Сабақ Күні: Cабақтытың тақырыбы



Дата08.09.2017
өлшемі32,46 Kb.
#30787
түріСабақ
Сабақ 1.Күні:

Cабақтытың тақырыбы: Кіріспе. Цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері.

Сабақтың мақсаты: Цитология жасушаны зерттейтін ғылым екендігін түсіндіруді жалғастыра отырып, тереңдетіп білім беру. Цитологияның басқа ғылым салаларының дамуына тигізетін ықпалын ашып көрсету.

Сабақтың типі: Жаңа білімді беру.

Сабақтың түрі: Дәріс

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, кесте толтыру. .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.



Жоспар: 1. Цитология ғылымы

2. Қазіргі заманғы цитологияның негізгі міндеттері

3. Жасушаны зерттеу әдістері

Цитология ғылымы Цитология(грек.kitos – жасуша және logos − ғылым) – жасушаның құрылысын, химиялық құрамын және жасуша ішіндегі түрлі құрылымдардың атқаратын қызметтерін зертейтін биология ғылымының маңызды салаларының бірі. Цитологияныңқарқынды дамуының нәтижесінде биология сипаттамалық ғылымнан эксперементтік ғылымға айналды. Қазіргі кезде цитология ғылымы жасуша құрылысын зерттеп қана қоймай, ондағы болатын күрделі физикалық химиялық процестерді де зерттейтін нақты ғылым саласы болып отыр.

Цитология цитохимия, цитогенетика, цитоэкология және биология ғылымының тағы басқа жаңа салаларының дамуына негіз болды.

Цитохимиялық зерттеулердің бастамасы ең алғаш 1868 жылы швейцариялық биохимик И.Ф Мишердің лейкоциттердің ядросынан нуклеин қышқылдарын табуынан басталды. Кейіннен нәруыздың биосинтезі осы қышқылдардың қатысуы арқылы жүретіндігі анықталды.

Цитогенетика тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын жасуша деңгейінде зерттеуге мүмкіндік берді. Америкалық ғалым Т.Морганның тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы негіз болды.

Цитоэкология қоршаған ортаның бұзылуына байланысты жасуша құрылымының өзгеруін, соның салдарынан қауіпі аурулардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын қарастырады.

Цитология ─ жасуша туралы ғылым

Цитология ғылымы

Қарастырылатын материалдардың мазмұны

Біржасушалы және көпжасушалы тірі организм дердің жасушасын зерттейді

Жасушаның құрылысы және химиялық құрамы. Жасушада жүретін пластикалық және энергетикалық алмасулар (фотосинтез, биосинтез). Жасушаның бөліну жолдары мен дамуы. Жасушаның қоршаған ортаға сай бейімделуі


Қазіргі заманғы цитологияның негізгі міндеттері: жасушалардың химиялық құрылымы мен микроскопиялық әрі субмикроскопиялық құрылымдарын әрі қарай зерттеу; жасуша құрылымдарының қызметі мен олардың өзара әрекетін; жасушаға заттардың ену әдістерін, олардың жасушадан шығуын және осы процестердегі мембрананың рөлін сипаттау. Сонымен қатар цитология қозуды қабылдауды әрі өткізуді, жасушалар арасындағы өзара әрекетті, жасушалардың зақымдаушы әсерге әрекетін және т.б. зерттейді. Зерттеу нысандары мен әдістеріне байланысты цитологияның мынадай бөлімдері: цитогенетика, кариосистематика, цитоэкология, радиациялық цитология, онкологиялық цитология, иммуноцитология және т.б. дамуда.

Жасушаны зерттеу әдістері. Жасушаның негізгі бөлімдерін: мембрана, цитоплазма, ядроны, сондай ақ цитоплазмадағы әртүрлі органоидтер мен молекулалардың құрылысын зерттеу үшін әртүрлі оптикалық құралдар қолданылады. Цитологияда қолданылатын негізгі құрал ─ жарық микроскопы. Оны пайдалану үшін әртүрлі бояулармен боялған, қалыңдығы 5-7 мкм жұқа кесінділер дайындау қажет. Мұндай кесінділерден жарық жақсы өтіп, заттардың бейнесі анық көрінеді.

Жарықтың әсерімен көрсететін микроскопта жетілдірілген окуляр пайдаланылады. Ол зерттейтін объектіні экранға 1000 есеге дейін үлкейтіп түсіре алады. Қазіргі уақытта цитолог мамандар 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскоптарды пайдаланады. Кейінгі кезде жасушаны молекулалық деңгейде зерттеу үшін 1931 жылы Девиссон мен Калбек ойлап тапқан электрондық микроскоп па пайдалануда.

Жасушадағы жеке химиялық заттардың оқшаулануын, химиялық құрамын зерттеу үшін цито−және гистохимия әдістері кең қолданылады. Олар реактивтер мен бояғыштардың цитоплазманың белгілі бір химиялық заттарына таңдап әсер етуіне негізделген.

Бекіту.Цитология ғылымы нені зерттейді?

Жаусшаны зерттеудің қандай әдістерін білесіңдер?



Цитологиялық зерттеулердің басқа биологиялық ғылымдар үшін маңызы неде?

Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау, конспект жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 0b24
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b24 -> Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шұбалаң негізгі мектебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет