Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет1/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

І-тоқсан. 1-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: Отбасындағы асыл адамдар

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

... - елдің, отбасының ең сыйлы адамы. Ол отбасының, елдің бірлігін сақтайтын, халықтың болашағын байыптайтын, көпті көрген дана қария.

... - әкеңнің, шешеңнің анасы. Отбасының, елдің сыйлы анасы. Балалардың тәрбиешісі, ақылшысы.

... - үйдің басшысы, асыраүшысы. Отбасындағы балалардың қамқоршысы.

... - өмірге бала әкелген, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін берген ең аяұлы жан. Ол - отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы, негізгі тұтқасы.

- қазақ отбасындағы шаңырақ иесі, әке өмірінің жалғасы.

- елдің сәні, көркі, өмірдің гүлі, отбасының қуанышы.

Ол - болашақ жар, ана. Оны мәпелеп, аялап, сыйлап жүру керек.

Қажетті сөздер: ұл, ана, әке, әже, қыз, ата.

2-тапсырма. Өленді сөздіктің көмегімен түсініп оқып, жаттап алыңдар.

Ананды құрметтемесең

Анаңды құрметтемесең,

Анадан несін туасың?

Адамды құрметтемесең,

Адамнан несін туасың?

Далаңды құрметтемесең,

Далада несін тұрасың?

Қалаңды құрметтемесең,

Қалада несін тұрасың?

Адам! Атың қандай зор!

Адамсыз әлем әлем бе?

Адамды сыйлап, адал боп,

Адам боп өт әлемде! (Д. Әбілов)

Сөздік

құрметтеу - уважение, почитание

туу - роқиться

әлем - мир

адал - честный

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 2-тапсырма. Өлеңді жаттап келу.

Бағалау

І-тоқсан. 2-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

І модуль. БІЗ ТАТУ ТҰРАМЫЗ

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: «Қарт пен бала әңгімесі» мәтіні

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды тұрақты тіркестермен тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс

3-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқындар. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

Қарт пен бала әңгімесі

Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып: - Ата, мені де ала кетесіз бе? – дейді.

  • Балам, мен мектепте болғалы жатқан «Ардақта ата-анаңды» атты тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың, - дей бергенде:

  • Ата, маған сұрақ, қойыңызшы, - деді бала.

  • Балам, үйдің алтын қазығы кім?

  • Ата, үйдің алтын қазығы — бала.

  • Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі -қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың аға — қорғанышың, інің - сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа.

  • Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

  • Ата, жоқты бар, ашты тоқ, ететін - мейірімді әке.

  • Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін — ана.

Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?

  • Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.

  • Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, кыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді. Адамға ақыл беретін — ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. (М.Смағұлова)

Сөздік

қазық - стержень

ақылшы – советчик

қамқоршы - человек, который заботится

қорған - защитник

сүйеніш - опора

қанат - крыло

қатық - закваска

Сұрақтар:

  1. Бала неге сұраққа дұрыс жауап бере алмады?

  2. Үйдің алтын қазығы кім?

  3. Неге үйде ананың жөні бөлек?

  4. Неге бала өмір сүру үшін ақша, мал, алтын қажет деп ойлайды?

  5. Сенің ойыңша өмір сүру үшін не қажет?

  6. Адамға ақыл беретін кімдер?

4-тапсырма. Берілген ережелерді оқып, есте сақтаңдар.

Есте сақта!

Фразеология деген термин, біріншіден, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы деген мағынада, екіншіден, тұрақты сөз тіркестері туралы ұғым деген мағынада қолданылады.

Тұрақты тіркеске тән ерекшеліктер:

  1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздікердің орны еркін тіркестің құрамындағы сөздікердің орнына қарағанда тұрақты, орнықты болады. Еркін тіркестерде сөздікер ыңғайына қарай әр түрлі сөздікермен тіркесе береді. Еркін тіркестің құрамындағы бір сөздіктің орнына сәйкес келетін басқа бір сөздікті қолданып айтуға болады. Мысалы, дәмді ас деген еркін тіркестің құрамындағы соңғы сөздікті тамақ дегенмен ауыстырып, дәмді тамақ деп айтуға болады. Ал ас иесімен тәтті немесе ас — адамның арқауы тәрізді қалыптасып орныққан тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы ас деген сөздіктің орнына оның синонимі болса да, тамақ деген сөзді қолданып, тамақ иесімен тәтті немесе тамақ адамның арқауы деп айтуға болмайды.

  2. Тұрақты сөз тіркестерінің бәріне бірдей ортақ, бәріне бірдей тән белгілерінің бірі - олар тұтасып келіп, белгілі бір ұғымды бшдіреді. Оларға тән белгі - тұтастық пен мағына бірлігі. Мысалы: қырғиқабақ болу«араздасу», қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман - «тыныштық».

Тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші тілге аударылуға икемсіз келеді, әсіресе оларды тікелей сөзбе-сөз аударуға болмайды. Орыс тіліндегіп «на седьмом небе» («шексіз бақытты, өте бақытты» деген мағынада), «медвежья услуга» («пайда келтірем деп зиян келтіру» деген мағынада) дегендерді сөзбе-сөз қазақшаға аударуға немесе керісінше, қазақ тіліндегі «қырғиқабақ болу»; «ит өлген жер»; «үріп ауызға салғандай» деген тұрақты сөз тіркестерін сөзбе-сөз орыс тіліне аударуға келмейді.























Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет