Ұзақмерзімді жоспардың тарауы
|
Сөз мәдениеті және шешендік өнер
|
10-сынып
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сөз сыны
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
10.1.6.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;
10.4.5.1 – сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазбаша жұмыс жүргізеді. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі: коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлей алады.
Кейбір оқушылар: сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі.
|
|
Бағалау критерийлері
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
– жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады;
– сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады;
– жазба жұмыс жасайды;
– мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі.
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Сөз сыны, көркем сөз, шешен сөз, бүгінгі шешендік, бейнелі сөз, сөз шебері,
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
«Менің ойымша, …»
«Менің пікірімше, …»
«Мен мынадай қорытынды жасаймын: …»
Не себепті … деп ойлайсың?
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
«Сөз сыны» дегенді қалай түсінесіңдер?
Өз өмірлеріңнен мысалдар келтіре аласыңдар ма?
Қандай сөз үлгісін ұсынар едің?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушылар бірлесе жұмыс жасайды, ортақ мәмлеге келеді (ынтымақтастық, құрмет).
|
|
Пәнаралық байланыстар
|
Әдебиет, тарих
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылым үлгілерін ұсына алады.
|
|
Алдыңғы оқу/Бастапқы білім
|
Сөз бедері
|
|
Сабақ барысы
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жұмыс түрлері
|
Ресурстар
|
|
Басы
|
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әрбір қиындыларда бақыт, қуаныш, шаттық деген сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру (3 минут)
– Сәлем, достым! (амандасады)
– Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)
– Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
– Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
– Сен келдің! (қолдарын жаяды)
– Жақсы болды! (құшақтайды) (3 минут)
|
Мәтін,
ғаламтор сайты,
слайд,
бейнежазба
|
|
Ортасы
|
1-тапсырма. «Мәтін құрылымына көңіл аудар» әдісі арқылы
мәтінді мұқият оқыңдар. Негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселе бойынша сыныпта ойталқы ұйымдастырыңдар.
Дескриптор:
– мәтін мазмұнымен танысады;
– негізгі ойды анықтайды.
ҚБ. «Қолдау көрсету» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды бағалайды.
2-тапсырма. «Ойлан-топтас-талда» әдісі арқылы мәтіннің тілдік оралымдарына талдау жасаңдар. Мәтіндегі жазушының сөйлеу әдебіне назар аударыңдар.
Дескриптор:
– тілдік оралымдарына талдау жасайды;
– жазушының сөйлеу әдебіне қарайды.
ҚБ. Эмоционалдық (жапондық) топтар бір-бірін бағалайды.
4-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің тиісті сөздерін қойып, онда берілген мақал-мәтелдерді жүйелеп, ой бөлісіңдер. «Дербес пікір жазу» әдісі бойынша әр оқушыға тақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдіруін сұрайды. Қарастырылған тақырып бойынша өз ойын жазады. Ой мынандай құрылымнан тұруы керек:
1. Өзіндік пікір – 1 сөйлем.
2. Дәлел – 2 сөйлем.
3. Өз пікірін дәлелдейтін мысал – 2 сөйлем.
Дескриптор:
– мәтінде берілген мәліметтермен ой бөліседі;
– тақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдіреді.
ҚБ. «Пікір алмасу» әдісі топ бір-бірін бағалайды.
5-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі арқылы көп нүктенің орнына тиісті сөйлемді қойып жазыңдар.
Дескриптор:
– көп нүктенің орнына тиісті сөйлемді қойып жазады.
ҚБ. «Сөздік бағалау».
|
Оқулық,
мәтіндер
|
|
Бағалау
Кері байланыс
|
Үйге тапсырма: 3-тапсырма. Шешендікке қатысты нақыл сөздерді пайдаланып, шағын мәтін жазыңдар.
«Сен маған, мен саған» әдісі.
Дәптермен жұмыс.
Рефлексия (3 минут)
Рефлексиялық эссе
Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:
– Алдымен біз былай деп ойладық: …
– Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық: …
– Проблеманы шешу үшін: … жасадық.
– Бұдан біз … көрдік.
– Демек, бұл мынаны білдіреді …
Сонымен біз … деген шешімге келдік.
|
Бағалау парақшасы
Қағаз қиындылары
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
Саралау –
Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
Саралап іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер: оқушыға дербес көмек көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиынтық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданылады.
|
|
Бағалау –
Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазу керек.
|
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағамдау
|
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.
|
|