Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет2/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін мағыналарымен сәйкестендіріңдер, оларды пайдалана отырып «Менің отбасымдағы аяулы жандар» тақырыбына әңгіме құраңдар.


әдемі сөйлеу ұрлық жасамау ете тату суду ойланды

ештеңенг жуытпады ең қымбат


әдемі сөйлеу ұрлық жасамау ете тату суду ойланды

ештеңенг жуытпады ең қымбат


әдемі сөйлеу ұрлық жасамау ете тату суду ойланды

ештеңенг жуытпады ең қымбат


әдемі сөйлеу ұрлық жасамау ете тату суду ойланды

ештеңенг жуытпады ең қымбат


әдемі сөйлеу ұрлық жасамау ете тату суду ойланды

ештеңенг жуытпады ең қымбат


әдемі сөйлеу ұрлық жасамау ете тату суду ойланды

ештеңенг жуытпады ең қымбат


әдемі сөйлеу ұрлық жасамау ете тату суду ойланды

ештеңенг жуытпады ең қымбат


әдемі сөйлеу ұрлық жасамау ете тату суду ойланды

ештеңенг жуытпады ең қымбат


әдемі сөйлеу ұрлық жасамау ете тату суду ойланды

ештеңенг жуытпады ең қымбат


әдемі сөйлеу ұрлық жасамау ете тату суду ойланды

ештеңенг жуытпады ең қымбат

көзінің ағы мен қарасындай

ақыл таразысына салды

арасынан қыл өтпейді

қызғыштай қорыды

ешкімнің ала жібін аттамау

жүзіктің көзінен өткендей

сөздің майын тамызу

әдемі сөйлеу ұрлық жасамау өте тату

ештеңені жуытпады ең қымбат

Бағалау
І-тоқсан. 3-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қойыңдар.

Отбасы — ер адамның алтын ұясы. Отбасы ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз баланы тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Отбасында ұлға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретеді. Қызға тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын қалыптастырады.Жаңа толқын» кітабынан)

Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Мына кісінің есімі — Қуанышбек. Оның отбасы үлкен. Оның әкесі, шешесі бар. Қуанышбектің әйелінің аты - За­гира. Олардың бір ұлы және екі қызы бар. Қуанышбек пен Загира үш баласына қамқор болып, жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. Ол үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Қуанышбек отбасымен демалыс күндерін бірге өткізіп, саяжайда бақша егуге, саяхатка шығуға, машинамен қыдыруға құмар. Загира отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеуді, шет тілдерін үйренуді жақсы көреді. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дәстүрі қалыптасқан. Сенбі күні кешке балаларымен отбасылық сұхбат қүрып, кітап оқиды. Теледидар, радио арқылы жаңалықтармен танысады. Жақсы дәстүр - отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі.





алтын ұя - родной очаг

ұлттық дәстүр - национальная традиция

дағды - навык

сыйластық - уважение

әзірлеу - готовить

шаңырақ - семья

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 2-тапсырма. 2-тапсырма. Көп нүктенің орнына сөздерді қойып, тұрақты сөз тіркесін жасау. Үлгі: тілінен ... тамғантілінен бал тамғансөзге шебер, шешен.

қысқа ... күрмеуге келмейді – кедейлік, қабағынан ... жауды - қатты ашуланды, кектенді, ... жуытпау – қорғаштау, екі езуі екі ... жету – қуану, ... түгі бар — батыр

Қажетті сөздер: жүрегінің, жіп, қар, шаң, құлағына

Бағалау

І-тоқсан. 4-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: «Отбасы тәрбиесі» мәтіні бойынша 3 деңгейлі тапсырмалармен жұмыс

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма.

3-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар

Отбасы тәрбиесі

Мен мектепте жүргенде сурет салуды ұнататын едім. Бұл өнерімді байқаған әкем мені қолпаштап отырды. Бірақ қайтсең де, суретші боласың деп үзілді-кесілді «шідерлеп» тастаған жоқ. Немен айналыссам да, қолымнан қаққан емес, өз пікірін, білгенін айтатын, бірақ оны зорлап біздің миымызға құймайтын. Сондықтан ба, отбасымыздағы бес баланың бәрі де өздері қалаған мамандықтарын алды. Қажет деген кезде, мейірім керек болса, суретті сонша салатын едім, уақыттан да ешкім шектемейтін. Кейде кешкі сағат он болғанда: «Қазір сен қалайда жатып ұйықта, уақыт болды, күн тәртібш бұзба!» - деп апарып төсекке де жатқыза қоймайтын. «Жарайды, жаның соны қалап отырса, өзіңе қажет болса, отыр, жаса. Бүгін қанып ұйықтамасаң, орнын ертең толтырарсың. Ал бүгінгі келіп тұрған шабытты қайтарып тастауға болмайды. Бәрібір соны ойлап дөңбекшіп жатасың», - дейтін.

Қазіргі отбасылардың көпшілігі (қалалық) қонақ үйді еске түсіреді. Қайсыбір ата-аналар балаларын телефонмен тәрбиелеп жатады. «Тұрдың ба? Тамағыңды іш! Содан кейін отыр, сабағыңды оқы!» Немесе жұмысына асығып кетіп бара жатып: «Оқы, кішкене ойна... былай тұршы, аяқтың астына оралмай! Жұмыстан қалатын болдым ғой! Жай кезде сұрамай, дәл асығып тұрған кезде сұрайды екенсің!» - десіп жатады. Көп нәрсенің кілті үй ішінде орныққан дәстүрге байланысты деп ойлаймын. Бала өзінің бүкіл ғұмырына жететін ең жақсы қасиеттерді үйдің «ауасымен» бірге жұтуы ке­рек. Бұл жерде бәрібір - ауылдың баласы ма, қаланың баласы ма, ең бастысы, бойындағы дарынын үрлеп жандырып, табандылыққа үйрет. Ал егер баланың ақылы болса, оны қаймықпай, жалтақ болмай өсуге талпындыру керек.

(Н.Мұхамадиева)

Сөздік

ұнату - одобрять, отнестись благосклонно

қолпаштау - превозносить, восхваление

шідерлеу - усмирить

қалау - по желанию

мамандық - спеңиальность

шектемеу - не ограничивать

шабыт - вдохновение

дөңбекшу - беспокойно кувыркаться

жақсы қасиеттер - достоинство

табандылық - упорство

қаймықпау - не бояться

жалтақ - боязливый

талпыну - стремиться

III деңгей

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Бала мектепте қандай істі ұнататын еді?

  2. Баласының талантын көрген әке не істеді?

  3. Түні бойы сүйікті ісімен айналысқан баласына әкесі не деді?

  4. Қазіргі отбасылар туралы айтылған пікір дұрыс па?

  1. Мына сөздер мәтінге қандай мағына беріп тұрғанын айтыңдар:

«шідерлеп» тастаған жоқ, миымызға құймайтын, шабытты қайтарып тастауға болмайды, үйдің «ауасымен», үрлеп жандырып.

ІІ деңгей

1.Мақал-мәтелдердің жалғасын екінші бағаннан тауып, мағынасын түсіндіріңдер.



Мақал-мәтел

Жалғасы

  1. Ата-анаңды сыйласац, ...

  2. Ата тілін алмаған ...

  3. Ана сүтін ақтамағанды ...

  4. Атадан жақсы ұл туса, ...

  1. есіктегі басын төрге сүйрер.

  2. көп жасарсың.

  3. аман болып көп жүрмес.

  4. ешкім мақтамайды.
2.Мәтіндегі әке сөзі мен адам бойындағы дарынға байланысты ақылды көшіріп жазыңдар.

І деңгей

Болашақ мамандығыңа байланысты ата-ана тарапынан қандай ақыл айтылатынын әңгімелеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет