Сабақ кестені автоматты түрде әзірлеу процесін үлгілеу 1 Мәліметтер қоры және оларды жобалау технологиясы



бет6/9
Дата28.04.2020
өлшемі224,89 Kb.
#65065
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
теория

ADO негізі


ADO-ны қолданып отырған қосымша

ADO-ны қолданып отырған қосымша




ADO





ADO


OLE DB




Сурет 10. Мәліметтерге ADO арқылы қатынау схемасы


Жалпы, ADO технологиясы тек өзіне OLE DB объектілерін ғана емес, қосымша мен деректер объектілерінің өзара қатынасын реттейтін механизмдерді де енгізеді.

Мұндай архитектура объектілер жиынтығы мен интерфейсті ашып әрі кеңейтеді. Объектілер жиынтығы мен сәйкес провайдер кез келген деректер қоймасына ағымдағы ADO құрылымын өзгертпей-ақ құрылуы мүмкін. Осы кезде-ақ мәліметтер ұғымы кеңейе түседі, яғни дәстүрлі емес кестелік деректерге объектілер жиынтығы мен интерфейсті өңдеп шығуға болады. Мысалға, геоақпараттық жүйенің графикалық деректері, жүйелік реестрдегі ағаштық құрылымдар немесе CASE – құралдарының деректері және т.б. болуы мүмкін.

ADO технологиясы Windows-тің жүйелік механизмі болып табылатын СОМ стандартты интерфейстеріне негізделгендіктен бағдарламалық кодтың көлемін азайтып, МҚ қосымшаларын қосымша бағдарламалар мен кітапханалардың көмегінсіз таратуға мүмкіндік береді.

OLE DB спецификациясы объектілерді келесі типтерге бөледі:



  • Тізімдеуші (Enumenator) дректер көзін немесе басқа да тізімдеуіштерді іздестіреді. ADO провайдерлерінің функционерленуін қамтамасыз етіп отырады;

  • Деректер көзі объектісі (Data Source Object) деректер қоймасын ұсынады;

  • Сессия(Session) бір мәліметтер қоймасына жүгінетін объектілер жиынтығын біріктіреді;

  • Команда (Command) өзінің бұйрық мәтініне ие және оның орындалуын қадағалайды. Команда ретінде SQL сұранысы, мқ кестелік ұсынысы және т.б. болуы мүмкін;

  • Қатарлар жиыны (Rowset) - ADO бұйрығының орындалу нәтижесі болатын деректер жолының жиынтығы;

  • Объект қатесі (Error) ерекше жағдай жайлы ақпаратты қамтиды.

ADO провайдерлері

ADO провайдерлері мәліметтерді ADO арқылы қолданатын қосымшаны деректер көзімен (SQL сервермен, жергілікті МҚБЖ-мен, файлдық жүйемен және т.б.) байланыстырады. Әр мәліметтер қоймасында ADO провайдері болуы тиіс.

Провайдер деректер қоймасының қайда орналасқанын және оның мазмұнын «біледі», сұранысы бар мәліметтермен жұмыс істеп, қосымшаға оны қайтару мақсатында ақпаратты интерпретациялайды.

Операциялық жүйеде орнатылған провайдерлер тізімі TADOConnection компонентімен байланыс орнатқан кезде мүмкін болады.

Microsoft ActiveX Data Objects инсталляциясы кезінде операциялық жүйеде келесі стандартты провайдерлер орнатылады:


  • Microsoft Jet OLE DB Provider ОАО технологиясының жабдықтауымен Access МҚБЖ мәліметтеріне байланыс орнатады;

  • Microsoft OLE DB Provider for Microsoft Indexing Service файлдарға және Microsoft Indexing Service Internet-ресурстарына тек оқу қатынасын орнатады;

  • Microsoft OLE DB Provider for Microsoft Active Directory Service каталогтар қызметінің ресурстарына қатынас орнатады (Active Directory Service);

  • Microsoft OLE DB Provider for Internet Publishing, Microsoft FrontPage, Microsoft Internet Information Server, HTTP-файлдары ұсынатын ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді;

  • Microsoft Data Shaping Service for OLE DB мәліметтердің иерархиялық жиынын қолдануға мүмкіндік береді;

  • Microsoft OLE DB Simple Provider OLE DB-ның тек базистік мүмкіндіктерін қолдайтын деректер көзіне қатынау ұйымдарына арналған;

  • Microsoft OLE DB Provider for ODBC drivers ODBC драйверлерінің көмегімен «жазылып қойған» мәліметтерге қатынас орнатады.

Бірақ осындай жат нұсқалар байланысын пайдалану қиындыққа әкеледі. ODBC драйверлерінің өзі ақырын жұмыс істегендіктен қосымша сервистердің қажеті де болмайды; Microsoft OLE DB Provider for Oracle Oracle серверімен қатынас орнатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет