Сабақ жоспарлары сынып: 10 А, 10 д сыныптары Мұғалім: Сапарова Алтын Сериковна Сағат саны: 68 сағат



бет10/10
Дата08.09.2017
өлшемі1,64 Mb.
#30045
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақ: №43-44

Сыныптар: 10 А, 10 Д

Күні: 20.02.10 / 9.02.10

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты. Өсімдік шаруашылығының географиясы

Білімділік мақсаты – Ауыл шаруашылығының маңызын ашып көрсету, аграрлық қатынастар мен ауыл шаруашылығының даму бағыттарын анықтап, сипаттама беру. Өсімдік шаруашылығы географиясымен, оның ішінде дәнді дақылдар мен техникалық дақылдардың географиясымен, бақша және жеміс-жидек шаруашылығы географиясымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Мұғалім балалардың білімдерін тексеру үшін ең алдымен, кескін карталарын тексеріп, одан карта алдына мұнай және табиғи газ өндіретін елдерді картадан көрсетіңдер деп балаларды бір-бірден шығарады. Одан кейін салааралық кешендерге берген сипаттамаларын тыңдайды, және келесі сұрақтарды қояды:

1. Машина жасау өнеркәсібі жоғары дамыған елдерді атаңдар.

2. Химия өнеркәсібі жоғары дамыған елдерді атаңдар.


Балалар өткен сабақтың білімдерін көрсету үшін ең алдымен кескін карталарын тексеруге береді, сосын мұнай және табиғи газ өндіретін мемлекеттерді картадан көрсетеді. Одан кейін салааралық кешендерге сипаттамаларды береді және сұрақтарға жауап береді:

1. АҚШ, Германия, Жапония, Канада, Ресей, Еуропа елдері.

2. Германия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Еуропа т.б.



ІІІ

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды: Ауыл шаруашылығының қандай басты салаларын білесіңдер? Ауыл шаруашылығының интенсивті және экстенсивті даму жолдары туралы не білесіңдер?

Сосын ауыл шаруашылығы – халық шаруашылығының ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді сала екендігін айтады. Ғалымдар ауыл шаруашылығының 50-ге жуық түрін көрсетеді. Д.ж.-де ЭБХ 46% осы салада еңбек етеді. Одан кейін балалардың назарын 22-кестеге аударады. Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Бұны 42-сызбанұсқа көмегімен түсіндіреді.

Бұл сала қандай факторға тәуелді екенін сұрайды. Одан кейін ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастарға қандай қатынастар жататынын сұрайды.

Одан кейін ауыл шаруашылығы өзінің дамуына қарай 3 топқа ажыратылатынын айтады:



1. Дәстүрлі (тұтынушы). Бұл топ екі түрі: 1) Африка, О.Америка, Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау, өсімдіктерді жинау. 2) Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулеріне (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру), С.Еуропа мен Азияның тундра зонасына (бұғы өсіру) тән көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Кейде егіншілік жеке дамиды, м: О-Ш Азия елдері – күріш, Африка – кофе мен жаңғақ, Латын Америка елдері – қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.

2. Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық. 3 бағыты бар:

1) егіншілік шаруашылығы (Азиядағы күріш өсіру)

2) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы (Африка, Азия, Латын Америка).

3) көп салалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы (Еуропаның кейбір елдері, Азия, Латын Америка).



3. Жоғары маманданған тауарлы. Мұнда ҒТР нәтижесінде механикаландыру мен химияландыру басым. 6 түрі:

1) дәнді-дақылдар шаруашылығы.

2) интенсивті егіншілік

3) плантациялық шаруашылық

4) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы

5) интенсивті мал шаруашылығы

6) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы

Ауыл шаруашылығын қайта түлету 20ғ 60ж басталған «жасыл революция» арқылы жүзеге асады, Одан кейін «жасыл ревлюция» туралы не білетіндерінді айтып беріңдер деп сұрайды.

Сосын ауыл шаруашылығы екі ірі саладан құралатынын айтады: мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және бал шаруашылығы да кіреді. Сосын өсімдік шаруашылығы өз ішінен дәнді дақылдар мен техникалық дақылдар, бақша және жеміс жидек шаруашылығы болып бөлінетінін айтады. Балаларды топтарға бөліп, өз тақырыптарын оқып шығып, талқылаңдар деп тапсырма береді.


Балалар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді: Ауыл шаруашылығының мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы бар. Интенсивті даму жолы – сапа жағынан түбегейлі өзгеріп дамуы, ал экстенсивті даму жолы – сандық жағынан дамуы деген сөз деп жауап береді.

Ауыл шаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен дамиды. Климаттық факторлар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы, белсенді температуралар жиынтығы, жылдық жауын-шашынның мөлшері, топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы. Соңғы кезде ҒТР нәтижесінде климаттық жағдайға тәуелділік төмендейді. Мысалы, Сауд Арабия.

Дамыған мемлекеттерде мал шаруашылығы басым, Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс АӨК арқылы жүзеге асады.

Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі: жеке меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Жоғары дамыған мемлекеттерде жер қорының біраз бөлігі фермерлердің қолында (40-50га), бірақ жердің басты қожасы – мемлекет. М: АҚШ-та жер қорының ¼ мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде, м: Азия мен Африкада феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары сақталған шаруашылықтар кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері – латифундиялар меншіктейді, (2-3 мың га). ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да меншіктің жаңа түрлері, жер қорының біраз бөлігі фермерлерге, кооперативтер мен жалгерлерге ұзақ мерзімге беріліп, олар өз қалаулары бойынша оны қажеттеріне жаратады.

«Жасыл революцияның» негізі болып табылатын басты мәселелер – мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту. «Жасыл революция» нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы 2-3 есе артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. 20ғ 80ж дамыған елдер аясында екінші «жасыл революция» немесе биологиялық-технологиялық революция жүрді.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына тән басты белгі – бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруге мамандану.

Сосын өсімдік шаруашылығы өз ішінен дәнді дақылдар мен техникалық дақылдар, бақша және жеміс жидек шаруашылығы болып бөлінетінін біліп, оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып шығып, талқылайды.


ІV

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:

1. Қай мемлекет қай майлы дақылды өсіруден бірінші орын алады?

а) ТМД____________, б) Италия_______________, в) Үндістан_____________, г) АҚШ_______________

2. Қартоп жинау жөнінен аталған елдер қандай орындарды иемденеді?

Ресей_______, Қытай________, Польша_________.

3. Сергітпе дақылдардың негізгі отанын көрсетіңдер, қазіргі өндірушілер кімдер?

Шайдың отаны________, Шайды өндіруші________

Кофенің отаны________, Кофені өндіруші________

Какаоның отаны_______, Какаоны өндіруші_______


Оқушылар тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырмаларды орындайды:

1. а) ТМД___соя_____, б) Италия__жер жаңғағы__, в) Үндістан___зәйтүн_____, г) АҚШ____күнбағыс__

2. Ресей___1__, Қытай___3____, Польша___2____.

3. Шайдың отаны Қытай,

Шайды өндіруші Үндістан,

Кофенің отаны Эфиопия

Кофені өндіруші Бразилия,

Какаоның отаны Америка

Какаоны өндіруші Гвинея жағалауы


V

Үй жұмысы:

1. §37-38 оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

3. Кескін картаға дәнді дақылдар жинаудан алдыңғы қатарлы елдерді түсіріңдер.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.



Сабақ: №45-46

Сыныптар: 10 А, 10 Д

Күні: 27.02.10 / 16.02.10

Тақырыбы: Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы. Көлік және байланыс географиясы

Білімділік мақсаты Мал шаруашылығы және оның негізгі түрлері, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығының басқа салаларына тоқталу. Көлік және оның түрлері, көлік кешеннің құрамдас бөліктері туралы білім беріп, байланыс құралдары мен географиясын оқып меңгерту.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Мұғалім балалардың білімдерін тексеру үшін ең алдымен, кескін карталарын тексеріп, карта алдында дәнді дақылдар жинаудан алдыңғы қатарлы елдерді картадан көрсетіңдер деп балаларды бір-бірден шығарады. Одан кейін балалардың орындаған тапсырмаларын тексереді және балаларға келесі сұрақтарды қояды.

1. Д.ж. бойынша ауыл шаруашылығы саласында қанша адам жұмыс жасайды?

2. ЭБХ деген не, оның ауыл шаруашылығына қандай қатысы бар?

3. Аграрлық қатынастардың түрлерін атаңдар.

4. Ауыл шаруашылығы қандай үш топқа ажыратылады?

5. Өсімдік шаруашылығы қандай маңызды салалардан тұрады?



Балалар өткен сабақтың білімдерін көрсету үшін ең алдымен кескін карталарын тексеруге береді, сосынбұл мемлекеттерді картадан көрсетеді және географиялық диктант жазады.

1. Ресей географтары.

2. ЭБХ - өндірістік және өндірістік емес салада жұмыс істейтін немесе жұмыс істегісі келетін барлық адамдары, д.ж.-де ЭБХ 46% осы салада еңбек етеді.

3. Жеке меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік.

4. 1. Дәстүрлі (тұтынушы). 2. Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық. 3. Жоғары маманданған тауарлы.

5. Дәнді дақылдар мен техникалық дақылдар, бақша және жеміс жидек шаруашылығы.



ІІІ

Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының маңызды әрі жетекші саласы. Ол да өсімдік шаруашылығы тәрізді өте ежелден келе жатқан және барлық жерге кең таралған шаруашылық. Қазіргі кезде мал шаруашылығының етті және сүтті бағыттағы ірі қара, шошқа, қой, құс өсіру сияқты д.ж.маңызы бар салалары қарқынды дамуда.

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, лала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Одан кейін мұғалім 25-кесте көмегімен ет өндіруден жетекші елдерді атап көрсетеді.

Шошқа шаруашылығы д.ж.ет өнімінің 40%?-ға жуығын береді, қазір оның 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда бұл шаруашылық адам тығыз қоныстанған аймақтарда тараған. Мұғалім балалардан шошқа шаруашылығы қайда кең тарағанын сұрайды.

Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жетілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді неңұрлым құрғақ аудандарда таралған. Қой шаруашылығының ең ірі аймағы – Аустралияның шөлейтті аймағы.

Одан кейін мұғалім балаларға инфрақұрылымдық кешен деген не деген сұрақты қойып, бұл салааралық кешенге сипаттама беріңдер деп тапсырманы береді. Инфрақұрылымдық кешен коммуникациялық жүйе мен әлеуметтік инфрақұрылым деп бөлінеді. Коммуникациялық жүйе өз кезегінде көлік пен байланыстан тұрады. Одан кейін оқушыларды екі топқа бөліп, көлік географиясы мен байланыс географиясын оқып шығып, талқылаңдар деп тапсырма береді.


Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды. Одан кейін мал шаруашығына сипаттама бере бастайды.

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, лала аймақтарында жақсы жолға қойылғанын айтып,білімдерінді бекітеді. Одан кейін оқушылар 25-кестені көшіріп алады және ет өндіруден жетекші елдерді картадан тауып көрсетеді.

Шошқа шаруашылығы қандай аймақтарда таралғанын айтып, бұл аймақтарды картадан көрсетеді.

Одан кейін қой шаруашылығы таралған аймақтарды атап, картадан көрсетеді.

Соңында ауыл шаруашылығының басқа салаларын атап, олардың ерекшеліктеріне тоқталады.

Одан кейін балалар инфрақұрылымдық кешен деген не деген сұраққа жауап беріп, бұл салааралық кешенге сипаттама береді.

Балалар екі топқа бөлініп, өз тақырыпшаларын оқып, мазмұнын айтады.


ІV

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:

1. Әлемдік теңіз порттары бар 5 мемлекетті көрсетіңдер:

1. Марсель 2. Лондон

3. Роттердам 4. Гамбург

5. Сингапур 6. Кобе

7. Иокогама 8. Нью-Йорк

9. Жаңа Орлеан 10. Гавр

2. Әлемдік балық аулауда алдыңғы орындардағы 4 мемлекетті атаңдар.

1. Жапония 2. Қытай

3. АҚШ 4. Италия

5. ОАР 6. Үндістан

7. Индонезия 8. Ресей

3. Әлемдегі ең ірі «әуе державаларын» атаңдар.

1. ГФР 2. Италия

3. Испания 4. АҚШ

5. Жапония 6. Ресей

4. Әлемдегі ең ірі теңіз порттарын атаңдар.

а) Еуропада................................................................

ә) Азияда ...................................................................

б) Америкада .............................................................

5. Әлемдегі ең ірі аэропорттарды атаңдар.

а) Еуропада................................................................

ә) Азияда ...................................................................

б) Америкада .............................................................



Оқушылар тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырмаларды орындайды:

1. Әлемдік теңіз порттары бар 5 мемлекетті көрсетеді: Роттердам, Сингапур, Кобе, Нью-Йорк, Жаңа Орлеан, Гавр.

2. Әлемдік балық аулауда алдыңғы орындардағы 4 мемлекетті көрсетеді: Жапония, Қытай, АҚШ, Ресей.

3. Әлемдегі ең ірі «әуе державаларын» атайды: АҚШ, Жапония, Ресей.

4. Әлемдегі ең ірі теңіз порттарын атаңдар.

а) Еуропада................................................................

ә) Азияда ...................................................................

б) Америкада .............................................................

5. Әлемдегі ең ірі аэропорттарды5 атаңдар.

а) Еуропада................................................................

ә) Азияда ...................................................................

б) Америкада .............................................................



V

Үй жұмысы:

1. §39-40 оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

3. Кескін картаға ірі теңіз каналдары мен бұғаздарды, ең ірі сегіз портты түсіру.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет