Сабақ жоспарларының үлгісі Бұл жоспар бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылады



бет1/3
Дата19.02.2017
өлшемі4,55 Mb.
  1   2   3
Математика 1 сынып

ІІ тоқсан тақырыптары бойынша сабақ жоспарларының үлгісі

Бұл жоспар – бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылады.

Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Оқушылардың өзіндік сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу – материалын терең ұғына беруге баулу - мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Әр сабақта баланың жас ерекшелектеріне сай түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып, сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастыру керек.

Жоспар Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровованың 2009 жылы «Алматыкітап» баспасынан шыққан оқулық бойынша жасалынды.


ІІ -тоқсан (барлығы (28 сабақ)
37-ші сабақ

Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың 6 саны және цифры, 6-ның сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл -ойын, ой -өрісін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру;

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке , үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау , сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жұлдыздар, санамақ.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың ұраны:

«Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық».



ІІ.Психологиялық дайындық .

«Күлімде ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .



ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Жаңа материалды қабылдауға дайындық үстінде 1-5 сандарының құрамы қайталанады, сондай -ақ тапсырмаға 1-10 -ға дейінгі ,10-нан -1-ге дейінгі санауды қосқан пайдалы.

«Қар лақтыру » ойыны

Карды лақтыру арқылы оқушылардың ауызша есептеулерін дамыту.



4-конечная звезда 554-конечная звезда 56

4-конечная звезда 534-конечная звезда 54


4-конечная звезда 504-конечная звезда 52
Енді қарларды әкеліп,тақтаға кему ретімен қарларды ілу.

1-ден 5-ке дейін ауызша өсу,кему ретінде санау.

Қазір, біз 5-тен кейін тұратын санмен танысамыз. Ол сан алты.

IV.Жаңа сабақты меңгеру. 1(сурет бойынша жұмыс)


-Балалар, гүлдің жанында қанша көбелек ұшып жүр?.......

Тағы бір көбелек ұшып келді. Нешеу болды?.....

5-тен кейін 6 тұрады. өрнек құрастыру. 5+1

V. Оқулықпен жұмыс: Оқулықты ашайық,тапсырманы орындайық.

№ 3 сандардың көршілерін табайық .

? 4 ? ? 3 ? ? 1 ? ? 5 ? ? 2 ?

VI. Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз,

Ауада 6 санды жазамыз,

Енді , 6 санды

Әдемі дәптерге жазамыз.



VII.Санамақ айтайық

Көлшіктегі бір бақа,

Құрғақтағы Құрбақа,

Сұрша құмда Сұр бақа,

Аузын ашып тұр бақа.

Арық емес көк бақа,

Топ -толық бір Тоқ бақа,

Арбандаған Аш бақа ,

Тарбандаған Тасбақа...

Бақылдайды бақ--бақ деп:

«Бақа санын тап, тап!» -деп.

VIII. №1 -62 беттегі тапсырманы талдап дәптерге орындау.

ІХ.Сергіту сәті:

Көк аспанға қараймын,

Келген құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

Х. Ауызша жұмыс. №4 -63 бет .Фигураларды ата . Кесінділерді өлше және салыстыр:

ХІ. Өзіндік жұмыс . №4 -4бет

ХІІ. Тақырыпты бекіту үшін дәптердегі №3 тапсырма орындалады.

ХІІІ.Сабақты қорытындылау.





Каталог: uploads -> doc -> 04bc
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04bc -> Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Ядроның құрылысы мен қызметі, ядроның жетекші ролі жөнінде мәліметтерді алады
04bc -> «экспо-2017» мақсаты әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның мүмкіндіктерін паш ету Н. Назарбаев
04bc -> Сабақ жоспары Смайыл Аян Байтұрғанұлы Өскемен қаласы әкімдігінің "№46 орта мектебі"
04bc -> Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры. Сабақтың мақсаты
04bc -> Xxi ғасыр химия ғасыры


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу