Біріккен сабақ. Бұл түсіндіру сабақтар тобына жатады. Оқушыларға теориялық білім беруде біріккен сабақ үлкен қызмет атқарады. Біріккен сабақтың термині сабақ құрылымдарының бір-біріне кірігуіне орай жасалған. Сабақтың құрылымдық элементтері бір-бірімен байланысып, толықтырып отырады. Біріккен сабақта оқушыларға теориялық мәлімет берумен қатар өткен материалдар да еске түсіріледі,яғни оқушыларға берілетін жаңа білім танытылумен бірге өткен тақырыпта қайталанып отырады.
Лекция сабақ.Мектеп оқушыларына теориялық білім мен практикалық дағды беру процесіне лекция сабақ формасын өткізіп отырудың пайдасы мол. Лекция – түсіндіру сабақтар тобына кіреді. Лекция – гректің –оқу деген сөзінен алынған термин сөз. Бұл- оқытудың бір формасы. Лекция мұғалімнің белгілі бір тақырыпты ауызша мазмұндап түсіндіруі, оқушы алдында баянжама жасауы, арнайы тақырыпқа хабарлама беруі дегенді білдіреді. Сондықтан да тілдік теориялық материалды ауызша мазмұндап жеткізу мақсатын көздейтін жұмыс қалпын лекция сабақ деп атайды. Оқушыларға лекция сабақ формасын беруде, олардыың мынадай дағдылары дамып қалыптасады:
1.ауызша мазмұндап түсіндіруде оқушылардың сөздік қоры молаяды.
2. оқушылардың тілі ширайды, сөйлегенде орнекті сөз , тұрақты сөз тірекстерін табады.
Сөз,сөйлем оралымдарын іздеп, оларды орынды жеріне қолдана білуге дағдыланады.
4. әдеби тілде дұрыс сөйлей білуге машықтанады.
5. оқыған мәтіннен мазмұндап айтып беруге жаттығады.
6. жоспарлы түрде өз пікірін мазмұндап түсіндіріп, баяндап жеткізуге үйренеді.
7. жарыс сөз сайысын дұрыс ұйымдастыра алады.
8.мазмұнда, шығарма жұмыстарын дұрыс жазуға дағдыланады.
Тақырыпты баяндау барысында мұғалім дауыс ырғағымен оқушылардың зейінін бір нүктеге аударады. Мұғалім лекция сабақтарында оқушылардың конспект дәптерлеріне ерекше назар аударады. Сондай ақ лекция сабақ көлеміне өткізілу шартына қарай төменгі тақырыптарға ажыратылады.
1.Түсіндіру лекциясы 2. баяндау лекциясы
3. Шолу лекция
Түсіндіру лекциясы – басқа лекция сабақтарға қарағанда көлемі жағынан шағын жұмыс формасы. Бұл лекция сабақ Ү-ҮІІ сыныптар көлемінде,уақыт жағынан 20-25 минут ішінде өткізіледі. Сабақты жүргізуде түсіндіру әдісінің құрылымдық элементтері пайдаланылады, түсіндіру әдісі төмендегі элементтерден тұрады.
1.мұғалім оқушыларға көрнекі құралдағы мысалдарды дауыстап оқытады;
2.Тақырыптың өзіндік белгілерін тәртіппен түсіндіреді.
3.материалдың өзіндік белгілерін жинақтайды.
4. тақырыпқа тиісті ережелерді шығарады.
5.оқушылар материалға байланысты практикалық дағдылар түрлерін орындайды.