Сабақ: №18
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні:
Бекітемін: ________________ ______
Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күні
Бихиенова Х. М.
Тақырыбы: Географиялық белдеулер мен зоналар
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Географиялық қабықтағы зоналылық заңдылық туралы, жер шарының географиялық белдеулер мен табиғат зоналары туралы білімді кеңейту.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім географиялық қабықтың зоналылық заңдылығы – табиғат құрам бөліктері мен кешендерінің экватордан полюстерге қарай ғаламшар ауқымында өзгеру заңдылығын атақты орыс ғалымы В. В. Докучаев негіздеген. Сонымен Жер шарында 13 географиялық белдеу, зоналар мен белдеулердің шекаралары сәйкес келмейді. Жер шарының географиялық белдеулер мен табиғат зоналарын 14-сурет арқылы түсіндіреді.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.
Оқушылар қысқаша конспект жазып отырады, сұрақтарға жауап береді.
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:
1. Кестені толтырыңдар.
Табиғат зоналар
|
|
|
Географиялық орны
|
|
|
Климаты
|
|
|
Топырағы
|
|
|
Өсімдіктері
|
|
|
Жануарлары
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
|
Балалар параграфты оқып шығады және тапсырмаларды орындайды. Түсінбеген жерлерін сұрайды.
|
ІV
|
Үй жұмысы:
1. §15, 16 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Тапсырманы аяқтау.
3. Кескін картаға географиялық белдеулер мен табиғат зоналарды түсіру.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.
|
Қоштасады.
|
Сабақ: №19
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні:
Тақырыбы: «Жалпы географиялық заңдылықтар» бөлімі бойынша қайталау
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – «Жалпы географиялық заңдылықтар» бөлімі бойынша оқушылардың білім-біліктерінің меңгерілу және мүмкіндік деңгейін анықтау. Жалпы географиялық заңдылықтар туралы білімді бекіту, және одан әрі дамыту
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Жалпылап, жүйелеу сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (10 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар мұғаліммен амаедасады да, сабаққа дайындалып отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім балалардың дәптерлерін және кескін карталарын тексереді. Сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды.
1. Дүние жүзінде қанша белдеу мен табиғат зоналары бар?
2. Табиғат зоналары мен географиялық белдеулердің айырмашылығы неде?
|
Балалар дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді. Сосын бір бала тақта алдындағы картада барлық табиғат зоналарын көрсетеді. Ал екінші бала бір табиғат зонаны жоспар бойынша сипаттайды.
Балалар дүние жүзінде 13 географиялық белдеу бар, ал бұл белдеулер өз ішінен табиғат зоналарға бөлінетінін айтады.
|
ІІІ
|
Мұғалім оқушыларды жұптарға бөліп, әрбір жұпқа бірдей тапсырмаларды береді. Қай жұп тапсырмаларды бірінші болып және дұрыс орындаса, сол балалар жоғары бағаланады.
1 тапсырма. Егер Мәскеудегі уақыт 14 сағат болса, онда Якутскіде уақыт қанша екенін анықтаңдар.
2 тапсырма. Сахалиннің меридиан бойындағы ұзындығын градуспен анықтаңдар және оны километрге айналдырыңдар.
3 тапсырма. Альпинистер 300 м биіктікке көтерілгенде барометр осы биіктікте қысымды 450 мм с.б көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым нешеге тең болады?
4 тапсырма. Географиялық қабық, биіктік белдеулік деген не?
|
Оқушылар жұптарға бөлінеді де, өз тапсырмаларын орындай бастайды.
1 тапсырма. Ең алдымен Мәскеу және Якутск қандай сағат белдеулерде орналасқанын анықтайды. 6 сағат айырма жасайды, яғни, 20 сағат болады.
2 тапсырма. Сахалинді меридиан бойынша қанша градусқа созылғанын өлшеп, оны 111 км-ге (1 градус=111км) көбейтеді.
3 тапсырма. Әрбір 10 м биіктеген сайын қысым 1 мм с.б. төмендейді, сондықтан да 450+30=480 мм с.б.
4 тапсырма. Географиялық қабық – Жер шарының біртұтас қабығы, оның құрамдас бөліктері бір-бірімен өте тығыз қарым-қатынаста болады, олардың арасында ұдайы зат пен энергия алмасуы жүреді.
Биіктік белдеулік – таулардағы географиялық зоналар қысым мен температураның әсерінен биіктеген сайын өзгереді, бұл заңдылықты биіктік белдеулік деп атайды.
|
ІV
|
Үй жұмысы:
1. «Жалпы географиялық заңдылықтар» бөлімі бойынша қайталау
2. Жалпы географиялық заңдылықтар бойынша сөзжұмбақ құрастыру.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.
|
Сабақ: №20
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні:
Тақырыбы: №1 сарамаңдық жұмыс
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары:
І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)
ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар сабаққа даяр отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптері мен атласы, кескін картасы болады.
|
ІІ
|
1 тапсырма. Қалауы бойынша мектеп атласы біреуіне талдау жасау:
а) атластың библиографиялық көрсеткіштерін анықтау;
ә) атластың құрылымын анықтау;
б) қалауы бойынша бір тақырыптық картаның мазмұнына, картографиялық кескінделу әдіс-тәсілдеріне, математикалық негізіне сипаттама беру;
в) картадағы қосымша материалдар жиынтығын анықтау және оларға баға беру;
г) қорытынды
2 тапсырма. Жалпы геограиялық және тақырыптық карта бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізу:
а) қалауы бойынша алынған нүктелердің арасындағы немесе материктердің батыстан-шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай қашықтығын градуспен, км-мен өлшеу;
ә) қалауы бойынша алынған нүктелердің немесе географиялық объектілердің географиялық координаталарын анықтау;
б) берілген координаталар бойынша нақты объектілердің географиялық орнын анықтау;
в) қорытынды жасау.
|
Оқушылар қалауы бойынша мектеп атласы біреуіне талдау жасайды. Ол үшін ең алдымен атластың библиографиялық көрсеткіштерін анықтайды, яғни атлас авторлары мен атын анықтайды, қай жылы, қандай баспа шығарғанын анықтайды. Сосын атластың құрылымын анықтайды, яғни, атлас қандай бөлімдерден құралған, тақырыптық карталары және т.б. Сосын қалауы бойынша бір тақырыптық картаның мазмұнына, картографиялық кескінделу әдіс-тәсілдеріне, математикалық негізіне сипаттама береді және картадағы қосымша материалдар жиынтығын анықтау және оларға баға беру. Ең соңында істеген жұмысына қорытынды жасайды, атлас оқу үшіні ыңғайлы ма, мазмұны толық па, барлық жақтарын қарастырған ба т.б.
Екінші тапсырманы орындағанда ең алдымен екі нүктені таңдап, оны сызғышпен өлшейді. Алынған нәтижелерін масштабына көбейтеді немесе екі нүкте арасындағы қашықтықты градуспен өлшеп, оны 111 км-ге (1 градус=111км) көбейтеді.
Сосын бір объектінің координаталарын анықтау үшін ендік пен бойлықтарды еске түсіреді. Және керісінше мұғалімнің берген координаталары бойынша объектіні анықтайды.
Соңыныда орындалған жұмысы бойынша қорытынды шығарады.
|
ІІІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.
|
Сабақ: №21
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні: 28.11.09/24.11.09
Тақырыбы: Дүние жүзінің саяси картасы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Саяси картаның мазмұны, оның қалыптасу кезеңдері туралы және саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторлара туралы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, Еуропаның саяси картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (5 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (1 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім балалардың орындаған сөзжұмбақтарды жинап алып, тексереді. Соның бір-екеуін балаларға таратып беріп, білімдерін тексереді.
|
Балалар орындаған сөзжұмбақтарын жинап көрсетеді. Сосын балалар бұл сөзжұмбақтарын топ болып шешеді, сөйтіп білімдерін бекітеді.
|
ІІІ
|
Ең алдымен, мұғалім балалардан саяси география және саяси карта дегеніміз не деген сұрақтарды қояды. Одан кейін саяси картаның қалыптасу кезеңдеріне тоқталады: Жаңа (17 ғ-дан 1-ші д.ж. соғысқа дейін) және ең жаңа кезең (1-ші д.ж.соғыстан бүгінгі күнге дейін).
І кезең: Еуропалықтардың отарлау әрекеттері 15 ғасырда португалдардың Солтүстік Африкадағы аса маңызды сауда және көлік қатынасы орталықтары болып табылатын Сеута және Мелилья қалаларын жаулап алуынан басталды.
ІІ кезең:
Сосын мұғалім балаларға саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторлар сызбанұсқаны сызады.
Саяси картаның өзгеру:
әр түрлі деңгейдегі соғыстар;
елдің тәуелсіздігінен айырылуы, шекаралары мен аймағының өзгеруі;
жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы;
ел аты мен астана атауының өзгертілуі;
мемлекеттердің ыдырауы мен бірігуі;
елдердің мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесінің өзгеруі;
елдер арасындағы және халықаралық келісімдер;
ел астанасының басқа қалаға көшіруі.
Сосын мұғалім саяси картадағы маңызды өзгерістерді айтып, балаларға жазғызады: 1939-40ж Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып алу есебінен КСРО аумағы кеңейді, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Азияда бұл кезеңде Индонезия мен Вьетнам (1945), Филиппин (1946), Үндістан (1947), Бирма (қазіргі Мьянма 1948), Цейлон (қазіргі Шри-Ланка 1948) тәуелсіздігін алды. 1948 ж Корея бөлініп, 38 с.е. бойымен сызықтың солтүстігінде КХДР, оңтүстігінде Корея Республикасы пайда болды. Осы жылы БҰҰ шешімімен Израиль мемлекеті қалыптасты. 1949 ж Қытайда мемлекет құрылымын өзгертіп, Қытай Халқы Республикасы жарияланды.
|
Оқушылар саяси география дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді зерттейтін географияның саласы екенін айтады. Ал саяси карта деген барлық мемлекеттердің шекаралары мен астаналары белгіленген карта дейді. Одан кейін саяси картаның қалыптасу кезеңдерін жазып алады және мұғаліммен бірге сабақты талдай бастайды.
Балалар тарих сабағынан алған білімдерін еске түсіреді: 1914-1918ж аралығында болған 1-ші д.ж.соғыста Антанта (Англия, Франция, Ресей) және Үштік Одақ (Германия, Аустрия-Венгрия, Италия) елдері бір-бірімен соғысқанын айтады. Жалпы алғанда бұл соғысқа 38 мемлекет қатысты.
Балалар қысқаша конспект жазып отырады.
Қазан революциясы нәтижесінде Ресейде мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесі өзгерді, Аустрия-Венгрия монархиясы мен Польша, Балтық бойы елдері тәуелсіздігін жариялады.
20 ғ 50-60 ж Ұлыбритания мен Францияның иеліктері негізінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер (мальдив аралдары, Камбоджа, Пәкстан Ислам Республикасы, Бангладеш, Сингапур, Кувейт т.б.) пайда болды. Осы кезеңде Африкада 40-қа жуық мемлекеттер өз тәуелсіздігін алды.
Еуропаның саяси картасындағы соңғы өзгерістер 20 ғ 80-90ж социалистік жүйенің ыдырауымен байланысты болды. 1989-1990ж Болгария, ГДР, Румыния, Чехословакияда тоталитарлық жүйеге қарсы төңкерістер болды. Нәтижесінде 1993ж Чехия мен Словакия Республикалары пайда болды. 1990ж ГДР мен ФРГ қайта бірікті. 1991Ж КСРО ыдырап, 15 республика өз тәуелсіздігін жариялады. ЮФРО-ң ыдырауы салдарынан Хорватия, Словения, Македония, Босния және Герцогивина, Югославия пайда болды.
|
ІV
|
Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Саяси картада не бейнеленеді? Оның өзгерістеріне қандай факторлар себепші болады?
2. Дүие жүзінің саяси картаның қалыптасуына негіз болған оқиғалар қай кезеңдерде болды?
3. Еуропаның саяси картасында 1-ші д.ж.соғыс әсерінен қандай өзгерістер болды?
4. 2-ші д.ж.соғыс әсерінен д.ж.саяси картасында қандай өзгерістер болды? Оған соғыстан басқа қандай факторлар әсер етті?
|
Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Саяси картада барлық мемлекеттердің шекаралары мен астаналары белгіленген. Оның өзгерістеріне әр түрлі деңгейдегі соғыстар, елдің тәуелсіздігінен айырылуы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы т.б.
2. 1-ші д.ж.соғыста, Қазан революциясы, 20 ғ 50-60 ж Ұлыбритания мен Францияның иеліктерінің айыруы, 20 ғ 80-90ж социалистік жүйенің ыдырауы.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.
|
Сабақ: №22
Сыныптар: 10 А, 10 Д
Күні: 28.11.09/24.11.09
Тақырыбы: Елдердің түрлері. Халықаралық ұйымдар
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Дүние жүзінің саяси картасының объектілері, тәуелсіз мемлекеттердің мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесі бойынша топтастыруын түсіндіру, тәуелді аймақтар туралы білімді одан әрі меңгерту мен бекіту, халықаралық ұйымдар туралы білімді қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |