Сабақ: №39-40
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні: 6.02.10 / 26.01.10
Тақырыбы: Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыру. Дүниежүзілік өнеркәсіп. Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары. Отын-энергетикалық кешен
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Елдердің даму деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштермен таныстыру, шаруашылық құрылымының аумақтық айырмашылықтарына шолу, дүниежүзілік өнеркәсіп түсігін ашу, өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары туралы білім беру, отын-энергетикалық кешен туралы білімдерін беру және бекіту.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (40 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (20 мин)
V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
|
ІІ
|
Мұғалім балалардың білімдерін тексеру үшін балалардан өткен тақырыптан географиялық диктант алады.
1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не?
2. Дүниежүзілік шаруашылық дамуының басты кезеңдерін атаңдар.
3. Д.ж.шаруашылықтың құрамдас бөліктерін атаңдар.
4. Халықаралық еңбек бөлінісі дене не?
5. ҒТР дегеніміз не?
6. ҒТР-дің құрамдас бөліктерін атаңдар.
7. ҒТР-ге тән сипаттарын атаңдар.
8. Д.ж. шаруашылық ұйымдасуының типтерін атаңдар.
9. Д.ж.шаруашылықтың салалық құрамын атаңдар.
10. Халықаралық мамандану дегеніміз не?
|
Балалар өткен сабақтың білімдерін көрсету үшін географиялық диктант жазады.
1. Дүние жүзіндегі елдердің бір-бірімен күрделі экономикалық қарым-қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтарының жүйесі.
2. Индустриялануға дейінгі, индустриялану және қазіргі кезеңі.
3. Х.а.мамандану, х.а.еңбек бөлінісі, х.а.сауда, х.а.айырбас, х.а.қатынастар.
4. Жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануы
5. ҒТР – ғылымның тікелей қоғамның өндіргіш күштеріне айналуына негізделіп, адам баласының өндіргіш күштерінің сапа жағынан түбегейлі өзгергендігі.
6. ҒТР-дің құрамдас бөліктері: ғылым, техника мен технология, өндіріс, басқару.
7. ҒТР-ге тән сипаттары: әмбебаптылығы, ғылыми*-техникалық өзгерістердің төтенше жеделдеуі, еңбек қорларының біліктілік деңгейіне қойылатын талаптардың күрт артуы, әскери-техникалық революцияның пайда болуы. .
8. Табиғи шаруашылық, нарықтық экономика, мемлекеттік немесе жоспарлы экономика, өтпелі экономика.
9. 4 сектор.
10. Жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануы.
|
ІІІ
|
Жаңа сабақты түсіндірмес мұғалім балаларға сабақтың мақсатын ашып түсіндіреді. Одан кейін елдердің даму деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштермен таныстырады. Олар: 1) ел экономикасының типі; 2) жерінің ауданы және оның игерілуі деігейі; 3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы; 4) жалпы жиынтық өнімнің көлемі мен құрылымы; 5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы; 6) елдің х.а.еңбек бөлінісіндегі орны.
Одан кейін мұғалім ел экономикасының ауқымы, ең алдымен, ЖЖӨ көлемімен анықталатынын айтады. Оның екі түрі бар: ЖІӨ және ЖҰӨ.
ЖІӨ жоғары мемлекеттерді 34-сызбанұсқа арқылы көрсетеді және ЖЖӨ жан басына шаққандағы көрсеткіштері жоғары және төмен мемлекеттерді 18-кесте арқылы көрсетеді.
Одан кейін ресей географтары дүние жүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне қарай экономикасы дамыған, өтпелі экономика тән және дамушы елдер деп үш топқа бөлгенін айтады.
Одан кейін д.ж.өнеркәсіп туралы қысқаша шолу жасап, өнеркәсіп құрылымы мен орналасу заңдылықтарымен таныстырады.
Одан кейін өнеркәсіптің бірініші салааралық кешен – отын-энергетика кешені (ОЭК) тақырыпқа тоқталады.
Сосын балаларға ОЭК салалары тақырыпшаларын бөліп беріп, өз беттерінше меңгеріңдер деп тапсырма береді.
|
Балалар сабақтың мақсатымен таныстырылып, елдердің даму деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштерді дәптерге жазып алады.
Сосын балалар ЖЖӨ, ЖІӨ мен ЖҰӨ ерекшеліктерін ақып, олардың анықтамаларын дәптерге жазып алады.
ЖІӨ - жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жалпы құнын көрсетеді, ал ЖҰӨ - аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмей, жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жалпы құнын көрсетеді.
Балалар дәптерлерінде дүние жүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне қарай экономикасы дамыған, өтпелі экономика тән және дамушы елдер деп үш бағанаға бөліп жазады. Әрбір топ өз ішінене топшаларға бөледі және әрбіреуіне қысқаша сипаттама береді. Сосын дамушы елдерінің негізгі топшаларын 19-кестені көшіріп алады.
Балалар өнеркәсіптің орналасу факторларын еске түсіріп, 35-сызбанұсқаны сызып алады.
Балалар ОЭК құрамын жазып алады және 2-қосарбеттегі «Д.ж. ОЭК» картасына қарап, адамзат баласының өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түседі деген қорытындыға келеді.
Балалар ОЭК салалары тақырыпшаларын бөліп алып, өз беттерінше меңгереді.
|
ІV
|
Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында мынадай сұрақтар мен тапсырма береді:
1. Ел типін анықтауда қандай көрсеткіштерге сүйенеді?
2. ЖІӨ дегеніміз не?
3. «Қоныс аударған капитализм елдері» қалай түсінесіңдер?
4. Дамушы елдердің қандай топшалары бар?
5. 35-сызбанұсқа бойынша өңдеуші өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторларды атаңдар?
6. ОЭК құрылымындағы БЭК түрлерінің арасалмағының өзгерістеріне не себеп болған?
|
Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.
1. Ел экономикасының ауқымы, ең алдымен, ЖЖӨ көлемімен анықталатынын айтады. Оның екі түрі бар: ЖІӨ және ЖҰӨ.
2. Жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жалпы құны.
3. Бұрын Ұлыбританияның отары болған, олардың экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші рөл атқарған елдер.
4. Жетекші, жаңа индустриялық, плантациялық шаруашылық, мұнай экспорттаушы, жалға пәтер беруші, даму деңгейі төмен елдері.
5. Табиғи ресурстар, ғылым мен техника, байланыс, көлік, экологиялық жағдай.
6. ОЭК құрылымындағы БЭК түрлерінің арасалмағының өзгерістеріне ҒТР себеп болды.
|
V
|
Үй жұмысы:
1. §33-34 оқып, мазмұнын айту.
2. §33 бойынша географиялық диктантқа дайындалу.
3. Кескін картаға д.ж.елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруын түсіру.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
VІ
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
|
VІІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.
|
Сабақ: №41-42
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні: 13.02.10 / 2.02.10
Тақырыбы: Металлургия және машина жасау кешені. Өңдеуші өнеркәсіптің басқа салалары
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Металлургия кешеніне тоқталу, машина жасау өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі кешендері туралы білімдерін беру, оларға кешенді сипаттама беру.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)
V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
|
ІІ
|
Мұғалім балалардың білімдерін тексеру үшін ең алдымен, кескін карталарын тексеріп, карта алдына «үлкен жетілік», «Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері» және т.б. елдерді картадан көрсетіңдер деп балаларды бір-бірден шығарады. Одан кейін §33 бойынша географиялық диктант алады.
1. Елдерді даму деңгейі бойынша топтастыруды кімдер жасаған?
2. Бұл топтастыру бойынша мемлекеттер қандай топтарға бөлінеді?
3. Дамыған елдер өз ішінен қандай топшаларға бөлінеді?
4. Дамушы елдердің плантациялық шаруашылық елдері топшасына қандай мемлекеттер кіреді?
5. «Жалға пәтер беруші» елдер қатарына қандай елдер жатады?
6. КСРО құрамында болған елдер қандай топқа жатады?
7. Шетел инвестициясы мен жоғары технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономиканың, әсіресе, өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы қандай елдер үшін тән?
8. Мұнай экспорттаушы елдер қатарына қандай елдер жатады?
9. Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия т.б. қандай топқа жатады?
10. ЖІӨ дегеніміз не?
|
Балалар өткен сабақтың білімдерін көрсету үшін ең алдымен кескін карталарын тексеруге береді, сосынбұл мемлекеттерді картадан көрсетеді және географиялық диктант жазады.
1. Ресей географтары.
2. Дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдері, дамушы елдер деп үш топқа бөлінеді.
3. Жоғары дамыған елдер, Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдер, «қоныс аударған капитализм» елдері.
4. Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Шри-Ланка.
5. Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Панама.
6. Өтпелі экономикасы тән елдер.
7. Жаңа индустриялық елдер: Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Бразилия, Мексика, Аргентина.
8. Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла, т.б.
9. Жалға пәтер беруші елдер.
10. Жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жалпы құны.
|
ІІІ
|
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды: Қандай салааралық кешендерді атай аласыңдар?
Бүгін біз өнеркәсіптің негізгі салааралық кешендермен танысатынын айтады, олар металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі. Салааралық кешендерге сипаттама беру жоспары:
1. Кешеннің экономикадағы рөлі мен маңызы
2. Кешеннің салалық құрамы
3. Орналасу факторлары
4. Өндіріс ерекшеліктері
5. Басты аудандары мен орталықтары
6. Отын-шикізат базасы
7. Даму мәселелері мен болашағы
8. Қорытынды
Мұғалім үлгі ретінде металлургия кешеніне сипаттама беруден бастайды.
Жоғарыдағы жоспар бойынша оқулық мәтінін, атластағы тақырыптық карталарды, қосарбеттегі және кітап соңындағы кестелерді, суретттер мен карталарды пайдаланып, машина жасау өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі кешендерге сипаттама беріңдер.
|
Балалар мұғалімнің сұрағына жауап беріп, салааралық кешеннің анықтамасын айтады. Сосын салааралық кешенге сипаттама беру жоспарын дәптерлеріне жазып алады.
Сосын мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, түсінбеген жерлері болса, сұрайды.
Оқушылар тақырыпты меңгеру мақсатында жоғарыдағы жоспар бойынша оқулық мәтінін, атластағы тақырыптық карталарды, қосарбеттегі және кітап соңындағы кестелерді, суретттер мен карталарды пайдаланып, машина жасау өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі кешендерге сипаттама береді.
Металлургия кешені екі ірі саладан құралады: қара және түсті металлургия.
Қара металлургия өндірістің басқа салаларымен тығыз байланысты.
Негізгі салалары – темір өндірісі, алюминий, мыс өндірісі, сирек кездесетін металдар өндірісі, т.б.
Оның негізгі орналасу факторлары – көмір алаптарына, темір кен орындарын жақын орналасуы, яғни шикізаттық фактор, теңіз порттарына жақын орналасуы, яғни көліктік фактор, экологиялық фактор, энергетикалық фактор (түсіт металлургия үшін), су факторы.
|
ІV
|
Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:
1. Білім көздерін карта, анықтамалық деректерді, қосымша әдебиеттерді, оқулық мәтінін пайдаланып, машина жасау және химия өнеркәсіптерінің ірі жеті орталығын тауып жазыңдар.
2. Атлас карталарын пайдаланып, келесі елдерді анықтаңдар.
Машина жасау өнеркәсібі жоғары дамыған елдер ..........................................................................
Машина жасау өнеркәсібі орташа дамыған елдер ..........................................................................
Машина жасау өнеркәсібі төмен дамыған елдер ..........................................................................
Химия өнеркәсібі жоғары дамыған елдер ..........................................................................
Химия өнеркәсібі орташа дамыған елдер ..........................................................................
Химия өнеркәсібі төмен дамыған елдер ..........................................................................
3. Тапсырма жауаптарын берілген өнеркәсіптердің даму деңгейлерін әр түрлі бояу немесе шартты белгілер арқылы д.ж.кескін картасына түсіріңдер.
|
Оқушылар тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырмаларды орындайды:
1. Білім көздерін карта, анықтамалық деректерді, қосымша әдебиеттерді, оқулық мәтінін пайдаланып, машина жасау және химия өнеркәсіптерінің ірі жеті орталығын тауып жазады:
Машина жасау – Токио, Пекин, Сеул, т.б.(20)
Химия өнеркәсібі – (25)
2. Атлас карталарын пайдаланып, келесі елдерді анықтайды:
Машина жасау өнеркәсібі жоғары дамыған елдер АҚШ, Германия, Жапония, Канада, Ресей, Еуропа елдері
Машина жасау өнеркәсібі орташа дамыған елдер Қытай, Аустралия, Үндістан, Мексика, Бразилия, Аргентина, Қазақстан, ОАР т.б.
Машина жасау өнеркәсібі төмен дамыған елдер Монғолия, Чили, Колумбия, Венесуэла, Индоназия
Химия өнеркәсібі жоғары дамыған елдер Германия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Еуропа т.б.
Химия өнеркәсібі орташа дамыған елдер Қытай, Үндістан, Алжир, Бразилия т.б.
Химия өнеркәсібі төмен дамыған елдер Монғолия, Африка елдері, Парагвай, Боливия т.б.
3. Берілген өнеркәсіптердің даму деңгейлерін әр түрлі бояу немесе шартты белгілер арқылы д.ж.кескін картасына түсіреді.
|
V
|
Үй жұмысы:
1. §35-36 оқып, мазмұнын айту.
2. Салааралық кешендерге жазбаша түрінде сипаттама беруді аяқтау.
3. Кескін картаға басты мұнай және табиғи газ өндіретін елдерді белгілеп, әр елдің мұнай (көк түспен) және табиғи газ (қызыл түспен) өндіруі бойынша сандық көрсеткішін сызбанұсқа түрінде белгілеңдер.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
VІ
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
|
VІІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |