Сабақ кезінде әрқайсысын


ШЫҒАРМА ЖАЗДЫРУ – ОҚУШЫЛАРДЫ



бет5/5
Дата25.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#4605
1   2   3   4   5
1.2. ШЫҒАРМА ЖАЗДЫРУ – ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСҚА БАУЛУДЫҢ КҮРДЕЛІ ТҮРІ
Қазақ әдебиеті - туған халқымыздың қасіретті кешегісі мен бақытты бүгінінің, ғажайып болашығының ерекше тарихымен, көркем шежіресімен таныстыратын пән. Бұл - халықтың ерте заманнан келе жатқан көркем рухани жан байлығының тарихы. Ана тіліміздің бар асыл қасиеті, ұлтымыздың бітім-болмысы, тұрмыс-тіршілігі, "әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, дүниетанымы да әдебиеттегі туындылардан көрінеді.

Әдебиет - сөз өнері. Сөз өнері - өнердің ең негізгі бір саласы. Әдебиет пәні де өнер пәні. Жазушы Ғ. Мұстафин: «Әдебиет - адамтану ғылымы ғана емес, адам тәрбиелеуші құрал», - дегендей әдебиет - азаматтық ізгі қасиеттерге баулушы, тәрбиелеуші құрал.

Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды. Туған тілін сүюден бастап елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. "Әдебиет арқылы жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады,

«Қазіргі уақытта әдебиетті оқытудың басты мақсаты» оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, ата-баба өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа т.б. тәрбиелеу» (Қ. Бітібаева).

«Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан дадарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр-сипаты мүлде бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа адам пайда болды. Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытта шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне қажет етеді» (Қ.Әбдібекқызы). Сондықтан әдебиетті оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауды, не соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпей сол көркем туынды туралы оқушының пікіріне, ойына ерекше құрау керек.

Әдебиет сабақтарында ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын таныстыру және оларды талдату кезеңдерінде оқушының сол шығармағы көзқарасын, пікірін көркем сез тілімен жазбаша жеткізу, сауаттылығын арттыру және айналадағы болып жатқан құбылыстарға өз ойын білдіру, яғни шығарма жаздыру арқылы алған білімдерін қорытындылайды, тереңдетеді.

«Шығарма» деген сездің негізінде «шығару» деген ұғым жатады, яғни ойдан шығару, ойлап шығару» (Қ. Бітібаева).

Шығарма - белгілі бір автордың өз ойынан жазған шығармашылық еңбегі. Қоғамдық үлкен мәні бар, жұртшылыққа танылған туындылардан бастап, газет-журналдарға жазылған кішігірім мақалаға дейінгі еңбектер шығарма деп аталады.

«Шығарма - оқушылардың шығармашылық жұмысы. Себебі олар өздерінің шығармаларында берілген тақырыптың мазмұны мен идеясына сәйкес өздерінің дүниетанымын, білімін, естіген, көрген, сезген, бақылап түйгендерін, әсерлерін, көзқарасын, түсінген. берген бағасын баяндап, суреттеп жазады. Демек, шығарма оқушылардың қиял дүниесінің қазынасы, ойлау жұмыстарының жемісі, ойдан шығару өнерінің нәтижесі болып табылады. Ал жазылған шығарма сапалық жағынан қандай дәрежеде орындалып шықты - ол әрбір оқушының біліміне, талабы мен талантына, шеберлігі мен дағдысына байланысты» (А, Кешімбаев).

«Шығарма - оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі» (Жазбаша бітіру емтихандарына арналған ереже).

Жоғарыдағы әдіскер-ғалымдардың пікірінен туатын ой: жоғарғы сынып оқушыларының шығарма жұмысы – оқулықтан не белгілі бір сын-мақаланы көшіріп немесе мұғалімнің ой-пікірін өңін айналдыра жазып құтылу емес, шәкірттің көркем туындыны оқығанда алған әсерін, ақынның, жазушының шығармашылық өмір жолымен танысқанда білген, көңіліне түйген, таныған өзіндік ойлары мен сезімін дұрыс жазып беруді талап ету керек. Сонымен бірге онда әңгіме етіліп отырған мәселе әдеби көркем тілмен берілуі қажет.

Әрине, мұндай талапты орындап шығу - бір күннің немесе бір айдың, қала берді, бір жылдың жұмысы емес, бүкіл орта мектеп көлемінде игерген білім мен жаттығу, машықтану, меңгеру негізінде ғана ұзақ мерзімде қол жететін жауапты іс.

Шығарма жазу үшін ең бастысы оқушының өзіндік ойы мен топшылауларын, көзқарасын сауатты, көркем тілмен дәлелдер келтіре, жүйелі түрде жазбаша жеткізе алуында десек, бүл істерді шәкірт бірден меңгере алмайды. Меңгеру үшін мұғалімнің басшылығымен түрлі жаттығулар жүргізуді, дайындық пен машықтануды, дағдылануды керек ететін күрделі жұмыс. Оқытушы жағынан үнемі қажымай, ерінбей үйрету керек.

Ал үйрету үшін алдымен мұғалімнің езі шығарма жаза алу керек. «Мұғалімнің өзі де шығармашылықпен айналысады және өзінің жазған дүниелері женінде оқушылармен үнемі пікір алмасады» (Қ.Әбдібекқызы). «Өзі шығарма жаза алмайтын мұғалім жағада тұрып жүзуді үйреткен су жаттықтырушысына тең» (С. Ион) - деп орынды айтқан. Өкінішке орай кейбір жас мұғалімдеріміздің өзі шығарма жұмыстарына шорқақ. Сонда олар шәкірттерге нені үйретеді?

Ұстаздықтың басқа кәсіптерден ерекше бір өзгешелігі - үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау. Бұл ұстаздар қауымының мәңгілік ұраны болуға тиіс. Осы мамандықты таңдар кезде көптеген атқарылар жұмыстар барын ойлану керек: үйрену, іздену, ерінбеу, дағдылану, үйрету...

Негізінде төменгі сыныпта үйрету шығармалары көбірек орындалып, дайындық жұмыстары орынды жүргізілсе, жоғарғы сыныптарда шығарма жазу жұмысы оқушыға да, мұғалімге де жеңілдеу болады. Бұл жерде айта кететін бір жайт өркениетті елдерде, мысалы, Америкада 2-сыныптан бастап «Шығарма» деген арнаулы пән жүреді екен.

«Дер кезінде орта буынның шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғарғы сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады. Бұл жастағылар лирикалық, публицистикалық шығармаларға, үлкен жанрларға қалам тартуға әуес. Терең ой толғауға, лирикалық көңіл-күйді суреттеуге, жұмбақтылыққа, ішкі жан-дүниесінің сырын зерттеуге ұмтылады» (Қ.Әбдібекқызы). Сондықтан шығарма жаздыру жұмысы бастауыш сыныптарда негізі қаланып, жоғары сыныптарда дамыта отырып жалғастыру мұғалімнің біраз тер төгіп, еңбектенуін талап етеді.



Шығармашылық жұмыста оқушылардың зейінін, ынта-ықыласын, қабілетін тежейтін кедергілер (өзіне сенімсіздік, өзіне риза болмаушылық, жалқаулық т.б.) кездеседі. Осы кедергілердің алдын алу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып төмендегідей жұмыстар жүргізу керек:

- мұғалім - оқиға, сюжет құру, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше еліктейді, өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады;

«Сенің қолыңнан бәрі де келеді. Сен қабілеттісің. Тек жазуды қолға алсаң болды,» - деп, баланың еркін билеп, сенімін ұялату;

- оқушының кішкене жетістігін мадақтау, көтермелеу: үздік


шығармаларды сыныпта оқытып, оған құрбыларының жағымды
көзқарасын ояту, оқушы басылымдарына шығару, жарыстарға қатыстыру, тіпті әдебиет пәнінен тоқсандық қорытындыда ең жоғары бағаға дейін қою (әсіресе «үшке» оқитындарғд) т.б.

- белгілі ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық лабораториясынан қызықты жайттарды әңгімелеу;

- шығармашылық іске ден қойып, басын бастау - оқуды тастап кетпеу үшін қолайлы жағдай туғызу;

- ең бастысы, шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш


сезімін - әкелуге тиіс. Бұл - жаңаны жасау қуанышы, өзі жасаған тың
дүниеден алған жан ләззаты;

- қазіргі кезең талабы - деңгейлеп оқыту, іздендіру арқылы дамыта оқытуды пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Негізінде шығарма жазу - ұстаздың білімін, шеберлігін, еңбегін айқындайтын, ал оқушының әдебиеттік ұғымын, алған білімін, танымын байқайтын, сынайтын көрсеткіш.



Шығарма жаздырудың басты мақсаты не деген сұрақ төңірегінде ой өрбітсек, әдіскер-ұстаз Қ.Бітібаева мектепте шығарма жаздырудың ең басты мақсаттарын былай көрсетеді:

1. Бала білімін бақылау, білім деңгейін тексеру.

2. Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.

3. Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

4. Оқушылардың қабілеті мен дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.

Бұдан шығатын тұжырым: шәкіртті өз ойын» өз пікірін орынды. әдеби тілмен дәл әрі нақты жеткізе алатын сауатты азамат етіп тәрбиелеу, шығармашылық күрделі ой еңбегіне үйрету. Бұл - басты мақсат. Ал шығарма жаздырудағы басты міндет - шәкірттерді кітаппен жұмыс істей алуға, өздігінен ізденө білуге, өмірде көрген, естіген, оқыған мәселелер төңірегінде пікірін дұрыс жеткізіп, ой-түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға дағдыландыру, жаттықтыру, меңгерту, дамыту.



Шығарма жаздыру - балаға білім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі. «Шығарманың күрделілігі сол, бұл-оқыту процесіндегі бірден-бір жеке дара орындалатын жұмыстың түрі. Қарастырылған мәселе, жазатын тақырып, біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы сол көркем туынды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты» (Қ.Бітібаева). Бірақ барлық оқушыға қойылатын талап біреу - шығарманы жақсы жазу.

Негізінде шығармаға қойылатын талаптар оқушы дәптерінің бірінші бетінде болуы керек. Оқушылар соны басшылыққа ала отырып жазады. Шығармаға қойылатын негізгі талаптардың соңғы үлгісі - «Қазақ тілі мен әдебиетінен қазак, тілінде оқытатын мектептердегі жазбаша бітіру емтихандарына қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері» атты нұсқау ережеде былай берілген:

1. Тақырыпты оқушынын өз ойы және өз сөзі әрқилы (оқулықтан көшірмей) толық аша білу.

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын
    нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке
    жол бермеу.

  3. Шығармада сөз болған жайды оқушының өзі ғана емес,
    басқаларға да түсінікті болатындай орамды тілмен. аз сөзге көп
    мағына сыйғыза баяндауы.

5. Шығарманың барлық бөлімдерінің бір-бірімен тақырып,
негізгі ой арқылы шебер байланысуы.

6. Шығарманың кіріспе мен қорытынды белімдерін қоса
алғанда тұтас жұмыстыц 4/1 бөлігіндей болуы қажет.

  1. Міндетті түрде жоспары болуы және шығарма мазмұнын
    жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жоспар болмауы себепті шығарманың бағасы кемітілуі мүмкін. Жоспар тақырыбына байланысты нақты жасалынады.

  2. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

  3. Оқушының өз шығармасында әр түрлі көркем шығарма
    кейіпкерлерін салыстыра отырып, орынды жерде дәйексөз келтіруі, ауыз әдебиеті үлгілерінен, сын мақалалардан әдебиеттану еңбектерінен өте шағын үзінділерді қисынымен қолдануы жоғары бағаланады, бұл оның терең білімін танытады.

  1. Шығармада қолданылған дәйексөздің қайдан алғандығы
    айқын көрсетілуі және ол оқушының ойын қайталамай, оны
    дәлелдеуі, жалғастыруы қажет.

  2. Шығармада жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың
    жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты
    қателіктер жіберілмеуі керек.

12. Оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай (сөздік қоры, сөйлем құрылысы, материалды берудегі көрікті ой, көркем тілі, тілінің образдылығы, ой сергектігі, сезімталдығы) бағаланады.

Бұл талаптарға қосымша ретінде мына төмендегілерді ескерген жөн:

  • ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс
    белгілерін бірден қойып, сауатты жазу. Сауаттылық – шығарма үшін ең маңызды мәселе;

  • жазу мәдениетіне де ерекше көңіл бөлу (таза, ұқыпты жазу,
    әрі әрбір әріптің айқын, көркем жазылуы, дәптердің ақ жиегіне
    өтпеу, жаңа жолдан бастау, дәптер тысындағы тазалық пен
    көркемділік т.б.)

Жоғарғы сынып оқушылары жазатын шығарманың түрлері туралы ғалым-әдіскерлер мен ізденімпаз жаңашыл мұғалімдер әр түрлі пікірлер айтады. Солардың бір-екеуіне тоқталайық. Мәселен, Ә. Қоңыратбаев шығарма түрін үшке бөледі:

1. Оқылған мәтіннен туатын мінездемелік (публицистикалық)
шығарма, Оның өзі дара мінездеме, салыстырмалы мінездеме,
топтамалы мінездеме түріндө жүргізіледі.

2. Оқушының өзіндік тәжірибесіне негізделген еркін тақырыптағы шығармалар.

3. Оқиғаны кәдімгі жазушыларша суреттеп жазу.

Ал Ә. Көшімбаев өзінің «Қазақ әдебивтін оқыту методикасы» деген кітабында шығарманың үш түрін көрсетеді:

1. Әдеби тақырыпқа.

2. Әдеби-публицистикалық және шығармашылық сипаты бар тақырыптарға жаздырылатын шығармалар.

3. Іс қағаздарына байланысты жазба жұмыстар: конспект, хаттама, істелінген жұмыс жайында есеп беру.

Соңғысы әдіскер-ғалым, жаңашыл мұғалім Қ.Бітібаеваның әдістемелік еңбегінде шығармаларды мынадай түрлерге беледі:

1. Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фельетон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады. Мысалы, «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Жариялылық - бақыттың басы».

2. Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме, инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады (әдеби жанрларды басшылыққа алады).

3. Ғылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған реферат, ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шолулар, пікірлер жатады. Мысалы, «Бейімбет әңгімөлеріндегі деталь, штрихтың маңызы».

4. Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар: «Біржан мен Сара» айтысындағы Біржан мен Сараның сипаты, «Абай жолы» эпопеясындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері, Бақтығұл қылмыскер ме, әлде әділдік іздеуші ме? т.б.

Жоғарыдағы әдіскер-ғалымдардың шығарма түрлері туралы негізгі сипаттамаларына сүйене отырып, жоғарғы сынып оқушыларының шығармаларын тақырыбы мен мазмұнына қарай жалпы екі түрге бөлдік:

1. Әдеби туындылар жайындағы шығарма, яғни тақырыптық шығарма. Мысалы: «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай бейнесі, «Жұлдызды ғұмыр» (Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы), Ер Түріктің ұрпағы (Мағжан поэзиясындағы ұлтжандылық, сарын), Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі аяулы аналар, Абайдың табиғат лирикасы, «Сыр сандықты ашып қара» (С. Сейфуллин - лирик ақын) т.б,

2. Оқушының өзі және қоршағаны орта жөніндегі шығарма, яғни еркін тақырыптағы шығармашылық жұмыс, Мысалы: «Сүйемін туған тілді - анам тілін», «Үш бақытым: туған жерім, ана тілім, халқым туралы», «Ұстаздық еткен жалықпас», «XXI ғасыр... Мен саған сенемін!», «Тәуелсіздік - ел тілегі» (Тәуелсіздіктің 10 жылдығына байланысты).

Еркін тақырыптағы шығармаларда оқушылардың өздері көргені, көңілге түйгені, олар жайындағы әсері, арманы, дүниетанымы т.б. қамтылады. Бұл шығармашылық жұмыс оқушыны ізденуге, ойлануға, өмірді тануға, ойын жүйелі бере білуге, жатық, әдемі сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландырады. Төменгі сыныптарда шығарманың осы түрі көбірек қолданылады. Ал жоғарғы сыныптарда еркін тақырыптағы шығарманың күрделі түрі жазылады.

Кейінгі кездері еркін тақырыпта жазылатын шығармалардың мына түрлерін жаңашыл мұғалімдер көптеп қолдануда: шығарма-миниатюра, шығарма-ой толғау, шығарма-көзқарас, өзінің әдеби еңбектерінің үлгісі т.б.

Шартты түрде алғанда, шығарманы түр-түрге бөлгенімен қойылатын талап біреу - оқушыны шығармашылық жұмысқа үйрету, білгендерін іздендіре отырып дамыту, ойын нақты, тұжырымды дәлелдермен, деректермен жеткізе білу, сауаттылығын арттыру.

Енді жоғарғы сыныптарда шығарманы қанша рет жаздыру керек, көлемі мен уақыты қандай деген сұрақтар төңірегінде тоқталып өтейік,

Оқушыларға шығарма жұмыстарын оқу жылы бойына мұғалімдер басшылық ете отырып, саны емес, сапасына қарай жиі жаздырғанда ғана, оқушылар шығарма жазып үйрене алады.

Сонымен бірге, шығармашылық жұмыста баланы үнемі үзбей, сатылы түрде дағдыландыру керек. Бұл үшін мұғалім оқу жылы басталар алдында, оқушылардың сыныпта және үйде жазатын шығармаларының тақырыптарын, олардың санын, мерзімін оқу бағдарламасына енгізіп, күні бұрын белгілеп қою тиіс. Және өтілген сабақтарда оқушыларды шығармашылық жұмысқа бағыттап отырғаны жөн.

Шығарма жұмысы сыныпта да, үйде де орындалады. Сыныпта жазылатын шығармалар оқушыларға таныс, әдебиет сабағында өтілген болуы тиіс. Алынған тақырып шәкірттердің жас ерекшеліктеріне, білім дәрежесіне сай болу керек. «Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі.

Үйде орындаләтын шығарма оқушылардың ез бетімен жұмыс істеп дағдылануына үйретеді. үйге берілетін жұмыстың уақыты шамамен 7-10 күндей.

Жоғарғы сынып оқушыларына жыл бойына жаздырылуға тиіс шығармалардың саны шамамен 8 шығармадан кем болмауы керек. Бірақ көп жаздырамын деп, санын қуалап, «формализмге» салынбай, сапасына ерекше көңіл бөлу қажет.

Шығарманың көлеміне келетін болсақ, әр сыныпта, яғни жас ерекшеліктері мен білім дәрежесіне сай шығарма көлемі әр түрлі болады. Соңғы үлгідегі нұсқау ережеде шығарма көлемі былай белгіленген: 5-сынып - 0,5-1 бет; 6-сынып - 1-1,5 бет; 7-сынып-1,5-2 бет; 8 сынып - 2-3 бет; 9-сынып - 3-4 бет; 10-сынып-4-6 бет; 11-сынып - 6-8 бет (оқушы дәптерінің беті).

«Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, сонымен бірге материалды баяндау "әдісі мен оның реттік жүйесі сияқты мәселелерден тұрады» (Нұсқау ережеде).

Енді тақырып, жоспар, эпиграф жөнінде қысқаша тоқтала кетейік. Қауі шығарманың болса да тақырыбы мен идеясы болады. Тақырып - талдап, талқыланып отырған мәселенің қысқаша атауы, жазылуға тиісті мәселенің шындығы әрі жаршысы. Еркін тақырыптағы шығармалар көбіне кең тақырыпта болып келеді. Мысалы: «Менің сүйікті мамандығым», «Ардақтайық та құрметтейік Ананы!» т.б. Ал үлкен тақырыптың жеке бөлігі болып келетін шығарма тақырыптары да бар. Мысалы: С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Ғайша бейнесі, Абайдың табиғат лирикасы т.б. Кейбір тақырыптар кейіпкерге, оқиғаға, идеясына, сезімге байланысты да айтыла береді: «Ботагөз», «Абай» т.б. Тиісті тақырыптар жан-жақты ашу үшін сол шығармаға негіз болған ойдың түп қазығы, ой арқауы, оның идеясы болады.

Негізінде бір сыныпқа бір ғана тақырып бермей, бірнеше тақырып беріп, оқушылардың қалауына салу керек. Сонда оқушылар таңдаған тақырыбымен шабыттана шығармашылықпен жұмыс істейді.

Оқушыларға қай тақырыпта шығарма жаздырса да мұғалім бұл жұмысты жүйелі жүргізуі тиіс. Қарапайым шығармадан бастап, күрделіге қарай сатылай бірте-бірте баулу керек.

Шығарманың тақырыбы мен көлемі жоғарғы сыныптарда бірте-бірте ұлғайып күрделене түседі. Мәселен, 9-сыныптағы шығармаларда жеке кейіпкерге немесе кейіпкерлердің бір тобына, белгілі бір ортаның тұрмыс-тіршілік жағдайын суреттеу түрінде мінездеме береді. Ал, 10-сыныпта көбіне мінездеме түріне келіп, талдау жасалады.

Шығарма жұмысындағы күрделі істің бірі - шығармаға жоспар жасау. Кез келген жұмыс жоспарсыз жасалынбайды. Сол сияқты оқушы шығармасы да тақырып таңдап алынған соң жоспар жасаудан басталады. Төменгі сыныптарда көбінесе мұғалімнің көмегімен жасалса, жоғарғы сыныптарда мейілінше өздігінен жасауға үйреткен жөн. Егер оқушыларға тақырып қиын болса, сыныпта немесе қосымша сабақта жоспар құруға көмек жасау болады.

Шығарма жоспары - оқушының таңдап алған тақырыбының негізі үшін жасалған жобасы, ойын рет-ретімен жазуға жетелейтін бағыт-бағдары, дайындалған қаңқасы. Жоспар бүкіл шығарманы, оның идеясын, құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіліп жасалуы керек. Сонда оқушы сол жоспарды бағытқа ұстап, содан ауытқымай, мысал келтіре, ойын дәлелді етіп жазады.

«Оқудың түбі - үйрету, үйренгенін дағдыға айналдыру» (Ә.Қоңыратбаев) десек, жоспар жасауға үйрету кезеңі төменгі сыныптарда жүргізіледі, ал үйренгенін дағдыға айналдыру, қалыптастыру кезеңі жоғарғы сыныптарда жұреді. Жоспар жасау тек шығарма жазуда ғана қолданылмайды, ол сабақта мәтінді, белгілі автордың шығармасын талдағанда, мазмұндама жұмысында да қолданылады. Төменгі сыныптарда жоспар жасап үйрету туралы Ә. Қоңыратбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» деген еңбегінде өте жақсы жазылған.

Алдымен шығарманың құрылысына тоқталып, қандай жүйеде жазылатынын көрейік (Е.Дайрабаевтың үлгі-нұсқасы): 1. Әңгіме түріндегі шығарма жүйесі:

І Кіріспе (басталуы).

II. Негізгі бөлім:

а) оқиғаның байланысы;

ә) оқиғаның шиеленіске жеткен жері;

б) шешілуі.



III. Қорытынды (эпилог).

2. Талдау түріндегі ойға құрылған шығарма жүйесі:

  1. Кіріспе бөлім.

Тақырыпқа жүктелетін міндет.

  1. Негізгі бөлім:

а) тақырып көтерген мәселе;

ә) ұсынылған дәлелдер;

б) дәйектеме түріндегі сөздер;

в) өзіндік ойлар, тұжырымдар, ұғымдар, сезінулер.

III. Қорытынды бөлім.

Ұсынылған мәселені жинақтау.



Әрине, оқушы шығармасы міндетті түрде осы жүйеде орындалсын демейміз, ол тек ойды қалыптастыру үшін беріледі.

Шығарма мазмұнын қалай ашу керектігіне қарай жоспар жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай жоспарда шығарма мазмұнын ашатын басты-басты мәселелерді ғана көрсетеді. Ал күрделі жоспарда көрсетілген әрбір ірі мәселе іштей тармақтапып бөлінеді, солардың көтерілуі, шешілуі жоспарланады.

Күрделі жоспар негізінен үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден. Шығарманың кіріспе бөлімінде көркем бейненің қай шығармадан алынғанын, авторын және сөз етейін деп отырған оқиғаның қашан болғанын, мұны тудырған себептері баяндалады, яғни негізгі бөлімде айтылатын ойдың бастамасы, дайындаушысы кіріспе деуге болады. Сонымен бірге оқушы ұсынылған тақырыпты қалай түсінеді, нені жазуды алдына мақсат етіп қойды, міне, осы жайлар кіріспеде тиянақталып айтылуы қажет.

Шығарманың негізгі бөлімінде оқушы сөз етіп отырған мәселені қандай дәрежеде түсінгені, өз көзқарасы тұрғысынан дәлелдер мен мысалдарды қаншалықты біліп, қалай бағалайтыны баяндалып, әңгімеленеді. Шығарманың кіріспе бөлімі жағынан алғанда, жалпы шығарманың төрттен біріндей болуы керек. Ал, керісінше, негізгі бөлімге көп орын берілуі тиіс. Өйткені. ол тақырыптың мазмұнын ашатын дәлелдеуші - негізгі бөлім.

Қорытынды бөлім - оқушы шығармасының қорытынды тұжырымы, түйіні. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған мақсатын, әсерін, жазушы туралы пікірін білдіреді.

Енді жоспардың бірнеше мысал-үлгісін көрсетейік.

Еркін тақырышпаш жоспар үлгісі:

Наурыз - халық мейрамы



Жоспар .

Кіріспе бөлім.

Наурыз мерекесінің халық ауыз әдебиетіндегі алатын орны.

II. Негізгі бөлім:

а) Наурыз - қазақтың жыл басы.

ә) Наурыз мерекесіндегі халықтық әдет-ғұрыптардың көрінісі.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Наурыз - халық мейрамы.



Амансыз ба?

Ұлыс оң болсын!

Ақмол болсын!

Қалайда барсаң жол болсын!

Әдеби шыәармаларәа күрделі жоспар улгісі:

Шығармашылық бағыттағы күрделі жоспар үлгісі:

Соңғы кезде мектептерде шығарманы жоспарсыз жаздырып жүр. Ол оқушылардың жұмысын жеңілдеткенімен, көптеген қиындықтар туғызады: жүйелі жазылмайды, тақырыптан ауытқиды. Ал, төменгі сыныптардағы (шығармашылық бағыттағы еркін тақырыптарға) шығармаларды жоспарсыз жазса да болады.

Шығарманың мазмұнын аңғару үшін оның алдына қысқаша үзінді немесе нақты сөз келтіреді. Ол - шығарманың эпиграфы, Эпиграф шығармаға өң беріп, оның идеясын алдын-ала білдіріп тұрады. Эпиграф етіп, көбінесе, халыққа танылған адамның нақыл сөздері, шығармасы талданып отырған ақын-жазушылардың өз сөзі, өлең шумақтары және мақал-мәтелдер алынады. Мысалыға, «Абай өлеңдеріндегі өлөң-жыр, ән-күй тақырыбы» деген шығарманың эпиграфы етіп Абайдың мына өлеңін алса болады;

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет