дегбірсіздену - беспокоиться
көзсіз ерлік - безрассудная храбрость
жалған намыс - ложное самолюбие
ішімдік - спиртные напитки
үлде мен бүлдеге орау - здесь: роқители не жқұт богатых даров
4-тапсырма. Өлеңді түсініп оқыңдар, қандай ақыл айтылғанын түсіндіріңдер.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса бала - солардан. (Ж.Баласағұн)
6-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырманы орындаңдар.
III деңгей
Мына сызба бойынша бата туралы әңгімелеңдер.
2«Ұшқан ұя» әңгімесінде құтты болсын айтуға келген қонақтар қандай тілек айтты?
«Бата алған Әміржан» әңгімесіндей Әміржанның орнында болсаң, не етер едің?
I деңгей
Мына кестені «Ата-анаңды сыйласаң» мәтіні бойынша толтырыңдар.
Мына нәрселерден сақтан
|
Мына нәрселерге жақын бол
|
|
|
2. Мақал-мәтелді аяқтаңдар.
|
|
1. Әдепті бала - арлы бала, ..
|
(бала - жапырақ)
|
2. Жақсыдан үйрен, ...
|
(ақыл басқа бітеді)
|
3. Ұлдың ұяты әкеге, ...
|
(ұшқан ұяда соны іледі)
|
4. Балапан ұяда не көрсе, ...
|
(қыздың ұяты шешеге)
|
5. Қына тасқа бітеді, ...
|
(жаманнан жирен)
|
6. Ата - бәйтерек, ...
|
(әдепсіз бала - сорлы бала)
|
3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздікерді қойып, батаның қандай түрі екенін ажыратыңдар.
|
... ассын,
|
|
... тассын,
|
|
Жақының ... болсын,
Дұшпаның ... болсын.
... келсін қасыңа,
... жаусын басыңа.
Ғұмырың ... болсын,
Үйің ... болсын.
Шаңырағыңа ... құйылсын,
Дастарқаныңа ... жиылсын.
Әумин!
Қажетті сөздер: жұрт, шаттық, мәнді, жоқ, көп, ақылың, жақсы, ықыласың, нұр, қазанды.
I деңгей
Мына сөздерді пайдаланып, дастарқан батасын құрастырып көріңдер.
Дастарқандарыңа береке
Отбасыңа мереке берсін
Астарыңа адалдық
Бастарыңа амандық
Дастарқаның тоқ
Уайым-қайғың жоқ болсын
Қайда барсаң алдыңда
Жарқыраған жол ....
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы:
Ата-анаңды сүйгендігіңнің бірінші белгісі не?
Анада неге бүтін жан болмайды?
Қандай нәрселерден сақтану керек?
Қай уақытта аман-сау боласың?
Ата-ана үшін басты бақыт пен басты қуаныш не?
Рухани саулық дегенді қалай түсінесің?
Үйге тапсырма. Сұрақтар бойынша «Мен ата-анамды бақытты етемін» шағын шығарма жазыңдар.
Ата-анаң қандай нәрселерден қашық бол деп ақыл айтады?
Бір жерде жүрсең, ата-анаңа жиі хабарласасың ба?
Сен қандай баласың?
Сенің ата-анаң үшін бақыт пен қуаныш не деп ойлайсың?
Ата-анаңды бақытқа бөлеп, қатты қуантқан көзің болды ма?
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |