Сабақ кепілі Мақсаты


«Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі» тақырыбындағы коучинг туралы рефлексиялық есеп



бет4/5
Дата25.11.2022
өлшемі77 Kb.
#159815
1   2   3   4   5
Байланысты:
Коучинг Тиімді әдіс-тәсілдер -сапалы сабақ кепілі

«Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі» тақырыбындағы коучинг туралы рефлексиялық есеп.

Коуч: Қосалиева Қ.Б.


Бүгінгі таңда мұғалімдер алдында тұрған мәселе - мектеп қабырғасынан құзіретті, адамгершілігі мол, жан-жақты, алған білімін өмірде пайдалана алатын тұлға қалыптастыру болып отыр. Мұғалімдердің қажеттілігін отырып, нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, бірлескен оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттестік құрылымы болып табылады [Нұсқаулық, 78 бет] деп көрсетілгені бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде жас мамандармен бірлесе отырып «Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі» тақырыбында коучинг өткізілді.


Кочинг өткізудегі негізгі мақсат: жас мамандарды сабақты құруға сабақ кезеңдерін құрастаруға үйрету. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру.
Коучингке он екі мұғалім қатысты. Коучинг сабағында әріптестеріме жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Нұрлы сезім» тренингін өткізгеннен кейін, Ли Шульманның үш көмекшісі: бас,жүрек, қол суреттеріне қарай үш топқа бөлдім. Болжам жасай отырып тақырыпқа ену мақсатында үш топқа үлкейткіш көз әйнек,
ақ парақ, жұлдыздар таратылды.Олар осы берілген заттар туралы өз ойларын айту арқылы тақырыпқа болжам жасады. Коучинг тақырыбы мен мақсаты таныстырылғаннан кейін, тақырыпқа кірісу сұрақтарын қойдым:

  • Күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз ба?

  • Күнделікті сабақтарда жиі қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз қандай?

  • Бір сабақ үстінде қанша әдіс түрлерін пайдаланасыз?

  • Әдіс-тәсілдерді не үшін өзгерту керек?

  • Әдіс-тәсілдерді түрлендіру нәтиже береді деп ойлайсыз ба?

  • Сабақтың сапалы өтуі әдіс-тәсілге тәуелді ме?

Әріптестерім сұрақтарға жауап бере отырып,өз ойларын ортаға салды ,пікірлерімен бөлісті.Пікір алмасудан соң , оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адами құндылықтарының қалыптасуына әсер етіп, өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруына көмектесетінінің дәлелі ретінде ,сонау ХХ ғасырдың басындағы Ж.Аймауытовтың: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес,ол жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген сөзін тілге тиек еттім. Әр мұғалім өз сабағының көшбасшысы, ал көшті дұрыс бағыттай білу , ол шеберлікке байланысты екендігін айта отырып, әріптестерімнің назарын.«Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі» таныстырылымына аудардым. Таныстырылым барысында «Таны да, біл» әдісі бойынша жас мамандарға әдіс-тәсілдер ұсынылып, «Осы әдіс-тәсілдерді сабақтың қай кезеңінде қолдануға болады?» деген тапсырма берілді. Мұғалімдер осы әдіс-тәсілдерді сабақтың қай кезеңінде қолдануға болатындығына талдау жасады.


Коучингтің келесі кезеңінде «Айналма бекет» әдісін қолдана отырып, топтық тапсырма берілді .Тапсырмада таратылған ресурс бойынша әдіс – тәсілдерді сабақтың қай кезеңіне пайдалануға болады және өз тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдермен бөлісіп, постер жасауды ұсындым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет