2-тапсырма. Адамның көңіл күйін білдіретін тұрақты сөз тіркестерін бір бөлек, достықты, қарым-қатынасты білдіретін тұрақты сөз тіркестерін бір бөлек жазыңдар.
Ақыл қосты (дұрыс кеңес берді), арасынан қыл өтпейді (өте тату болу), ат ізін суытпау (жиі келіп тұру), екі езуі екі құлағына жетті (қатты қуану ), әңгімесі жарасты (жақсы сөйлесу), жұлқызы оңынан туу (жолы болды), қаймағы бұзылмау (ауызбірлікте болды),қол ұшын беру (көмектесу), тонның ішкі бауындай (өте жақын, өз адамындай), шаң жуытпау (қорғаштады), іші бұру (біреуге жанашырлық жасады), талағы тарс айырылу (қатты ашуланды ).
3-тапсырма. Түрлі түсті жапсырмадағы №1, №2, №3, №4 суреттердің қайсысы төмендегі дәстүрлерге сәйкес келеді?
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.
Қуанышты хабар жеткізуші адам «...» деп келеді. Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көршілеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға «...» әкеледі. Жае адам жолға шыдданда жасалатын дәстүрді «...» деп атаймыз. Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде «...» тойы жасалады. Келін түскенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден ... шашады.
Қажетті сөздер: сүйінші, базарлық, тоқымқағар, тоқым қағу, шашу.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Төмендегі мақал-мәтелдерге қатысы бар тұстарын көрсетіңдер:
1. Қонақ қойдан жуас (момын).
2.Қонағы бар үй қыдырмайды.
3. Қонағын сыйлаған төрге шығарады.
4. Сақтаулы етті үй иесі емес, қонақ жейді.
Әжем қызық. Сойылған малдың етін көже-қатыққа ғана пайдаланып, ең сүбелі мүшелерін сүрлеп, сақтап қояды. Әсіресе, шілденің ыстығында жас етті желге қақтырып, сорғытқанда, сыртын жұқа дәдемен орап, астыңғы жағынан болар-болмас түтін салғызып, әбігерге түседі.
Қазақ үшін қонақтан үлкен ешкім жоқ. Қарағым, осыны ұмытпа, - деп екі күннің бірінде шешемнің құлағына құйып отырады. Түс кезінде біздікіне арып-ашып, шаршаған екі бала келді. Әжем де ұсақ-түйек шаруа істеп, қыбырлап сыртта жүрген.
Апа, - деді он төрт-он бестердегі қыз бала ұялып. - Біз алыстан келе жатқан жолаушы едік. Рұқсат болса, бауырымыз екеуіміз сіздердікіне қонып шығайыдшы.
Құдайы қонақ болсаңдар қысылмаңдар, қарақтарым, - деді әжем құрақ ұшып. - Менің де өздерің сияқты балаларым бар.
Әке-шешем жолаушылап аудан орталығына кеткен еді. Әжем қазан көтеріп, ет салды. Ыстық бауырсақ пен қаймақ қатқан шайды терлеп-тепшіп ішіп отырғанда: -Апа, сізді үйге келіп дәм татсын дейді, - деп көршінің баласының жетіп келмесі бар ма.
Әжемнің бір қасиеті шақырған жерден қалмайтын. Бірақ бұл жолы бармады. - Әке-шешеңе айта бар, келмеді деп ренжімесін. Үйде қонақтар бар, - деді. Мен таңғалдым.
Әжемнің «қонақтар» дегені менен көп болса, төрт-бес жас қана үлкендігі бар екі жолаушы бала болатын. Бір-біріне тығылып, тамақ ішіп отырған апалы-інілі бейтаныстарға бұл жолы іштей құрметпен қарадым. Қалай дегенмен, жолы үлкен сыйлы қонақтар ғой!
Сөздік
сүбелі мүшелерін сүрлеу — коптить хорошие куски мяса
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Берілген ұғымға көңіл аударыңдар. Көшіріп жазыңдар. Сыйластық
Отбасы бақытының негізгі кілті сыйластық орын алған отбасында береке де, бірлік те болады. Жалғыз отбасында емес, адамдар арасында да сыйластық үзілмеуі тиіс.
Сыйластық сенің үйіңде орнаған ба?
2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Бірнеше сұрақ құрап, өзара сұхбаттасыңдар.
Нағыз адам
Жапан даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады.
Құдық басында ұзын арқанға байланған шелек бар. Жолаушылар мен әрі-бері өткен кісілер құдыққа бұрылып, су ішеді, атайға алғыстарын жаудырады.
Өңірде байлаулы арқан үзіліп, шелек терең құдық түбінде қалды. Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді. Су тартып ішуге ыдыс табылмады. Мал суаруға да шелек таба алмай, қолы кесілгендей болды.
Келесі күш таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі керіліп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз салып, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.
-Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан.
Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Таңдайы құрғаған кісі арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзіқанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлінқандырды.
Қалған суды құрғаққұмға төге салды да, шелегінқайтадаи сабан арасына салып, жүріп кетті.
Бұл не қылған адам? - деп сұрады немересі атасынан.
Бұны да әлі адам деуге болмайды, - деді атасы.
Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады. Су тартып, сусынынқандырды, содан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегіқұдық басында арқанға байланған күйіқала берді.
Бұл қандай адам? - деп сұрады немерем.
Міне, бұл - нағыз адамның өзі, - деп жауап берді атасы.(В.Сухомлинский)
Сыйлассаң сыйымды боларсың
3-тапсырма. «Нағыз адам» әңгімесіндегі қарамен жазылған тұрақты тіркестердің сөйлемге қандай мағына беріп тұрғанын айтыңдар.
4-тапсырма. Өлеңді түсініп оқып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.