Сабақ жоспарларына Бағдарламаның бір тақырыбын енгізуді негіздеу жəне оны енгізуде қолданылған əдістеме туралы рефлексивтік есеп



Дата04.07.2018
өлшемі25,52 Kb.
#47095
түріСабақ
Сабақ жоспарларына Бағдарламаның бір тақырыбын енгізуді негіздеу жəне оны енгізуде қолданылған əдістеме туралы рефлексивтік есеп

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат міндеттер жүктеп отыр.Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғы шартын қалыптастыру мектепте жасалады. ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты , адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, оқу тәрбие үдерісін ұйымдастыруына көмектеседі.

Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың білімін жетілдіруде оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану»деп сипатталған.Сын тұрғыдан ойлау «Тәжірибедегі рефлексия»курсында оқыған Бағдарламада екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. (Мұғалімге арналған нұсқаулық )

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі,нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлаудың мақсаты сынауға емес, шыңдалған, ойлау қабылеті жүйрік,еркін ойын айта алатын,өз бетімен білімін өмірде қолдана білетін тұлғаны дайындау,сондықтан бағдарламаның

«Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру »тақырыбын алдым.

Сабақ барысында пайдаланған сын тұрғысынан ойлау модулі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, сабақтың мағынасын ашу, сабақ кезеңдеріне ой толғаныс жасау кезеңдерін қолданамын.

Қызығушылықты ояту. Сабақта үйрену процесі бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Оқушылар жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте алады. Осы арқылы ойды ояту ми қыртысынан тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Ой қозғау», «Миға шабуыл» «Топтық талқылау» , «Жұпта талқылау», «Болжау»,«Джиксо» «Айналмалы бекет»деген атаулар жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты үйренушінің белсенділігін арттыру, өйткені үйрену енжарлықтан көрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, бір-бірімен бөліседі, тобында талқылайды,яғни өз ойын айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, сыни тұрғыдан ойлана алады.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап оны байырғы білімімен ұштастыра алады.

Осындай алдынан шыққан проблеманы шешу мақсатында, оқушы өзінің жинақтаған біліміне, азды-көпті тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс тәсілдерді іздеу арқылы шығармашылық әдет қалыптасады. Ал топпен жұмыс істеудің маңыздылығы мынада:



  1. Топ жеке адамның пікірімен санасады.

  2. Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады.

  3. Оқушы бойында болжау жасау,қиял, шығармашылық дамиды.

  4. Бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасайды, достық тілек, өзгенің пікірімен санаса білу,ойларын ашық айта білу дағдылары қалыптасады.

  5. Бойларындағы жасқаншақтық, жалтақтық, еріншектік, ұяңдық сияқты мінез қылықтарын жоя отырып, ұйымшылдық,бір-біріне қол ұшын беру сияқты мінез қалыптасады.

Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?- деген сұраққа американдық профессор Дэвид Клустер, сыни деп айтуға келмейтін құбылыстарға тоқтала отырып, сыни тұрғыдан ойлауды анықтайтын үш пункті ұсынды.

Біріншіден, сыни тұрғыдан өзіндік жеке ойлау болып табылады дейді (мысалы сабақ барысында әр оқушының өз ойлары мен пікірлерін басқалардан тәуелсіз құруы ).

Екіншіден, сыни ойлауды тудыратын білім дәлелдемелері екеніне тоқталады.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады дейді.

Бұл жерде адамзат баласының Абай айтқандай, үш түрлі мінезбен туатыны, яғни соның бірі көрсем, білсем деген талпыныс құмарлығы туралы пікірімен үндеседі.

Бұл жөнінде шығыстың ғұламасы Аристотель «Ойлау таңданудан басталады, табиғаттың ашылған құпиясы алдында шынайы таңырқау-ойдың күшті тасқынын тудыратын қуатты түрткі»-деген.

Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы нені біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.7 «А» сыныбында өткен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау модулін кіріктіре өттім. Сабақ жоспарын құру сәтінде , үй жұмысын тексеру , жаңа сабақ түсіндіру барысында қиыннан оңайға бағытталған сұрақтарды дұрыс құрып, сұрақтарды оқушыларға дұрыс қою оның мотивациясын дұрыс түсіндіру арқылы қолданып отырдым. Осы қолданған модулім өз сабақтарымда жақсы және айқын көрінді: Бірінші сабағым «Рационал бөлшектерді қысқарту» атты тақырыбында сабақтың мақсаты: Рационал бөлшектерді қысқартуға және оны есептерде қолдана білуге үйрену және бөлшектер бойынша білімін кеңейту.Сабақтан күтілетін нәтиже: Оқушылар бөлшек ұғымын қайталау арқылы нақты жағдайда мәселені шеше алады, бөлшектерді қысқарту есептерін шешу жолдарын дәлелдеді. Қолданылған әдіс тәсілдер: «Ой қозғау», «Айналмалы бекет», «Жұптас,Ойлан,Бөліс» әдістері, топтық жұмыс, диалогтік оқыту. Сабақта қолданылған модульдер: Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлану, оқыту үшін бағалау оқытуды бағалау, талантты және дарынды оқушыларды оқыту.Осы модульдерді осы сабағымда сыни тұрғыдан ойлау молулімен тығыз байланыстырдым. Жас ерекшеліктеріне сәйкес сын тұрғысынан ойланатын деңгейлік тапсырмалар бердім. Талантты және дарынды оқушыларды анықтау үшін күрделі тапсырмаларды сын тұрғысынан ойлану арқылы өз беттерінше іздену жұмыстарын жүргізуге әрекеттер жасадым. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, берілген тапсырмаларға нақты әрі дұрыс дәлелдемелер жасау мен жауап беруге сындарлы ойлауға бағыт-бағдар беріп отырдым. Бұл тақырыпта берілген тапсырмаларды оқушылар топпен, жұппен бөлініп орындаған кезінде оқушылардың өз жұмыстарын қорғау сәттерінде математикалық тілде, яғни ғылыми тілде сөйлеуге талпынғаны көрінді. Яғни сабақта оқушылар топпен бірлесіп жұмыс жасады, үлгермеуші оқушылардың сабаққа деген талпыныстары байқалды, өз ойларын ашық айтуға сыныптағы белсенді оқушылар үлгермеуші оқушыларға жеке дара түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырды. ІІ топтағы үлгермеуші оқушы өз топтарына ұран айтуларына көмектескен, яғни «Болашақ мына жастар біздердің қолымызда». Маған бұл сабақта І топтың есептерді шешуде өз беттерінше формулаларды қорытып шығарғаны өмірде оны қалай қолдана алатындарын көрсете алды, әр түрлі заттарды бөлшектерге бөлуге болатынын, ол бөліктердің оқу жолдарын өз жұмыстарын жасауда дәлелдеп қорғап берді. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға

-рационал өрнек

- бөлшектерді қысқартуды қалай орындаймыз, түсіндіріңдер.

-Бүтін өрнек деген не?

-Рационал бөлшектер деген қандай бөлшек түсіндіріңдер?

деген сұрақтар беру арқылы оқушыларды сындарлы ойлауға талпындырып отырдым. Бұл сабақта сыни тұрғыдан ойлау модульі жаңа тәсілдер, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, оқытудағы бағалау модульдерімен байланысып отырды. «Айналмалы бекет»әдісі бойынша оқушылар есептерді шығарып,бір-бірінің есептерін тексеріп,қатесін жөндей отырып,қай жерде қателескенін өздері біліп,түсінді.»» «Ойлан,жұптас,бөліс,»әдісін қолдана отырып есептер шығарғанда оқушы жеке өзі ойланып есепті шығарады,жұптасыпбір-бірімен өз ойларын бөліседі және бөліс бойынша сынып бойынша талқылайды.Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше әрекет жасауына өте қолайлы және олар өз қателерін тауып,түсініп отырады. Ал екінші «Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында өттім. Мақсаты: Бөлімдері бірдей бөлшектердің қосу мен азайтудың қасиетімен танысады, бөлімін ортақ бөлімге келтіруді қолдана алуы, ортақ бөлім беру арқылы бөлшектің бөлімін табады.. Бөлшектер бойынша білімдерін кеңейте отырып есептер шығаруда қолдану дағдысын қалыптастырады. Сабақтағы күтілетін нәтиже: Оқушылар бастапқы мақсаттарға сай бөлшек туралы түсінік алады, сипаттайды, өз ойларын түсіндіреді. Қолданылған әдіс тәсілдер топтық жұмыс, диалогтік оқыту және оқушылар мен үнемі кері байланыс жасау арқылы сабағымда осы модулді қолданғанда оқушылардың өткен сабақтағыдан талпынысы орташа болды. Негізгі бөлімде оқушылар оқулықпен жұмыс жасады. Бірақ тапсырмаларды орындау барысында олардың ойлау қабілеттері байқалып, бір – біріне сұрақтар қоя отырып жауап берді, ал есептер де қате жауаптар болғанда олардың өздері түзетіп отырды.Алдында өтілген сабақпен жаңа өтілген сабақтардың арасындағы бөлшектердің өзара айырмашылықтарын салыстырыңыз, қалайша жіктеуге болады, қалайша біріктіруге болады.Сол мәселені дәлелдеу үшін нені біріктіруге болады? деген сұрақтарды оқушылар басшылыққа ала отырып өздерінің постер жасау кезінде көрсетіп, қорғады. Олар екі тақырыпта бөлшектердің біреуінің бөлімдері бірдей, ал екіншісінің бөлімдері әр түрлі екендіктерін анықтап отырды

Меніңше сыни тұрғыдан ойлау берілген формулаларды қорытып шығару жолдарын, оны есептер шешуде қалай қолдануға болатынын айқын көрсетті. Егер солай болса нәтижесі қандай болар еді тапсырмаларды дұрыс құрып, оны оқушыларға дұрыс қойса, онда оқушылар орындау барысында ойланды, саралады, талдады, кері байланыс жасап отырды, дәлелдеді, тұжырымдады. Бірақ үлгермеуші оқушыны қадағалау, кезінде одан сұрақтар арқылы жауап алып отырмаса, олар алғашқы сабақ барысында қандай болса, осы сабақта да осылай отыра береді екен және тапсырманы орындамай керісінше басқа оқушыларға қиындықтар туғызды. Маған бұл сабақта Алыбай Динараның өзі шығарып,топ мүшелеріне түсіндіріп,дәлелдеген постер қорғау сәті ұнады. Себебі ол постерде екі тақырыптың бөлшек екенін олардың ұқсастығы бөлімнен және алымнан тұратынын, бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу үшін бөлімін жазып алымдарын ғана қосу керектігін нақты әрі дәлелімен жауап берді. Біраз оқушы сабақтың барысында сабақтың мақсаты ашылғаннан кейін, берілген формулаларды өз бетінше қорытып шығарды. Берілген есептерге жауап іздеп оқушылар бір-бірімен диалогтік тәсілмен сыни тұрғыдан ойлап өз қабілеттерін көрсетті. Топта өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытқан оқушылар да болды. Топтарда сабаққа немқұрайлы қараған оқушыларда болды. Бұл сабақта Рационал және Бөлшек тобында өз ұрандары болды. Сол топтар өз ұрандарына сүйене отырып жұмыс жүргізді. Үшінші сабақтың тақырыбы:«Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту.» Сабақтың мақсаты: Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтудың әр түрлі тәсілдерін қолданып, есеп шығару дағдысын қалыптастыру. Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, диалогтік оқыту «Айналмалы бекет», «Ой қозғау», «Джиксо».әдістері Сабақта оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға мынандай тапсырмалар берілді. Сабақтың тақырыбын ашып алу үшін «Ой қозғау»әдісін пайдаланып,сұрақтар бердім.

-Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу

-Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту

-Рационал бөлшек пен жай бөлшектің арсындағы айырмашылық қандай, салыстырыңдар, түсінгендеріңді өз сөздеріңмен айтып беріңдер. Оқушылар сұрақтарды топта талқылап,берілген тапсырмамен жұмыс жасады. «Айналмалы бекет»әдісімен әр топтың есеептерін басқа топ тексеріп,қатесін жөндеп отырды.Бұл тапсырмады оқушылардың қатынас дағдылары қалыптасты,себебіолар ережені қайталады,қысқаша қорытты,есепке пайдалану үшін қайта тұжырымдады,бәрі бірлесе отырып есепті топтастырды және ұсыныс жасады.Ал негізгі бөлімді еске сақтау үшін есептер шығаруға тапсырма бердім. Бұл тапсырмада диалогтік оқыту мен зерттеушілік әңгіме әдісімен байланыстырдым.

-рационал бөлшектің мәні қандай оны қалай шығаруға болатынына түсінік беріңдер?

-Қандай тәсіл қолдандыңдар?

-Топпен талқылап түсіндіріңдер, дәлелдеңдер?

Оқушылар топпен бірлесіп жауап беріп отырды. Формуланы дәлелдеуде жас ерекшеліктеріне қарай оқыту модулімен байланыстырдым.Мысалы, Алыбай былай деп жауап берді: «5-сыныпта өткен жай бөлшектерді қосу мен азайту тақырыбындағы жай бөлшектердің негізгі қасиеттерін қолданамыз. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту үшін бөлімдерін бірдей ету, алымын қосу немесе азайту керек екені туралы айтып кетті. Яғни бұрынғы білімді жаңа алған ақпараттар арқылы еске түсіру, бүгінгі білімдерін кеңейту керек екендігі туралы атап кетті. Хашмия бөлімдері әртүрлі бөлшекті қосу мен азайтудың негізгі қасиеті бойынша бөлімдерін бірдей етіп алып,ол үшін ортақ бөлімге келтіру керек екенін айтып өтті және оның әрі қарай ережесін толық айтып,есепте қалай қолдану керектігін постер қорғап дәлелдеді. Оқушылар тура және нақты мағына мен әрекеттерді танып, өз ойларын потер арқылы дәлелдеді, қорғады. Мұнда оқушылар математикалық тілде сөйлеуге тырысып отырғаны байқалды. «Дайындал...Назар сал... Есептеңдер...» әдісі бойынша оқушылар мәтінмен жұмыс жасап,формулаға назар аударды,есепке пайдаланды.

Алдымен оқушылар өздерінің ойларын дәптерге жазды, жұпта талқылады, топпен бірлесіп талқылады, бөлшек туралы білді, Рационал бөлшек пен Жай бөлшектердің арасындағы айырмашылықтарын талқылауды, дәлелдеуді, өз ойларын пайымдау арқылы толық мәліметтер алуда оқушыларды сындарлы ойлаттым. Осылайша оқушылардың өз ойлары айтылып, жаңа білім жайлы ақпарат жинады. Оларды сабақта мен берген жауаптарына қарай түрткі болу, сынамалау, қайта бағыттау арқылы сұрақтарды түрлендіру арқылы бағыт бағдар бердім. Сабақ соңында әр топ бақылаушылары өз топтарын бағалады. Олардың топтарды бағалауында нақты критерийлерді қоя отырып әділ бағалауын түсіндірдім.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып жауаптарын алдым. Сіздің ойыңызша не сақталып қалды? Сабақтағы іс әрекеттерді қалай бағалайсыз ? тағы басқа түрінде болды. Өзгеріс бұл жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың өз ойын ашық айта алуы, топпен бірлесе жұмыс істеуі, сабаққа деген қызығушылықтары артты, өзін өзі бағалай алды. Сабақтың соңында оқушылар «Бес саусақ» әдісібойынша өтілген сабаққа кері байланыс жасады және өзін-өзі бағалау парақшасын берді.Мұнда оқушылар алдыңғы сабақтарға қарағанда бағалауға үйренгені байқалады,бірақ әлде де балды жоғары қойғандары көрініп тұрды.Сабақта сәтті жақтары қолданылған әдіс-тәсілдердің оқушыларға ұтымды болғаны,тақырыпты өз беттерінше түсініп,есептерге қолдана алғандары еді.Сәтсіз тұстары оқушылардың кейбірі сабаққа қатыспағаны және өзін-өзі бағалауда әлі де жоғары балл қоюлары болып тұр.Оны жою жолдары келесі сабақтарда осы кемшіліктерді болдырмау үшін тағы да жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану.

Бұл әдісте алдыңғы сияқты оқушыларды топпен, жұппен жұмыс жасауға үйретті. Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасады. Сондай ақ әдістің тиімділігі сабақта тысқары қалатын оқушы болмайды. Оқушылар өз ойларын ашық айтуға, сабаққа сыныптың 70 % ,80% қатысады, оқушылар сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланады,өзгенің пікірімен санаса алады,сыныптағы еркіндікті сезіне алады. Бұл сыни тұрғыдан ойлау модулін басқа модульдермен өз сабақтарымда байланыстыра отырдым. Барлық сабақтарымда жаңа әдіс тәсілдер арқылы сындарлы ойлауға, көшбасшылық жасай отырып талантты және дарынды оқушыларды анықтай алдым. Сыни тұрғыдан ойланатын сұрақтарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, деңгейіне байланысты беріп отырдым. Қорытындылай келе сыни тұрғыдан ойлау модулі арқылы оқушылар арасынан дарынды және талантты оқушыларды анықтауға болатынын байқадым. Осы модуль арқылы сабақта, көшбасшылық жасау арқылы, жаңа тәсілдерді қолдануда, оқушыларды терең ойлауына және өздері білгендерін мұғалімнің көзқарасымен өзінің де көзкарасы қандай екендігін салыстыра алатындығы байқалды.

Сыни тұрғыдан ойлауға оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісімен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді, дәлірек айтсақ осы әдіс-тәсілдермен жұмыс жүргізгенде оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай-ақ сындарлы ойлауға және мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.Осындай жасалған жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әр түрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар мектеп ішіндегі оқушылардың арасында дарынды оқушылардың шығуына ықпал етеді.

Қолданылған әдебиеттер:



1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2.Үлестірме материалдар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет