і-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерге көңіл бөліңдер, мағынасын түсініп, көшіріп жазыңдар.
2-тапсырма. Мына мәтінді түсініп оқыңдар, этнолингвистикалық атауларды теріп жазыңдар.
Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік мәні зор болған. Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар танысқанда руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласының өз ата-тегін білуі тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған. Жеті ата әкеден жоғары таратылады.
(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан)
3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Жеті атаның қалай таратылғанын айтыңдар.
Жеті ата
Сәби келсе өмірге,
Үлкен атаң тағы бар,
Жалғасты деп ұрпағым
Бабаң болар бесінші,
Қуанады әкелер,
Алтыншысы - түп атаң,
Қуанады аталар.
Жетіншісі - тек атаң.
Жеті атаңды біліп ал:
Жеті атаңды білгенің -
Ұрпақ сенен басталар,
Нағыз қазақ болғаның.
Сен - әкеңнің жалғасы
Ұрпақ жалғау міндетін
Әкең - ұлы атаңның. Мойыныңа інгенің.
(Ә.Біржанқызы )
4-тапсырма. Ә.Біржанқызының өлеңін пайдалана отырып, өздеріңнің ататектеріңді айтып көріңдер.
Сен - .... Әкең -........... Атаң -..... Үлкен атаң -..... Бабаң - .... Түп атаң - ..... Тек атаң - .....
5-тапсырма. Әңгімені рөлдерге бөліп оқыңдар. Әңгімеге ат қойыңдар.
Әкем маған ататепмнің аты-женш үйретүнп еді.
Кімнің баласысың? — деп сұрайтын ол.
Мен Момыштың ұлымын.-Момыш кімнің баласы?-Момыш - Имаштың баласы.
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.
Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген. («Ұшқан ұя» кітабынан)
6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі тірек сызба бойынша әңгімелеп, өз ұрпағына жеті атасын үйрету.
Атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық маңызын халқымыз ерте түсініп, оны берік ұстанып келген. Біріншіден, жеті ата туысдандыд, ағайындыд бірлікта, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеушң, қамқоршы, пана болады. Атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңлілі дегендей сыйластықта, бауырмалдыдта бірге еседі. Әкелер мен аналар перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. Жеті ата ұғымында бірлік, тәрбиеге аса мән беріледі.
Бұл дәстүр — текті, дені сау, таза ұрпақ өсуінің кепілі.
(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кітабынан )
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету
Дәстүр
|
|
Біріншіден,
|
|
Екіншіден,
|
|
Үшіншіден,
|
*атадан
|
|
• туысқандық
|
|
• тұрмыс-тіршілік
|
|
• жақсы таниды
|
балаға
|
|
• ағайындық
|
|
|
|
• сыйластық
|
*тәрбиелік
|
|
*бірлік
|
|
• күнкөріс
|
|
• бауырмалдық
|
мәні
|
|
• ынтымақ
|
|
|
|
|
Қиындықта
|
|
Перзенттері
|
• демеуші
|
|
• ержүрек
|
• қамқоршы
|
|
• қайырымды
|
• пана
|
|
• ұйымшыл
|
|
|
• бауырмал
| Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма.
Бағалау
І-тоқсан. 26-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ІІІ модуль. ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДА ТҰРУ
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР. КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР
Тақырыбы: Енші үлесу
Мақсаты:
1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөз дермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: қорыту сабағы
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Әңгімені рөлдерге бөліп оқыңдар. Қазақ отбасындағы қандай дәстүр туралы айтылғанын әңгімелеңдер. Енші үлесу
Біреудің екі баласы бар екен. Әкесі өлерінде балаларына айтыпты:
Мен өлемін. Менен қалған мал-мүлікті қақ бөліп алыңдар. Әкесі өлген соң, қалған мирасты балалары бөліп алмақшы болады. Бірақ даусыз, талассыз үлесе алмайды. Екеуі дауласып, қоңсыларына жүгініпті. Қоңсылары айтады:
Әкелерің өсиетінде не деді?
- Әкеміз мал-мүлікті қақ бөліп алыңдар деп еді.
Олай болса ер киімді қақ бөліп жыртарға керек, әр ыдысты қақ бөліп сындырарға керек. Әр малды сойып, қақ бөліп аларға керек, - деп, қоңсылары ақыл беріпті.
Солардың сөзіне еріп, айтқанын істеп, екеуі малсыз, мүліксіз қалыпты.
Кісі ақылын талғап ал, жағымдысын таңдап ал. (А.Байтұрсынов)
Сөздік
қоңсы — сосед
өсиет — здесь: завещание
мирас - наследство
қақ бөлу - разделить поровну
жағымды – позитивный
2-тапсырма. Мына этнолингвистикалық сөздердің мәнін түсініп, жазып алыңдар. Сөйлемдер құраңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |