Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет17/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32

І-тоқсан. 24-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІІІ модуль. ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДА ТҰРУ

ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР. КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР

Тақырыбы: Қазақ отбасындағы бірінші талап

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды этнолингвистикалық атау, көмекші есімдермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ.1-тапсырма. Төмендегі қағидаларға назар аударып, өз отбасыңдағы талаптармен салыстырыңдар.

Біздің отбасында бірінші әке, содан кейін шеше, бұлар - отба­сы мектебінің ұстаздары десек болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең басты талап-тілегі - «әдепті бала» болып өсуі.

Сондықтан қазақ отбасы үнемі «Әдепті бол, тәрбиесіздік жасама, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.

Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулыған. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие бастауы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласы­на өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды үйреткен. Сонымен қатар балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Отбасының беріктігін сақтап, мейірімділік танытатын - әйел.

2-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, диалогтің сұрақтарына жа­уап беріңдер.

  • Отбасы мектебінің ұстаздары кімдер?

  • Қазақ отбасы балаларына қандай сөздерді айтып отырады?

  • Отбасынан тәрбие алған бала қандай болып шығады?

  • Ең басты міндет етіп нені қойған?

  • Отбасының берекесін сақтайтын кім?

3-тапсырма. Мына мақал-мәтелдердің екінші сыңарын сәйкестендіріп, мәтінге сәйкесін түсіндіріңдер.


1. Әдепті бала арлы бала ...

алдыңа сол келер.

2. Балаңды жұрт мақтаса ...

таз басындағысын ұмытпайды.

3. Бала жасындағысын ұмытпайды ...

әдепсіз бала сорлы бала.

4. Атаңа не көрсетсең ...

бәрінен де сол жақсы


4-тапсырма. Қазақ халқындағы тыйым сөздің анықтамасына назар аударыңдар.

Тыйым - халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пирыл, ерсі димыл, әдепйз гстерден сақтандыруда мақызды қызмет атқарады. Тыйым – халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп. (С.Кенжеахметұлы)

5-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырманы орындаңдар.

IІІ деңгей. «Құлағына құйып отыру» деген тұрақты тіркесінің мағынасының дұрыс нұсқасын табыңдар.

Тұрақты сөз тіркесі

Мағынасы

Дұрыс

құлағына құйып

қатты айқайлап сөйледі




отыру

жақсылап айтып түсіндірді







зейін салып тыңдады





қамқорлық

адамгершілік және адамгершілік ережелері

береке

ең жақын бауырлас адамдар

ағайын

ауызбірлік, ынтымақ

тәрбиесіздік

қамқор болушылық, қамын ойлаушылық

имандылық

тәрбие көрмегендік, әдепсіздік
2.Мына сөздердің сәйкес қатарын табыңдар.

II деңгей. 1-тапсырмадағы мәтінді пайдаланып, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар.

Отбасы мектебінің ұстаздары



болып өседі.

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Тыйым тәрбиенің қандай құралы? 2.Ол қандай қызмет атқарады?

І деңгей 1.Туыстық атауларға өздеріңше сипаттама беріңдер.

Әке, шеше, бала, ер-азамат, әйел, жамағат, отағасы.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Мына тыйым сөздерді пайдаланып, диалог құрыңдар.

Өтірік, өсек айтпа; кірдің суын баспа; үйге жүгіріп кірме; ішімдікке әуес болма; сәбиді ұрма, теппе.

Бағалау

І-тоқсан. 25-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІІІ модуль. ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДА ТҰРУ

ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР. КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР

Тақырыбы: Тіл дамыту

Мақсаты:

1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ.1-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерге көңіл бөліңдер, мағынасын түсініп, көшіріп жазыңдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет