Сонымен, Delphi ортасындағы ең қарапайым қадамды орындап, жай Windows терезесін құрдық. Өкінішке орай, бұл бағдарлама ешқандай алгоритмді жүзеге асырмайды. Төмендегі келтірілген мәліметтер осы бағдарламаны қажетті іс-әрекеттерді орындатуға арналған.
Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін. Delphi ортасы әр бағдарламаны компиляциялағанда кеңейтілуі pas, dfm және dcu файлдарын құрады. pas-файлында бағдарлама кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, DFM-файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы, ал dcu-файлында алдыңғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. .dcu-файлы компилятор жұысының нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші) осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін .exe-файлы құрылады.
Мәліметтерді өңдеуге қолданылатын компоненттер
Деректер кестесі деп аталатын TDGrid компоненті
Мәліметтер қоры кестесіндегі жазуларды өшіру, жөндеу, жаңа жазу қосу керек болса ол үшін программалық код жазудың қажеті жоқ, қалыпқа DataControls (мәліметтерді басқару элементтері) деп аталатын панельде орналасқан TDGrid компонентін орналастырып, DataSource қасиетінде қажетті деректер көзін көрсету керек.
Навигатор компоненті TDBNavigator
Бұл компонент кестенің жазуларын навигациялау үшін қолданылады. Навигация жазу бойымен жылжу дегенді білдіреді. Бұл компонент 10 батырмадан тұрады:
First – бірінші жазуға жылжу;
Prior – алдыңғы жазуға жылжу;
Next – келесі жазуға жылжу;
Last – соңғы жазуға жылжу;
Insert – көрсеткіш орналасқан жазу орнына жаңа жазу қою;
Delete – ағымдағы жазуды өшіру, егер ConfirmDelete қасиетін True деп қойса өшіруді орындауды құптау хабарламасы шығады.;
Edit – ағымдағы жазуды жөндеу;
Post – кестеге енгізілген өзгертулерді сақтау;
Cansel –енгізілген өзгертулерді сақтамау;
Refresh – мәліметтер қорынан мәліметтердіжаңадан оқып кестенің жазуларын жаңарту.
Деректер тақырыбы (надпись) компоненті TDBText
Ұзақ мәтін сақталған өріс жазуларын көрсету, өзгерту үшін қолданылады. Tlabel компонентіне ұқсас. DataSource қасиетінде деректер көзі көрсетіледі, DataField қасиетінде қолданылатын өріс көрсетіледі.
Жөндеу өрісі компоненті TDBEdit
Ағымдағы жазуды өзгерту, көрсету үшін қолданылады. Алдыңғы компонентке ұқсас. Қосымша қасиеті ReadOnly қасиетін True десе кестенің жазулары өзгертуді қабылдамайды.
Бейне компоненті TDBImage
Мәліметтер қорында сақталған бейнелерді, суреттерді экранға шығаруды орындайды. Егер AuttoDisplay қасиеті True десе өрістегі бейне автоматты түрде экранда көрінеді. Егер ол қасиет көрсетілмеген болса LoadMemo әдісін шақыру арқылы орындауға болады. Бейнені өріске қою, көбейту, т.б. операциялар Picture қасиетінде көрсетіледі.
Деректер тізімін қолдану компоненті TDBComboBox
Бұл компонент ашылған тізімнен (сұламалы) деректі таңдау, қолдануды орындайды. Енгізу облысындағы мәтін жиыны қажетті жазуға жылдам жылжу, немесе тізімде жоқ элементті енгізуге мүмкіндік береді. ComboBox компонентіне ұқсас, тек қосымша қасиеті Style жолында TcomboBoxStyle арқылы тізімге енетін элементтердің бейнелену стилі көрсетіледі.
Деректер жалаушасы (флажок) компоненті TDBCheckBox
Бұл компонент көмегімен екі жағдайдың бірін қабылдайтын өрістердің мәндерін көрсетуге болады. Компонент логикалық мән қабылдайды. Өрістің қандай жағдайда тұрғанын және оның мәнін өзгертуге көмектеседі.
Мәліметтердітоптап ауыстырып-қосу (группа переключателей) компоненті TDBRadioGroup
Бұл компонент өрістің шектелген міндер жиынын көрнекі түрде шығаруды орындайды. Әр мәнге ауыстырып қосу тобының біреуін сәйкестендіруге болады. Ауыстырып қосу атауларының тізімі Items қасиетіне енгізіледі, оның типі Tstrings болады. Тізімге сәйкес мәндер Values қасиетінде сақталады, типі String болады.
Бұл компонент өрістің шектелген міндер жиынын көрнекі түрде шығаруды орындайды. Әр мәнге ауыстырып қосу тобының біреуін сәйкестендіруге болады. Ауыстырып қосу атауларының тізімі Items қасиетіне енгізіледі, оның типі Tstrings болады. Тізімге сәйкес мәндер Values қасиетінде сақталады, типі String болады.
Достарыңызбен бөлісу: |