Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Алимгазина Асел Балғабайқызы 6 сынып 6 оқушы Жарқайың ауданы



бет1/2
Дата28.06.2017
өлшемі306,95 Kb.
#20327
түріСабақ
  1   2
Жарқайың ауданы

Кен негізгі мектебі

Математика пәнінен ашық сабақтар жинағы



Математика пәні мұғалімі:

Алимгазина Асел Балғабайқызы
2012-2013 оқу жылы
Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеу тақырыбына қысқа мерзімді жоспар


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Алимгазина Асел Балғабайқызы

6 сынып 6 оқушы


Жарқайың ауданы

Кен негізгі мектебі



Сабақтың атауы

Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеу

Сілтеме

Математика 6 сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары

Жалпы мақсаты


Оқушыларға координаталық түзудің анықтамасын түсіндіру, координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты ажырата алуға, координаталық түзу шкаласын салуға үйрету, берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін ұғындыру, координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандардың кескінделуін көрсету. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Міндеттер


  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту

  • Жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу

  • Координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндей алуға үйрету

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау

  • Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру

  • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы

  • математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі

Сабақтың көрнекілігі

проектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар


Күтілетін нәтиже

Оқушылар координаталық түзудің анықтамасын, координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты, берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін білуге тиіс. Координаталық түзудің шкаласын жасауды және координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндей алулары керек. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру

кезеңі

Бағдаршам тренингі, музыка ойнап тұрады

Жасыл түсті қол (амандасады қол алысып)Сары түсті қол (иықтарынан қағады)Қызыл түсті қол (құшақтасады).

Оқушылар соңғы қызыл түсті бағдаршам түсін көрсеткенде екеуден құшақтасып қалады,сол жұптар болады. Солайша 3жұп құрамыз.

Бағалау критерийлері


  • Өз бетімен білім алуы

  • Дербес жұмыс жасауы

  • Жұпта жұмыс жасауы

  • Математикалық білімі

  • Математикалық тілі

  • Бағалауы




р/с

Оқушының тегі-аты

Білу

(жаңа тақырып бойынша өздеріндегі білім базасы)



Түсіну

(жаңа тақырыпты түсінуі)



Талдау

(жаңа тақырып бойынша ойларын айту )



Қолдану

(алған білімдерін есеп шығаруда қолдану)



Жинақтау (жаңа тақырыптан білгендерін жинақтау)

Бағалау (алған білімдеріне бір-біріне баға беру)

Қорытынды баға

1

Беріктас Жақсылық






















2

Болатова Гауһар






















3

Құрахбаева Айжан






















4

Манатова Мадина






















5

Сағитов Қуаныш






















6

Сейтенов Алмас






















2 мин

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 36 мин

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында Бағдаршам тренингін, музыка әуенімен орындаймыз.

Білу- 5 мин

Жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу. Алдымен интерактивті тақта көмегімен оқушыларға екі баланың қарама-қарсы жүріп бара жатқан суреті бойынша түсініктеме беріледі. Яғни Асан мен Үсен бір жерден бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүгірді. Асан 4м/с жылдамдықпен жүгірсе, Үсен 5м/с жылдамдықпен жүгірді. Балалардың әрқайсысының1 секундтан кейінгі орындарын табайық.



  1. Координаталық сәуле сызамыз

  2. Координаталық сәуленің санақ басы болатын О нүктесі-балалардың жүгіруді бастайтын орны.

  3. Асанның жүгіру бағыты «оң бағыт» деп есептеп, оның 1с –та жеткен қашықтығына сәйкес нүктені табамыз.

  4. Үсеннің жүгіру бағыты Асанның жүгіру бағытына қарама-қарсы болғандықтан, координалатық сәулемен бір түзудің бойында жататын, басталу нүктесі ортақ сәулені сызамыз.

  5. Сызылған сәуленің бойынан Үсеннің 1 с-тағы жүгірген қашықтығына сәйкес нүктені тауып, сол нүктенің координатасын теріс санмен жазамыз. Сонда түзу бойындағы О нүктесінен оң бағытта оң санды, оған қарама-қарсы бағытта теріс санды кескіндеуді үйрендік.

Оқушылар мұғаліммен бірге сурет бойынша жұмыс жасайды. Суретке қарап отырып барлығы сыныппен жауап беріп отырады.



ТҮСІНУ-3мин Диалогтық оқыту

Әр оқушыға үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді.


Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.



ТАЛДАУ- 7мин Сыни ойлауын дамыту

Балалар жұмыс жасап болған соң мен өзім теориялық түсіндіріп өтемін.



  1. Түзу сызамын, оның бойынан О нүктесін белгіле, осы нүктені санақ басы ретінде қабылау керек.

  2. Бірлік кесіндіні (ОА) таңдап алу керек.

  3. Оң бағытты көрсету керек.

О А

0 1

Мүндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз.



Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағытты көрсетілген түзу.

О нүктесі координаталық түзуді қарама-қарсы бағытталған екі сәулеге бөледі.


Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді. Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған. Координаталық түзудің О нүктесінен оң бағытта оң сандар кескінделеді, сол бағытта теріс сандар кескінделеді. Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді.
Кезекті тапсырма жұпта мәтінмен жұмыс. Қажетті есте сақтайтын мағлұматтарды қайталап оқытып, оқушыларға кейбір әріптері жоғалған мәтінді таратамын.

Балалар тақтаға қарап назар аударып отырады.

Бұл мәтінді тақтадан балалар кезектесіп оқып береді.

Оқушылар жұпта мәтінді толықтыру жұмысын жүргізеді. Сосын әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды.



ҚОЛДАНУ-15мин Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

А деңгейінің есебі-ақ түсті

№307, №308, №311

В деңгейінің есебі- сары түсті

№313, №315,

С деңгейінің есебі-көк түсті

№320, №321

Қосымша тапсырма- күлгін түсті


Мен дарынды оқушының жұмысын өзім тексеремін.

Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.

Дарынды оқушы орнында жұмыс жасайды.


ЖИНАҚТАУ-6мин

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Жұптарға тапсырма.




  1. Қандай сандар оң сандар деп аталады?

  2. Жауабы:

  3. Оң сандар координаталық түзудің қай жағында орналасқан?

  4. Жауабы:

  5. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

  6. Жауабы:

  7. Оң сандарға мысал келтір

  8. Жауабы:




  1. Қандай сандар теріс сандар деп аталады?

  2. Жауабы:

  3. Теріс сандар координаталық түзудің қай жағында орналасады?

  4. Жауабы:

  5. Теріс сандарға мысал келтір.

  6. Жауабы:

  7. 5, 8, 9, 10, 12 сандарының қарама-қарсы бағыттағы сандарын атап бер

  8. Жауабы:




  1. Координаталық түзу дегеніміз не?

  2. Жауабы:

  3. Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?

  4. Жауабы:

  5. Координаталық түзудің оң бағыты қай жақта орналасқан?

  6. Жауабы:

  7. Координаталық түзудің теріс бағытьы дегеніміз не?

  8. Жауабы:

1-жұп оқушылары кезектесіп сұрақтарды оқып, жауап береді.

2-жұп оқушылары кезектесіп сұрақтарды оқып, жауап береді.

3-жұп оқушылары кезектесіп сұрақтарды оқып, жауап береді.


Бекіту 5 мин

3.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«БББ» кестесін таратып беремін



БІЛЕМІН

БІЛДІМ

БІЛГІМ КЕЛЕДІ












Оқушылар кестені толтырады.





Бағалау 3мин

4.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жұптардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.

Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды


Үйге тапсырма 30 секунд

5.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

№310, №316 73бет

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу

Рефлексия 30 секунд

Оқушыларға смайликтер таратамын.

Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.



Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеуге есептер шығару

тақырыбына қысқа мерзімді жоспар



Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Алимгазина Асел Балғабайқызы

6 сынып 6 оқушы


Ақмола облысы

Жарқайың ауданы



Кен орта мектебі

2Апта

15.10.2012ж

3-сабақ 11:35-12:20 № 9 кабинет

Сабақтың атауы

Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеуге есептер шығару

Сілтеме

Математика 6 сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары

Жалпы мақсаты


Оқушылардың рационал сандарды салыстыруда, координаталық түзуде рационал сандарды суреттеуде алған білімдерін жүйелеу, кеңейту және тереңдету; Оқушыларды белсендiлiкке, дербестiкке, жан-жақтылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу; Өзіндік жұмыстарын талдауға, салыстыруға мүмкіндік туғызу; байқағыштығын, тапқырлығын, достарын бағалай білуін қалыптастыру.

Міндеттер


  • Оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білу

  • Тақырыпты жан-жақты қамту, күнделікті өмірімен байланыстыру

  • Координаталық түзу бойында рационал сандарды дұрыс орнлатастыра алу

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқуға бағыт-бағдар беру;

  • Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

миға шабуыл, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, дарынды оқушылармен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі

слайдтар, үлестірме парақтар, суреттер, видеопроектор, видеокамера, фотоаппарат

Күтілетін нәтиже

Оқушылар координаталық түзудің бойында кез-келген санды кескіндей алулары керек. Оң бағыт пен теріс бағытты шатыстырмау қажет. Координаталық түзу шкаласы бойынша жұмыс істей алу керек

Ұйымдастыру

кезеңі

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылармен ортаға дөңгеленіп тұрамыз, қызыл түсті қолды бір-бірімізге тілек айта отырып беріп шығамыз. Оқушыларды топқа бөлу үшін үстел үстінен теріс қарап жатқан «басшы-1, басшы-2, хатшы-1, хатшы-2, баяндамашы-1, баяндамашы-2» сөздерін таңдатқызамын. 1 деген жазуы бар қағаздарды алғандар 1-топқа, 2 деген жазуы бар қағаздарды алғандар 2-топқа отырады.

2 топқа оқушылар топтасады. Әр топтың басшысы, хатшысы және баяндамашысы бар. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау негізінде оқушыларды бағалау парағымен таныстырамын және бағалау парағын әр топтың басшысына беремін.



Бағалау парағы

р/с

Оқушының тегі-аты

Миға шабуыл (сұрақ-жауап)

Деңгейлік тапсырмалар

Қосымша тапсырма

Топпен жұмыс


Бекіту

Қорытынды баға

1

Беріктас Жаксылык



















2

Болатова Гауһар



















3

Курахбаева Айжан



















4

Манатова Мадина



















5

Сагитов Куаныш



















6

Сейтенов Алмас




















2 мин

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 35мин

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін қолдану.

Миға шабуыл 6 мин

  • Координаталық түзу дегеніміз не?

  • Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?

  • Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар?

  • Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің сол жағындағы нүктелердің координаталры қандай сандар?

  • Оң сандарға мысал келтір

  • Теріс сандарға мысал келтір

  • Мына суреттердің қайсысы координаталық түзу?

(Сурет тақтада слайдта көрсетіліп тұрады.)

Бұл кезеңде оқушылар сұрақтарға жылдам жауап қайтарады. Қажет жерінде тақтада кескіндеп көрсетеді.

Суреттерге қарап жауаптарын айтады.


Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Деңгейлік тапсырмалар 20мин

А деңгейінің есебі

№308, №311

В деңгейінің есебі

№314, 317

С деңгейінің есебі

№322, №323



Сыныптағы дарынды және талантты балаларды оқытуды қолдану.

Қосымша тапсырма

Координаталық түзу сызып, оның бойынан А(-3), В(-4), С(2) нүктелерін және оларға теріс нүктелерді кескінде. Санақ басынан бірдей қашықтықтағы нүктелерді бірдей түспен боя. Олардың айырмашылықтары неде?



Оқушылар өз деңйгелерін таңдап есептер шығарады.

Дарынды оқушыға арналған қосымша тапсырма. Гауһар барлық деңгей есептерін және қосымша тапсырманы да орындайды.



Сыни тұрғыдан ойлауды қолдану.

Топпен жұмыс 7 мин

Әр топқа тапсырма беріледі 1-топқа қаланың және ауа-райы бейнелері кескінделген суреттер беріледі. 2-топқа жеміс –жидектер суреттері беріледі. Топтардың міндеттері координаталық түзуде осы суреттерді орналастыру, кескіндеу.



Оқушылар топ болып жұмыс жасайды. Басшылар басқарып, хатшылар толтырып, баяндамашылар презентацияларын қорғайды.


Әр топ келесі топтың жұмысына талдау жасап, сын айтады.

Бекіту 5 мин

3.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыни 5 минуттық эссе жазу


Оқушылар 5-минуттық эссе жазады. Басшының шешімімен әр топтан бір эссе тыңдалады.



Бағалау 3 мин

4. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Басшылардың бағаларын тыңдау

Әр топ басшысы топ мүшелеріне қойған бағаларын айтады.

Үйге тапсырма 1 мин

5.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

№312, №319 73,74 бетте




Рефлексия 1 мин

Оқушыларға смайликтер таратамын.

Әр оқушы өзінің көңіл-күйіне байланысты смайликті жапсырып кетеді.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет