Сабақ: №27
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні: 19.12.09 / 8.12.09
Тақырыбы: Дүние жүзінің табиғат ресурстары
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру, табиғат ресурстарға шаруашылық баға беруге үйрету, жекелеген табиғат ресурстарының таралу заңдылығы мен негізгі ерекшеліктері туралы білім беру.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (5 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)
V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім балалардың дәптерлерін, ондағы орындаған тапсырмаларды тексереді және балаларға келесі фронтальді сұрақтар қояды:
1. Табиғат ресурстары дегеніміз не?
2. Табиғат ресурстар қандай топтарға жіктеледі?
3. Табиғат ресурстарының топтастырылуы олардың қандай белгілеріне қарай жүргізіледі?
4. Адамның шаруашылық әрекеті табиғат ресурстарының қорына қалай әсер етеді?
|
Балалар мұғалімге дәптерлерін және ондағы орындаған тапсырмаларды көрсетіп, сұрақтарға жауап береді.
1. Қоғамның дамуын қамтамасыз етуші, табиғат сферасында қалыптасатын және оның құрамдас бөліктері болып табылатын материя мен энергияның нақты түрлері табиғат ресурстары деп аталады.
2. Сарқылатын және сарқылмайтын ресурстары, қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.
3. Біріншіден олардың сарқылу дәрежесіне қарай, екіншіден табиғи-экономикалық жағынан.
4. Шаруашылық әрекеті табиғат ресурстарының қорына тікелей әсер етеді, табиғат ресурстары сарқылуда.
|
ІІІ
|
Жаңа сабақты түсіндірген кезде дүние жүзіндегі табиғат ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі екенін айтады. Қазіргі заманда дамыған елдер – табиғат ресурстарын тұтунышы, ал дамушы елдер – табиғат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, «мамандану» бір жағынан елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан жекелеген ресурст түрлерінің жер бетінде таралу ерекшелігімен түсіндіріледі.
Дүние жүзіндегі табиғат ресурстарының теңдестігі, олардың қорлары, жағдайы мен пайдалану болашағы қосымшадағы 4-кестеде көрсетілгенін айтып, осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталады.
Ол үшін балаларды жұптарға бөліп, барлық ресурстарды бөліп береді (энергетикалық, минералдық, жер ресурстары, су ресурстары, биологиялық ресурстары, рекреациялық ресурстары, мұхит ресурстары).
|
Ең алдымен мұғалімді тыңдап, қысқаша конспект жазып отырады. Сосын дүние жүзіндегі табиғат ресурстарының теңдестігі, олардың қорлары, жағдайы мен пайдалану болашағы қосымшадағы 4-кестеде қарап, осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталады.
Ол үшін жұптарға бөлініп, өз тақырыпшаларын оқып, мазмұны айтады, бір-бірін толықтырады, бір-біріне сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеді.
|
ІV
|
Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Минералдық ресурстардың аумақта орналасу заңдылығы немен байланысты?
2. Мұхиттық ресурстардың маңызы неде?
3. Суға тапшы және суға бай аудандарды көрсетіңдер.
4. Биологиялық ресурстарға қандай ресурстар жатады?
Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырманы береді:
1. «Пайдалы қазба кен орындары» картасын пайдаланып, көмір, мұнай, табиғи газ, темір қоры мол кездесетін аудандарды анықтаңдар.
2. Дүниежүзілік су дағдарысынан шығу жолдарын ұсыныңдар.
|
Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды орындайды.
1. Минералдық ресурстардың негізгі орналасу заңдылығы ұзақ уақыт бойы дамуы т.б.
2. Дүниежүзілік мұхит тек қана биологиялық, энергетикалық, минералдық ресурстар қоймасы емес, сонымен қатар өнеркәсіптің химиялық, фармацевтикалық және өзге де салаларының шикізат қоймасы болып табылады.
3. Суға тапшы аумақтар – Африканың орталыұ бөлігі, суға бай аудандар – Еуропа елдері.
4. Биологиялық ресурстарға өсімдік тектес және жануар тектес ресурстар жатады.
|
V
|
Үй тапсырмасы:
1. §22-23 оқып, мазмұнын айту.
2. Географиялық диктантқа дайындалу.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
VІ
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.
|
Сабақ: №28
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні: 19.12.09/8.12.09
Тақырыбы: №3 сарамаңдық жұмыс
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары:
І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)
ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар сабаққа даяр отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптері мен атласы, кескін картасы болады.
|
ІІ
|
1 тапсырма. Оқулық мәтіні мен сызбаларды пайдалана отырып, табиғат ресурстардың түрлерін анықтау.
2 тапсырма. Ресурспен қамтамасыз етілу түсінігінің мәнін ашып, дүние жүзі бойынша минералдық, су, жер ресурстарының таралу заңдылығын және осы ресурс түрімен жақсы қамтамасыз етілген елдерді анықтау.
3 тапсырма. Қалауы бойынша төмендегі карталарды талдауға арналған сұрақтар топтамасын анықтау:
- минералдық ресурстар;
- жер ресурстары;
- агроклиматтық ресурстар;
4 тапсырма. Табиғат ресурстарын игеру мен шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемаларға мысал келтіру.
|
Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда ең алдымен табиғат ресурстарға анықтама беріп, оның жіктемелерін ұсынады (сарқылу дәрежесіне қарай, пайдалануына қарай, т.б.).
Екінгы тапсырманы орындау үшін ең алдымен ресурспен қамтамасыз етілу түсінігіе ашады, содан кейін табиғат ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды, сосын белгілі бірі табиғат ресурспен немесе бірнеше табиғат ресурстарымен толық қамтамасыз етілген елдерді анықтайды.
Үшінші тапсырманы орындағанда минералдық ресурстар, жер ресурстары, агроклиматтық ресурстары карталарына талдау жасайды. Ол үшін талдауға арналған сұрақтарды дайындайды. Мысалы, картадан не берілген?, бұл ресурстың таралу заңдылығы қандай? т.б.
Төртінші тапсырманы орындағанда табиғат ресурстарын игеру мен шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемаларға мысал келтіреді.
|
ІІІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.
|
Сабақ: №29-30
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні: 26.12.09/15.12.09
Тақырыбы: Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі. Халықтың жастық-жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Адамзаттың шығу тегі мен Жер шарында таралуы туралы білім беру, халық санағы туралы, дүние жүзі халқының саны мен демографиялық көрсеткіштер, халық санының ұдайы өсуі мен демографиялық саясат түсініктерін ашу, халықтың жас-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары туралы білімдерін одан әрі жетілдіріп дамыту.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (30 мин)
V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
|
ІІ
|
Мұғалім балалардың білімдерін тексеру үшін географиялық диктант алады: 1. Табиғат байлықтары дегеніміз не? 2. Рекреациялық ресурстары дегеніміз не? 3. Табиғи ресурстардың барлық түрлері кездесетін елдер? 4. Орман ресурстарға бай мемлекеттер?
|
Балалар географиялық диктант жазады:
1. Қоғамның дамуын қамтамасыз етуші, табиғат сферасында қалыптасатын және оның құрамдас бөліктері болып табылатын материя мен энергияның нақты түрлері табиғат ресурстары деп аталады. 2. Демалу, емдеу-сауықтыру, туризм дамыған аумақтарының ресурстары. 3. АҚШ, Ресей, ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. 4. Норвегия, Финляндия, Швеция.
|
ІІІ
|
Мұғалім жаңа тақырыпты адамзаттың шығу тегі мен Жер шарында таралуы кіріспе сөздерінен бастайды. Адазмзаттың шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым антропология деп аталады. Антропологияда адамзаттың шығу тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Яғни, бүкіл адамзаттың ата тегі ортақ деп есептейтін «моногенизм» бағыты мен керісінше, әр нәсіл дербес ата-тектен тарағандағы туралы пікірді ұстанатын «полигенизм» бағыты бар.
Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы Жарықтар маңында пайда болды, ғалымдардың көпшілігі алғашқы адамдар палеолиттің соңында Африкадан Еуропа мен Азияға, Азиядан Америка мен Аустралияға және мұхиттық аралдарға таралған деп есептейді. Одан кейін адамның ежелгі қоныстану аймақтарын 16-сурет арқылы көрсетеді.
Одан кейін халық саны туралы нақты ақпарат ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық санақтары нәтижесінде ғана белгілі болады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын жер шары халқының саны 3 млн адамнан аспағаны деп шамалайды, Одан кейін балалардан алғашқы халық санақтары қалай жүргізілгенін сұрайды.
Одан кейін дүние жүзі халқының санының өсуін 15-сызбанұсқа арқылы түсіндіреді. Одан кейін балалардан демографиялық жарылыс анықтамаларын жазыңдар деп тапсырма береді. Д.ж.елдердің демографиялық жағдайын сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолюттік көрсеткіштер қатарына (табиғи өсу, механикалық өсу) жатады. Салыстырмалы көрсеткіштер, яғни 1000 адамға шаққандағы промиле есебімен өлшенетін коэффициенттер (туу, өлу, табиғи өсу, сәбилер өлімінің коэффициенті, адамның өмір жасының орташа ұзақтығы). Одан кейін бұл түсініктерге анықтама беріп, талдаңдар деп тапсырманы береді.
Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп аталады. Ұдайы өсуінің үш типін ажыратады: дәстүрлі, өтпелі, қазіргі.
Халықтың ұдайы өсуін реттеу мақсатында мемлекеттік деңгейде демографиялық саясат жүргізіледі. Демографиялық саясаттың анықтамасын жазып алыңдар деп тапсырма береді.
Халықтың жастық құрамын анықтаудың қолданбалы маңызы бар. Жалпылама баға беруде топтамалар (0-14 жас, 15-59 жас, 60 жастан әрі) жасалады. Халықтың жастық құрамының үш типі анықталғанын айтып олар қандай жас аралықтарын қамтитынын анықтаңдар деп оқушыларға береді.
Халықтың жыныстық құрамын сипаттау үшін көбінесе ерлер мен әйелдердің халықтың жалпы санындағы үлес көрсеткіші пайдаланылады. Халықтың жастық-жыныстық құрамын сызба түрінде бейнелеу үшін жастық-жыныстық пирамида пайдаланылады. Бұл пирамиданы 19 сызбанұсқа көмегімен түсіндіреді.
Сосын еңбек ресурстары тақырыпшасын өз беттерінше оқып шығып мазмұнын айтыңдар деген тапсырманы береді.
|
Мемлекеттің әскери және салық саясатына орай алғашқы халық санақтары б.з.б.ІІІ мыңжылдықта Ежелгі Қытай мен Египетте жүргізілген. 18 ғ жеке елдерде (Аустрия-Венгрия, Скандинавия елдері, АҚШ) халық санақтары жүргізіле бастады. 1850Ж д.ж.халқының 15%, 1900ж 50% халық санағы қамтылды. 20 ғ барлық елдерде халық санақтары жүргізіледі. Африка елдерінде халық санағы 1950ж х.а ұйымдар арнайы бөлген қаржының көмегімен жүзеге асты, БҰҰ ел ішінде халық санағын әрбір 10 жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды. Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жыл сайын өткізілген. 14 сызбанұсқада Қазақстанда халық санақтарының қорытындысы шығарып, өзгерістеріне талдау жасайды.
Табиғи өсу, механикалық өсу, туу коэффициенті, өлу коэффициенті, табиғи өсу коэффициенті, сәбилер өлімінің коэффициенті, адамның өмір жасының орташа ұзақтығы түсініктерге анықтама беріп, талдайды.
Ұдайы өсуінің үш типін ажыратып: дәстүрлі, өтпелі, қазіргі. Оларды 12-кесте көмегімен талдайды. Ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіріледі. Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр. Қазіргі типі демографиялық көрсеткіштердің төмендігімен сипатталады.
Оқушылар оқулық мәтінін пайдаланып, халықтың жастық құрамының үш типі анықтайды:
1.Алға басушы (прогрессивті) тип – халықтың жалпы санында балалардың үлесі жоғары.
2.Тұрақты тип – балалар мен егде адамдар санының тепе-теңдігі.
3.Кері кетуші (регрессивті) тип – халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің артуы.
Сосын еңбек ресурстары тақырыпшасын өз беттерінше оқып шығып мазмұнын айтады.
|
ІV
|
Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында мынадай сұрақтар мен тапсырма береді:
1.14-сызбанұсқаны пайдаланып, Қазақстандағы халық санының өзгерістеріне талдау жасап, себептерін түсіңдіріңдер.
2.16-сызбанұсқадағы д.ж.аймақтарының демографиялық көрсеткіштерін салыстырып, әрқайсысына түсінік беріңдер.
3. 19-сызбанұсқа бойынша мына тапсырмаларды орындаңдар: а) біздің елімізде халықтың жастық құрамының қай типі тән екенін анықтаңдар; ә) елдің қазіргі кездегі және болашақта еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі туралы қорытынды жасаңдар.
|
Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше
1.14-сызбанұсқаны пайдаланып, Қазақстандағы халық санының өзгерістеріне талдау жасайды.
2.16-сызбанұсқадағы д.ж.аймақтарының демографиялық көрсеткіштерін салыстырып, әрқайсысына түсінік береді.
3. 19-сызбанұсқа бойынша мына тапсырмаларды орындайды: а) біздің елімізде халықтың жастық құрамының қай типі тән екенін анықтайды; ә) елдің қазіргі кездегі және болашақта еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі туралы қорытынды жасайды.
|
V
|
Үй жұмысы:
1. §24-25 оқып, мазмұнын айту.
2. Тапсырмаларды аяқтау.
3. Кескін картаға адамның ежелгі қоныстану аймақтарын түсіру.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
VІ
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
|
VІІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.
|
Сабақ: №31-32
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні: 9.01.09/22.12.09
Тақырыбы: Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы. Халықтың тілдік құрамы. Діндердің таралуы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Жер шары халқының нәсілдік және ұлттық құрамымен таныстыру, этностық процестер туралы білімді беру, тілдік құрамы діни құрамы туралы білімді кеңейтіп меңгеру.
Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (30 мин)
V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
|
ІІ
|
Мұғалім балалардың білімдерін тексеру үшін ең алдымен дәптерлері мен кескін карталарын тексереді. Сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды.
1. Антропология деген не?
2. Қандай демографиялық көрсеткіштерді білесіңдер?
3. Халық санының ұдайы өсуі және демографиялық саясат деген не?
4. Еңбек ресурстары деген не?
5. Халықтың жастық құрамының үш типін анықтаңдар.
|
Балалар ең алдымен дәптерлері мен кескін карталарын мұғалімге көрсетеді. Сосын келесі сұрақтарға жауап береді:
Адазмзаттың шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым антропология деп аталады Д.ж.елдердің демографиялық жағдайын сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп аталады. Халықтың ұдайы өсуін реттеу мақсатында мемлекеттік деңгейде демографиялық саясат жүргізіледі. Еңбек ресурстары деген не? халықтың жастық құрамының үш типі анықтайды:
1.Алға басушы (прогрессивті) тип – халықтың жалпы санында балалардың үлесі жоғары.
2.Тұрақты тип – балалар мен егде адамдар санының тепе-теңдігі.
3.Кері кетуші (регрессивті) тип – халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің артуы.
|
ІІІ
|
Жалпы алғанда, нәсілдер – адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері (түсі, шашының сипаты, бет әлпеті, бас сүйегінің пішіні, дене тұрқы, және т.б.) бойынша біріктіретін топтары. Антропологиялық белгілер ұзақ уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу нәтижесінде қалыптасқан. Нәсілдік белгілерге әлеуметтік-экономикалық жағдайлар да әсер етуі мүмкін, мысалы жапондықтардың соңғы 30 жыл ішінде халықтың әл-ауқатының жақсаруы нәтижесінде жапондықтардың бойы орташа есеппен 10 см-ге ұзарған. Жер шары халқы негізінен үш нәсілге біріктіреді, оны 17-сурет көмегімен түсіндіреді. Кейбір ғалымдар экваторлық нәсіл құрамындағы африкалық және аустралиялық нәсіл топтарын жеке нәсіл ретінде қарастырады, жалпы негізгі нәсілдердің үлесіне дүние жүзі халқының 70%-ға жуығы тиесілі.
Жалпы ұлттардың пайда болуынан бастап жойылған уақытына дейін қалыптасқан даму процесін этногенез деп атайды. Этногенез ілімін дамытуда орыс ғалымы Л. Н. Гумилевтің еңбегі аса зор. Этностық процестер қатарына этностардың тұтасуы, ажырауы мен араласуы жатады.
Мұғалім одан кейін оқушыларды екі топқа бөліп, тілдік құрамы мен діни құрамын бөліп береді. Одан кейін тақырыптағы барлық терминдер мен анықтамаларды көшіріп жаттаңдар деп айтады.
|
Этнострадың тұтасуы – тарихи-географиялық себептерге байланысты бірнеше этностың бірігіп, біртұтас қауымдастық құрауы.
Этностардың жіктелуі – Британ Үндістаны ыдыраған кезде осыған дейін біртұтас этнос болған бенгал халқының Бангладеште қалған бөлігі жаңа ұлт – бангладештіктердің қалыптасуына негіз болды. Сондықтан қалыптасу үстіндегі бангладештіктер мен Үндістанда тұратын бенгалдықтар қазіргі кезде дербес ұлттар ретінде қарастыруға болады.
Этностардың ассимиляциясы – халқының құрамында шеттен қоныс аударғандар үлесі жоғары болатын елдерде байқалады. Мысалы, АҚШ-та тұратын сан ұлт өкілдері америкалықтар деп аталатын ортақ ұлтты құрайды, мұнда этностардың ассимиляциясы саны жағынан басым ағылшын ұлтының айналасында жүрді.
Одан кейін тақырыптағы барлық терминдер мен анықтамаларды көшіріп жаттайды.
|
ІV
|
Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында мынадай сұрақтар мен тапсырма береді:
1. Атластағы халықтың табиғи өсу картасы мен жыныс құрамы картасын талдап, дүние жүзі елдері халықтарының табиғи өсуі мен жас-жыныстық құрамындағы айырмашылықтардың себептерін түсіндіріңдер.
2. Аралық және аралас нәсілдер дегеніміз не?
3. 21-сызбанұсқа мәліметтері бойынша ірі этностар мен олардың санын дәптерлеріне жазып алыңдар.
4. Дүние жүзі бойынша этностық процестер қай бағытта жүруде?
5. Тілдердің пайда болуы мен таралуына қандай факторлар әсер етеді? Неліктен ағылшын тілі қытай тіліне қарағанда көбірек таралған?
6. Үнді-еуропалық тіл әулетіне енетін тілдердің таралуына не себеп болды?
|
Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.
1. Атластағы халықтың табиғи өсу картасы мен жыныс құрамы картасын талдап, дүние жүзі елдері халықтарының табиғи өсуі мен жас-жыныстық құрамындағы айырмашылықтардың себептерін түсіндіреді.
2. Аралық нәсіл топтары ертеректе үлкен нәсілдердің түйісу аймақтарында қалыптасқан, ал аралас нәсілдер әр түрлі нәсілдердің кейінгі уақытта (16-18ғ) араласуы нәтижесінде қалыптасқан.
3. 21-сызбанұсқа мәліметтері бойынша ірі этностар мен олардың санын дәптерлеріне жазып алады.
4. Дүние жүзі бойынша этностық процестер қай бағытта жүруде?
5. Тілдердің пайда болуы мен таралуына жаулап алу соғыстары, жаппай көшіп-қону, оқшаулану және т.б. факторлар әсер етеді.
6. Үнді-еуропалық тіл әулетіне енетін тілдердің таралуына Ұлы географиялық ашулар себеп болды.
|
V
|
Үй жұмысы:
1. §26-27 оқып, мазмұнын айту.
2. Тапсырмаларды аяқтау.
3. Кескін картаға д.ж. нәсілдердің таралуын түсіру.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
VІ
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.
|
VІІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.
| |