Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Алимгазина Асел Балғабайқызы 6 сынып 6 оқушы Жарқайың ауданы


Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік



бет2/2
Дата28.06.2017
өлшемі306,95 Kb.
#20327
түріСабақ
1   2


Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік тақырыбына қысқа мерзімді жоспар


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Алимгазина Асел Балғабайқызы

6 сынып 6 оқушы


Ақмола облысы

Жарқайың ауданы



Кен негізгі мектебі

2Апта

16.10.2012ж

4-сабақ 9:25-10:10 № 9 кабинет

Сабақтың атауы

Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік.

Сілтеме

Математика 6 сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары

Жалпы мақсаты


Оқушылрға қарама-қарсы сандар туралы, бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын, рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтыны туралы түсінік беру; таңбалар ережесімен таныстыру, берілген санның қарама-қарсы санын тауып үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуальдық қалыптастыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндіктерге сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.


Міндеттер


  • Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бір қалыпқа келтіру

  • Жаңа тақырып бойынша қорытындылар жасау

  • Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқуға бағыт-бағдар беру;

  • Топта жұмыс істеу арқылы тақырыпты меңгеріп шығу;

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

топпен жұмыс, топтастыру, салыстыру, саралап-бағалау, толғаныс, болжау,

Сабақтың көрнекілігі

үлестірме парақшалар, слайдтар, сөздер, суреттер, сызғыш, қосымша тапсырмалар


Күтілетін нәтиже

Оқушылар қарама-қарсы сандар туралы түсінікті, қандай да бір санға қарама-қарсы сан болатынын,бүтін сандар жиынын, рационал сандар жиынын, таңбалар ережесін білулері керек. Берілген санның қарама-қарсы санын таба білуге тиіс. Натурал сандар, бүтін сандар және рационал сандар жиынының Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескінделуін білулері тиіс.

Ұйымдастыру

кезеңі

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн-туған жер,

Қайырлы күн –туған ел!

Қайырлы күн-ұстазым

Салем бердік достарым!

Сәтті өтсін бұл сабақ

Сәтті болсын күніміз!

Оқушыларды топқа бөлу үшін жапырақ суретін қиындыларға бөліп таратамын, олар жапырақты құрастырып топ болып отыра қалады.


Бағалау критерийлері:

  • Өз бетімен тақырыпты түсінуі

  • Топта жұмыс істеуі

  • Сұрақтарға математикалық тілмен жауап беруі

  • Математикалық білімі

  • Математикалық сауаттылығы;

  • Өз ойын жинақтауы

  • Өзін-өзі бағалауы

2 мин

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 34 мин

Жаңа тақырыпты өз бетімен түсіну (6мин)

Топтық тапсырма.

1-топ: Координаталық түзудің бойынан мына суреттерді тиісті орындарға бейнелеңдер. (суреттер)

2-топ: Координаталық түзудің бойынан барлық натурал сандар және 0 санын белгілеңдер.



  1. Автобус тоқтап тұр

  2. Барлық оқушы 1 ойыншықтан әкелді

  3. Айжан 2 алма сатып алды

  4. Алмастың жасы 3-те

  5. Мадина қазақ тілден 4 деген баға алды

  6. Гауһарда 5 қалам бар

  7. Қуаныш 6-да мектепке барды

  8. Жақсылықтың дене қызуы 7-градусқа көтерілді

  9. Кеше 1 градус салқын болды

  10. Құдықтың тереңдігі 2метр

  11. Өзен ағысының қарсы жүзгендегі жылдамдығы 3км/сағ

  12. Қайрат командасы 4 ұпай ұтыспен аяқтады

  13. Асем қаламын сатамын деп 5тг шығындалды

  14. Мектептің сағаты 6мин артта

  15. Ертең 7градус салқын болады

1-топ оқушылары берілген суреттерді өз ойларымен шешіп, координаталық түзу бойынан тиісті орындарға орналастырады.

2-топ оқушылары координаталық түзу бойына сөздерді тиісті орындарына орналастырады.
Әр топ ортаға шығып қорғайды.



Мағынаны түсіну (7 мин)

  1. Сұрақтарға жауап беру

  • Қарама-қарсы сандар дегеніміз қандай сандар?

  • Оң санға қарама-қарсы сан қандай сан?

  • Теріс санға қарама-қарсы сан қандай сан?

  • Оң сандар және теріс сандар не құрайды?

  1. Түсінік беру

  • Бір-бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.

  • Оң санға қарама-қарсы сан теріс сан болады.

  • Теріс санға қарама-қарсы сан оң сан болады

  • 0 саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан.

  • Натурал сандар және оған қарама-қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар деп аталады.

  • Бүтін сандар, бөлшек сандар рационал сандар деп аталады.

Q-рационал сандар жиыны, Z- бүтін сандар жиыны, N-натурал сандар жиыны. Эйлер-Венн диаграммасы арқылы өрнектелуі


Q




Z

N

NZQ (Натурал сандар бүтін сандар жиынының ішкі жиыны, бүтін сандар рационал сандар жиынының ішкі жиыны ).



Таңбалар ережесі

+ (+) = +

  • (+)= -

+ ( - ) = -

  • ( - ) = +

Сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Мұғалімнің көрсеткенін қабылдап, ат салысып отырады.

Оқушылар да сурет бойынша мұғаліммен бірге қайталап отырады.




Қолдану 15мин.

Есептер шығару

№328, №330, №332, №334, №338, №339
Дарынды оқушымен жұмыс

№1

Мына теңдіктерден тура теңдіктерді теріп жаз:




№2

Қай тұжырымдама тура:



  1. Кез келген натурал сан-бүтін сандар жиынының элементі

  2. Кез келген бүтін сан-натурал сандар жиынының элементі;

  3. Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті;

  4. Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті;

  5. 0 саны рационал сандар жиынына тиісті

№3

  1. –х+4,5=7 2) –y+3,9=6 3) –m+



№2


  1. Кез келген натурал сан-бүтін сандар жиынының элементі




  1. Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті;

№3


  1. –х+4,5=7 2) –y+3,9=6 3) –m+

-x=7-4,5 -y=6-3,9 -m=4-

-x=2,5 -y=2,1 -m=3

x=-2,5 y=-2,1 -m=

m=-.




Математикалық диктант- 3мин

2 санына қарама-қарсы сан ... Кез-келген оң санға қарама-қарсы сан ...

Кез-келген бүтін сан ... сандар жиынының ішкі жиыны. ... саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан. Бүтін сандар ... сандардың ішкі жиыны. Бүтін сандар мен бөлшек сандар ... сандар деп аталады.

Оқушылар диктанттың бос жерлерін толықтырып жазуы қажет.


2 санына қарама-қарсы сан -2. Кез-келген оң санға қарама-қарсы сан теріс сан.

Кез-келген бүтін сан рационал сандар жиынының ішкі жиыны. 0 саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан. Бүтін сандар рационалсандардың ішкі жиыны. Бүтін сандар мен бөлшек сандар рационал сандар деп аталады.



Топтастыру стратегиясы-3мин



НАТУРАЛ САНДАР



РАЦИОНАЛ САНДАР










Бекіту 5 мин

3.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Семантикалық карта (дарынды оқушыға)

р/с

а

в

а+в=52

a+в=55

а+в=-99

а+в=-30

1

40

12













2

–5

-25













3

100

-45













4

-99

0













5

60

-8













ТЕСТ


  1. 5 санына қарама-қарсы сан

А) 0; В) -5 С)5

2. Теріс санның қарама-қарсы саны

А) натурал сан; В) оң сан; С) бүтін сан

3. О санының қарама –қарсы саны

А) теріс сан; В) оң сан; С) 0

4. –(-4)А) 4 В)-4 С) 0

5. –(+5,2)А) 5,2 В) -5,2 С) 0

6. +(-8)А) -8 В) 8 С) – (-8)

7. – ( - 7) А) (-7) В) -7 С) 7

Семантикалық картаны дарынды оқушы толтырады.


Оқушылар тест сұрақтарына жауапты дәптерлеріне жазады, сосын тақтамен тексереміз.




Бағалау 3 мин

4.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мен барлық кезеңдер бойынша қысқаша айтып өтіп, жалпы бағаны түрлі түсті қағаздармен қоямын.

Бірін-бірі бағалайды тақтада жұмыс жасағанда, тест тапрсырмасын орындағанда әркім өзін-өзі бағалайды.


Үйге тапсырма 40секунд

5.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

№329, №331





Рефлексия 20 секунд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет