Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Абдолова Әсем 7 сынып Исатай ауданы



Дата26.08.2017
өлшемі85,69 Kb.
#29161
түріСабақ
Абдолова Әсем

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Абдолова Әсем

7 сынып


Исатай ауданы

Х. Наубетов атындағы орта мектеп



Сабақтың атауы

Сөз тіркесінен өткенді қайталау


Сілтеме

«Қазақ тілі» оқулығы 7- сынып

Авторы :С. Исаев, Г. Қосымова



Жалпы мақсаты


Әр түрлі тапсырмалар арқылы сөз тіркесі туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушы білімін сарапқа салу, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, сауаттылықтарын арттыру.

Міндеттер:


Оқушылардың қызығушылығын ояту

Сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстар жүргізу

Сөз тіркестері туралы білімдерін дамыту


Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,өз беттерімен жұмыс жасауға,өз ойларын еркін әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру

Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау



Күтілетін нәтиже

Өз білімі мен өзгенің білімін бағалай білуге, білгенін басқаға үйретуге, білмегенін басқадан үйрену мүмкіндігі артады

Өз бетінше жұмыс жасау деңгейі көтеріледі




Сабақтың түрі:


Білімді қорыту және жүйелеу

Сабақтың әдіс-тәсілі:


кітаппен жұмыс істеу, сұрақ, грамматикалық талдау, өз бетімен іздену, талдау шығармашылық жұмыс.


Х. Наубетов атындағы орта мектеп

Атырау облысы, Исатай ауданы


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару Сөз тіркестері арқылы оқушыларды топқа бөлу



Білім

1.Сөз тіркесі дегеніміз не?

Сөз тіркестерінің сыңарларын ата

Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сыңар қайсысы?

Сөз тіркесінің түрлері қалай анықталады?

Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ата.



2. 1 топ Матасу 2 топ Меңгеру 3 топ Қабысу

ІІ Түсіну Семантикалық картамен жұмыс




Қиысу

матасу

меңгеру

жанасу

қабысу

Ақынның өлеңдері
















Ардақты ат.
















Сабақтан соң келу
















Ауылдың тұрғандары
















Орнынан тұрды
















Отынды кіргізді
















Үлкен терезе
















Біз оқимыз
















Түске шейін бітірді
















Жақып ойланып қалды
















Есімді және етістікті сөз тіркестері




есімді

етістікті

Жаңа мекен







Көйлек кию







Отыз жұмысшы







Сәлем айту







Орындалған арман







Жұмысты жандандыру







Кірпіш үй.







Сөздердің байланысу тәсілдерін анықта

«Сәйкестендіру жұмысы»

Телефон арқылы сөйлеу Орын тәртібі

Абай-ақын Жалғау арқылы

Самал жел Интонация арқылы

Адамзатты сүю Шылау арқылы

Білу үшін оқу Орын тәртібі

Шоқан –ғалым Жалғау арқылы

Ғажайып әлем Шылау арқылы

Еңбектің жемісі Интонация арқылы

ІІІ Талдау.

«Кім жылдам» Берілген мысалдарға сөз тіркесі мен байланысу түріне талдау жасау.

Ол әңгімені үнсіз отырып тыңдады

Әр адам өз ойын ана тілінде жақсы білдіреді

Жаман достан жақсы жау артық

ІV. Қолдану..

Сөз тіркестерін, тұрақты тіркестер, күрделі сөздерді топтап жазу.

Берілген сөз топтарынан 1 бағанға еркін сөз тіркестерін,2 бағанға тұрақты тіркестерді,3 бағанға күрделі сөздерді теріп алып, орналастырыңыз

Сөз тіркесі

Тұрақты тіркес

Күрделі сөздер










Қас пен көздің арасында, көрер таңды көзбен атырды, адам жүрегі ,күрең ат, ала жаздай төбе шашаы тік тұрды, оның бетінен оты шықты ,әдемі қыз, жүз жиырма бес, түймедейді түйедей ету, айылын жимау ,кішкентай бауыры, күрең кер отыз төрт, қой аузынан шөп алмас,ардақты адам, ит тұмсығы өтпейтін, әдеби кітап, ала жаздай, , таза үй, озат оқушы, торы ала, ертеден қара кешке дейін

2.Сөз тіркесінің құрамындағы күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің бағыныңқы,басыңқы сұрақтарын анықта.

Баласы зықысын шығарды

Сөзіне құлақ аспады

Жүз отыз оқушы

Күзге қарай оралды

Ақ боз ат

Сәби құлап қала жаздады

Жыл бойы еңбектенді

Өзіңе ұнаған сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құра.

V. Жинақтау

1. Сөз тіркестерін,күрделі сөз, тұрақты тіркестерді қатыстырып « Достық» тақырыбына шағын ой толғау жазу.

2.«Мен-саған, сен-маған» ойыны (Әр топ бір-біріне 5 сұрақ қояды)

ҮІ.Бағалау.

1.Тестілік сұрақтар шешу.

1.Басыңқы сөзі сын есімнен болған тіркесті тап.

А)көгілдір көл В)аппақ қар С) орамалға орау Д) елге танылған Е)Оқуға зерек

2. Тұрақты тіркесті табыңыз.

А) Дарқан дала В) Ғұмырнама С) Мұзға отырғызып кетті Д) Кедей-кепшік Е)Самал жел.

3.Етістікті тіркесті табыңыз.

А) Өнерлінің ырысы В) Іске шебер С) Асқарда бесеу Д) Елді қорғау Е) Ізгі сөз.

4.Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.

А) Әдеби кеш В)Қолға алды С) Қомсына бастады Д) Теңдік үшін Е) Әр уақытта

5. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.

А) Желмаяға міну В) Өмір үшін күресті С) Өмірдің мәнін түсінді Д) Ашық аспан Е) Ғылымды игеру

6. Матасуды табыңыз.

А) Төребек үйі В) Ашынған әйел С) Күн сайын күтті Д) Жайын

айтты Е) Өзі келді

7. Меңгеруді табыңыз.

А) аман келді В) біздің өлке С) сынға түсті Д) кең дала Е) қонақ Болу.

8.Жанасуды табыңыз.

А) жұп-жұпқа бөліну В) ғалымдардың пікірі С) бірте-бірте ашылды Д) алма алдырыпты Е) ешкімге соқтықпау

9. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады.

А) қиысу В) меңгеру С) матасу Д) қабысу Е) жанасу

10. Қабысуды табыңыз.

А) Тамырын басу В) Ұдайы болып тұрады С) Туыстардың ортасы

Д) Қара торы қыз Е) Айтқаныма сен



VІ . Бағалау өзін –өзі бағалау

VІІ Үйге тапсырма :

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет