Электр зарядының сақталу және Кулон заңындағы терминдерді диалогта және жазуда еркін қолдана алады
Пәндік лексика және терминалогия
Электр,элементар заряд,Кулон заңы, электр тұрақтысы, күш, вакуум,электрон, протон
Диалогқа және жазуға қажет сөз тіркестері
Ең аз теріс заряды бар бөлшек ....
Электронның электр заряды ... деп аталады.
Халықаралық бірліктер жүйесінде электр зарядының бірлігіне ... алынады
... мәні 8,85*10 -12 Кл2/Н*м2 тең
Құндылықтарға баулу
Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға жұптық және топтық жұмыс арқылы дарытамын
Пәнаралық байланыс
Математика: тура және кері пропорционал тәуелділігі
Информатика: АКТ
Алдыңғы білім
Денелердің электрленуі,электр заряды, оң және теріс заряд, Кулон күші, электр тұрақтысы, Электр зарядының сақталу заңы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
8-10мин
Сәлемдесу, түгендеу, сыныпта жағымды ахуал туғызу
«Заряд алу»сергіту сәті
Мақсаты: оқушыларды ұқыпылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету.
Тиімділігі: Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді.
- оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап аламыз.
- Электр зарядының сақталу және Кулон заңына «Домино» ойыны жүргізіледі.Домино жасап оң жағына сұрақ,сол жағына жауап жазып қоямын. Солардағы сұрақтармен жауаптарды сәйкестендіреді.
1-топ 1.Оң элементар зарядқа сәйкес бөлшек: Ж: Протон
2.Екі оң таңбалы зарядтар қалай әсерлеседі? Ж:Зарядтар тебіледі
3.Тең бүйірлі үшбұрыштың төбелерінде +10q,-10q және -q зарядтары орналастырылған. –q зарядына әсер ететін күштің бағытын көрсетіңіз.
-q Ж:
-10q +10q
4.Заряды q1 = -2нКл тамшысы заряды q2 = 3 нКл су тамшысымен бірікті. Пайда болған тамшының заряды қандай? Ж: +1нКл
5. Екі нүктелік зарядтың әсерлесу күшінің модулінің формуласын (Кулон заңы)көрсетіңіз.
F=1/4πƐ˳Ɛ * ⃓q1⃓*⃓q2⃓/R2
6. Электр тұрақтысының сан мәні неге тең? Ж: 8,85*10-12 Кл2/Н*м2
2-топ 1.Шамасы -1,6*10-19 Кл теріс зарядталған элементар бөлшек. Ж: Электрон
2. Әр аттас зарядтар қалай әсерлеседі? Ж:Зарядтар тартылады
3.Тікбұрышты төртбұрыштың төбелеріне бірдей зарядтар орналастырылған, таңбалары суретте көрсетілген. Төртбұрыштың ортасына орналастырылған теріс таңбалы зарядқа әсер ететін кулондық күштің бағытын көрсетіңіз.
Ж:
+ +
+
- -
4.Бейтарап су тамшысы екі бөлікке бөлінген .Бірінші тамшының заряды -4q .Екінші тамшының заряды қандай? Ж: +4q
5. Кулон заңының тұжырымдамасы. Зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал.
6. Пропорционалдық коэффициенттің сан мәні неге тең? Ж: 9*109 Н*м2/Кл2