Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет19/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

3-тапсырма. Мәтінде қандай дәстүр туралы айтылғанын әңгімелеңдер.

Жерұшық

Жүгіріп ойнап жүрген бала құлап қалады. Әжей жүгіріп барып, жерден топырақ алып «ұшық, ұшық», «туф» деп басынан айналдырып лақтырып тастайды.

Бала: - Әже, бұл не, не істеп жатырсың?

Әжей: — Иә, балам. Жерден киелі не бар? Туған жердің топырағы да ем ғой. «Жерұшық» беру, «топырақпен ұшықтау» - туған жерді қадірлеу - халқымыздың дәстүрі ғой. Ауруды күн батар алдында «жер ұшық» беріп, яғни жерге екі-үш рет жығып ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды. Көз тигенде «сұқұқ» деп, тіл тигенде «тіфә-тіфә» деп ұшықтайды. («Қазақтың салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптары» кітабынан )

4-тапсырма. Адамның төрт анасын түсініп оқып, жоғарыдағы әңгімеге қандай қатысы бар екенін анықтаңдар.

Төрт ана:

Туған жер, Салт-дәстүр,

Туған тіл, Туған тарих. (М.Шаханов )

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

  1. Енші, мал-мүлкі, ұл баланың, деп аталады, қазақ, отбасында.

  2. Салынады, жасауға, бұйымдар, небір, жақсы.

  3. Жасауымен, қыз баланы, ата-ананың, ұзату, парызы.

  4. Жақсы дәстүрі - қазақ, беру, халқының, жерұшық.

Бағалау

І-тоқсан. 27-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІІІ модуль. ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДА ТҰРУ

ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР. КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР

Тақырыбы: Киелі сандардың құпиясы

Мақсаты:

1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. М.Мақатаевтың өлеңін оқып, не туралы айтылғанын түсініңдер.

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым — халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

(М.Мақатаев)

2-тапсырма. Өлеңді пайдалана отырып, үш бақытты атап көріңдер.

Үш бақыт:

Бірінші бақыт —

Екінші бақыт –

Үшінші бақыт –

3-тапсырма. Өлеңді түсініп оқыңдар.

Жеті жетім

Тыңдалмаған сөз - жетім,

Қиюсыз қалған бөз - жетім.

Иесіз қалған жер - жетім,

Басшысы жоқ ел - жетім.

Аққу-қазсыз көл - жетім,

Жерінен айырылған ер - жетім.

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол - жетім.

  • Өмірде не жетім? — депті қарт.

  • Ата-анасы жоқ бала жетім,- депті жігіт.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет