Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет15/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

шынжыр - цепь

шеберхана - мастерская

болашақ - будущее

Сабақты бекіту. Мына сұрақтарға және жағдаяттың сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Сенің отбасында қандай өнер түрі дамыған?

  2. Әңгімеде аталған әшекей бұйымдарды бұрын естідің бе?

  3. Әжең және әкең бос уақыттарында қандай іспен айналысатынын білесің бе?

  4. Сенің отбасыңдағы қалыптасқан өнердің болашақ мамандық таңдауыңа әсері бар ма?

  5. Әжеңнің немесе әкеңнің ісін әрі қарай дамытар ма едің?

  6. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» мақалының әңгімеге қандай қатысы бар деп ойлайсың?

Үйге тапсырма. Сөздіктегі жаңа сөздермен сөйлемдер құрап келу.

Бағалау.
І-тоқсан. 21-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІІ модуль. Өмірлік өнеге

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: Бала тарбиесіне байыпты қарайық

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын түсініп оқып, қарамен жазылған сөзге көңіл бөліңдер.

Баланың бас ұстазы — ата-ана

«Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата не­месе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы,тірегі деп білсек, ана - ошағының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, бақытқа бөлейді. «Бала - адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын, баласының білімді, парасатты, мәдениетп, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. «Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Жанған отын сөндірмей түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздеген. (А.Теміралиева)

2-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Әр отбасында неге, ата-ананың орны бөлек?

  • Бала әкеден, анадан қандай нәрселер алады?

  • «Бала - адамның бауыр еті» дегенді қалай түсінеміз?

  • Ата-ана баласының қандай болғанын қалайды?

  • Неге әке мен ана артына ұрпақ қалдыруды көздеген?

  • Ұрпақ деген кімдер?

3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құраңдар.

  1. Бала, алады, әкеден, мейірім, анадан, ақыл.

  2. Асыраушысы, отбасының, әке, қамқоршысы, тірегі.

  3. Ана, ошағының, бөлейді, жылуы, шуағы, жақсы, ұйытқысы, әкеліп, ана, береке, отбасына, бақытқа.

  4. Қай, білімді, ата-ана, парасатты, болмасын, мәдениетті, баласының, қалайды, тәртіпті, болуын, әдепті.

4-тапсырма. Тірек сызбаны пайдаланып, мәтін құраңдар.

4-тапсырма. «Баланың ойлап тапқан тәсілі» мәтінін оқып, ондағы негізгі ойды өз сөздерімен айту.



Мен үйде жалғыз баламын. Ата-анам - жұмысбасты адамдар. Жұмыс деп жүріп маған үнемі көңіл бөлуге, менімен әңгімелесуге де уақыттары жоқ. Үнемі жалғызсырап жүремш. Сұраған ақшамды береді, барам деген жеріме жібереді. Маған байлықтың, ақшаның еш керегі жоқ. Маған тек қана ата-анамның аялы алақаны, мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Ал менің ата-анам маған еш алаңдамайды. Бірде мынадай жағдай болды. Мен досымның үйіне барып, түнгі сағат 11-ге дейін отырып қалдым. Үйге келсем, ата-анам алаңдап отыр екен. Мен ата-анамның өзіме назар аударғанына іштей қуанып, осы жағдайды тағы қайталадым. Сондағы ойым - ата-анамның көңілін өзіме осы тәсілмен аудару, бірақ бұл жолы ата-анам маған дауыс көтеріп айқайлады.

5-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құраңдар.

6-тапсырма. Сөйлемдерге қажетті сөздерді қойып жазыңдар.

  1. Менің ата-анам ... адамдар.

  2. Мен ата-анамның жанында, кейде ата-әжемнің жанында ....

  3. Мені анам еркелетін ... басады.

  4. Біздің үйде ... тәртібі мен ... мейірім шуағы бар.

Үйге тапсырма. 7-тапсырма. Мына мақалдың мәтінге қандай қатысы бар екенін айтыңдар.

Бағалау

І-тоқсан. 22-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІІ модуль. Өмірлік өнеге

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

Мақсаты:

1) білімділік: оқушылардың алған білімдерін тексеру, қорыту.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



  1. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

  1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген, ...» .

  1. Өнеге б) тәрбие в)үлгі д) ақыл

  1. «Артына сөз қалдырды» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы.

  1. сөз сөйледі б) айқайлады в)өнегелі сөз, өлең қалдырды д) кітабын беріп кетті

  1. «Ой, бәрекелді! Атасының аузынан түсе қалғандай ұқсауын өзінің! - деп іліп ала жөнелді». Сөйлемдегі тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай?

  1. атасының сөзін сөйлеген б) атасын ренжіткен в) тәрбие алған д) айнымай ұқсаған

  1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңдар. «Жауынменен жер көгерер, ... ел көгерер».

  1. Сөзбен б)батаменен в)ерлермен д) алғыспен

  1. Қай кезде берілетін батада айтылады?

Асың, асың, асыңа,

Бақыт қонсын басыңа!

  1. жас шаңырақ б) дастарқан в)дүниеге сәби келгенде д) ер-азаматқа

  1. Әлкейдің әкесі неге қуанды?

  1. алғыс алғанына б) сөз тапқанға в) айтқанын істегенге д) кітап оқығанына

  1. «Баламның қарымын сынап білейгн деп ойладым да, бір кні жай әңгімелесіп отырып...» Мысалдағы «қарымын сынау» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңдар.

  1. ойлау қабілетін тексеру б) сөзін сынау

  2. күш-қуатын, ақылын байқау д) өз көзімен көру

8«Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер» Қарамен жазылған сөзде қандай ықпал бар? А) ілгерінді ықпал б) тоғыспалы ықпал

В)үндестік ықпал д) кейінді ықпал

  1. «Еңбек етсең ерінбей...» . Мақалдың жалғасын табыңдар.

  1. тояды қарның тіленбей Б) татқаның тәтті болар

  2. ұйқың тыныш болар Д) асың сіңімді болады

  1. Ұрпақ деген кім?

  1. әке, ана б) ата, әже в)бала д) туыстар


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет