4-апта 4-дәріс Дәріс тақырыбы: Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Ы.Алтынсариннің балаларға арналған өлең-жырлары
2. Ы.Алтынсариннің әңгіме-новеллаларының ерекшеліктері
3. «Қазақ хрестоматиясының» маңызы
4. Ы.Алтынсариннің педагогтық қызметі
Дәрістің мақсаты:Ақын-жазушы Ы.Алтынсариннің мысалдарын басшылыққа ала отырып балдырғандарды дұрыс өмір сүруге, оның педагогтық қызметін үлгі алуға дағдыландыру.
Дәріс мазмұны: Ол тұңғыш педагог жазушы. Қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұнғыш қазақ мектебін ашушы.
Ы. Алтынсарин 20 қазанда 1841ж. Қостанай Обл. Затобол ауданында туып өсті. Балалық шағы атасы Балғажа бидің қолында өтті. Ыбырай ең алдымен мұсылманша сауат ашып, кейін 1850 жылы Орынбордағы 7 жылдық мектепке оқуға барады. 1860 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұқсат алынды. Ыбырай осы мектепте оқытушы болды.
Ы.Алтынсарин баларға арнап шығармаларды 1862 жылдан бастап оқытты. Ол ойын Ильминскийге былай деп жазды: « Егер Қазанға бара қойсам, онда мен сіздің көмегіңізбен таза қазақ тіліне жаратылыстану тарихынан бір нәрсе аударған болар едім. «Балалар әлемі» маған өте ұнап кетті, өйткені онда менің аудармақ болып жүрген нәрселеріме жақын көп мақалалар бар екен. Басқа халықтарға секілді қазақтарға да ақыл, білімге тәрбиелейтін кітаптар керек.»
Міне, осылайша ол «Қазақ хрестоматиясын» жазуға отырады. Бұл кітап – қазақ балалар әдебиетінің классикалық жинағы. Бес бөлімнен тұратын «Қазақ хрестоматиясы» 1879ж. шықты.
Ыбырай бұл кітабына халқымыздың мол ауыз әдебиеті қорының тәрбиелік мәні зор үлгілерін енгізіп, өзі де біршама туындылар жазды.
Өзінің тұңғыш «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінде ол оқу – білім туралы пікірін түп – түгел айтқанмен, кейін бүкіл өмірі ағартушылыққа арнады.
Ыбырай өзі жазған туындысын орыс жазушыларының туындыларын үлі ете отырып жазды.Әсіресе, Ушинский мен Лев Толстой шығармаларын көп аударып өндеді.Ушинскийден « Сауысқан мен қарға», «Теке мен түлкі», «Қарға мен шаян», «Полкан деген ит» деген әңгімелерді көп өзгертпей, түпнұсқаны сақтап аударған. Ал Толстойдан «Мұңсыз адам», «Данышпан қызы», «Жамандыққа жақсылық» сияқты ертегі – аңыздарды аударған.