Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады. Аптасына кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан



бет40/89
Дата05.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#15472
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Ы.Алтынсариннің өмір сүрген жылдары, еңбек жолы.

  2. 1879 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясы» қандай мәселелерді қамтиды?

  3. Ы.Алтынсариннің әңгімелері

Пайдаланатын әдебиеттер
1. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.Алматы, - А.,1988ж
2. Қазақ балалар әдебиеті. - А.,1974ж.
3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. - А.,1965ж.
4. Ы.Алтынсарин тағлымы. Алматы, 1991ж
5. Сөзстан –А., 1983ж. Құр: Ергөбеков Қ. –А., 1983ж.
6. Қазақ әдебиетінің тарихы он томдық -А., 2005ж.
5-апта
5-дәріс


Дәріс тақырыбы: XX ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті.
Қарастырылатын сұрақтар: 1. XX ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.
2. Ш. Құдайбердиевтің шығармашылығы.
Дәрістің мақсаты: Балалар әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа ұстанымдарын анықтау, Ш.Құдайбердиев шығармаларындағы балалар әдебиетінің мәселесін ұғындыру.
Дәріс мазмұны: XX ғасырдың басы қазақ халқының өміріндегі елеулі кезең тарих үшін қас – қағым осы шақта (1900-1917) қазақ халқы Ұлы Қазан төңкерісі әкелген өзгерістерді тез қабылдауға себепкер болған үлкен рухани дамуды, сілкіністерді бастан кешті.
Патшалық Ресейдің қазақ даласына шабуылы XX ғасырдың басында күн санап үдеді. Ресейде өтіп жатқан барлық уақиғаларға қазақ елі де араласа бастады. Орыс капитализмі тыныш жатқан халықты түрткілеп оятып, зырлаған өндіріс пен сауда – саттықтың өріс алуы Ресейдің ірі қалаларын қазақ даласындағы жәрмеңке, базарлармен байланыстыра түсті.
XX ғасырдың басында қазақ елінің экономикалық, саяси - әлеуметтік жағдайы үлкен өзгерістерді бастан кешті. Тіпті қазақтың негізгі кәсібі – мал шаруашылығына дейін өзгеріске ұшырады. Малға арнап қысқа шөп дайындалды. Қазақ халқы да отырықшылық өмірге көше бастады.
XX ғасырдың басында қазақ даласында марксизм мен революциялық күрес идеялары кең тарай бастады. Қазақ жұмысшыларының ұйымдасқан түрде бас көтерулері көбейді.
Қазақ даласында демократтық – ағартушылық идеяларды қалыптастыруда орыс әдебиеті мен өнерінің маңызы зор болды. Шоқан мен Ыбырай, Абайлар адамзат ақыл – ойының небір інжу – маржандарымен орыс тілі мен мәдениеті арқылы таныса алды. Олар енді тек қазақ сахарасына ғана емес, күллі әлемге таныла бастады.
Осы кезеңде ағартушылық – азаматтық идеялар халық арасына кең тарала бастады. Бұған сол кезде көптеп ашыла бастаған мектептер мен түрлі оқу орындары, баспа мен баспасөз ісінің жолға қойылуы аса зор ықпал еткені даусыз.
Қазақ тілінде мектептер ашу, оқулықтар жазу, кітаптар, газет – журналдар шығару – тек қана осы кезде ояна бастаған елдің үлкен мақсаттағы ұл – қызының ісі еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет