Сабақтың тақырыбы : Буынның құрылысы және қызметтері. Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары



Дата23.02.2020
өлшемі225,29 Kb.
#58862
түріСабақ
Байланысты:
БУЫН КМЖ

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қозғалыс.

Күні:

Сынып:



Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Буынның құрылысы және қызметтері.


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

8.1.6.4. буынның әр түрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнату


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін: Буынның әр түрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнатады.

Оқушылардың көпшілігі үшін: Буындардың жай және күрделі түрін ажыратып, ерекшеліктерін анықтайды.

Кейбір оқушылар үшін: Адам қаңқасындағы буындардың түрлеріне тұжырым жасайды.


Бағалау критерийі

- Буынның құрылысын анықтайды;

- Буын түрлерін ажыратады;

- Буын құрылымдарының қызметтеріне қарай бейімделуін сипаттайды.


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: шеміршек дискісі, шеміршек астары, жай буын, күрделі буын, ұсақ буын сүйектері, жартылай буын.

Талқылауға арналған тармақтар:

1. Шеміршек дискілері мен шеміршек астары... орналасады.

2. Буын түрлері бойынша буындар... бөлінеді.

3. Жартылай буын деп... атайды.




Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастыққа, сыйластыққа, өмір бойы білім алуға оны қолдануға баулу. Тілдің біртұтастығы.


Пән аралық байланыс

Физика, анатомия

Алдыңғы білім

8.1.6.3. сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру


Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут
3 минут


5 минут




Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу.

Психологиялық тренинг
«Миға шабуыл» әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіру үшін сұрақтар қойылады.

1.Атқаратын қызметіне байланысты сүйектердің байланысуының үш типін айтыңыз?

2.Сүйек жігі деген не?

3.Жартылай қозғалатын байланысуға мысал келтіріңіз?

4.Буынның міндетті элементтерін ата?

5.Гиалинді шеміршек туралы айтыңыз.


6.Жаттыққан спортшыда буын сұйықтығының мөлшері неліктен көп?

7.Буын қабы қандай ұлпадан тұрады?

8.Тізе буынында буын сұйықтығының мөлшері қанша?


ҚБ: «жетон тарату арқылы бағалау»






Сабақтың ортасы

12 минут


3 минут

4 минут


4 минут

5 минут

Жаңа тақырып түсіндіру

Буынның құрылысы және қызметтері.


1. Сәйкестігін анықтаңдар:

Буын түрлері

Буынның ерекшеліктері

1.осі бойынша

2.сүйек саны бойынша

3.буын бетінің пішіні бойынша

А)бір,екі,үш

Ә)жартылай буын

Б)жай және күрделі

В)иық буыны

Г)элипс,жайпақ,ершік,шар тәрізді

Дескриптор

- буын түрлеріне сәйкес келетін ерекшеліктерімен байланыстырады.
2. «Шындық және жалған» әдісі.

1.Сүйек саны бойынша буындар жай және күрделі болады.-Ш

2.Иық буыны күрделі буын-Ж

3.Жақ сүйек буыны күрделі буын-Ш

4.Екі және үш ості буындарда айналу қозғалыстары жүзеге асады-Ш

5.Жартылай буын деп буындық сипаты жоқ,аралығында саңылауы бар шеміршекті байланысты атайды.Бұл кезде буын қабы түзіледі-Ж


ҚБ: «смайлик арқылы»

3. Буынның түрлерін атаңыз.

А_______________________________

В_______________________________

С_______________________________

Дескриптор

- буынның А, В, С жағдайында берілген түрлерін анықтайды.
4. Сәйкестендіру кестесі әдісімен жұптық жұмыс

1.Жамбас


2.Кәрі жілік

3.Сегізкөз

4.Білезік

5.Табан


6.Саусақ

7.Жауырын

8.Бас

9.Омыртқа



10.Қабырға


Буын түрлері

Сәйкес келетін сүйектер

1.Ең қозғалмалы буын




2.Жартылай буын




3.Қозғалмайтын буын



Дескриптор

- сүйектердің қандай буында бекитіндігіне байланысты кестеге орналастырады.


Плакат



карточкалар




Сабақтың соңы
3 минут




Кері байланыс

«3 нәрсе» әдісі

1. Есте сақтау керек маңызды 3 нәрсе.

2. Сіз көбірек білгіңіз келетін 3 нәрсе.

3. Сіз бұрыннан білетін 3 нәрсе.


ҚБ «Бағдаршам»






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет