3-тапсырма. Мәтінде қандай дәстүр туралы айтылғанын әңгімелеңдер.
Жерұшық
Жүгіріп ойнап жүрген бала құлап қалады. Әжей жүгіріп барып, жерден топырақ алып «ұшық, ұшық», «туф» деп басынан айналдырып лақтырып тастайды.
Бала: - Әже, бұл не, не істеп жатырсың?
Әжей: — Иә, балам. Жерден киелі не бар? Туған жердің топырағы да ем ғой. «Жерұшық» беру, «топырақпен ұшықтау» - туған жерді қадірлеу - халқымыздың дәстүрі ғой. Ауруды күн батар алдында «жер ұшық» беріп, яғни жерге екі-үш рет жығып ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды. Көз тигенде «сұқ-сұқ» деп, тіл тигенде «тіфә-тіфә» деп ұшықтайды. («Қазақтың салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптары» кітабынан )
4-тапсырма. Адамның төрт анасын түсініп оқып, жоғарыдағы әңгімеге қандай қатысы бар екенін анықтаңдар.
Төрт ана:
Туған жер, Салт-дәстүр,
Туған тіл, Туған тарих. (М.Шаханов )
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.
Енші, мал-мүлкі, ұл баланың, деп аталады, қазақ, отбасында.
Салынады, жасауға, бұйымдар, небір, жақсы.
Жасауымен, қыз баланы, ата-ананың, ұзату, парызы.
Жақсы дәстүрі - қазақ, беру, халқының, жерұшық.
Бағалау
І-тоқсан. 27-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
ІІІ модуль. ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДА ТҰРУ
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР. КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР
Тақырыбы: Киелі сандардың құпиясы
Мақсаты:
1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: қорыту сабағы
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. М.Мақатаевтың өлеңін оқып, не туралы айтылғанын түсініңдер.
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым — халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
(М.Мақатаев)
2-тапсырма. Өлеңді пайдалана отырып, үш бақытты атап көріңдер.
Үш бақыт:
Бірінші бақыт —
Екінші бақыт –
Үшінші бақыт –
3-тапсырма. Өлеңді түсініп оқыңдар.
Жеті жетім
Тыңдалмаған сөз - жетім,
Қиюсыз қалған бөз - жетім.
Иесіз қалған жер - жетім,
Басшысы жоқ ел - жетім.
Аққу-қазсыз көл - жетім,
Жерінен айырылған ер - жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол - жетім.
Өмірде не жетім? — депті қарт.
Ата-анасы жоқ бала жетім,- депті жігіт.
Дұрыс, балам, өмірде ата-анасы жоқ болса, бала - жетім, өмірде тоғыз жетім бар: халқына сенімсіз болса, хан - жетім, ханы ақылсыз болса, халқы - жетім, кеңесшісі ақылсыз болса, әкім - жетім, суы жоқ құдық жетім, ұлы жоқ әке - жетім, қызы жетесіз болса, ана - жетім, досы жоқ жігіт — жетім, шәкіртсіз ұстаз - жетім.
Өмірде жетім болсаң, есірме. Ақылды жетім кеңесуге құмар, ақылсыз жетім егесуге құмар. Егескен ел болмайды. («Бабаңнан саған не қалған» кітабынан)
Сөздік
жетім - сирота хан - правитель кеңесші - советник
4-тапсырма. Мына сызбалар бойынша сандардың құпиясын анықтап, адам өміріндегі маңыздылығы туралы диалог құрыңдар.
ер жігіт сұлу әйел жүйрік ат ілім-білім құмай тазы
Сандар құпиясы
Қазақ халқында жеті саны қасиетті де қастерлі. Қазақтардың жеті саны туралы түсінік кең: жеті ата, жеті қарақшы, жеті күн, жеті қат жер, жеті жарғы, жеті нан (шелпек), жеті қазына.
Жеті ата
Жеті ата жөнінде қазақ халқы «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер», «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деп жастарға халықтық, отансүйгіштік тәрбие беруге тырысқан.
денсаулық
байлық ақ жаулық
он саулық
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |